- •Отызбаева Гүлжанат Ержанқызы Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін анықтау және оның алдын-алу шаралары
- •5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»
- •Отызбаева Гүлжанат Ержанқызы Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін анықтау және оның алдын-алу шаралары.
- •5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»
- •Суицид медико-әлеуметтік мәселе ретінде (әдеби шолу)
- •1.1. Өзіне –өзі қасақана зиян келтіру туралы жалпы түсінік.
- •1.2. Суицид туралы жалпы түсініктер.
- •Әскери қызметкерлер арасындағы суицидтің пайда болу себептері.
- •. Зерттеу жұмыстың материалы, әдісі және объектісі
- •3.1 Әскери қызметкерлердің өз өмірлеріне деген жауапкершілігі
- •3. Зерттеу жұмыстың материалы мен әдістері
3. Зерттеу жұмыстың материалы мен әдістері
. Зерттеу жұмыстың материалы, әдісі және объектісі
Зерттеу жұмысы әскери қызметкерлер арасындағы суицид деңгейін, суицид жасауға бейімділікті, қызметкерлердің суицидпен қаншалықты деңгейде таныс екендігін анықтауға және суицидтік әрекеттіктердің алдын- алу шараларымен таныстыруға, халықтың өмір сүру ұзақтығын жоғарылатуға бағытталған.
Зерттеу материалдары ретінде әдеби ақпарат көздері, сауалнама нәтижелерінің қорытынды ақпараттары алынды. Зерттеу жүргізу кезінде әлеуметтік әдіс қолданылды.
Зерттеудің негізгі объектісі ретінде Павлодар облысы Ертіс ауданының №2033 «Амангельды» әскери бөлімінің әскери қызметкерлері мен борыщын өтеушілері алынды.
Зерттеу жұмысы бірнеше кезеңмен жүргізілді:
Әдеби шолу және сарапшылар пікірі негізінде сауалнама құрастырылды;
Суицидтік әрекетке алып келетін факторларды анықтау және әскери қызметкерлерге психологиялық, медициналық, әлеуметтік тұрғыдан көмек сапасын бағалау мақсатында сауалнама жүргізілді;
Алынған мәліметтерді талдап, мониторингілеу;
Қосымшалар мен ұсыныстар құрастыру.
Сауалнамаға барлығы 70 адам қатысты. Іріктеу ережесі жаппай таңдау әдісімен талданды. Мәліметтерді жинап болған соң, барлық сауалнамаларды респонденттердің толтыру толықтығын тексереміз. Кей жауап бермеген сұрақтар немесе жауабы нақты емес болғанда, респонденттерден нақтыланды. Мәліметтер есептеу оңайлығы үшін және қателіктер болмау үшін барлық жауаптар вариантын MS Excel бағдарламасына енгіздік.
Әскери қызметкерлер арасында жүргізілетін сауалнама 2 сауалнамадан құралға. Бірінші сауалнама әскери қызметкерлер арасында суицидке бейімділікке алып келетін фаторлар мен қызметкерлердің суицидпен қандай деңгейде таныс екендігін анықтауға бағытталған. Сауалнама жалпы 18 сұрақтан тұрады.
Екінші сауалнама қызметкерлер арасында суицидке бейімділік деңгейін анықтауға бағытталған 10 сұрақтан құралған. 1,2, 3, 5, 7, 9 нөмеріндегі сұрақтар суицидке бейімділік деңгейінің бар екендігінің, ал 4, 6, 8, 10 сұрақтары суицидке бейімділік деңгейінің жоқ екендігін білдіреді.
Суицид қауіпінің бағалау коэффиценті.(Sr) формула бойынша есептеледі: Sr= (N/ 10), мұнда N– кілтпен сәйкес келген сәйкестіктердің саны.Sr көрсеткіштері 0 мен 1 аралығында боады. Көрсеткіш 1 –ге жақын болса, суицидке бейімділік көрсеткіші жоғары деңгейде, ал 0 –ге жақын болса, суицидке бейімділік көрсеткіші төмен деңгейде болады.
Суицидке бейімділік деңгейін бағалау:
0,2-ге дейін – төмен (5 балл)
0,2 – 0,3 – орташадан төмен (4 балл)
0,4 – 0,5 – орташа (3 балл)
0,6 – 0,7 – орташадан жоғары (2 балл)
0,8-ден – жоғары (1 балл).
САУАЛНАМА НӘТИЖЕСІНІҢ МОНИТОРИНГІСІ
3.1 Әскери қызметкерлердің өз өмірлеріне деген жауапкершілігі
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек ҚР-да борыщын өтеушілер арасында суицид деңгейі шамамен екі есе азайды. 2016 жылдың соңғы 8 айы бойынша еліміздің Қарулы күштерінде 11 суицид жағдайы тіркелген. Сандық көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда екі есеге азайған. Әскери міндеттілер арасында суицид жағдайлары мүлдем жоқ деуге болады, оның ішінде жарғы сәйкес емес қатынас салдарынан ешқандай жағдай тіркелмеген. Сонымн қатар, қылмыстық құқық бұзушылық тіркелу деңгейінің төмендегені байқалады .
Сауалнаманың бірінші топтамасында респонденттердің жыныстық, жастық көрсеткіштері туралы ақпараттарымен сипатталады.
Респонденттерді жастық көрсеткіш бойынша 18-24 жас аралығында 42 (60%), 25-34 жас аралығында 25 (36%), 35-44 жас аралығында 3 (4%), (Кесте 1).
№ |
Респонденттердің жасы |
Көрсеткіш |
Көрсеткіш (%) |
1 |
18-24 жас |
42 |
60 |
2 |
25-34 жас |
25 |
36 |
3 |
35-44 жас |
3 |
4 |
Кесте 1- Респонденттерді жасы бойынша бөлу
Жыныстық көрсеткіштеріне байланысты 70 респонденттен ер адамдар 56 (80%) әйелдер 14 (20%) - ды құрайды .
(Сурет 1)
Сурет 1 – Респонденттердің жынысы бойынша
Сауалнаманың екінші топтамасы респонденттердің суицидпен қаншалықты деңгейде хабардар екендігіне, суицидке алып келетін себептер және суицидтің алдын алу шараларының деңгейін анықтауға бағытталды. Көпшілік әскери қызметкерлерде суицид туралы жалпы түсінік болғанымен, олар суицидке алып келетін негізгі себептерден толықтай хабардар болмауы мүмкін. Сонымен қатар суицид жасаушымен бетпе-бет келгенде қандай шара жасау керек екендігін, әскери бөлімдегі психолог маманның бұл мәселедегі маңыздылығын,сенім телефонынын бар екендігін білмеу мүмкін. Сенім телефонына азаматтар, күйзеліске ұшырағанда рухани қолдау, психологиялық көмекке мұқтаж болғандықтан қоңырау шалады. Себебі, сенім телефонына хабарласқандарға психологиялық, медициналық, педагогикалық, құқықтық және ақпараттық көмек көрсетілуі тиіс. Бұл бөлімде әскери қызметкерлердің бүгінгі қойылған мәселемен қандай деңгейде таныс екендігін және суицидке алып келетін себептерді анықтаймыз.
Сауалнама қорытындысы бойынша:
«Суицид туралы ақпарат білесіз ба? (Хабардарсыз ба?)» деген сұраққа 70 респонденттің 70 (100%) - ы ия деп жауап берді. Ал сауалнамаға қатысушылардың әскери борыщын өтеуге өз еркімен келген келмегенін анықтау барысында, борыщын өтеушілердің 65 (93%)-ы өз еркімен келсе, ал 5 ( 7%)- ы өз еркінен тыс келгені анықталды. (Сурет 2).
Сурет 2 – Респонденттердің борыщын өтеуге келуі бойынша (%)
Әскери қызметкерлер арасында суицидке алып келетін негізгі себептер анықтау барысында респонденттердің: материалдық тұрмыстық қиындықтар -7 адам ( 10%), алкогольді көп пайдалану - 4 адам ( 6%), психикалық дезадаптация -25 адам (36%), отбасындағы жағдайлар -6 адам (9%), уставты емес қарым-қатынас - 15 адам ( 21%), жауапсыз махаббат - 4 адам (6%), әскери қызметтің қиындығы - 9 адам (12%) деп жауап берді. (Сурет 3), (Сурет 4).
Сурет 3 – Суицид себебі бойынша көрсеткіш
Сурет 4 – Суицид себебі бойынша пайыздық көрсеткіші
Сауалнаманың «Әскери борыщын өтеу барысында дембельдер тарапынан қысым көрсету болды ма?» - деген сұраққа респонденттердің 37 адам (53%) - ия деп, 33 адам ( 47%) - жоқ деп жауап берді.
Сурет 5- Дембельдер тарапынан қысым көруі бойынша (%)
Кейбір командирлер мен бастықтарда суицидтік оқиғаның алдын-алу мүмкіндігін жеңілдетіп түсіну қалыптасқан. Олардың пікірі бойынша, егер адамдарды көп мөлшерде жұмыс жүктесе және олардың жүзеге асырылуын қатаң бақылайтын болсақ, бұл мәселе шешілетін болады. Алайда, көбінесе, бұл асқын күш түсуге, қажуға, жоғары агрессияға және сайып келгенде, суицидке алып келуі мүмкін. Сондықтан біз сауалнамаға « Жетекшілер тарапынан қандай әрекет суицид белсенділігіне түрткі болады?» -деген сұрақ қостық. Респонденттер жауабыг талдау барысында келесідей көрсеткіштерге ие болдық : Әскери қызметкерлерді ұжымның қолдауынан айыру - 21( 30%); ұжымнан оқшаулау - 7 (10%); әділетсіз жаза - 6 ( 8%); бойкот - 6 (8%); тапсырма беру барысында бұйрықты форманы негізсіз және шектен тыс қолдану - 12 ( 18%); әскери қызметкерді жөнсіз кінәлау - 18 ( 26%). (Сурет 6)
Сурет 6 – Жетекшілер тарапынан суицидке алып келетін әрекетте
Суицидке алып келетін негіззі себептермен қатар, жанама да себептер болады. Солардың респонденттер арасындағы деңгейін анықтау үшін қойған келесі сұрақтарымыздан алған көрсеткіштерді талдайтын болсақ, алкогольдік ішімдікті респонденттердің 48%( 34 адам)-ы қолданса, 52% ( 36 адам )-ы қолданбаймыз деп жауап берді. (Сурет 7)
Сурет 7 – Алкогольдік ішімдік пайдалану деңгейі (%)
Ғалымдардың пікірі бойынша суицидке баратын адамдардың денсаулығында психикалық ауытқулармен қатар, соматикалық та ауытқулар болуы мүмкін. Бұл көрсеткіш бойынша сауалнама жүргізілген респонденттердің арасында соматикалық аурулары бар адамдар көрсеткішін анықтау үшін қойылған сұраққа, респонденттердің 16% ( 11 адам)-ында соматикалық аурулары болса, 84% ( 59 адам) - соматикалық аурулары жоқ болып шықты. (Сурет 8).
Сурет 8 – Соматикалық аурулары бар адамдар (%)
Әскери борыщынды өтеу барысында суицидке алып келетін негізгі себептердің бірі жауапкершіліктен қашу, құтылу болып табылады. Осы себепті анықтау мақсатында «Әскери борыщыңызды өтеу барысында заңға қайшы әрекет жасасаңыз жауапкершіліктен қалай құтыласыз?» - деген сұраққа берген жауаптарды талдау барысында алған көрсеткіштер келесідей: соңына дейін мойындамауға тырысамын -15 (21%),жазадан құтылу үшін қолымнан келгенін жасауға тырысамын - 9 (13%),өз кінәмді мойындап, жазамды аламын - 43 (62%), шығып кетемін - 3 (4%). (Сурет 9)
Сурет 9 - Жауапкершілік себебі бойынша
Суицидтік іс- әрекетке әсер ететін себептердің бірі әскери қызметтің қиындығы болып табылады. Біз жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша әскери қызметтің қиындығы 12% - ды қамтып отыр. Әскери қызметтің қиындығын респонденттер келесідей бағалады (10 балдық шкала бойынша):1-3 балл- 4%-ы (3 адам), 3-6 балл -64%-ы ( 45 адам), 7-6 балл -32%-ы (23 адам).(Сурет 10)
32%
64%
4%
Сурет 10 – Респонденттердің әскери қызметтің қиындығын бағалау деңгейі (%)
Бүгінгі
біздің жүргізген сауалнаманың қорытындысы
бойынша суицидке алып келетін негізгі
себептердің 10% - ын материалдық тұрмыстық
қиындықтар алып тұр. Сауалнама жүргізілген
респонденттердің арасында осы мәселенің
қаншалықты өзекті екендігін анықтау
үшін қойылған келесі сұрақтың жауабын
талдау барысында, респонденттердің
21%-ы отбасында материалдық қиындықтар
бар деп , ал 79%- ы жоқ деп жауап беріді.
( Сурет 11).
Сурет 11 - Отбасындағы қиындықтары бойынша
Әскери қызметкерлер арасындағы суицидтік жағдайлардың алдын- алу мақсатындағы негізгі әрекет ол әскери қызметкерлермен әскери бөлімнің психологының қажетті деңгейде жұмыс жасауы. Респонденттердің психолог көмегіне қаншалықты жүгінетінін анықтау барысында келесідей сұрақтар қойылды: «Сіздің әскери бөлімде психолог маман бар ма? » - деген сұраққа респонденттердің 93% (65 адам) «ия» деп жауап берсе, 7% (5 адам ) «жоқ» деп жауап берді. (Сурет 12).
Сурет 12 - Әскери бөлімде психолог маман жұмысы бойынша
Әскеи бөлімде психолог маман болғанымен маманның көмегіне әскери қызметкерлер жүгіне бере бермейді. Оның негізгі себебі қызметкерлердің психолог көмегінің маңыздылығын білмеуі. Бүгінгі сауалнама нәтежиесі бойынша респонденттердің 88% ( 62 адам )- ы психолог көмегіне жүгінбесе, 12% (8 адам)-ы психолог көмегіне жүгінеді екен.(Сурет 13).
Сурет 13 - Әскери қызметкерлердің психолог көмегіне жүгіну деңгейі.
Жоғарыда айтып кеткендей, әскери қызметкерлер суицидпен теориялық тұрғыдан таныс болғанымен, суицидпен жасаушымен бетпе-бет келгенде қандай әрекет жасау керек екендігін білмеуі мүмкін. Респонеденттер арасында осындай мәселе туындаса қандай әрекет жасайтынын анықтау барысында келесідей сұрақтар қойылды. «Суицид жасайын деп тұрған адамды көрсең не істейсіз?» - деген сұраққа берген жауапты талдасақ: 94%( 66 адам) - тоқтатуға тырысамын, 4%( 3 адам) - басқа біреуді көмекке шақырамын , 2% (1 адам) - қорқып қашып кетемін.( Сурет 14).
Сурет 14 - Суицид жасаушыға көмек көрсету деңгейі
Қызметкерлер суицид жасауға тырысқанымен, дұрыс көмек көрсете алмауы мүмкін. Сол себепті «суицид жасаушыны қандай жолмен тоқтатасың» - деп қойған сұраққа респонденттердің 84% (59 адам) - көңілін алаңдатып, әңгіме айтамын, 7%(5 адам)- мәселесін шешіп беруге уәде беремін, 4,5% ( 3 адам) - себебін біліп, сөзбен көмектесемін,4.5% (3 адам)- ұрысамын деп жауап берді. (Сурет 15)
Сурет 15 - Көмек көрсету түрі
Сауалнама соңында респонденттердің сенім телефонымен қаншалықты деңгейде таныс екендігін анықтау үшін қойылған сұраққа келесідей жауап алдық: 70 респонденттердің 27 (38%) - таныспын деп жауап берсе, 43 (62%) -
т
аныс
емеспін деп жауап берді. ( Сурет 16). Сенім
телефонымен респонденттердің жартысынан
көбісінің таныс болмауы қызметкерлердің
толық деңгейде ақпараттанбағандығын
білдіреді.
Сурет 16 - Респонденттердің сенім телефонымен танысу деңгейінің проценттік көрсеткіші.
Екінші сауалнама арқылы сауалнама жүргізілген респонденттердің арасында суицидке бейімділік деңгейін анықталды. Сол сауалнамадан алған нәтежиеге төмендегі кестеде толығырақ тоқталып кетейік. (Кесте 1,2,3)
|
Респондент №1 |
Респондент №2 |
Респондент №3 |
Респондент №4 |
Респондент №5 |
Респондент №6 |
Респондент №7 |
Респондент №8 |
Респондент №9 |
Респондент №10 |
Респондент №11 |
Респондент №12 |
Респондент №13 |
Респондент №14 |
Респондент №15 |
Респондент №16 |
Респондент №17 |
Респондент №18 |
Респондент №19 |
Респондент №20 |
Респондент №21 |
Респондент №22 |
Респондент №23 |
Респондент №24 |
Респондент №25 |
Sr |
0,4 |
0,4 |
0,8 |
0,3 |
0.3 |
0,4 |
0,3 |
0,5 |
0,5 |
0,4 |
0,4 |
0,3 |
0,1 |
0,4 |
0,3 |
0,4 |
0,3 |
0,4 |
0,3 |
0,4 |
0,4 |
0,4 |
0,6 |
0,6 |
0,3 |
Кесте 2 - Респонденттердің арасында суицидке бейімділік деңгейін анықтауға жүргізілген сауалнама нәтежиесі ( 1- 25 респондент)
|
Респондент №26 |
Респондент №27 |
Респондент №28 |
Респондент №29 |
Респондент №30 |
Респондент №31 |
Респондент №32 |
Респондент №33 |
Респондент №34 |
Респондент №35 |
Респондент №36 |
Респондент №37 |
Респондент №38 |
Респондент №39 |
Респондент №40 |
Респондент №41 |
Респондент №42 |
Респондент №43 |
Респондент №44 |
Респондент №45 |
Респондент №46 |
Респондент №47 |
Респондент №48 |
Респондент №49 |
Респондент №50 |
Sr |
0,2 |
0,5 |
0,5 |
0,3 |
0.3 |
0,5 |
0,5 |
0,6 |
0,6 |
0,3 |
0,3 |
0,3 |
0,3 |
0,3 |
0,3 |
0,4 |
0,4 |
0,6 |
0,6 |
0,3 |
0,3 |
0,5 |
0,5 |
0,3 |
0,5 |
Кесте 3 - Респонденттердің арасында суицидке бейімділік деңгейін анықтауға жүргізілген сауалнама нәтежиесі ( 26- 50 респондент)
|
Респондент №51 |
Респондент №52 |
Респондент №53 |
Респондент №54 |
Респондент №55 |
Респондент №56 |
Респондент №57 |
Респондент №58 |
Респондент №59 |
Респондент №60 |
Респондент №61 |
Респондент №62 |
Респондент №63 |
Респондент №64 |
Респондент №65 |
Респондент №66 |
Респондент №67 |
Респондент №68 |
Респондент №69 |
Респондент №70 |
Sr |
0,2 |
0,1 |
0,3 |
0,4 |
0.3 |
0,2 |
0,1 |
0,6 |
0,5 |
0,4 |
0,5 |
0,6 |
0,2 |
0,3 |
0,1 |
0,2 |
0,4 |
0,4 |
0,5 |
0,6 |
Кесте 3 - Респонденттердің арасында суицидке бейімділік деңгейін анықтауға жүргізілген сауалнама нәтежиесі ( 51- 70 респондент)
Сауалнама нәтежиесі бойынша респонденттердің 41,5% - ында суицидке бейімділік деңгейі орташа болса, 38,6% - орташадан төмен, 12,8% - орташадан жоғары, 5,7% - төмен, 1,4 % - жоғары деңгейді қамтыды.
