Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lek_RemontSkv_kaz15_09_16.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
266 Кб
Скачать
☆

Екінші оқпанды кесу және бұрғылау кезінде қолданылатын құрал-жабдықтар

Екінші оқпанды кесу және бұрғылау -бұл белгілі тәсілдермен техникалық жөндеу мүмкін емес және мақсатсыз болып табылатын ұңғыманы қалпына келтіру тәсілі. Бұл тәсіл жаңа ұңғыманы бұрғылау кезіндегі қабатты өңдеу қиын және пайдасыз болатын учаскелерді қайта қалпына келтіру мүмкіндігін береді.

Екінші оқпанды кесу бұрғылау бойынша жүргізілетін жұмыстардың негізгі этаптары:

  1. Тізбекте терезе ашу орнын таңдау және тексеру

  2. Ауытқыштар қондырғысын тереңдікке сәйкес цементтеу

  3. Тізбекте терезе ашу

  4. Белгілі тереңдікке дейін екінші оқпанды бұрғылау

  5. Өнімді қабат тізбектерін перфорациялау және мұнай ағысын шақыру

Тізбекте терезе ашу орнын таңдау үшін келесі факторларды ескереміз: ұңғыма конструкциясын, ұңғыманың қисаю бұрышын және оқпанын, шөгу жыныстарының сипаттамасын, тізбектің техникалық жағдайын

Тізбекте терезе ашу және екінші оқпанды бұрғылау үшін үш фрезерлі райбер комплексі қолданылады. Райберлер ұзына бойы тісті, қысқа конусты және қатты құймалардан жасалған күшейтілген пластиналардан және пісірілген стержендері бар шойыннан дайындалады.

Терезе ашу процесін жылдамдату мақсатында -үш фрезер-райберлі ФРС типті аралас (комбинированный) райбер, РПМ типті райбер-фрезер, РУ типті әмбебап (универсальный) райбер қолданылады.

Аралас райбер- бір-біріне қосылған үш секциядан тұрады. Секциялар әр түрлі диаметрлі (Д1, Д 2 ,Д3) және ұзындығы әр түрлі (l1,l2, l3) болып келеді. Бірінші төменгі секция ұзындығы l1-негізі (жұмысшы) райбер өсіне а1 80 бұрышпен иілген. Ол колонкалы ауытқыштың жоғарғы шегімен жанасу моментінен бастап үйкей бастайды. Екінші секция ұзындығы l2-иілу бұрышы 10 терезені кеңейтеді. Үшінші секция цилиндрлі пішінді болады және терезе қабырғаларын өңдейді.

Райбер секциясының беттік аудандары қатты құймалардан жасалған пластинкалармен құрастырылған. Кесу моменті барысында тістің тізбек кесу бұрышы 100 -ты құрайды. Тізбек райбер тісінің барлық ауданымен бір уақытта үйкелмейді, оның тереңдеген шамасына қарай үйкеледі. Бұл райбер мен бұрғылау тізбегінің жұмыс істеу шартын жеңілдетеді.Райбердің төменгі бөлігі беріктігі жоғары қатты құймалардан жасалған пластинкалардан тұрады. Терезені ашу процесінде жуу сұйықтығы жақсы айналу үшін шахматты ретпен орналасқан жақтаулық саңылаулары болады. Райбердің конструкциясы-бөлшектерден тұрады.

Әмбебап райбер РУ- бір жүрісті диаметрі 168 мм пайдалану тізбегінде терезе ашу үшін тағайындалған.

Ауытқышты түсіруге ұңғыманы дайындау

Тізбекке ауытқышты түсірер алдында мөрмен тексереді (тізбектің сыртқы диаметрі ішкі диаметрінен 10-12 мм аз болады) содан соң бағыттауышпен ауытқыштың түсіру мүмкіндігін тексереміз. Ауытқышты ұңғымаға түсіру диаметрі мен ұзындығын төмендегі өрнек бойынша анықтайды.

DH= D0+3÷4мм,

LH =L0+2÷3м,

Мұнда D0-ауытқыштың ең үлкен диаметрі, мм

LH-түсірілетін ауытқыш ұзындығы, м

Ауытқыштың диаметрі мен ұзындығын анықтаған соң, муфтаның локаторы көмегімен немесе гидравликалық кеңейткіштер көмегімен шегендеу тізбегінің екі немесе үш муфтасының орналасуын анықтаймыз, олардың арасында терезе ашылу керек.

Муфта локаторына әсер ету үшін құбыр денесінің магнитті қасиеттері муфта учаскесіндегі магниттің қасиетінің айырмашылығы бірден білінеді. Сондықтан аспаптың муфталық байланыс ішінде өту кезінде үнемі магниттің өрісі қайта бөлінеді, оның нәтижесінде магнитті зона шығысында импульс пайда болады.

Гидрокеңейткішпен муфтаның орналасуы келесідей анықталады: бұрғылау құбырынан гидрокеңейткішті ұңғымаға түсіреді және терезе ашу жерінен 20-30 м жоғары орнатады. Бұрғылау құбырлар тізбегінен сұйықтықты айдайды, қысым астындағы кескіштер, кеңейткіштердің қаңқасынан шығады да шегендеу тізбегінің ішкі бетіне тіреледі. Сұйықты айдауды тоқтатпай, гидрокеңейткішті жайлап төменге түсіреді. Гидрокеңейткіштің төменге қарай жылжуынан сұйықтықты айдауды тоқтатады, нәтижесінде сұйықтықты айдайды да жаңа кескіштердің жылжуына қысымды тудырады. Келесі муфталардың орналасуы сол кезекпен жүргізіледі. Муфтаның орналасқан жерінде гидрокеңейткіш кескіштері шегендеу құбырларына ұшпа-ұш тіреледі, ол массаның гидравликалық индикаторларында белгіленеді.

Егер ауытқыштың орны дұрыс таңдалмаса, онда терезе ашу процесінде райбер муфталық қосылысқа түсуі мүмкін, кесуге кеткен уақыт ұзарады, тізбектің бұзылуына және т.б. қиындықтарға алып келеді.

Пайдалану тізбегінің бір немес бірнеше муфталық қосындысының орналасуын анықтау жұмысын үйлестіру және ауытқыш астында цементті стаканды құру үшін тереңдікті механикалық фиксатор 1ФГМ-168 қолданылады. Ол қаңқадан, фиксация түйінінен, орталықтандыру түйінінен және құбырдан тұрады.

Қаңқасы 1 қабырға мен ұштары пісірілген цилиндрлі формалы.Қаңқаның жоғарғы жағындағы бұранда құю құбырларына тізбекті қосу үшін арналған. Орталықтандыру түйіні қаңқаға бекітілген үш орталықтану серіппесінен 9 тұрады. Фиксация түйіні үш бекіткіштен 3, серіппеден 2 және саусақшадан 4 және штифтен 5, сонымен қатар поршеннен 6 тұрады. Муфта мен қақпан 7 құбырша бұранда көмегімен қаңқаның төменгі ұшына қосылады және цементті стаканды құруға және поршенді қоршауға арналған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]