Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломдық жұмыс Отызбаева Гүлжанат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
385 Кб
Скачать
☆
  1. Суицид медико-әлеуметтік мәселе ретінде (әдеби шолу)

Өз өміріне қол салу – кез-келген елде,кез-келген қоғамда өте маңызды медико-әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады. Кенеттен болған өлім,әсіресе жастар арасындағы өлім, өте күрделі экономикалық, әлеуметік және жеке адамдар үшін, отбасы үшін, жергілікті қоғам үшін және мемлекет үшін психологиялық мәселелер тудырады.

Жеке деңгейде қарастыратын болсақ, кез-келген суицид жағдайын моральдық, психологиялық, рухани тұрғыдан суицид жасаушының отбасысына қабылдауға өте қиын. Ал, аяқталмаған суицид, яғни өліммен аяқталмаған суицид салдарынан суицид жасаушы мүгедек болып қалуы мүмкін.

Денсаулық сақтау саласындағы өте күрделі мәселе ретінде өз өміріне қол салудың мағынасын бағалау әдісі болып суицидтің жалпы қасақана өлімге қатынасы жатады. Қасақана себепті өлімге суицидтен басқа жеке тұлғалар арасындағы күш көрсету салдарынан немесе қарумен болған конфликтілер салдарынан болған өлім жатады.Берілген мәліметтер бойынша, әлемде күш көрсету салдарынан болған жалпы өлімнің 56% суицидтің үлесінде(ерлер арасында - 50%, әйелдер арасында - 71%).

ДДҰ-ның ресми өкілінің мәлімдеуі бойынша, "өзін-өзі өлтіру – қоғамның рухани денінің саулығының ең маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Егер қоғам бұл мәселеге көбірек көңіл бөлетін болса және биліктегілер күресуге ұмтылса, бұл мәселені шешуге болады ."

Әлеуметтану тұрғысынан, өзіне өзі қол жұмсау – девиантты мінез-құлықтың модельдерінің бірі, нашақорлықпен, жезөкшелікпен, қылмыскерлікпен және алкоголизммен қатар жүретін әлеуметтік патологияның бір бөлігі.

Өзін өлтіру барысында, адам өзін бұл әлемнің бір бөлігі екенін мойындаудан бас тартады, осылайша, қайтыс болғаннан кейін болса да, өз тұлғасына, өзіне көңіл аударта алмаған, қоғамды тартады.

Осыған байланысты, Қазақстанда суицид мәселелері шешімі негізіндегі ғылыми-теоретикалық жобалаулар және жастар ортасында өмір сүруге деген белсенділікті қалыптастыру қоғамды сауықтыруда және жастар ортасында әлеуметтік-патологиялық қозғалыстардың профилактикасының мақсаты ретінде басымырақ болып табылады.

Қазір қоғамда суицид мәселелерін жою мақсатында көптеген жұмыстар жасалуа, бірақ потенциальды суицид жасаушының жасырын ниетінен және туындайтын шешімдердің қауырттығы салдарынан арнайы бағдарламаны әзірлеу өте қиын, біздің ойымызша кері қарай жүру керек: барлық өңірлерде антисуицидалдық тенденцияны қалыптастыратын –позитивті ойлау, оптимистік көңіл-күй, болашаққа деген сенімді және т. б.,бағдарламаны енгізу.

1960 жылдан бастап Халықаралық өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу қауымдастығы (ХСАҚ) жұмыс жасауда. Бұл халықаралық ұйымның басты мақсаты - барлық планета бойынша суицидті болдырмау.Халықаралық қауымдастықтың негізін қалаушы Эрвин Рингел және Норман Фарбер болып табылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және Халықаралық өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу қауымдастығының бастамасы бойынша 10 қыркүйек - Дүниежүзілік суицидпен күресу күні болып табылады.

Бүгінгі таңда ХСАҚ –ның ұсыныстары бойынша, әлемнің көптеген қалаларында және біздің елімізде өзіне-өзі қол салудың алдын алу мақсатында қызметтер ұйымдастырылған.

Бұл білікті кеңеске немесе медикаментозды емге мұқтаж адамдарға медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмекті ұйымдастырудың жаңа формасы. Қызмет халықтың көп бөлігіне, бірінші кезекте, психологиялық дағдарыс жағдайындағы тұлғаларға, стрессогенді факторлардың әсеріне ұшыраған және әлеуетті суицидке қауіпті болып табылатын адамдарға бағдарланған. Қауымдастықтың қызметкерлері суицид жасауға тырысқан, сонымен қатар суицидтік әрекеттен зардап шеккен адамдарға ықтимал көмек көрсетеді.

Бүгін суицид мәселесі мемлекеттік деңгейде қарастырылуда. Бұл мәселе бойынша, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамыту "Салауатты Қазақстан" 2011-2015 жылдарға бағдарламасы жұмыс жасады. Қазір «Денсаулық» бағдарламасы қабылданып, жұмыс істеуде.