Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ к прак ЭТН Документ Microsoft Office Word (2).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
249 Кб
Скачать
☆

№ 12. Практикалық сабақ. Тақырып 12: Экономикалық дамудың ауытқымалылығы.

Сабақтың мақсаты: Осы тақырыпты оқуда экономиканың циклдық дамуының, оның фазаларының –дағдарысты, тоқыраудың, жандану мен өрлеуді, сонымен қатар экономиканың циклділігін реттеудің мәндерін түсіну қажет.

Практикалық сабақтың жоспары:

  1. Экономикалық өсудің мәні.

  2. Экономикалық өсудің факторлары мен типтері.

  3. Қазақстан Республикасының экономикалық өсу саясаты.

  4. Цикл сатыларының сипаттамасы. Экономикалық дағдарыс.

  5. Қазақстан Республикасындағы дағдарысқа қарсы саясат.

Бақылау сұрақтары:

  1. Экономикалық цикл дегеніміз не?

  2. Экономикалық циклдың болу себептері қандай?

  3. Экономикалық циклдың қандай салдары бар?

  4. Құлдырау және тоқырау фазаларының бір-бірінен айырмашылығы неде?

  5. Жандану сатысына тән факторларды сипаттаңыз.

  6. Дағдарыстың алдын-алудың қандай шаралары бар?

  7. Макроэкономикалық тұрақсыздықтың себептері қандай?

  8. Китчин циклын сипаттаңыз.

  9. Кузнец циклінің ерекшеліктері неде?

Глоссарий:

  1. Ақша-несие дағдарысы.

  2. Аграрлық дағдарыс.

  3. Валюталық дағдарыс.

  4. Қаржы дағдарысы.

  5. Экономиаклық цикл.

  6. Экономикалық дағдарыс

Есептер мен жаттығулар:

1. Экономистердің пікірі бойынша экономикалық циклдар - бұл нарықтық экономиканың даму механизмі, оның себебін талдаңыз.

2. Жылбасындаэкономикакелесідейкөрсеткіштерменсипатталды:

  1. айналыстағы ақша массасы- 200 млрд.тг.;

  2. бір бірлік өнімге ке-летін баға мөлшері- 20 тг.;

  3. ақша айналымының жылдамдығы- 0,6.

Жыл аяғында осы көрсетіштер келесідей өзгерді: 220 млрд. тг.; 30 тг.; 0,8. Экономика динамикасын (құлдырау нсмесе өрлеуін) пайыз мөлшерінде анықтаңыз.

3. Экономикалық циклдың оң және теріс жақтарын сипаттаңыз?

4. Қысқа мерзімге қолданатын тауарлар өндірісіне, осы саладағы жұмысбастылыққа қарағанда ұзақ мерзімге қолданатын тауарлар шығаратын салаға экономикалық циклдың әсері не себепті жоғары болады?

5. Төмендегі кестені толтырыңыз:

Экономикалық дағдарыстың пайда болу себептері

Экономикалық дағдарысты алдың-алу шаралары

6.Дағдарыстың түрлеріне сипаттама беріңіз.

Экономикалық дағдарыс

Қаржы дағдарысы

Ақша-несие дағдарысы

Валюталық дағдарыс

Биржалық дағдарыс

Аграрлық дағдарыс

7. Төмендегі кестені толтырыңыз:

Циклдар:

Ерекшеліктері:

1. Китчин циклы

2. Жугляр циклы

3. Кузнец циклы

4. Кондратьев циклы

8. Сіздің ойыңызша, нарықтық экономиканың циклдық динамикасын қарастыратын теориялардың көп болуы теориялардың жетілмегендігін білдірмей ме? Осы теориялардың ішінде экономикалық циклдың себептері мен сипатын ең жақсы түсіндіретін теория бар ма?

Талқылауға ұсынылған мәселелер:

1. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу барысында 1990 жылдары экономикада құлдырау және тоқырау сатыларының сипатты белгілері көрініс алды. Осы жағдайдан шығу үшін қандай реформалар жүзегс асырылды? Реформаларды жүзсге асыру мүмкіндіктері мен кемшіліктсрін баяндап беріңіз.

