- •Бизнес - жоспарлау Бизнес – идеялар және оларды талдау
- •Бизнес – жоспарлаудың әдістемесі
- •«Бизнес - идеялар»
- •Сіздің бизнес-идеяңыз қандай? Сипаттаңыз
- •Бизнес-жоспардың құрылымы
- •Түйіндеме
- •Ірі қара мал бордақылау бойынша ферма ашу жобасының түйіндемесіне мысал
- •Бизнес-жоспар не үшін қажет?
- •Бизнес-жоспардың құрылымы:
- •Бизнес – жоспар құру үшін қажетті ақпарат:
- •Жоба түйіндемесі
- •Түйіндеме
- •2. Жобаның кіріспесі (концепциясы)
- •3. Кәсіпорынды немесе жобаны сипаттау
- •4. Өнімді сипаттау
- •Ерекше сауда ұсыныстарының мысалы - шаштараз
- •Өнімді немесе қызмет көрсетуді сипаттаңыз
- •Ерекше сауда ұсынысын қалай жасауға болады?
- •Ерекше сауда ұсыныстарына мысал келтіріңіз
- •5. Маркетинг жоспары
- •Өткізу нарығын сипаттау
- •Іскерлік ойын swot- талдау (ми шабуылы)
- •6. Өндірістік жоспар
- •Өндірістік жоспар
- •7.Ұйымдастырушылық және басқару жоспары
- •Фирманың ұйымдық құрылымын сызып, кім басқаратынын, жұмысшылар санын жазыңыз
- •Жобаны жүзеге асыру
- •9.Қаржылық жоспар
- •9.1 Шығындарды болжау
- •Шығындар жоспары
- •Өзіндік шығындарды керекті табыспен салыстыру (практикалык тапсырма)
- •9.2 Пайда мен залалды болжау
- •9.3 Қаржылық бағалау коэффициенттерін есептеу
- •9.4 Инвестициялардың экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеу
- •Жобаңыздың өтелу мерзімін есептеңіз
- •Қаржылық есептеулер жасаңыз
- •9.5 Cash-flow проекциясы
- •Қаржылық есептеулер жасаңыз
- •10.Жобаның тәуекелділігін талдау жасау
- •Тәуекелдерді бағалаңыз
- •11.Әлеуметтік-экономикалық аспектілер мен жобаның қоршаған ортаға ықпалы
3. Кәсіпорынды немесе жобаны сипаттау
Инвестициялық шешімдер қабылдайтын тұлғаларда, инвестициялық жобаны іске асыруда инвестициялық объект ретінде көрінетін кәсіпорын немесе оның серіктестері туралы нақты пікір қалыптастыру мақсатында кәсіпорын мен сала сипатталады.
Кәсіпорынды сипаттау кезінде келесі мәліметтер қарастырылуы тиіс:
Оның ұйымдық-құқықтық формасы, заңды және пошталық мекен-жайы;
Қысқаша экономикалық - географиялық және тарихи анықтама (кәсіпорын орналасқан жері, алып жатқан ауданы, құрылған күні, кәсіпорынның алғашқы мақсаттары мен өткен уақыт аралығында даму туралы ақпарат);
Кәсіпорынның жарғылық капиталы;
Құрылтайшылар мен олардың арасындағы капиталдың бөлінуі;
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы;
Еншілес кәсіпорындар;
Активтердің құрылымы (негізгі және айналмалы капитал);
Материалдық ресурстардың мінездемесі: ғимараттар мен құрылғылардың, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің, құрал-жабдықтардың (қалдық құны және тозу деңгейі), аяқталмаған құрылыстың, материалдық заттардың;
Кәсіпорынның ағымдық күйін сипаттау, балансты талдау;
Кәсіпорынның мамандандырылуы;
Қажет болған жағдайда жобаның іске асыруына жергілікті билік органдарының келісімі.
