Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lek_RemontSkv_kaz15_09_16.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
266 Кб
Скачать
☆

Тізбектегі ауытқышты түсіру және бекіту

Ауытқыштар-терезе ашу үшін райберлердің қажетті ауытқуын қамтамасыз етуге арналған және екінші оқпанды бұрғылау кезінде бағыттаушы құрал болып табылады. арналған аспап. Ол өз кезегінде бұрғылау құбырларына түсірілетін жазық және науа тәрізді клиннен тұрады. Ауытқыштың типін бағана диаметиріне байланысты таңдайды. ОЗС типті ауытқыштар кеңінен таралған. Олар үш негізгі түйіннен тұрады. Тірек түйіннен және бекіткіштен 4, ауытқыш клинінен 3 және түсіру клинінен 2 тұрады. Ауытқыш үш плашкалы жүйенің көмегімен пайдалану тізбегінің түбіне бекітеді, ол екінші оқпанды және терезені ашу кезінде бұрылу мүмкіндігін тудырады. Науа клинді ауытқыш түріндегі қиғаш беті райбердің бағытын қамтамасыз етеді және кесу аспабы мен клин арасындағы тіректің ауданын жоғарлатады. Түсіру клинінауытқыш клині мен екі болт 5 қосылады және ұңғымаға ауытқышты түсіруге арналған. Түсіру клиннің жоғарғы бөлігінде бұрандаға бұрғылау құбырымен қосу үшін ауыстырғын 1 бекітіледі. Плашкалы фиксациялау үшін батырылған күйде ппен қамтамасыз етіледі ол қаңқаға екі арнаулы 7 қосылған. Тіректер түйіні және клин-ауытқыш пен бекіту тіректің беттерімен байланысқан.

Ауытқышты ұңғымаға түсірер алдында оның барлық өлшемдері мен негізгі тұйіндерін тексеру қажет. Содан соң болттармен бағыттауыш клинмен түсіру клинін қосады. Жинақталған ауытқышты бұрғылау құбырында үлкен емес жылдамдықпен ұңғымаға түсіреді де, масса индикаторымен көрсеткішті бағыттайды. Ауытқышпен ұңғыма түбіне жеткенде телескопиялық құрылғы жұмыс істейді, шпилькалар кесіледі, ал ауытқыш төмен қарай жылжып отырып тізбекке плашкамен бекітіледі. Содан соң кескіш аспаппен (8-10 тс) болтты кеседі, ол ауытқышты түсіру клинімен байланыстырады да клинді бетке шығарады.

Қабатты гидравликалық жару

Қабаттың гидравликалық жарылуының мәнісі, ұңғымаға айдайтын сұйықтықпен ұңғыма түбінде жоғары қысым жасағанда, қабатта жарықшақтардың түзілуі мен кеңеюіне негізделген. Пайда болған жарықшақтар қысымды түсіргеннен кейін қайтадан бірікпес үшін, оларға сортталған ірі түйіршікті құм айдайды.

Қабатта түзілген жарықшақтар немесе ашылған және кеңейген жарықшақтар басқалармен байланысып, мұнай мен газдың өткізгіштері болып қалады, ол ұңғыманы забойдан алыс жатқан қабаттың өнімді аймақтарымен байланыстырады. Қабат тереңдігіндегі жарықшақтардың болу ауданы бірнеше ондаған метрге дейін жетуі мүмкін.

Ірі түйіршікті құммен толған, ені 1-2 мм болатын жыныста түзілетін жарықшақтардың өтімділігі жоғары болады.

Қабаттың гидрожарылуынан (ҚГЖ) кейін ұңғымалардың өнімділіктері бірнеше есеге артады. ҚГЖ операциясы мынадай сатылы кезеңдерден тұрады: 1) қабатқа жарықшақтар түзу үшін үзілу сұйықтығын айдау; 2) құм тасушы-сұйықтықты айдау; 3) жарықшаққа құмды жаншып енгізу үшін сұйықтық айдау.

ҚГЖ кезіндегі жарықшақтарды толтыруға арналған құм мынадай талаптарды қанағаттандыру қажет:

  1. Жарықшақтарда сенімді, берік құмды жастықшаларды түзу үшін және жыныстар салмағы әсерінен бұзылмауы үшін жоғары механикалық беріктігі;

  2. Жоғары өтімділікті сақтауы керек.

Мұндай құмға ірі түйіршікті және гранулометриялық құрамы бойынша біртекті, түйіршектерінің өлшемі 0,5- тен 1,0 мм дейін болатын кварц құмы жатады.

Қабатқа айдау үшін қажетті құмның мөлшері жыныстардың жарықшықтық дәрежесіне байланысты болады. Күшті жарықшақтанған жыныстарға(әктастар мен доломиттер) бірнеше ондаған тоннаға дейін құм айдалады. Құмдақтардан және аз жарықшақты әктастардан құралған қаттардағы бір ұңғымаға 8-10 т құм айдаған дұрыс.

Қабатты гидрожарудың технологиясы мынадай: алдымен ұңғыма забойын құм мен саздан тазартады және қабырғасын ластайтын шөгінділерден тазартады. Кей кезде ҚГЖ алдында тұз қышқылдық өңдеу немесе қосымша перфорация жүргізген жөн. Мұндай жағдайларда жарылу қысымы төмендейді де, оның тиімділігі артады.

Жуылған және тазартылған ұңғымаға диаметрі 89 мм- ден кем емес құбырларды түсіреді. Олардың бойымен жарылу сұйықтығы забойға бағытталады. ҚГЖ кезінде диаметрі кішкентай құбырларды пайдалану тиімсіз, өйткені олармен сұйықтықты айдағанда қысымның көп шығыны болады.

Шеген бағананы жарылатын қабат үстіне түсетін жоғары қысымның әсерінен сақтау үшін пакер қойылады. Ол ұңғыманың сүзгі аймағын жоғары жататын бөліктен толық ажыратады, бұл кезде сорғылармен жасалатын қысым тек сүзгі аймағы мен пакердің төменгі бетіне әсер етеді. Егер сәйкесті шаралар қолданылмаса, пакер сорғы-компрессорлық құбырлармен бірге жоғары көтеріледі, бұған жол беруге болмайды. Мұны болдырмас үшін құбырларға гидравликалық якорь қояды.

Құбырларға сұйықтықты айдағанда қысым гидравликалық якорьдың поршеніне әсер етеді, нәтижесінде олар өздерінің ұяларынан шығады да, шеген бағанаға жабысып қалады. Поршеньдердің шетіндегі сақиналық қырлар бағанаға соқтығысып, сорғы-компрессорлық құбырлардың қозғалуына кедергі жасайды.

Ұңғыма сағасы арнайы басымен жабдықталған, оған ұңғымаға жарылу сұйықтықтарын айдауға арналған агрегаттар жалғанады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]