2. 1929-1932ж.ж. аралығында болған «¥лы дағдарыстың» себебі неде? Осы дағдарыстан шығу үшін Дж.М.Кейнс экономиканы қалай және қандай құралдар арқылы реттеу қажет деп санайды? Дж.Кейнс теориясының артықшылығы мен кемшілігі неде деп ойлайсыз?

Мәнжазба тақырыптары:

  1. ҚР-дағы экономикалық дағдарыс кезеңдері.

  2. ҚР аграрлық дағдарыстың кезендері.

  3. Мемлекеттің тұрақтандыру саясаты.

  4. Макроэкономикалық ынталандыру саясатының кұралдары.

  5. Экономикалық өрлеу сатысындағы мемлекеттік экономикалық саясат.

  6. Циклдық ауытқуларды реттеудегі инвестициялардың рөлі.

  7. Ауыл шаруашылығындағы дағдарыстың ерекшеліктері.

  8. ТМД елдеріндегі экономикалық дағдарыстар және олардың ерекшеліктері

  9. Қазақстан Республикасының нарыққа өту жағдайындағы дағдрысқа қарсы бағдарламалары

  10. Қазіргі кезеңдегі циклдық дамудың ерекшеліктері.

Блиц-тест:

1.Өнеркәсіптік циклдың мәнін келесі сатылардың болуы сипаттайды:

А) дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу;

В) экспансия, рецессия;

С) төмендеу, өсу;

Д) жандану, өрлеу, бум, максималды құлдырау нүктесі;

Е) дағдарыс және құлдырау.

2.Циклдық даму - бұл:

A) макроэкономикалық тепе-тендіктің келесі тепе-теңдікке қозғалысы;

  1. экономикалық жүйеге кездейсоқ құбылыстардың әсері (им­пульс, шок);

  2. төлем қабілеттілігі бар сұраныспен салыстырғанда тауардың артық өндірілуі;

Д) өндіріс тоқырауының салыстырмалы кезеңі;

Е) экономиканың шеңбер бойымен козғалысы.

3.Экономикалық коныоктураныңауытқуларымынакезеңдер мен орта мерзімді экономикалық циклдарға жатады:

А) 50 және жоғары;

В) 30 жыл;

C) 10жыл;

Д)1жыл;

Е) 5 жыл.

4.Экономикалық дамудың циклдық сипатымынаған тән:

А) нарықтық экономикаға;

В дәстүрлі экономикаға;

С) әміршіл-әкімшіл экономикаға;

Д) барлық жауаптар дұрыс;

Е) барлық экономикалық жүйеге тән.

6. Экономиканың жандануы кезінде...

  1. өндірістің нақты көлемі жоғарылайды;

  2. өндірістің номиналды көлемі жоғарлайды;

  3. өндірістің номиналды көлемі өзгеріссіз қалады;

Д) өндірістің нақты көлемі төмендеп, номиналды көлемі өседі;

Е) өндірістің нақты көлемі және номиналды көлемі азаяды.

7. Тоқыраудың негізгі сипаты:

  1. өндіріс бір орныңда қөзғалысыз болады;

  2. тауар қоры біртіндеп азая бастайды;

  3. инвестициялық сұраныс кысқарады;

  4. тұтыну сұранысы төмендейді;

  5. сауда өте баяу.

8. Өнеркәсіптік цикл мәнін келесі фазалардың болуы сипаттайды:

  1. дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу;

  2. экспансия, рецессия;

  3. төмендеу, өсу;

  4. жандану, өрлеу, бум, максималды құлдырау нүктесі;

  5. дағдарыс және күлдырау.

9.Аталғанжағдайлардыңқайсысыэкономикалыққұлдырау жағдайына тән емес:

  1. ұзақ мерзімді құрал-жабдықтар қызметіндегі инвестициялардың төмендеуі;

  2. акциякурсының төмендеуі, еңбекке деген төмен сұраныс;

  3. салық түсімдерінің қысқаруы;

  4. жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы көлемінің төмендеуі;

  5. еңбек ақының өсуі.

10. Нарықтық экономика жағдайында дағдарыс ең алдымен келесі көрсеткіш бойынша көрініс алады:

  1. несиенің қысқаруы;

  2. ссудалық пайыз мөлшерінің өсуі;

  3. тауарартықшылығы;

  4. пайданың төмендеуі;

  5. кәсіпорынның банкрот болуы.