Сурет 17 - Респонденттердің арасында суицидке бейімділік деңгейін анықтауға жүргізілген сауалнама нәтежиесі.
Қорытындылай келе сауалнама жүргізілген респонденттер арасын да суицидке бейімділік деңгейі орташа, балл бойынша 3 балл.
5. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІҢ АЛДЫН-АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР.
Әскери қызметкерлер арасындағы суицидтің алдын-алу мақсатындағы командирдің, штабтың, медициналық қызметкерлердің, тәрбие жұмысымен айналысушы бөлімінің қызметін негізгі үш бағытқа бөлуге болады.
Командирлер мен бастықтар, әдетте, жалпы алдын алу жұмыстарына белсенді қатысады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты әскери қызметкерлердің өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларын болдырмау және алдын алу.
Өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларына жол бермеу мақсатында жүргізілетін профилактикалық жұмыстар мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1. Күрделі өмірлік мәселелер мен қақтығыстарды қандай тәсілдермен шешуге болатынын талқылау қажет;
2. Шешімдер қабылдау кезінде әскери психологтардың қорытындылары мен ұсыныстарын ескеру қажет. Дағдарыстық жай-күйідегі адамдарды, сондай-ақ ауру белгілері бар адамдарды міндетті медициналық тексеруге жіберу керек;
3. Жауынгерлік және арнайы даярлықты жоспарлау кезінде жеке құрамның психикалық тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар кешенін, әскери қызметкерлердің психологиялық тренинг бойынша іс-шараларын, жауынгерлік және арнайы даярлық жаттығу барысында оларды психологиялық өзін - өзі және өзара көмек тәсілдерін оқыту көзделуі керек;
4. Жаңадан келген толық құрамға бастапқы әскери дайындықты жүргізу кезінде, медициналық қызмет және әскери психолог мамандардың ұсыныстарына сүйене отырып, кәсіби және дене шынықтыру дайындығының деңгейін, психологиялық қасиеттерін, әрбір әскери қызметшінің денсаулық жағдайын жан-жақты есепке алу керек;
5. Лауазымды тұлғалар қол астындағы психикасы тұрақсыз бұзылған, әскери мамандығын игеруден және дене дамуынан атта қалған, жағдайы төмен отбасылардан шыққан, спирттік ішімдіктерді (есірткі) тұтынуға бейім, сондай-ақ бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған әскери қызметкерлерге жеке № бақылауды орнатуы керек;
6. Қарулы Күштерінде, өз құзырет шегіндегі, оқу-материалдық базасы объектілерде, казармалық қорда қолданыстағы жалпы әскери жарғылармен және басқа да нормативті актілердің талаптарымен қатаң түрде сәйкестендіру;
7. 130-баптың гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының: суицид жасауға тырысқан, есірткі заттар қолданған тұлғаларды жауынгерлік кезекшілік атқаруға және қарауылдық қызметке жол бермеуге, талаптарын қатаң орындауды қамтамасыз етілуі керек.
8. Әскери қызметкерлерге туған-туысқандарымен байланысу үшін телефон және почта байланыстарымен қамтамасыз етілу керек.
9. Өзіңнің құқығың бойынша:
үнемі жағдайды бағынысты әскери ұжымдарда білу сұраныстары мен көңіл-күйін, жеке құрамның;
жақсарту, бос уақытты ұйымдастыру, қажетті жағдай жасау үшін дене шынықтыру және спортпен әскери қызметшінің мүдделерін ескере отырып. Жүйелі түрде кездесулер мен консультациялар мамандарымен психология, сексологии, наркология, экология, рухани және физикалық денсаулығы;
үнемі қол астындағы әскери ұжымдарда жағдайды бақылау, жеке құрамның сұраныстары мен көңіл-күйін білу;
бос уақытты ұйымдастыруды жақсарту, әскери қызметкерлердің қызығушылығын ескере отырып, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін қажетті жағдай жасау. Психология, сексологии, наркология, экология, рухани және физикалық денсаулық мамандарымен жүйелі түрде кездесулер мен консультациялар жүргізу;
Әскери ұжымдар қолданысындағы әскери қызметшілердің жиналыстарының, қоғамдық кеңестердің және комиссияның шешімдері мен ұсынымдарын уақтылы және толық іске асыруды қамтамасыз ету;
әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
қолда бар барлық құралдармен дөрекілік пен тәрбиесіздіктің жолын кесу, қызметкерлер арасында салауатты моральдық-психологиялық климат қалыптастыру;
әскери қызметшілердің рухани қолдау, мадақтау және қошеметтеу, тұлғааралық қақтығыстар шешіп беру;
қызметтік қатынастарда әлеуметтік әділдік қағидаттарын сақтауға, және әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу кезінде бос уақытты ұйымдастыру;
10. Қол астындағы әскери қызметшілердің суицидтік іс-әрекеттің алдын-алу ісінде маңызды түсінік болатын психикалық денсаулығын нығайту және сақтау бойынша жұмыстарын есептеу,;
11. Қол астындағы жеке құраммен жеке-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру және өткізу керек. Қол астындағылардың психикалық денсаулығын зерттеудің негізгі әдістерінің бірі олармен арнайы әдебиетте сипатталған тәртіп бойынша әңгімелесу өткізу.
12. Жеке құрамның моншада жуынуы кезінде және медициналық тексеру кезінде (тексеру) қажетті ізеттілікті сақтай отырып, дене құрылысының ерекшеліктері, әскери қызметшілердің сыртқы пішініне көңіл бөлу керек. Артық толықтығы немесе шамадан тыс арықтық, сондай-ақ ұсақ жеке кемшіліктер (үлкен мұрын, қисық аяқ, т. б.) қызметтестерінің тарапынан келеке-мазақ ету және уайым болуы мүмкін. Денедегі татуировка криминалдық ортада болғанын, өзіндік бекуге қарапайым ұмтылу, бағынбаушылық немесе шикіліктің белгіерін көрсетуі мүмкін. Денедегі кесілген іздер, тілімдер (көбінесе сол жақ бұғана) суицидных әрекеттердің ізі , ішкі қызымның "төгінділері" ("өзінің қанын көріп сабыр сақтау") немесе жартылай қылмыстық ортада жасөспірімдік кезде "тығыз достық салттары"іздері болуы мүмкін.
Білектегі, саусақ арасындағы, қолтық асты ойпаттарында, санда, әсіресе көктамырлардың бойында инъекция іздерінің болуы есірткі заттарды көктамырішілік пайдаланғанын көрсетеді. Есірткіні шамадан тыс пайдалануының белгісі тері жамылғыларының сарғаюы немесе бозғылттығы, беттің қызаруы, бозғылт бетте қызғылт ерін ("клоун маскасы"), кең немесе тар қарашық, қолдың дірілі, тершеңдік, сілекей ағу, тілде қоңыр дақ, анық емес жүріс болуы мүмкін. Зақымдану іздері (көгерген жерлер, жарақаттар ) әскери бөлімшеде әскери қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынастардың ережелерінің бұзу фактілері назар аударту керек;
13. Әскери қызметті өткеру кезеңінде бақылаудың алғашқы әңгімелесу барысында немесе қолда бар мәліметтер бойынша әскери қызметкердің қандай да бір психикалық ауытқуларға күдік болған жағдайда белгіленген тәртіппен әскери бөлімнің дәрігеріне жіберу керек, дәрігер жан-жақты тексеруден кейін диагноз қою, ем тағайындау және қажет болған жағдайда әскери қызметке жарамдылығы куәландыру тұрғысында психиатр-дәрігердің (психоневролога) кеңесін ұйымдастырады.
Өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларының алдын алуда, өзіне-өзі қол жұмсаудың әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық детерминанттарын әлсіреуіне және жоюға бағытталған ұйымдастырушылық және мазмұндық сипаттағы іс-шаралар кешенін құрайтын әскери қызметкерлердің суицидалды мінез-құлықтарының профилактикасы шешуші рөлді атқарады. Ол мыналарды қамтиды:
ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР
Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке әсер ететін факторлар арасында ең жоғарғы пайыздық мөлшерін психикалық дезадаптация, қамтып отыр. Психикалық дезадаптация - адамның тiршiлiк ету ортасына бейімделе алмауымен сипатталатын жағдай. Бұл жағдай әскери борыщын өтеуге келген кез - келген солдатта кездесуі мүмкін. Маңыздысы осы жағдайдың асқынуына жол бермеу, яғни жетекшілері тарапынан, әскери бөлім психологы тарапынан әскери қызметкерлермен жалпы ғана емес жеке қызмет атқарылуы керек.
Пайыздық көрсеткіші жоғары келесі фактор уставты емес қарым- қатынас. Әскери ұжымдарда командирлер мен бастықтардың қол астындағылармен қарым- қатынасы және іс- қимылдары өте маңызды болып келеді. Олар әскери бөлімде тәртіптің қатаңдығын сақтау және өз методикасының тиімділігін арттыру мақсатында жеке тұлғаға күшті травматикалық әсер ететін, қате шараларды қолданады. Бұл әрекеттердің алдын -алу және жою үшін тек борыщын өтеушілер ғана емес, олардың жетекшілері де психологиялық педогогикалық мақсатта психолог маманның көмегіне жүгінуі керек.
Жоғары көрсетілгендей суицидтің жағдайлардың алдын - алуда психолог маманның орыны ерекше. Сол себепте кез- келген әскери бөлімде психолог маман болып қана қоймай, әскери қызметкерлермен жүйелі түрде жұмыс жасауы керек. Бірақ қазіргі таңда әскери қызметкерлер арасында психолог маманның көмегіне жүгінушілер өте аз. Оның себебі қызметкерлердің дұрыс ақпараттанбауында. Яғни олар бұл мәселеге аса маңызды көңіл аудармайды. Олар психолог маман мен сенім телефонының бұл мәселеде қаншалықты маңызды екендігін білмейді. Бұл мәселенің негізгі шешімі - халықты дұрыс ақпараттандыру.
Қорытынды
Зерттеу нәтежиелеріне сүйене отырып әскери қызметкерлер арасындағы суицидке алып келетін факторлардың көп мөлшерін қамтитын келесі факторлар екені анықталды:
Бірінші, яғни 36%- ды қамтыған - психикалық дезадаптация. Бұл дегеніміз әскери борыщын өтеушілердің ортаға бейімделе алмауы. Демек, жетекшілер мен әскери бөлім психологы тарапынан тиісті жұмыстар толық жүргізілмейді. Бұл мәселені психолог маман борыщын өтеушілермен жеке жұмыс жасау арқылы шешуге болады.
Екінші суицидке алып келетін фактор - уставқа сәйкес емес қарым- қатынас. Бұл фактор жалпы көрсеткіштің 22%- ын қамтып отыр. Мұндай көрсеткіштің орын алуы тек борыщын өтеушілер қана емес жетекшілер мен командирлердің де психолог маман көмегіне жүгініп, психологиялық педогогикалық кеңес алуы керектігін білдіреді. Осындай қауіпті салдарға алып келетіндіктен, жетекшілер борыщын өтеушілермен жүргізетін методикаларын қайтадан қарастырылулары керек.
Бірақ қазіргі таңда әскери қызметкерлер маңыздылығын түсінбей немесе уақытының жоқтығына сүйеніп, психолог маман көмегіне жүгінбейді. Психолог маман егер борыщын өтеуші немесе жетекшілермен өз ерітерімен келмесе, күшпен жұмыс жасай алмайды. Демек, бұл мәселенің негізгі шешімі - қызметкерлерді дұрыс ақпараттандыру, өз өмірлеріне немқұрайлы қарауға жол бермеу.
Ғалымдардың пайымдауынша өз еркімен өмірлерімен қош айтысқандардардың тек әрбір оныншы адам өлуге анық ниеттелген адамдар,ал қалғандарында суицид – бұл көмек сұраған жан айқайы. Демек дер кезінде көмек көрсетілетін болса, бұл күрделі мәселенің алдын- алуға болады.
