- •1. Геодезия пәні және мәселелері.
- •2. Деңгейлік бет. Абсолюттік және салыстырмалы биіктік.
- •4.Геодезияның басқа ғылымдармен байланысы.
- •5.Жердің пішіні мен өлшемдері туралы түсінік.
- •7.Жердің пішіні мен өлшемдері
- •8.«Ортадан» геометриялық нивелирлеу кезінде белгі мен биік айырымын қалай табады?
- •План, карта және жергілікті жердің қимасы (профиль).
- •17.Теодолитті жұмыс жағдайына қалай орналыстыру қажет
- •19.Координаталар жүйесі
- •20.Теодолит өсьтерінің жағдайына қажет талаптарды ата.
- •22.Сызықтың шынайы азимуты,дирекциялық бұрышы және румбы.
- •23.Масштабты және масштабтан тыс шартты белгілердің айырмашылығы неде?
- •25.Меридиандардың жақындасуы
- •26.Еңіс дегеніміз не және қандай формуламен анықталады?
- •28. Сызықтың магниттік азимуты, магниттік бағдаршаның ауытқуы
- •29. Карта бойынша жергілікті жердің сызықтарының профилін қалай құрастыру керек?
- •31. Жіптік қашықтық өлшеуіш
- •32. Дирекциялық бұрышт пен румб арасындағы байланыс.
- •Жергілікті жердің бедері және оның топографиялық картадағы бейнесі, жергілікті жердің бедерінің негізгі түрлері.
- •35. Дирекциялық бұрыш дегеніміз не? Берілген сызықтың тура және кері дирекциялық бұрыштары арасындағы байланыс қандай?
- •Жер бедерін бейнелеуде горизонтальдар әдісінің мәні. Горизонтальдарндың қасиеті.
- •Жер бетіндегі нүктенің географиялық бойлығы мен ендігі дегеніміз не?
- •40. Бұрыштарды өлшеуге арналған құралдар.
- •Бұрыштарды өлшеу дәлдігі.
- •44. Планда горизонтальдарды сызу қалай жүзеге асырылады.
- •49. Түсірістің түрлері. Тахеометрлік түсіріс.
- •52. Нивелирлеу әдістері. Геометриялық нивелирлеуді мәні мен әдістері.
- •53. Алаңды квадраттап нивелирлеу жұмысы қалай жүргізіледі.
- •55.Шеңберлі қисықтың элементтері
- •58. Трасса. Трассаның элементтері. Трассаны техникалық нивелирлеу журналы.
- •59.Тура және кері геодезиялық есептер.
- •61. Сызықтарды бағдарлау
- •62.Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу.
49. Түсірістің түрлері. Тахеометрлік түсіріс.
Топографиялық карталар, пландар және кез – келген топографиялық мәліметтер алу үшін істелінетін геодезиялық жұмыстардың жиынтығын топографиялық түсірістер деп атайды.
Түсіріс кезінде жасалатын істің негізгісі өлшеу жұмыстары болып табылады. Егер түсірісте жер бетінің рельефі көрсетілмеген план алынса, онда оны контурлық немесе горизонталь түсіріс деп атайды. Ал егер түсіріс нәтижесінде жер бетінің рельефі көрсетілмеген план немесе карта алынса, ондай түсірістер топографиялық немесе биіктік түсірістер болып табылады. Топографиялық түсірістерде нүктелердің биіктік анықталады, бұл жер бетін нивелирлеу жұмысына жатады.
Теодолиттік түсіріс деп теодолит аспабымен орындалатын горизонталь н/е контурлық түсірісті айтады.Теодолитпен горизонталь және көлбеу бұрыштар өлшенеді.Ұзындықтар ленталармен және қашықтық өлшеуіштермен өлшенеді.
Тахеометрлік түсіріс – топографиялық түсірістің бір түрі. Бұл түсірістің нәтижесінде ситуация мен рельеф бейнелегне план алынады. «Тахеометрия» сөзі греу тілінен аударғанда «тез өлшеймін» деген мағынаны береді. Бұл түсірісте жер бетіндегі әр нүктенің пландық және биіктік орнын көру дүрбісін рейкаға бір рет қана қаратып анықтайды, мұнда бір мезетте арақашықтықты, горизонталь бұрыштарды және вертикаль бұрыштарды немесе өзара биіктікті өлшеп алады. Ос себептен өлшеуге кететін уақыт азайып, өлшеу жылдамдығы артады. Тахеометрлік түсірістің аспаптарына теодолиттермен қатар, тахеометр деп аталатын арнаулы аспаптар жатады.
Мензулалық түсіріс – мензула мен кипрегель аспаптарымен орындалады. Мензулалық түсірістің құндылығы – түсіріс кезінде жер бетінің бейнесін сызба түрінде алуға болады және оны түсірілген жердің элементтерімен және контурларымен тікелей салыстыруға болады.
Жер үсті фототопографиялық түсіріс әдісімен жер бетінің топографиялық планын арнаулы аспаптар арқылы жер бетінің фотосуретін алуға негізделген. Құрамында фотографиялық камера бар теодолит аспабын фототеодолит деп, ал онымен жасалатын түсірісті фототеодолиттік түсіріс деп айтамыз. Фототеодолиттік түсірісте жер бетін фотографиялау екі нүктеден жасалынады. Олардың бір-бірімен арақашықтығы фотография базисі деп атайды. Фототеодолиттің оптикалық өсінің бағытының базиске және горизонталь жазықтыққа байланысты келесі түсірістерді ажыратуға болады.
Тахеометрия грек тілінен аударғанда жылдам өлшеу деген мағынаны білдіреді. Тахеометрлік суретке түсіру полярлық әдіс бойынша жүргізіліп, ситуация мен рельеф горизрнтальдар арқылы планға түсіріледі (біркелкі биіктіктер сызықтары).
Геодезиялық негіздеу пунктіне қарағандағы нүктенің жер бетіндегі алып тұрған орнын білу үшін бақылау пунктінен үш санақ жүргізеді: дальнометр (алысты өлшегіш) арқылы; теодолиттегі горизонталь және вертикаль дөңгелектер арқылы; осылар арқылы нүктенің кеңістіктегі полярлық координаталарын табуға болады, атап айтқанда, түзудің, оның горизонталь созбасының және ауытқуының дирекция бұрыштарын анықтауға болады.
Нүктенің пландағы орнын анықтау үшін горизонталь бұрышпен арақашықтығын, ал биіктік орнын білу үшін – арақашықтық пен вертикаль бұрышты өлшеп алу қажет. Әрі қарай бұл нүктелерді рейкалық нүктелер деп немесе пикеттер деп айтамыз. Теодолиттік жүріс төбелері уақытша белгілермен таңбаланады да, пикеттер бекітілмейді.
Тахеометрлік суретке түсіру мен қатар нүктені нивелирлеу де, жүргізіліп, нәтижелері схемаға жазылып отырады. Теодолиттік жүріс түзулеріне нүктелердің ауытқулары жазылып отырады. Нүктенің номері алымына, белгісі бөліміне жазылады.
50. Нөлдік нүкте. Жұмыс биіктігі.
Жұмыстық биіктік белгісі деп бірінші кабат еденінең есептелген биіктікті айтады.
Нольдік жұмыстық нүкте деп жобалық және нақты биіктіктері тең нүктелерді айтады.