Әдебиеттер:

  1. Экономикалыќ теория негіздері. Я.М.Әубакіров, Алматы. 1998.

  2. Жалпы экономикалыќ теория. Ө.К.Шеденов, Е.Н.Саѓындыќов, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов, Б.И.Комягин. Аќтµбе. 2004.

  3. Я. Әубакіров, К. Нәрібаев. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, “Санат”, 1998. - 479 бет.

  4. Ш. Қашықов, Ө. Нұргалиев. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Қарағанды.: ҚарМТУ, 1997. – 208 бет.

  5. Экономическая теория. Учебник. Камаев В.Д. и колл.авторов. – М.: ВЛАДОС, 1998.

  6. Экономика. Учебник. Под ред. Булатова А.С.,3-е изд., Юристъ, 2001. – 896 стр.

  7. Общая экономическая теория: Учебник/ У.К.Шеденов , У.С.Байжомартов , Б.И.Комягин и др.; Под ред.У.К.Шеденова. - 3-е изд. , перераб. и доп. - Актобе: Полиграфия, 2004. - 568 с

  8. Мэуленова С.С. Экономикалык теория. 1 бол!м: Оку куралы/ С.С. Мэуленова, С.К. Бекмолдин, Е.К. Кудайбергенов. - 2-ш! бас., онд. - Алматы: Эверо, 2013. - 186 бет

  9. Есполов Т.И. Экономикалық теория негіздері : Оқу құралы / Т. И. Есполов, Қ. М. Бельгібаев, Ж. Ж. Сулейменов. - [б. м.] : Каз ҰАУ, 2009. - 300 б.

  10. Арын Е.М. Тұрақты даму стратегиясы : Оқу құралы / Е. М. Арын, С. А. Рахимова. - [б. м.] : Brand Print, 2011. - 113 б.

№ 13. Практикалық сабақ. Тақырып 13: Жұмыссыздық пен инфляция

Сабақтың мақсаты: Студенттерге жалпы экономикалық тепе-теңдік және оның бұзылуы, жұмыссыздық және жұмыспен толық қамту ұғымын толық түсіндіру қажет. Сонымен қатар ҚР-да жұмыссыздықтың себептері және түрлері, инфляцияның себептері және түрлері, инфляцияға қарсы саясаттың ерекшеліктері, инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары және Қазақстандағы инфляция туралы толық мағлұмат беру.

Практикалық сабақтың жоспары:

  1. Инфляция түсінігі және түрлері.

  2. Инфляцияға қарсы саясат.

  3. Жұмыссыздық түсінігі және түрлері.

  4. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары.

  5. Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту саясаты.

Бақылау сұрақтары:

  1. Макроэкономикалық тепе-теңдікті сипаттайтын көрсеткіштер қандай?

  2. Жалпы және жеке нарықтардағы тепе-теқдік калай қалыптасады?

  3. Жұмыссыздықтың түрлерін атаңыз?

  4. Инфляцияны бәсеңдету мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы шаралардың өзара қандай байланысы бар?

  5. Филлипс қисығы нені көрсетеді?

  6. Бағаның өсу қарқынына байланысты инфляцияның қандай түрлері бар?

  7. Инфляцияға қарсы саясаттың негізгі бағыттары қандай?

Глоссарий:

  1. Жұмыс күші

  2. Еңбек нарығы

  3. Еңбек биржасы

  4. Филлипс қисығы

  5. Жұмыссыздық деңгейі

  6. Оукен заңы

  7. Инфляция

  8. Қарқында инфляция

  9. Стагфляция

  10. Девальвация

  11. Ревальвация

  12. Деноминация

  13. Нөлдендеру

Есептер мен жаттығулар:

1.Макроэкономикалықтепе-теңдікмәселесін келесі үлгілер көмегімен бейнелеуге болады:

  1. Кейнстік крест үлгісі;

  2. Жиынтық сұраныс және жиынтықұсыныс үлгісі. Екі үлгінің айырмашылығы неде?

2.Төменде келтірілген тұжырымдардың қайсысын

а)кейнстік бағыт;

б) неоклассиктер пікіріне жатқызар едіңіз:

  1. жинактау - бұл табыс функциясы;

  2. жинақтау - пайыз функциясы;

  3. инвестиция - бұл табыс функциясы;

  4. инвестиция - пайыз функциясы;

  5. баға мен номиналды жалақы икемді;

  6. баға мен жалақы икемсіз.

3.Графикте жиынтық сүраныс қисығы (AD) берілген:

Анықтаңыз: абцисса және ордината осьтері нені білдіреді?

4. Қоғамның жиынтық жинақ қисығының (S) көлбеуі қандай факторға тәуелді? (суретті қараңыз)

Талқылауға үсынылған мәселелер:

1. Ел экономикасында бюджет тапшылығы болатын болса, сұраныс пен ұсыныс арақатынасы тепе-теңдік жағдайда болады деп есептеуге бола ма?

2. Қазіргі кезде көптеген өнеркәсібі дамыған елдердің бюджеті тапшылықта болады. Осыдан әлемде халық шаруашылығының теңсізідік жағдайы заңды құбылыс болып табылады деген пікір туады. Алайда көптеген елдердің экономикалық өсу қарқыны жоғары, ал бұл теория жүзінде тек жалпы тепе-теңдік жағдайында ғана болады. Бұл құбылысты қалай түсіндіресіз.

Мәнжазба тақырыптары:

  1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнстік үлгісі.

  2. Макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттері.

  3. Макроэкономикалық тепе-теңціктің классикалық теориясы.

  4. Л.Вальрастың жалпы тепе-теңцік үлгісі.

  5. «AD-AS» макроэкономикалық тепе-теңдік моделі.

  6. «LM-IS» моделі.

  7. Тұрғындарды еңбекпен қамтуды мемлекеттік реттеу.

  8. Экономикалық реформа кезіндегі ҚР-сы тұрғындарын еңбекпен қамту мәселелері.

  9. Инфляцияға қарсы саясат және оның ҚР-нда қолдануының ерекшеліктері.

Блиц-тест:

1.Жиынтық ұсыныстың өсуі мынаған әкеледі:

  1. баға еседі;

  2. баға төмендейді;

  3. бағаға әсер етпейді;

  4. салық төмендейді;

  5. өндірістік қор өседі.

2.Ұлттық экономика тепе-теңдік жағдайға жетеді, егер:

  1. жиынтық сұраныс жиынтык үсыныска тең болса;

  2. елде ақша айналымының жылдамдығы тұрақты болғанда;

  3. мемлскеттік бюджет тепе-тең болса;

  4. елде инфляция деңгейі тұрақтанса;

  5. ақша ұсынысы тұрақты болса.

3. Мына адамдардың қайсысы жұмыссыз болып табылады:

А) жұмыстан уақытша босатылған және сол жұмысына қайтып баруды күтіп жүрген адам;

В) алты аптадан кейін жұмысқа кірісуге келісім берген, сондықтан жұмыс іздеуді тоқтатқан студент;

С) үш ай бұрын жұмыстан шығып қалған және содан бері жаңа жұмыс іздеп жүрген адам;

Д) жұмыс істегісі келетін бірақ, оны іздемеген студент;

Е) ыңғайлы жұмыс табылып қалар деген үмітпен газеттен хабарландыруларды қарап жүретін зейнеткер.

4. Қазақстанда 1997 жылы инфляция деңгейі 17.4 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш инфляцияның қандай түрін көрсетеді?

А) қарқында инфляция;

В) баяу инфляция;

С) сұраным инфляция;

Д) ұсыным инфляция;

Е) ұшқыр инфляция

5. Жұмысшының жақсы жұмыс орынын (еңбек ақысы жоғары, жұмыс жағдайы жақсы) іздеумен байланысты туындайтын жұмыссыздық – бұл:

  1. Фрикциондық

  2. Жасырын

  3. Циклдық

  4. Құрылымдық

  5. Маусымдық

6. Жұмысқа жарамды (экономикалық белсенді) тұрғындардың жұмыс жасамауынан туындайтын әлеуметтік-экономиклық құбылыс – бұл:

  1. Жұмыссыздық

  2. Деноминация

  3. Инфляция

  4. Нулификация

  5. Девальвация

7. Тауармен қамтамасыз етілмеген айналыстағы ақша санының көбейіп кетуі –бұл:

  1. Инфляция

  2. Жұмыссыдық

  3. Деноминация

  4. Нулификация

  5. Девальвация

8. Шахтерлер өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған жағдайдағы жұмыссыздық түрі:

  1. Фрикциондық

  2. Циклдық

  3. Құрылымдық

  4. Маусымдық

  5. Жасырын

9. Елдегі экономикалық құлдыраумен байланысты жұмыссыздық түрі аталады:

    1. Құрылымдық

    2. Қалыпты

    3. Циклдық

    4. Жасырын

    5. Фрикциондық

10. Егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі оның табиғи деңгейімен салыстырғанда 1%-ѓа көбейсе, ел потенциалды жалпы ішкі өнімге қарағанда нақты ЖІӨ-нің 2%-дан 3%-ға дейін жоғалтады деп негізделген заңның авторы:

А) А. Оукен.

В) А. Маршалл.

С) А. Пигу.

D) Дж. Кейнс.

Е) Л. Вальрас.

Әдебиеттер:

  1. Экономикалыќ теория негіздері. Я.М.Әубакіров, Алматы. 1998.

  2. Жалпы экономикалыќ теория. Ө.К.Шеденов, Е.Н.Саѓындыќов, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов, Б.И.Комягин. Аќтµбе. 2004.

  3. Я. Әубакіров, К. Нәрібаев. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, “Санат”, 1998. - 479 бет.

  4. Ш. Қашықов, Ө. Нұргалиев. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Қарағанды.: ҚарМТУ, 1997. – 208 бет.

  5. Экономическая теория. Учебник. Камаев В.Д. и колл.авторов. – М.: ВЛАДОС, 1998.

  6. Экономика. Учебник. Под ред. Булатова А.С.,3-е изд., Юристъ, 2001. – 896 стр.

  7. Общая экономическая теория: Учебник/ У.К.Шеденов , У.С.Байжомартов , Б.И.Комягин и др.; Под ред.У.К.Шеденова. - 3-е изд. , перераб. и доп. - Актобе: Полиграфия, 2004. - 568 с

  8. Мэуленова С.С. Экономикалык теория. 1 бол!м: Оку куралы/ С.С. Мэуленова, С.К. Бекмолдин, Е.К. Кудайбергенов. - 2-ш! бас., онд. - Алматы: Эверо, 2013. - 186 бет

  9. Есполов Т.И. Экономикалық теория негіздері : Оқу құралы / Т. И. Есполов, Қ. М. Бельгібаев, Ж. Ж. Сулейменов. - [б. м.] : Каз ҰАУ, 2009. - 300 б.

  10. Арын Е.М. Тұрақты даму стратегиясы : Оқу құралы / Е. М. Арын, С. А. Рахимова. - [б. м.] : Brand Print, 2011. - 113 б.

№ 14. Практикалық сабақ. Тақырып 14: Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаттары, бағыттары.

Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыппен танысу экономикалық өсу туралы жалпы сұрақтардан басталады. Сондықтан, оның мәні мен маңызына, себебі мен салдарына, негізгі нәтижелеріне, нарықтық қатынастарға өту жағдайындағы негізгі белгілеріне, экономикалық ғылымға танымал үлгілеріне, экономикалық өсу жағдайын қалыптастырарлық факторларына тоқталу қажет.

Практикалық сабақтың жоспары:

  1. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеудің мәні мен мақсаты.

  2. Нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары.

  3. Қазақстан Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеу және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

  4. Әлеуметтік саясат мәні, оның бағыттары мен қызметтері.

  5. Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Экономикалық даму мен экономикалық өсудің айырмашылықтары қандай?

  2. ҚР экономикасының өсуін тұрақтандыру қандай мәселелерді шешуді қажет?

  3. ҚР тұрақты экономикалық өсудің факторлары қандай?

  4. Экономикалық өсу сапасын қандай белгілер анықтайды?

  5. Экономикалық өсудің мақсаттары қандай?

  6. Интенсивті экономикалық өсудің факторлары қандай?

  7. Экономикалық өсудің жанама факторларына не жатады?

  8. ҚР үшін өсудің қай типі тән, маңызды?

  9. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің негізгі себептерін атай аласыз ба?

  10. Қазақстанның табиғи байлықтарын алмастыратын экономикалық өсудің маңызды факторлары қандай?

  11. Экономикалық өсудщ экстенсивті факторы ретінде халық саның өсірудің өзектілігін қалай түсіндіресіз?

