- •1. Геодезия пәні және мәселелері.
- •2. Деңгейлік бет. Абсолюттік және салыстырмалы биіктік.
- •4.Геодезияның басқа ғылымдармен байланысы.
- •5.Жердің пішіні мен өлшемдері туралы түсінік.
- •7.Жердің пішіні мен өлшемдері
- •8.«Ортадан» геометриялық нивелирлеу кезінде белгі мен биік айырымын қалай табады?
- •План, карта және жергілікті жердің қимасы (профиль).
- •17.Теодолитті жұмыс жағдайына қалай орналыстыру қажет
- •19.Координаталар жүйесі
- •20.Теодолит өсьтерінің жағдайына қажет талаптарды ата.
- •22.Сызықтың шынайы азимуты,дирекциялық бұрышы және румбы.
- •23.Масштабты және масштабтан тыс шартты белгілердің айырмашылығы неде?
- •25.Меридиандардың жақындасуы
- •26.Еңіс дегеніміз не және қандай формуламен анықталады?
- •28. Сызықтың магниттік азимуты, магниттік бағдаршаның ауытқуы
- •29. Карта бойынша жергілікті жердің сызықтарының профилін қалай құрастыру керек?
- •31. Жіптік қашықтық өлшеуіш
- •32. Дирекциялық бұрышт пен румб арасындағы байланыс.
- •Жергілікті жердің бедері және оның топографиялық картадағы бейнесі, жергілікті жердің бедерінің негізгі түрлері.
- •35. Дирекциялық бұрыш дегеніміз не? Берілген сызықтың тура және кері дирекциялық бұрыштары арасындағы байланыс қандай?
- •Жер бедерін бейнелеуде горизонтальдар әдісінің мәні. Горизонтальдарндың қасиеті.
- •Жер бетіндегі нүктенің географиялық бойлығы мен ендігі дегеніміз не?
- •40. Бұрыштарды өлшеуге арналған құралдар.
- •Бұрыштарды өлшеу дәлдігі.
- •44. Планда горизонтальдарды сызу қалай жүзеге асырылады.
- •49. Түсірістің түрлері. Тахеометрлік түсіріс.
- •52. Нивелирлеу әдістері. Геометриялық нивелирлеуді мәні мен әдістері.
- •53. Алаңды квадраттап нивелирлеу жұмысы қалай жүргізіледі.
- •55.Шеңберлі қисықтың элементтері
- •58. Трасса. Трассаның элементтері. Трассаны техникалық нивелирлеу журналы.
- •59.Тура және кері геодезиялық есептер.
- •61. Сызықтарды бағдарлау
- •62.Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу.
20.Теодолит өсьтерінің жағдайына қажет талаптарды ата.
Теодолиттік жүріс деп теодолиттік немесе тахеометриялық түсірістің пландық негізін айтады. Ол негізі алаңда қос қазықтар жүйесі түрінде бекітіледі. Әрі нүктеде теодолит қойылып жазық және көлбеу бұрыштары өлшеніп, таспа көмегімен ара қашықтықтары өлшенеді.
Геодезиялық негіздеу пунктіне қарағандағы нүктенің жер бетіндегі алып тұрған орнын білу үшін бақылау пунктінен үш санақ жүргізеді: дальнометр (алысты өлшегіш) арқылы; теодолиттегі горизонталь және вертикаль дөңгелектер арқылы; осылар арқылы нүктенің кеңістіктегі полярлық координаталарын табуға болады, атап айтқанда, түзудің, оның горизонталь созбасының және ауытқуының дирекция бұрыштарын анықтауға болады.
Нүктенің пландағы орнын анықтау үшін горизонталь бұрышпен арақашықтығын, ал биіктік орнын білу үшін – арақашықтық пен вертикаль бұрышты өлшеп алу қажет. Әрі қарай бұл нүктелерді рейкалық нүктелер деп немесе пикеттер деп айтамыз. Теодолиттік жүріс төбелері уақытша белгілермен таңбаланады да, пикеттер бекітілмейді.
22.Сызықтың шынайы азимуты,дирекциялық бұрышы және румбы.
Жер бетінде географиялық меридианның бағыты астрономиялық бағдарлау арқылы алынады,сонымен қатар гирокомпас немесе гиротеодолит аспаптарының көмегімен анықталады.
Географиялық меридианның солтүстік ұшынан сағат тілінің қозғалысымен берілген сызыққа дейінгі саналатын горизонталь бұрышты географиялық (шын) азимут деп атайды.Географиялық азимут 0 градусан 360 градусқа дейін өзгереді.Практикалық есептеулерде, азимут атауымен қатар, румб өлшем бірлігі де жиі қолданылып отырылады.
Румб r дегеніміз топографиялық картада калап алынып, бағытталған сызықтан меридианның осы сызыққа ең жақын жатқан бір бөлігіне дейін есептелетін көкжиектік (10 -сурет) бұрыш болып та-былады.
Басқа сөзбен айтқанда, анықтамаға сәйкес, бұрыштық бірлік -румб атауы:
шығыс—батыс—солтүстік—оңтүстікбағыттарына катысты екі әріппенСБ:42°11,ОШ:12°04белгіленіп анықталатын .мысалдарын келтіре аламыз.
Дирекциялық бұрыш дегеніміз топографиялық карта қа лап алынған сызық бағытымен (9 сурет) осьтік меридианның солтүстік бөлігі, немесе оған параллель бағытта болатын түзу арасындағы көкжиектік бүрыш α болып табылады.
Дирекциялық бұрыш, азимут атауы сияқты, сағат тілінің айналу бағытына сәйкес анықталады да, кажетті орындарда, оның сан мәні есептелініп шығарылады.
Азимут Румб Сызықтық бұрыштар
0°-90° r= А1 СШ
90°—180° r = 180°— А2 ОШ
180°—270° r =А3 —180° ОБ
270°—360° r = 300°—А4 СБ
23.Масштабты және масштабтан тыс шартты белгілердің айырмашылығы неде?
масштабты шартты белгілер берілген карта масштабында көлемі мен пішіні салынуы мүмкін жергілікті заттарды бейнелеу үшінқолданылатын белгілер. М.ш.б. контурлы және сызықты болып бөлінеді. Контурлы белгілер аталған объектініңшекарасының белгіленуінен және бір түсті белгілеуден (штрихтеу, түсті бояу) тұрады. Картадағы оның аумағытолтырылған белгілерімен объектілердің сапалық сипаттамасын көрсетеді. Сондықтан шартты белгілеркартада сызықтық сипаттағы жолдар, шекаралар, байланыс желілері, су ағызатын құбырдан өту жолдары, т.б. жергілікті заттарды бейнелеу үшін қолданылады. Бұл белгілер мас-штабта объектілердің тек ұзындығы меннысанын бере алады.
масштабтан тыс шартты белгілер
карта масштабында айқындал-майтын ұсақ жергілікті заттарды бейнелеу үшін қолданылады. Жергілікті жердіңбір объектісі ірі масштабты картада масштабты шартты белгімен, ал ұсақ масштабты картада масштабтан тысшартты белгімен бейнеленуі мүмкін.
