- •1. Геодезия пәні және мәселелері.
- •2. Деңгейлік бет. Абсолюттік және салыстырмалы биіктік.
- •4.Геодезияның басқа ғылымдармен байланысы.
- •5.Жердің пішіні мен өлшемдері туралы түсінік.
- •7.Жердің пішіні мен өлшемдері
- •8.«Ортадан» геометриялық нивелирлеу кезінде белгі мен биік айырымын қалай табады?
- •План, карта және жергілікті жердің қимасы (профиль).
- •17.Теодолитті жұмыс жағдайына қалай орналыстыру қажет
- •19.Координаталар жүйесі
- •20.Теодолит өсьтерінің жағдайына қажет талаптарды ата.
- •22.Сызықтың шынайы азимуты,дирекциялық бұрышы және румбы.
- •23.Масштабты және масштабтан тыс шартты белгілердің айырмашылығы неде?
- •25.Меридиандардың жақындасуы
- •26.Еңіс дегеніміз не және қандай формуламен анықталады?
- •28. Сызықтың магниттік азимуты, магниттік бағдаршаның ауытқуы
- •29. Карта бойынша жергілікті жердің сызықтарының профилін қалай құрастыру керек?
- •31. Жіптік қашықтық өлшеуіш
- •32. Дирекциялық бұрышт пен румб арасындағы байланыс.
- •Жергілікті жердің бедері және оның топографиялық картадағы бейнесі, жергілікті жердің бедерінің негізгі түрлері.
- •35. Дирекциялық бұрыш дегеніміз не? Берілген сызықтың тура және кері дирекциялық бұрыштары арасындағы байланыс қандай?
- •Жер бедерін бейнелеуде горизонтальдар әдісінің мәні. Горизонтальдарндың қасиеті.
- •Жер бетіндегі нүктенің географиялық бойлығы мен ендігі дегеніміз не?
- •40. Бұрыштарды өлшеуге арналған құралдар.
- •Бұрыштарды өлшеу дәлдігі.
- •44. Планда горизонтальдарды сызу қалай жүзеге асырылады.
- •49. Түсірістің түрлері. Тахеометрлік түсіріс.
- •52. Нивелирлеу әдістері. Геометриялық нивелирлеуді мәні мен әдістері.
- •53. Алаңды квадраттап нивелирлеу жұмысы қалай жүргізіледі.
- •55.Шеңберлі қисықтың элементтері
- •58. Трасса. Трассаның элементтері. Трассаны техникалық нивелирлеу журналы.
- •59.Тура және кері геодезиялық есептер.
- •61. Сызықтарды бағдарлау
- •62.Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу.
53. Алаңды квадраттап нивелирлеу жұмысы қалай жүргізіледі.
0,25 метрлік рельеф қимасы болатындай етіп, миллиметрлік қағазға алаң планың 1:500
масштабында горизонтальдар арқылы салу керек, жұмыс белгілерін, еңкіш жазықтықтағы жұмыс көлемін есептеу керек. Алаңның сол жақ төменгі бұрышындағы бастапқы репер белгісі ретінде 1 репер белгісін алу керек.
Қабырғасы 20 м тең болатын 6 квадратты 1:500 масштабында салып, рейканың қара жағынан алынған белгілерді жазу керек.
ГИ = НРп+ак (26)
Станциясындағы құрал горизонтын есептеп, сол арқылы аралық нүктелер ретінде қалған квадраттардың төбесінің белгілерін анықтайды.
Наралық=ГИ – ааралық (27)
Ситуацияға орай және қима биіктігі 0,25 м болатындай етіп, 1:500 масштабында учаске планын сызу керек.
Горизонталь және еңкіш жазықтықтар проектісі салынады. Ол үшін горизонталь жазықтықтың орта белгілерін есептейді.
Нор = ΣH1+ΣН2+3ΣН2+4ΣН2/24 (28)
мұндағы Но-1,0 дейін дөңгелектенген алаң белгісінің ең аз мәні. һ1-Н0 мен квадрат төбесінің айырма белгілері. һ2-Н0 мен екі квадрат төбесіне ортақ белгілердің айырмасы. һ4-Н0 мен төрт квадратқа ортақ нүкте белгісінің айырмасы. N-квадраттардың саны.
