- •Отызбаева Гүлжанат Ержанқызы Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін анықтау және оның алдын-алу шаралары
- •5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»
- •Отызбаева Гүлжанат Ержанқызы Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін анықтау және оның алдын-алу шаралары.
- •5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»
- •Суицид медико-әлеуметтік мәселе ретінде (әдеби шолу)
- •1.1. Өзіне –өзі қасақана зиян келтіру туралы жалпы түсінік.
- •1.2. Суицид туралы жалпы түсініктер.
- •Әскери қызметкерлер арасындағы суицидтің пайда болу себептері.
- •. Зерттеу жұмыстың материалы, әдісі және объектісі
- •3.1 Әскери қызметкерлердің өз өмірлеріне деген жауапкершілігі
- •3. Зерттеу жұмыстың материалы мен әдістері
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИД.
Әскери қызметкерлер арасындағы суицидтің пайда болу себептері.
Қазіргі уақытта Қарулы Күштерде аса өзекті мәселе жеке құрамның қазасы болып тұр, оның себептерінің бірі болып табылатын суицидтік синдром. Осыған байланысты әскери қызметшілердің мінез-құлық ауытқушылықтарын командирлер мен бастықтар тарапынан мұқият қадағалауды талап етеді.
Суицид мәселесінің негізгі себебінің бастауы әскери ортада емес . Мәселе себебінің көзін ең алдымен біздің қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық саласынан іздеуіміз керек. Әскери орта қоғамның бір бөлігі болғандықтан суицид мәселесін талқылағанда шетте қала алмайды.
Қазір, ескі тәрбие жүйесі қираған соң, мүлде артта қалып қойған соң , оның орнына жаңа басқа жүйе ұсынылмады. Кәсіби тәрбиешілердің кадрларын дайындағн әскери училищелер, академиялар жабылды, таратылды, қайта бағдарланды... Бұрынғы әскери-саяси академияның орынына келген қазіргі әскери университеттер жылына 50-ден астам әскери психолог мамандарды дайындап шығады. Бірақ әскерлерге олардың аз бөлігі барады, көпшілігі сарбаздар мен саптық командирлерден қашық жоғары штабтар мен басқармаларда орналасады.
Ротаның және оларға теңестірілген бөлімшелердің үштен екісінде тәрбие жұмысының штаттық офицері жоқ. Көптеген штаттық лауазымдарда әскери жағдайда жұмыс жасау тәжірибесі жоқ, резевтен шақыртылған жұмыс жасайды.
Бір қарағанда суицид мәселесіне штаттың ұйымдастыру іс-шараларының не қатысы бар деп ойлаймыз? Тікелей. Сарбаздар да, офицерлер де қазіргі әскери ортаның мүшкіл жағдайына қарай қиын жағдайда: біріншісі кейде казармалық озбырлықтан қорғау таппай, өзінің стресстік жағдайларымен, күйзелістеріпен жалғыз қалса, екіншісі әлеуметтік қорғаудан, мемлекет тарапынан көмектен, ал көп жағдайда қарапайым күнкөрістің қаражаттан айырылған. Өйткені, гарнизондағы офицер, әсіресе шалғай жерлердегі, отбасының жалғыз асыраушысы болуы мүмкін. Оған аз көлемдегі жалақы және Отан алдындағы үлкен жауапкерлілікті, сонымен қатар көпшілігінің тұрақты тұрғын үйінің жоқтығы, еңбек және демалыс режимінің тұрақсыздығы және де үнемі көшіп қону себеп болады.
Әскери өмірде суицидке алып келетін себептер көп деуге болады, бірақ әскерде әртүрлі деңгейдегі лауазымды тұлғалар бұған немқұрайлы қарайды деуге де болмайды. Психикалық тұрақсыздықтары бар адамдарды еленді шақыру комиссияларына көрсету, оларды қызметінің алғашқы айында белсенді анықтау, қарауылдық қызметте, вахтада, кемелерде қолына қару алып міндеттерін орындайтын әскери қызметшілерге ерекше бақылауды жүзеге асыру жеткілікті.
Әскери дәрігерлер, психологтар, әлеуметтанушылардың анықтауымен келесідей көрініс орын алды: суицидке алып келетін себептердің арасында бірінші орында (шамамен 40%) жеке қолайсыздық және олармен байланысты жүрекжарды толғанысы (отбасының аш болуы, жақынының ауруы және өлімі, сүйікті адамының опасыздығы, әйелімен ажырасу, жыныстық қабілетсіздігі және т. б.).
Екінші орында (шамамен 35%) - қызметтік қолайсыздық және әскери қызметтің ауырлығы (үйренісу қиындықтарымен байланысты, әр түрлі кезеңдерде қызмет атқарған әскери қызметкерлер арасындағы қақтығыстар,атышулы әлімжеттіктің пайда болуы, бастықтары және бағынушылар арасындағы қарым-қатынастың дұрыс қалыптаспауы, ұлттық негізде және т. б.).
Үшінші орында (шамамен 10%) - қоғамға жат қылықпен байланысты жанжалдар (қылмыстық жауапкершілік алдындағы қорқыныш, өзінің әдепсіз қылықтарының жариялануынан қорқу ).
Төртінші орында (шамамен 5%) - денсаулық жағдайының нашарлауы (психикалық, соматикалық аурулар, физикалық кемшіліктері).
Соңғы орында - басқа да себептер, әдетте материалдық-тұрмыстық мәселелермен байланысты.
Қорытынды: өзіне өзі қол жұмсаудың негізгі себебі қызметтік және жеке қарым-қатынастар қақтығыстарының салдары болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл проблема психологиялық, сонымен қатар бұл әлеуметтік қолайсыздық та болып табылады.
