- •§1. Мұнайды өндіруге арналған штангалы сорапты қондырғылардың тағыда бір түрі болып жер бетіндегі жетекті винтті штангалы сорапты қондырғылар (вшсқ) табылады.
- •§2. Шетелдік және отандық практикада всшқ көптеген схемалары және типтік өлшемдері белгілі, оларды төмендегідей түрде топтастыруға болады:
- •Ұңғымаларды пайдалану кезінде кездесетін әр түрлі шиеленістер жағдайларында жүргізілетін жөндеу жұмыстары (құмның шығуы, парафин, тұз қосындылары, уақыттан бұрын су толуы).
- •Бұл шиеліністермен күресу әдістері.
- •Жөндеу-бекіту жұмыстары
- •Жөндеу-түзету жұмыстары
- •Тізбектердегі дефектерді түзету.
- •Ұңғымаларды жою категориялары.
- •Екінші оқпанды кесу және бұрғылау кезінде қолданылатын құрал-жабдықтар
- •Тізбектегі ауытқышты түсіру және бекіту
- •Қабатты гидравликалық жару
- •Ұңғыманы тексеру
- •Штангалы сораптармен пайдаланатын ұңғымаларды жөндеу
Тізбектердегі дефектерді түзету.
Жөндеуге болатын дефектерге шегендеу бағанасының сынуы мен майысуы жатады. Бағананың майысу өлшемі әртүрлі болады және тізбектердің ішкі диаметрлерінің өзгеруі бойынша бағаланады.
Егер тізбектің майысқан бөлігі ұзындық бойынша оның 1-2 сыртқы диаметріне тең болады, ал ішкі диаметрі номинальды мәнінің 0,85 не дейін жіңішкеленсе, онда ол мауысу аз ғана майысу деп аталады.
Қолданылған әдебиеттер:
Х.Суербаев., Мұнай-газ ісінің негіздері. Астана-2008ж, «Фолиант» баспасы
Нұрсұлтанов Ғ.М., Мұнай және газды өндіріп, өңдеу. Алматы «Өлке» 2000 ж.
Ұңғымаларды жою категориялары.
Ұңғымаларды жою үшін материалдарды рәсімдеу кезінде және ұңғыманың шығынын жою бес категорияға бөлінеді:
Бірінші категория-пайдалы қазбалар кен орнын барлау, іздеу мақсатында және мұнай өнімдерін, газ және мұнайды жерасты сақтау үшін құрылымдар өздерінің тағайындалуын орындап және бұрғылаудан соң қолайсыз геологиялық жағдайлар болғанда, жобаланған тереңдік бойынша бұрғыланбайды, өйткені оны әрі қарай бұрғылау мақсатсыз болып табылады.
Екінші категория- қолайсыз жағдайдағы айдау және бақылау ұңғымалары құрғақ және суда қалған мұнай, газды өндіру мақсатындағы пайдалану және бағалау ұңғымалары
Үшінші категория-техникалық себептері бойынша жоюға арналған барлық ұңғымалар.Үшінші категориядағы ұңғымалар апат пен қиындықты жою мақсатындағы жұмыстардың нәтижесі нашар болса, онда оны жояды.
Төртінші категория-толық қабат суымен толған немесе мүлде су жоқ, сонымен геологиялық себептері бойынша әрі қарай қолданылуы мүмкін емес пайдалану ұңғымалары.
Бесінші категория-орнатыялған шектен төмен газ және мұнайдың дебитінің төмендеуінде ұңғыманың рентабельділігін жояды, егер оны белгілі тәсілдермен жоғарлату мүмкін болмаса немесе айдағыш ретінде қолданады.
Ұңғыманы жою жұмыстары
Бұрғылауда ұңғыманы жою себептері: техникалық тізбек бұрғылағанда бұрғылау аспаптарымен апат болғанда, ерітінді сіңірілгенде, үздіксіз мүжілу болғанда, оқпан жіңішкергенде, ашық фонтандалу және т.б.
Пайдалану кезінде: пайдалану тізбегі майысу мен сынғанда, жерасты жабдықтарымен күрделі апатта, сынаманың үздіксіз пайда болуы, басқа сулармен толғанда ұңғыманы әрі қарай пайдалану мүмкін болады.
Ұңғыманы жою жұмыстары, оған техникалық тізбектер түсіргенде төмендегідей болады: бұл ұңғымада өнімсіз болатын әлсіз және мұнай қабаттарының интервалында 20 м жоғары, қабат қуатына тең цементті көпір орнатады. Жоғары қабаттың үстінде 50м биіктікте цементті көпір орнатады. Ұңғыма оқпаны толық бұрғылау ерітіндісімен толтырады.
Егер ұңғыма қимасында тегеурінді минералданған және күкіртсутекті сулар болмаса, онда техникалық тізбектерді алу мүмкін болады. Сонымен соңғысының башмагында 50 м цементті көпір орнатады.