Мысал,
Қазақстанның малшаруашылығы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің шамамен 43% құрап отыр. Мал шаруашылығы Қазақстанның негізгі стратегиялық экономикалық мәселелердің бірі және ауыл халқының негізгі жұмысбастылық көзі, азығы мен табыс көзі болып табылады.
Табиғи жем-азығы жерлердің даму сипаты, ең алдымен мал шаруашылығы, етті бағыттағы малға келеді, оның үлесі Қазақстандағы өндірілген еттің, сонымен бірге сүтті бағыттағы мал шаруашылығының шамамен 65% үлесі тиесілі. Жоба тұжырымдамасы сүтті бағыттағы ІҚМ бордақылау бойынша ферма ашуды көздейді.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4. Өнімді сипаттау
Бұл тарауда ұсынылатын өнімнің тұтынушылық қасиетіне қысқаша сипаттама беріліп, осындай өнімдердің нарықтағы салыстырмалы талдау нәтижелері де көрсетіледі. Ұсынылатын өнімдер (қызметтер) сипаттамасына мыналар енеді: бұйымның аты және оның ерекшелігі; функционалдық бағыты мен қолдану салалары (өнім қандай тұтынушыларға арналған); негізгі техникалық, эстетикалық және басқа сипаттамалары; технологиялық және әмбебаптық көрсеткіштері; стандарттарға және нормативтерге сәйкестігі; құндылық сипаттамасы. Сонымен бірге өнімге байланысты патенттік-лицензиялық қорғау, сауда белгілері, авторлық құқықтар және басқа да интеллектуалды меншік нысандары туралы мәліметтер көрсету де маңызды. Өндірілетін өнімнің соңғы 5-10 жыл ішіндегі нақты және құндық көрсеткіштері, оның құрылымы жөнінде де мағлұматтар берілгені жөн. Бизнес – жоспарда өнімнің суретін көрсету, оның безендірілу сапасын жоғарлатады.
Мысал, біздің бизнес-жобамыздың мысалы бойынша орындаушы Оңтүстік – Қазақстан облысында кеңінен таралған отандық әулиеаталық қара-ала тұқымды сиырды сатып алуды көздейді.
Бұл тұқымның ерекшелігі Оңтүстік Қазақстанның ыстық климатына, жем-шөбіне жерсінуі, сонымен қатар қансорғыш кенелерге, ауруларға қарсы тұра алуы (тейлериоз и приоплазмоз).
Қазіргі жағдайда шағын бизнес нарығында монополист болу екіталай. Сондықтан өз өніміңіздің ерекшелігіне көп мән беру керек. Басқа өнімге қарағанда, сіздің өніміңіз неге және немен ерекшеленетінін көрсету қажет. Жеке ерекше сипаттарды көрсете отырып, нарыққа шығуға және клиенттерді тартуға оңай болады. Мұндай ерекшеліктерді ерекше сатылым ұсынысы (ЕСҰ) деп аталып, оны жасап үйрену қажет.
ЕСҰ қалай жасауға болады?
Бастапқыда 2 сұраққа жауап беріңіз:
Сіздің тауар/қызмет көрсету бәсекелестерге қарағанда несімен жақсы?
Сіздің тауар/қызмет көрсету бәсекелестерге қарағанда неге жақсы?
Кесте 2 - ЕСҰ әмбебап формуласы
Тауар аты
|
+ Бәсекелестерден Сіз несімен жақсысыз? |
+ НЕГЕ?
|
әулиеаталық қара-ала тұқымды сиыр |
қансорғыш кенелерге, ауруларға қарсы тұра алуы (тейлериоз и приоплазмоз), жоғары өнімділік |
Себебі Оңтүстік Қазақстанның ыстық климатына, жем-шөбіне жерсінуі |
Есте сақтаңыз, ең төмен баға сіздің ЕСҰ болмайды. Сіздің бәсекелестеріңіз сізді нарықққа кіргізбес үшін бағасын төмендетіп жіберу мүмкін.
