- •1 Машина, көлік құралдары және құрылғыларын бағалаудың теориялық негізі
- •Бағалау мақсатында автокөлік құралдарын анықтау және жіктеу
- •– Кесте. Автомобильдің, оның базалық және негізгі детальдарының негізгі агрегаттарының тізімі
- •1.2 Автокөлік құралдары құнының түрлері, бағалау мақсаттары және қағидалары. Бағалау үрдісі
- •1.3 Машина, көлік құралдары және құрылғыларын бағалаудың құқықтық, ақпараттық қамтамасыз етілуі және методологиялық негіздері
- •Машина, көлік құралдары мен құрылғылардың физикалық тозуын анықтау тәсілдемелері
- •Көлік құралдарының индекстелген тозуын анықтау
- •Шығындық тәсілдің машина және құрал – жабдықтарды бағалауда қолданылатын әдістері
- •Mercedes-Benz 300 se 2.8 автокөлігін физикалық тозуын ескере отырып, тәуелсіз бағалау
- •Автокөліктің физикалық тозуын анықтау
- •Шарт сипаты
- •Тапсырыс берушінің құқығы мен міндеттері
- •Бағалаушының құқықтары мен міндеттері
- •Қосымша талаптар
- •Жұмыстың құны, есептеудің мерзімі және тәртібі
- •Қорытынды
Қорытынды
Дүниежүзілік тәжірибеде автокөлік құралдарын бағалау қызметінің қажеттігі – дәлелденген факт. Шетелде автокөлік құралдарын бағалауды бағалау қызметінің жеке тармағы ретінде қарастырады, автокөлік құралдарын бағалау мақсатына, техникалық жағдайына тәуелді сәйкес әдістеме қолданылады. Ал біздің автокөлік құралдарын бағалау үрдісінің ерекшелігі – қалыптасқан әдістердің жоқтығы. Мемлекеттегі жеке бағалау компаниялары шетел тәжірибесін қолданып, бағалау жұмыстарын жүргізеді, бірақ оның нәтижесінде анықталатын автокөлік құралының құны автокөлік нарығындағы ұқсас көлік түрі құнынан алшақ болып шығады.
Бағалау жұмыстарын жеңілдететін бірден-бір құрал бағалау кезінде қолданылатын әдістер болып табылады. Автокөлік құралдарын бағалаудың негізгі үш әдісі бар: шығындық әдіс, салыстырмалы әдіс, табыс әдісі.
Шығын әдісі – шет мемлекеттерде, әсіресе өзінің автомобиль өндірісі дамыған елдерде кеңінен қолданыс тапқан. Оның негізі - автомобильді өндіруге кеткен үлестік шығындарды есептеу, оның бағалау құнын анқтау. Біздің тәжірибеде бұл әдіс қолданылмайды, өйткені тікелей автомобиль өндіретін зауттар жоқ.
Әдетте шығындық әдісті жол-көліктік апттан кейін материялдық залалды және автомобильді эксплуатацтялауда оның конструкциясына өзгерістер енгіңзілумен байланысты құн түрлерін бағалауда қолданады және сәйкес калькуляцияны құру арқылы жүргізеді. Тәжірибеде автокөлі құралдарына келтірілген жол-көліктік оқиғадан кейін материялдық залалын бағалау жиі кездеседі, оның себебі соңғы жылдары Қазақстан территориясына кіргізілген шетел өндірісінің автомобильдері елдің автомобильдік кешенін толтырды.
Мұнда туындайтын негізгі мәселе – жол – көлік оқиғадан кейін автомобильдік техниканы жөндеу саласында жұмыс істейтін орталықтардың, яғни тәжірибелі автожөндеу базасының жоқтығы.
Автокөлік құралын мемлекеттік тіркеу жол қозғалысы туралы Конвенцияда бекітілген жүктемеге сәйкес жүргізіледі. Бағалаудың әр түрлі мақсатына арналған автокөлік құралына басқа да жүктемелер қолданылуы мүмкін, егер оның қолданылуы сәйкес нормативті-құқықтық актілерде көрсетілсе. Қазақстан Республикасының Кеден кодексімен бекітілген, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтетін тауарлардың жүктемесі кедендік органдармен сыртқы экономикалық қызметте тауар номенклатурасына сәйкес жүргізіледі.
Колі құралдарын және оның агрегаттарын толық жөндеуден өткізу оның жұмыс қабілеттілік жағдайын және ресурстарын толық қамтамасыз етуге арналған. Ол жөндеу обьектісінің толық бөлшектенуін, дефектацияны, қосалқы бөлшектерін қалпына келтіру немесе ауыстыру, жинау, реттеу, бақылауды ескеретін жеке әдістермен жүргізіледі. Автобустар мен жеңіл автомобильдер толық жөндеуден өткізуге, оның жанағын толық жөндеуден өткізу керек болған жағдайда, жіберіледі. Ал жүк автомобильдері рама, кабина және бір үйлесімдегі үштен артық агрегаттарын толық жөндеуден өткізу (ауыстыру) керек болған жағдайда бағытталады.