Әскери ұжымдарда өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алумен айналысатын командирлер мен бастықтардың қызметі олардың қол астындағылармен педогогикалық өзара іс-қимылдарының ең күрделі түрлерінің біріне жатады. Олардың қызметінің тиімділігін арттыруға кейде командирлер мен бастықтардың психологиялық-педагогикалық дайындығының жеткіліксіздігі кедергі болады. Бірқатар жағдайлардың нәтижесінде көптеген командирлер мен бастықтар қол астындағылардың кризистік жағдайларын анықтау мен жою мақсатында дайындалмаған педогогикалық іс-әрекет жасап қоймай, жеке тұлғаға күшті травматикалық әсер ететін, қате педагогикалық шараларды қолданады. Осылардың бәрі әскери қызметкерлер арасындағы суицидтің алдын-алу бойынша жаңа технологияларды табу тапсырмасын жедел түрде белсендендіреді. Ал бұл үшін осы құбылыстың пайда болуына әсер ететін факторларды білу қажет.
Әлеуметтік-ситуациялық факторлар әскер қызметкерлердің әлеуметтік және мәдени мінез-құлықтарының нормадан ауытқуын анықтайды (соның ішінде құқыққа қайшы және қылмыстық мінез-құлық) ,тұрақты және күшейтілген бақылауды және қарқынды тәрбиелік ықпал етуді талап етеді (жеке және әлеуметтік-психологиялық түзету).:
Жеке тұлғалық факторлар психоневрологиялық және психофизиологиялық факторлардың жиынтығын қамтиды. Психоневрологиялық факторлар әскери қызметшілердің жүйке-психикалық тұрақсыздығы мен патологияның болуын білдіреді. Психофизиологиялық факторлар әскери қызметкерге әскери мамандықты игеруге кедергі келтіретін психологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктердің болуын білдіреді.
Барлық аталған факторлар немесе олардың ішінде жекелегендері әскери қызметкерлердің қарқынды дамыған теріс эмоциялармен, масасыздық және үреймен, депрессивными жай-күйімен сипатталатын әлеуметтік-психологиялық бейімделмеуіне әкеледі.
Мұндай жағдайлар үшін психотравматикалық жағдайларға немесе маңызды оқиғаларға фиксациялау сипатталады, өз дәрменсіздігі және қалыптаспау сезімі жөнінде уайымдау, жалғыздық, өз жеке басын, өзекті жағдайы мен болашақты пессимистік бағалау, өз күштері мен мүмкіндіктеріне сенбеу. Бұл құндылықтардың күйреуіне алып келеді және пресуицид қалыптаса бастайды, ол былайша дамиды.
Алдымен өз өміріңізден айырылу сезімі пайда болады. Бұл өз өлімің туралы ойлаумен, көріністермен, фантазияменен сипатталады. Мысал ретінде: олай өмір сүргенше өлгенім артық; ұйықтап, ойанбай қалсам екен – деген сөздер жатады. Өзіне-өзі қол жұмсауды зерттеу деректері бойынша,бұндай сөздерді пайдалану 75% жағдайда орын алған. Бұл ретте, мұндай сөздер қыр көрсетіп-шантаждық аспекті ретінде қабылданады.
Одан әрі өзіне қол жұмсау ойлары қалыптасады. Бұл уақытта аутодеструктивті ойларын іске асыру жоспарын жүзеге асыру, өз-өзіне қол жұмсау уақыты,орыны, тәсілін ойластырылу жүріп жатады.Қорытынды кезеңінде аутодеструктивті мінез-құлық актілерінің сыртқы нысандарын тікелей жүзеге асыруды оятатын шешім қалыптасады.
Пресуицидтің
ұзақтығы минутпен (жіті пресуицид)
немесе айлармен (созылмалы пресуицид)
есептелуі мүмкін. Өткір пресуицид
кезінде мүмкін суицидтік ой мен ниет
бірден дереу көрініс, алдыңғы сатыларына
қарамай, табуы мүмкін. Суицид жасаудың
жоғары ықтималдығының белгілері болуы
мүмкін:
Жоғарыда айтылғандардың ішінен суицидтің алдын-алуға бағытталған,жұмысты жүргізу мен ұйымдастыруға объектівті қажеттілік бар.
Кейбір командирлер мен бастықтарда суицидтік оқиғаның алдын-алу мүмкіндігін жеңілдетіп түсіну қалыптасқан. Олардың пікірі бойынша, егер адамдарды көп мөлшерде жұмыс жүктесе және олардың жүзеге асырылуын қатаң бақылайтын болсақ, бұл мәселе шешілетін болады. Алайда, көбінесе, бұл асқын күш түсуге, қажуға, жоғары агрессияға және сайып келгенде, суицидке алып келуі мүмкін. Мұндай кезде баланс қажет.
Кейбір басшылар адам өз өміріне қол салмақ болғанын көрсететін сыртқы белгілерді анықтау мүмкін емес деп санайды. Әрине, осындай ой-пікірлерде ақиқат тұжырым бар. Ашып қарасақ, қол астындағы адамдардың жан-дүниесін, ішкі әлемін танып-білу шынында да өте қиын. Сонымен қатар, тәжірибиеде байқағандай, әдетте жетекшінің мұндай мүмкіндігі бар.
Бірақ
кез-келген жағдайда суицидтің алдын-алудың
педагогикалық үдерісінде кейбір
тәрбиешілердің арсеналынан педогогикалық
көмектің тікелей антиподы болып табылатын
және әскрилерде суицидке белсенділікті
арттыратын келесі әдістерді қолдануға
жол берілмейді. Оларға мыналар жатады:
