- •№ 2. Практикалық сабақ. Тақырып 2: Қоғамдық өндірістің негіздері..
- •№ 3. Практикалық сабақ. Тақырып 3: Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі
- •№ 4. Практикалық сабақ. Тақырып 4: Қоғамдық шаруашылық нысандары.
- •№ 6. Практикалық сабақ. Тақырып 6: Нарықтық жүйенің қызмет ету механизмі.
- •№ 7. Практикалық сабақ. Тақырып 7: Кәсіпкерлік іс әрекет, оның түрлері және формалары
- •№ 9. Практикалық сабақ. Тақырып 9: Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табыстары.
- •№ 10. Практикалық сабақ. Тақырып 10: Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы
- •№ 11. Практикалық сабақ. Тақырып 11: Ұлттық экономика жүйе ретінде
- •№ 12. Практикалық сабақ. Тақырып 12: Экономикалық дамудың ауытқымалылығы.
- •№ 15. Практикалық сабақ. Тақырып 15: Дүниежүзілік экономика және халықаралық экономикалық байланыстар
№ 9. Практикалық сабақ. Тақырып 9: Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табыстары.
Сабақтың мақсаты: Студенттермен фирманың шығындары мен пайдасының экономикалық мазмұнын түсіну.Адамдардың шаруашылық іс-әрекетінде өндірістің әр түрлі факторларын пайдаланудан алынатын табыстарды білу студенттер үшін маңызды.
Практикалық сабақтың жоспары:
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдегі өндіріс.
Фирма шығындарының жіктелуі және құрылымы.
Өндіріс шығындары және пайда.
Фирманың қаржылық жағдайы және табысы.
Бақылау сұрақтары:
Өндіріс шығындары қалай жіктеледі?
Бухгалтерлік жоне экономикалық шығындар дегеніміз не?
Тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар ұғымын түсіндіріңіз.
Орташа шығындар мен шекті шығындарды анықтау не үшін қажет?
Фирма қандай жағдайда экономикалық тепе-тендікке жетеді?
Глоссарий:
Өзгермелі шығындар
Еңбек өнімділігі.
Орташа шығындар.
Өндіріс шығындары
Өнімділік көрсеткіші.
Тұрақты шығындар.
Шекті шығындар.
Есептер мен жаттығулар:
Фирманың бір айдағы өндіріс шығыны 10 млн.теңгені құрайды. Өндіріс көлемі - 20 дана. Фирманың бір айлық тұрақты шығыны 20 000 теңгеге тең. Өзгермелі шығынды, орташа шығынды, орташа тұрақты жоне орташа өзгермелі шығынды анықтаңыз.
Фирманың орташа өзгермелі шығыны 20 теңге, ал орташа тұрақты шығын - 5 теңге болса, онда 500 дана өнім шығаруға жұмсалатын жалпы шығын қандай болады?
3.Жетілгенбәсекелі нарықтағыфирманыңшектішығыныкелесіфункциятүріндеберілгенМС = 40 + Q. Өнім бағасы 400 теңге болған жағдайда пайда ең жоғары деңгейге жету ушін фирма қанша өнім шығаруы керек?
Еңбектіңорташаөнімділігі 100 бірліккетең, алжұмысшылар саны 200 адам. Еңбектің жалпы өнімі қанша?
Фирманың шекті шығындар функциясы: MC=10+Q; Өнім бірлігінің бағасы- 600; Фирманың пайдасын максималдауға мүмкіндік беретін өнім көлемін анықтау керек.
6.Фирманыңшығындарытуралыкөрсеткіштердікестегетолтырыңыз.
Q |
ТС |
ҒС |
VC |
AFC |
AVC |
АТС |
MC |
100 |
|
300 |
|
|
|
11 |
|
200 |
|
|
|
|
|
|
7 |
300 |
|
|
|
|
6 |
|
|
7. Кестсдс өндірістік функция берілген. Орташа айнымалы шығындардың минималды деңгейін және осы шығындарға теңболатын өндіріс көлемін анықтау керек, мұнда жалақы 300 теңге/ сағ. теңжәне еңбек өндірістің жалғыз айнымалы факторы болып табылады.
еңбск (L) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
өнім (Q) |
15 |
36 |
54 |
66 |
76 |
70 |
8. Фирма пайдасының шамасын анықтауға айқын және айқын емес шығындардың ерекшелігі әсер етеді ме? Сіз бухгалтерлік немесе экономикалық пайданы қарастырасыз ба?
9. Суретте берілген мәліметтер негізінде келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
б) Q1 көлемдеөнімөндіргенкездеқайфигураныңауданыжалпыайнымалышығынғасәйкескеледі?
в) Q0 көлемде өнім өндірген кезде орташа жалпы шығынның көлемі қаншаға тең?
г) Q2 көлсмде өнім өндірген кезде қай фигураның ауданыңа жалпы шығындар сәйкес келеді?
д) қай фигураның ауданыңа жалпы нағыз шығындар сәйкес келеді?
Талқылауға ұсынылған мәселелер:
Фирманың өнім өндіруге жүмсайтын шығындарының толық тізімін беріңіз. Олардың қайсысы тұрақты шығынға, қайсысы өзгермелі шығынға жатады?
Шекті және орташа шығындардың арасында қандай байланыс бар? Осы тәуелділікті графикалық түрде көрсетіңіз.
3.Фирмаүшіншикізатбағасыныңкөтерілуіоныңтұрақтышығындарыныңкөлемінеқалайәсеретеді? Фирманың шекті шығындарының көлемі өзгереді ме?
Пікір-сайыстар, зерттеулер және белсенді жұмыстың басқа да түрлері:
Сіз жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысу мақсатында өзіңіздің жеке автомашинаңызды такси ретінде пайдалануға шешім қабылдадыңыз делік. Жеке экономикалық іс-әрекетіңіздің тиімділігін арттыруға не қажет? Қазіргі уақытта сыртқы ортаға жедел бейімделу және ішкі жағдайларды тез өзгертуге қабілеттілік бизнестің икемділігі ретінде қарастырылады. Алынған қосымша кіріс шаруашылықты жүргізудің тиімділігі ретінде бағаланады. Аталған жағдай сіздің жеке қызметіңізге қатысты болуы мүмкін бе?
Пайда жалпылама түрде жиынтық түсімнен жиынтық шығынды алып тастағанда қалатынүстеме ретінде қарастырылады. Сондықтан, пайданы арттыру мақсатында шығындар көп жағдайда жалақыны төмендету, икемді еңбек қатынастары арқылы шешіледі. Осыған байланысты, классикалық теориядағы «пайда - жұмысшы еңбегінің төленбеген бөлігі» тұжырымымен келісуге бола ма?
Мәнжазба тақырыптары:
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде шығындарды жіктеу.
Шекті өнім және шекті табыс.
Қысқа және ұзақ мерзімдегі шығындар.
Фирма шығындарын төмендету ережелері.
Өндіріс факторлары өнімділігінің кему заңы.
Өндірістік функция және оның түрлері.
Блиц-тест:
1. Орташа жалпы шығын дегеніміз өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын:
тұрақты және айнымалы шығындар;
тұрақты шығындар;
өзгермелі шығындар;
шекті шығындар;
Е) өзгермелі және шекті шығындар.
2.Қысқамерзімдікезеңдегіөзгермелішығындарғатөмендегілердіңқайсысынжатқызуға болады?
шикізатты сатып алуға кетстін шығындар;
фирманың алған несиесінің пайызы;
кәсіпорынның сактандыру жарналары;
басқарушы қызметкердің еңбекақысы;
фирмаменшігіне салынатын салық.
3. Тұрақты шығындар - бұл:
өнім өндірілмеген жағдайда да фирма төлеуге можбүр бо-латын шығындар;
айқын емес шығындар;
C) еңжақсыөндірісжағдайындакез-келгенөнімкөлемінөндіретін минималды шығын;
Д) сатып алу кезіндегі бағамен есептелген ресурстарға жүмсалған шығындар;
Е) жұмысшыларға, жер иелеріне, капитал ислеріне жоне кәсіпкерлсрге төленгсн төлем шығындары.