Горизонталь жазықтық жұмыстың белгілерін есептейтін формула:
һқһж = Нпр –Нқ (29)
Нк – учаске планынан алынған квадрат төбелерінің қара белгісі. Таңбалары әр түрлі квадраттар қабырғаны горизонталь жазықтықтардың жұмыстық белгілері көрсетілген схемасы салынып, нольдік жұмыс нүктесі формула немесе графикалық түрде анықталады. Алынған нүктелер пунктир сызықтармен қосылады. Алыңның үстін жабатын бөлігін штрихтайды.
Жер жұмысының нольдік баланс белгісін пайдалану үшін, біз көрсетілген мысалда, алаңның 0,03 м орта белгісін аламыз, яғни
Нжұм=Нжоба-Н жер (30)
Горизонталь жазықтықты еңкішітігі 0,05 тең болатын орта сызықтың бойымен айналдыра отырып, еңкіш жазықтық алынады. Бұл сызықтың жұмыс белгілері өзгермейді, ал жоғарғы және төменгі сызықтардың белгілі 0,05 еңкіштікте көрсетілген бағытқа қарай өзгереді.
һі = Hпр – Н (31)
Мұндағы һі – еңкіш жазықтықтың төбелерінің жұмыс белгілері.
Горизонталь жазықтықтағы жұмыс мөлшерін есептеу керек.
Оны Стрельчевский формуласы бойынша анықтайды.
Vж= а2\4* [Σhж]2\[Σhж] +[Σhқ] (32)
Vқ= а2\4* [Σhқ]2\[Σhж] +[Σhқ]
мұндағы Vж, Vқ – жерді жабу және жерді қазу жұмыстарының мөлшері, а-квадрат қабырғасының ұзындығы, м. Һж-жабу белгісі, м. һқ- қазу белгісі, м.
55.Шеңберлі қисықтың элементтері
Қисықтардың орнын белгілеу. Созылған құрылыстардың трассасы және оның
элементтері.
Трасса – кеңістіктік сызық, жергілікті жерде оны жобаланудағы немесе құрылысы
жүргізілудегі созылған ғимараттың өсі ретінде қарауға болады. Геодезиялық ізденіс
жұмыстары арқылы трассаның планы және ұзына бойлы профилі құрылады.
Жол трассалары түзу және қисық учаскелерден тұрады. Планда тік учаскелер тұрақты
немесе өзгермелі радиусты R, қисықтармен тұйіседі, ҚБ және ҚС нүктелері қисық учаскенің
басы және соңы болып келеді. Трассаның бұрылу бұрышы – ол алдыңғы және келесі тік
бағыттармен құрылған горизонталь бұрыш . Жергілікті жерде бұрылыс бұрышын анықтау
үшін теодолит сол бұрыштың төбесіне (БТ) қойылады да, оң бұрышы өлшенеді. Трассаны
жер бетіне шығарғанда оның бұрылу бұрыштары формулалар бойынша = - 180 - сол
бұрыштар және =180 - – оң бұрыштар анықталады, оларда трассаның жүрісінің сол
жағында теодолитпен өлшенетін горизонталь бұрыш.
Дөңгелек қисықтың элементтері және оның бас нүктелері. Тұрақты радиус доғасымен
сызылған трассаның өсінің бөлігі дөңгелек қисық деп аталады. Оның элементтері – бұрылыс
бұрышы және радиус R басқа элементтерін есептеп шығаруда бастапқы деректер ретінде
пайдалынылады.
АВ және ВС қисыққа жанасу сызықтарының Т бөлігі қисықтың тангенсі деп аталады:
Т = Rtq (a/2)
Дөңгелек қисықтың Қ бөлігі шеңбердің АМС доғасын құрады:
Қ = pRa/180
Дөңгелек қисықтың биссектрисының Б ұзындығы БМ кесіндісіне тең болады:
Б = Rsec (/2) -1
Дөңгелек қисықтың домері Д екі еселенген тангенс пен қисықтың айырымына тең:
Д = 2Т- Қ