  12. Экономикалық өсу модельдерінің ішінде Қазақстан үшін ең қолайлысы қайсы?

Глоссарий:

  1. Домардың өсу моделі

  2. Интенсивті экономикалық өсу

  3. Солоудың өсу моделі

  4. Тепе-тең өсу моделі

  5. Экстенсивті экономикалық өсу

  6. Экономикалық өсу

  7. Экономикалық нақты өсу

  8. Экономикалық өсу

Есептер мен жаттығулар:

  1. ҚР экономикасы өсуінің негізгі мәселелерін тізіп шығыңыз және түсіндірме беріңіз.

2. Кестенітолтыр.Экономикалықөсусалдарыныңбесоңжағын, бес теріс жағын көрсетіңіз.

Оң жағы

Тсріс жағы

3. Төмендегі кестедегі экономикалық өсудің интенсивті және экстенсивті типтерінің белгілерін көрсетіңіз.

Интенсивті

Экстенсивті

Белгілері

4. Экономикалық өсудің экстенсивті түрі нені білдіреді? Оның тиімділігі қандай?

5.Экономикалық өсу моделдерін тізіп шығыңыз және әр қайсысына сипаттама беріңіз.

6.Қазақстандықөсумоделіқандай? Индустриалды-инновациялық бағдарламаның маңызын көрсетіңіз.

Мәнжазба тақырыптары:

  1. Экономикалық өсудің типтері.

  2. Экономикалық даму жоне экономикалық өсу.

  3. Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу.

  4. Экономикалық өсу үлгілері: неоклассикалық, неокейнсиандық.

  5. ҚР экономикалық өсудің сапасы.

  6. ҚР аймақтық экономикалық өсу нәтижелері.

  7. Экономикалық өсу кезеңдері түжырымдамасы.

  8. Экономикалық өсу ұлттық экономиканың мақсаты ретінде.

  9. ҚР қоршаған орта экономикасы.

  10. ҚР шағын және орта кәсіпкерлікке салық салу механизмдерін жетілдіру.

  11. ҚР бәсекелік ортаны кластерлік жүйемен толықтыру бағыттары.

  12. Экономикалық өсу, оның негізгі факторлары

  13. Инвестиция және экономикалық өсу : олардың өзара байланысы

  14. Экономикалық өсудің қазіргі типі және оның ерекшелігі

  15. Экономикалық өсудің қазақстандық үлгісін қалыптастыру мәселелері.

  16. Қазақстан Республикасында тұрақты экономикалық өсуді қалыптастырудың негізгі факторлары

Блиц-тест:

1.Экономикалық өсу қандай көрсеткішпен өлшенеді?

А) ұлттық табыс өсімінің қарқынымен;

  1. еңбек өнімділігінің өсімінің қарқынымен;

  2. ақша капиталы өсімінің қарқынымен;

  3. инфляцияның өсу қарқынымен;

E)ұлттықбайлықтыңжылдықкөлемімен.

2.Дамыған елдердегі экономикалық өсудің басты себебі:

  1. жұмыс уақытының ұзаруы;

  2. өндірістегі технологиялық өзгерістер;

  3. қолданылатын капиталдың артуы;

  4. ақша-несие және фискалдық саясаттың іске асырылуы;

  5. жұмысшылардың біліктілігінің көтерілуі.

3.«AD - AS» үлгісіндегі экономикалық өсу қалай көрінеді?

  1. ASқисығының солға жылжуы;

  2. ADқисығының оңға жылжуы;

  3. ADқисығының солға жылжуы;

  4. ASқисығының оңға жылжуы;

  5. ASқисығының өзгеріссіздігі.

4.Экономикалык өсуді төмендегілердің қайсысы сипаттайды:

  1. Өндірістік мүмкіндіктер кисығының солға жылжуы;

  2. ӨМҚ-ң оңға жылжуы;

  3. ӨМҚ-ң бойындағы нүктенің қозғалысы;

  4. ӨМҚ-ң ішіндегі нүктелердің қозғалысы;

  5. ӨМҚ-ң сыртындағы бір нүктеден екінші нүктеге жылжу.

5.Интенсивті экономикалық даму - бұл:

  1. өндіріс факторларының сандық тұрғыдан артуы, технологиялық базасы тұрақты қалпында қалуы;

  2. өндіріс факторларының тұрақты қалпында қалып, технологиялық базасын сапалық деңгейін көтеру;

  3. қосымша жұмысшы күшімен, жерді ұлғайту арқылы;

  4. қосымша еңоек, капитал ресурстары арқьілы ұлғаюын айтады;

  5. технологиялық базаның сандық деңгейін көтеру.

6.Экстенсивті экономикалық даму - бұл:

  1. өндіріс факторларының тұрақты қалпында қалып, технологиялық базасының сапалық деңгейін көтеру;

  2. өндіріс факторларының сандық тұрғыдан артуы, технологиялық базасы тұрақты қалпында қалады;

  3. жұмысшы күші біліктілігін және жердің құнарлығын арттыру арқылы;

  4. еңбек, капитал рссурстарын сапалық тұрғыда арттыру;

  5. технологиялық базаның сапалық деңгейін көтеру.

7. Кейнстік көзқарасқа сәйкес экономикалық өсу байланысты:

A) Тек сыртқы факторлардың іс-әрекетімен.

B) Бөлу факторымен.

C) Жиынтық сұранымға әсер ететін факторлармен.

D) Жиынтық ұсынымға әсер ететін факторлармен.

E) Ұсыным факторларымен.

8. Дамыған елдердің қазіргі экономикалық өсуінің маңызды себебі болып табылады:

A) Жұмыс уақытының өсуі.

B) Жұмысшылар санын өсіру.

C) Қолданылған капитал көлемінің көбеюі.

D) Экономикалық өсуді қамтамасыз ететін фискальдық саясатты жүргізу.

E) Өндірістегі технологиялық өзгерістер.

9. Экономикалық өсуді сипаттауға болады:

A) Өндірістік мүмкіндіктер қисығының солға жылжуымен.

B) Өндірістік мүмкіндіктер қисығының оңға жылжуымен.

C) Өндірістік мүмкіндіктер қисығының қозғалысымен.

D) Өндірістік мүмкіндіктер қисығының бір нүктесінен екіншісіне қозғалысын.

E) Өндірістік мүмкіндіктер қисығының жоғарыға жылжуымен.

10. Экономикалық өсудің интенсивті типіне тән:

A) Жетілдірілген технологияны пайдалану.

B) Қосымша жұмыс күшін тарту.

C) Пайдалы қазбалардың жаңа кендерін ашып іске қосу.

D) Қосымша өндіріс құрал-жабдықтарын тарту.

E) Қосымша тұтыну заттарын тарту.

Әдебиеттер:

  1. Экономикалыќ теория негіздері. Я.М.Әубакіров, Алматы. 1998.

  2. Жалпы экономикалыќ теория. Ө.К.Шеденов, Е.Н.Саѓындыќов, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов, Б.И.Комягин. Аќтµбе. 2004.

  3. Я. Әубакіров, К. Нәрібаев. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, “Санат”, 1998. - 479 бет.

  4. Ш. Қашықов, Ө. Нұргалиев. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Қарағанды.: ҚарМТУ, 1997. – 208 бет.

  5. Экономическая теория. Учебник. Камаев В.Д. и колл.авторов. – М.: ВЛАДОС, 1998.

  6. Экономика. Учебник. Под ред. Булатова А.С.,3-е изд., Юристъ, 2001. – 896 стр.

  7. Общая экономическая теория: Учебник/ У.К.Шеденов , У.С.Байжомартов , Б.И.Комягин и др.; Под ред.У.К.Шеденова. - 3-е изд. , перераб. и доп. - Актобе: Полиграфия, 2004. - 568 с

  8. Мэуленова С.С. Экономикалык теория. 1 бол!м: Оку куралы/ С.С. Мэуленова, С.К. Бекмолдин, Е.К. Кудайбергенов. - 2-ш! бас., онд. - Алматы: Эверо, 2013. - 186 бет

  9. Есполов Т.И. Экономикалық теория негіздері : Оқу құралы / Т. И. Есполов, Қ. М. Бельгібаев, Ж. Ж. Сулейменов. - [б. м.] : Каз ҰАУ, 2009. - 300 б.

  10. Арын Е.М. Тұрақты даму стратегиясы : Оқу құралы / Е. М. Арын, С. А. Рахимова. - [б. м.] : Brand Print, 2011. - 113 б.