4. Жаңа стадион құрылысының балама шығындары - бұл:
стадионқұрылысына жұмсалған ресурстармен өндірілуі мүмкін болатын тауарлар, қызметтердің құны;
стадион табыстарынан төленетін нақты салық кесімінін өзгеруі;
стадиониелегіндегі ресурстардың шығыны;
Д) стадион қызметтерінін тоқтап қалуына байланысты алынбаған табыс;
Е) стадионның қызметінен түскен табыс.
5. Ішкі шығындарға жатады:
кәсіпорын иелігіндегі ресурстардың шығыны;
өнім өндіругс қажетті шикізат және материалдар шығыны;
кәсіпорынның жер телімін сатып алуға байланысты шығындар;
қүрал-жабдықты пайдалану үшін арендалық төлем;
шикізат сатып алу шығындары.
6.Пайдаларын максималдау үшін фирмалар төмендегі нарықтық құрылымдардың қайсысын ұйымдастырулары мүмкін?
монополиялық бәсеке нарығын;
картель;
олигополия;
монополия;
Е) жетілген бәсеке.
7. Экономикалық пайда тең:
жалпы табыстар мен жалпы шығындардың айырмасына;
жалпышығындар мен сыртқы шығындардың айырмасына;
сыртқышығындар мен ішкі шығындар айырмасына;
бухгалтерлік және қалыпты пайда айырмасына;
Е) айқын және айқын емес шығындар айырмасына.
8. Бухгалтерлік пайда тең болады:
жалпы табыстар мен сыртқы шығындардың айырмасына;
жалпы табыстар мен ішкі шығындардың айырмасына;
жалпытүсім мен амортизацияның айырмасына;
сыртқышығындар мен қалыпты пайда айырмасына;
жалпы табыс пен жалпы шығындардың айырмасына.
9.Жетілгенбәсекелі нарықтағыфирмаөнімініңбағасыорташашығындыөтейалмаса,ондафирма:
жұмысын тоқтатады;
P>AVCболып, ал Р=МС болған жағдайда өнім өндіруін тоқтатпайды;
өндіріске жаңа технология енгізеді;
өнім бағасын жоғарылатады;
баға барлық тұрақты шығынды өтеп тұра алатын уақытқа дейін өнім өндіре береді.
10. Монополист мынадай жағдайда өнім өндірмейді:
сұраныс бағаның өзгеруіне икемсіз болса;
сұраныс бағаның өзгеруіне икемді болса;
шекті шығын өсетін жағдайда;
шекті шығын оң болған жағдайда;
шығын тұрақты болғанда.
Әдебиеттер:
Экономикалыќ теория негіздері. Я.М.Әубакіров, Алматы. 1998.
Жалпы экономикалыќ теория. Ө.К.Шеденов, Е.Н.Саѓындыќов, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов, Б.И.Комягин. Аќтµбе. 2004.
Я. Әубакіров, К. Нәрібаев. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, “Санат”, 1998. - 479 бет.
Ш. Қашықов, Ө. Нұргалиев. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Қарағанды.: ҚарМТУ, 1997. – 208 бет.
Экономическая теория. Учебник. Камаев В.Д. и колл.авторов. – М.: ВЛАДОС, 1998.
Экономика. Учебник. Под ред. Булатова А.С.,3-е изд., Юристъ, 2001. – 896 стр.
Общая экономическая теория: Учебник/ У.К.Шеденов , У.С.Байжомартов , Б.И.Комягин и др.; Под ред.У.К.Шеденова. - 3-е изд. , перераб. и доп. - Актобе: Полиграфия, 2004. - 568 с
Мэуленова С.С. Экономикалык теория. 1 бол!м: Оку куралы/ С.С. Мэуленова, С.К. Бекмолдин, Е.К. Кудайбергенов. - 2-ш! бас., онд. - Алматы: Эверо, 2013. - 186 бет
Есполов Т.И. Экономикалық теория негіздері : Оқу құралы / Т. И. Есполов, Қ. М. Бельгібаев, Ж. Ж. Сулейменов. - [б. м.] : Каз ҰАУ, 2009. - 300 б.
Арын Е.М. Тұрақты даму стратегиясы : Оқу құралы / Е. М. Арын, С. А. Рахимова. - [б. м.] : Brand Print, 2011. - 113 б.
