Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломдық жұмыс Отызбаева Гүлжанат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
385 Кб
Скачать
☆

1.2. Суицид туралы жалпы түсініктер.

Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.

Қазіргі кезде Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағыты бар, ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысты. Суицидалды мінез-құлық – адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі келетін тұлғаның мінез-құлқының бір түрі деп есептеді.

Адамзат тарихында өзін-өзі өлтіру әрекеті әртүрлі бағаланады. Европа халқында өзін-өзі өлтіретін адамдар - вампирға айналады деген. Ал көне Грекия, Спарта, Афинада өзін-өзі өлтірген адамдардың мәйітін өртеп жіберген.

Орта ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда өзін- өзі өлтіруші адамдарды діни көзқарас бойынша – қылмыскерлер деп санаған.

Японияда тек 1986 жылы ғана 25524 жағдай тіркелген. Швейцарияда әскер қатарына шақырылған боз балаларды психологиялық тексеруден өткізген кезде олардың 2% өзін- өзі өлтіруге барған, ал 24%- де суицидальді ойлар айқын көрінгені мәлім болған.

Польшада соңғы 10 жыл ішінде 12-20 жас арасындағы суицидтен өлген балалар саны 4 есеге көтерілген, ал оның 21% қыздар алса, қалған 79% ұлдар құрайды.

Дюркгейімнің суицид теориясына байланысты адам бір проблемаға тірелген кезде немесе ол бейімделген орта немесе әлеуметтік топ одан бас тартқан кезде ол өзін- өзі өлтіруге барады деген. Әлеуметтік байланыстардың ерекшеліктерін ескере отырып ол келесі суицид түрлерін бөліп көрсетті: эгойсттік және альтруисттік. Психоанализдік зерттеулер барысында суицид ол жеке тұлғаның сексуалды бұзылысына байланысты деген тұжырымдарға келді.

Адам өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық та үлкен әсерін тигізеді. Бірақ кей біреулер ұрсысып өзін- өзі өлтіретін болса, енді біреулері түрмеде отырып бостандықты аңсайды. Сондықтан қоғамда өмір нашарлаған сайын суицидте көбейе түседі.

BBC News- тің хабарлауы бойынша өзіне-өзі қол жұмсау АҚШ әскери қызметкерлері арасында рекордтық деңгейге дейін өсті. 2008 жылы шамамен 128 суицид жағдайы тіркелген болатын. Оның 15 жағдайы әлі күнге дейін тексерілуде. Әскери қызметшілердің өздері суицид санының қарқынды өсуін түсіндірі алмай отыр. Бірақ, қолдарынан келгенін жасап жатқандарын хабарлайды.

Суицидтің шамамен 35 пайызын әскери операцияларға әлі қатыспаған сарбаздар жасаса, 30 пайызын ұрыс алаңына шыққандар, оның ішінде төрттен үш бөлігі тапсырмаға ең алғаш шыққандар жасайды. Тағы 35 пайызы демобилизациядан кейін өз өмірлерімен қош айтысқандар. Өзін-өзі өлтіру бейбіт тұрғындармен салыстырғанда әскери қызметкерлер арасында әлдеқайда жиі кездеседі.

Ең алғашқы өлім туралы нақты жұмыстар Ресей әскерінде 1863 жылы пайда болды.Бұл жағдай 1841-1862 жылдар аралығын қамтыды.Сол кезден бастар өз- өзіне қол салу кеңес ғалымдары мен зерттеушілерінің маңызды мәселелерінің біріне айналды.

ХХ ғасырдың 30-жылдарынан 1989 жылға дейін суицид туралы мәліметтер құпия сақталып келді, тек 90-жылдардан бастап баспаға шыға бастады.

1926 жылы Ресейде 100 мың адамға шаққанда суицид деңгейі 7,8 жағдайға тең болды.Революцияға дейін бұл сандар әлдеқайда аз еді.

1984-1985 жылдары КСРО-да суицидтің ең жоғары көрсеткіші – 30 жағдай 100 мың адамға шаққанда орын алды. Дәл осы жылдары орташа есеппен әскерде және флоттарда 100 мың адамға шаққанда 21 суицид жағдайы болды.

Аса маңызды көңіл аударатын, осындай негативті әлеуметтік жағдайлардың ҚР Қарулы күштерінің әскери бөлімшелерінде де кездесетіні. 2008 жылдың қорытындысы бойынша, елімізде әскери қызметкерлер арасында суицидтің 39 жағдайы тіркелген. 23 қазанда Ақтөбе облысында Қорғаныс министрлігінің №30238 әскери бөлімінде әскери қызметкер өз–өзіне қол салды. Оның не себепті мұндай әрекетке барғаны белгісіз болып қалды. Қарағандыда жедел қызметтің 22 жасар борыщын өтеушісі өз- өзіне қол салды. Шымкентте , Қорғаныс министрлігінің №10216 әскер бөлімшесінде 32 жасар кіші сержанты туысымен шиеленіс салдарынан өз өміріне қол салды.

Бұдан, әскерде борыщын өтеп жүрген әскери қызметкерлер арасындағы өз-өзіне қол салу тек уставты емес қарым-қатынас салдарыннан емес екендігін (т. ғ. к., "әлімжеттік"), оның себептері әлеуметтік-экономикалық және моральдық-психологиялық факторлар байланысты өте жүйелі сипатты қамтиды.

Қазақстанда өткен жылы 40-қа жуық әскери қызметші өз өмірлерімен қош айтысты. Олардың жартысы келісім-шарт бойынша жүргендер. Басшылардың ойынша әскери қызметкерлердің өзіне-өзі қол жұмсауының негізгі себептері жеке тұрғын үй болмауы және психологиялық қысым.

Әскери қызметкерлер арасында суицид алып келетін тағы қандай себептер бар екенін келесі тарауда талқылаймыз.

Өзін-өзі өлтіру — өзін өмірден қасақана айыру (суицид). Өзін-өзі өлтірудің себептері әр түрлі. Көп жағдайда өзін-өзі өлтіруге себеп болатын нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу. Криминалистикада өзін-өзі өлтіру әр түрлі негіздер бойынша сараналады:

  • Қорытынды өзін-өзі өлтіру (өзін-өзі өлтірер алдында өз әрекетеріне есеп

беретін, бірақ кінәсыз қиын жағдайдаға түскен, ойлану нәтижесінде болашақтың жоқтығына көзі жеткен адамдардың өзін-өзі өлтіруі, қаржының жоқтығы, жазылмайтын ауру және т.б.);

  • Ашық қарсыласу түріндегі өзін-өзі өлтіру (бақытсыз махаббат, ажырасу

т.б. себеп болатын жан күйзеліс әрекет);

  • Аяқ астынан өзін-өзі өлтіру (жаман хабар алғаннан кейін, отбасындағы не

жұмыстағы ойда жоқта пайда болған қиыншылықтан кейін өзін-өзі өлтіруге аяқ астынан бел буу);

  • Психикалық ауырған кезде өзін-өзі өлтіру.

БӘДСҰ (Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымы) берген мәлімет бойынша дүние жүзінде жыл бойы 500 мың адамдар өз өмірлерін қияды. Ең жоғарғы суицид көрсеткіші ол ФРГ, ГДР, Австралия, Швецария, Венгрия, Чехославакияда болса, ең төменгі көрсеткіш ол Болгарияда, Ирландияда және Үндістанда. АҚШ-та өзін-өзі өлтіру деңгейі 100 мың адамға орташа алғанда 25-29 адамнан келсе, КСРО-да шамамен 23-24 адамнан келеді.

Суицидальді мінез- құлықтың 5 типі бар:

1) Протест.

2) Жанашырлыққа шақыру.

3) Қайғыдан қашу.

4) Өзін-өзі жазалау.

5) Өмірден бас тарту.

Суицидалды мінез-құлық соматикалық, психикалық ауытқуы бар, тіпті сау адамдарда да кездеседі. Сондықтан өзін- өзі өлтіретін адамдардың барлығының психикасында ауытқуы бар деуге болмайды. Медициналық статистикаға байланысты адамдардың бір жартысын ақыл- ойы кеміс адамдар, бірін жүйке-жүйесі тозған адамдар, бірін мазасыз адамдар десе, енді бірін өз эмоцияларын басқара алмайтын адамдар құраса, қалған бөлігін ешқандай психикалық ауытқуы жоқ адамдар құрайды екен.

Суицидальді мінез-құлық көбінесе депрессия кезінде, алкогольдік токсикомания, психопатия және аффект кезінде жиі кездеседі. Өзін-өзі өлтіруге көбінесе индивидуалды проблемалар итермелейді. Қазіргі кезде жастар өздерінің өмірлерін бағалай алмайды. Егер бір проблеманы шеше алмай жатса, олар өз өмірлерін қиюға даяр болады, өйткені олардың ойларынша олар тек осылай ғана тыныштық, уайым-қайғысыз өмір және махаббат табатын сияқты.