Салыстырмалы әдіс – автокөліктің тауар нарығындағы осы уақытта қалыптасқан автомобильдің құнын сату және сатып алу бағаларын өзара салыстыру арқылы анықтау әдісі. Бұл әдісті Қазақстанда қолданудағы негізгі мәселе – ақпараттық базаның нашар дамығандығы. Егер автомобиль құнын салыстырмалы әдіспен бағалағанда, автокөлік құралдарын бағалаумен айналысатын жеке компанияда автомобильдің маркасы, шығарылған жылы және орналасу орны бойынша жинақталған ақпарат болуы қажет.
Табыс әдісі көмегімен автокөлік құралдарын қолданғанда, болашақтағы табыстың жиынтығы ретінде, бағалау обьектісінің ағымдағы құны анықталады. Бұл әдіс біздің тәжірибеде сирек қолданылады.
Автокөлік құралдарын бағалау қызметі нарығының даму көптеген факторлардың әсерінен қалыптасады. Автокөлік құралдарын бағала бойынша жұмыстарды жүргізу немесе қызмет көрсету нарығын кеңейтуге жағымды әсер ететін факторларға мыналар жатады:
автокөлік құралының стандартты кнструктивті қиыстырылуы;
автокөлік құралдарын міндетті мемлекеттік тіркеу,бұл процесс оның құнын бағалау кезінде көлікті нақты теңестіру үшін қажет;
автокөлік құралдарын эксплуатациялау процесінде апаттылықтың жоғары деңгейі, яғни жол-көліктік апаттан пайда болған материалдық залалды бағалауда көп мөлшерде жұмысты қажет етеді;
автокөлік құралдарына салық салу ережелеріне байланысты құқықтық –нормативтік актілерді бекітуді қажет етеді.
Автокөлік құралдарын бағалауды жүргізуге кері әсер ететін факторларға:
бөлшектер деңгейінің конструктивті қиындылығы және бөлшекті унификацияның төмен деңгейі. Қазігі автокөліктің бір моделінің немесе маркасының қосалқы бөлшектерінің саны 10 мыңға жуық. Ал эксплуатацияда 30 мың әр түрлі маркалы және модельді автокөлік бар, олардың қосалқы бөлшектерінің жиынтық саны ─ жүздеген миллион, және олар өзара ауыстырылмайды. Осының барлығы жөндеу және материяалдық құнын бағалауда ақпараттық қамтамасыз етуде қиындықтар туғызады;
автокөлік құралын бағалауда оның эксплуатациялық сенімділігін ескерудің қажеттігі, ол оның құнын анықтайды. Бағалауда міндетті түрде сенімділіктің келесі құраушылары, тоқтаусыздық және шыдам мерзімі (ұзақ қызмет көрсетушілігі) ескеріледі;
автокөлік құралы жоғары қауіпті обьект болып табылады, сондықтан оның бағасы конструктивті қауіпсіздікжағдайын көрсету қажет, ал егер оның деңгейі төмен болса, автокөлік иесінің шығындары бағалау обьектісінің шығындары бағалау обьектісінің құнынан асып түсуі мүмкін.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Андрианов Ю.В. «Введение в оценку транспортных средств» Москва: Дело, 1999 г.
Андрианов Ю.В. «Как оценить и возместить ущерб от дорожно-транспортного проишествия» Москва: Дело, 2001 г.
Андрианов Ю.В. «Основные теоритические принципы и положения оценки транспортных средств» Москва: Дело, 2000 г.
Андрианов Ю.В. «Оценка автотранспортных средств» Москва: Дело, 2002 г.
Бирюков Б.М. «Дорожно-транспортные проишествия. Социальные и правовые аспекты». Москва: Дело, 1998г.
Букалов Д.И., Степанова В.В. Процессуальные и криманилистические вопросы назначения судебной товароведческой экспертизы: Учебное пособие. Саратов: ЮНИСТ, 1999г.
Букалов Д.И., Степанова В.В. Совершенствование организации судебно-товароведческой экспертизы // Теория и практика криминалистики и судебной экспертизы. Вып 2. Саратов: ЮНИСТ, 1998г.
ГОСТ 25478-91 «Автотранспортные средства. Требования к техническому состоянию по условиям безопасности движения. Методы проверки».
ГОСТ 9.032-74 «Покрытие лакокрасочные. Группы, технические требования и обозначения».
ГОСТ 9.402-80 «Покрытие лакокрасочные. Подготовка металлических поверхностей перед окрашиванием».
Закон Республики Казахстан «О внесении изменений в некоторые законодательные акты РК по вопросам учета, государственной регистрации и государственного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним».
Қазақстан Республикасының «Бағалау қызметі туралы Заңы» 30-қараша 2000 ж.
Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысының қауісіздігі туралы Заңы» 15-наурыз 2002ж.
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы Заңы».
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.
«Қазақша-орысша терминологиялық сөздік. Көлік және қатынас жолдары»Алматы: Рауан, 2000 ж.
Танбаев Ж.Д., Кузнецов О.Г. «Теория и практика оценки транспортных средств» Алматы: Аркаим, 2002 г.
Толмачева С.С., Пушкина И.С. «О пределах компетенции эксперта товароведа// Материалы Всесоюз. Конф. «Актуальные проблемы теории и практики новых видов судебных экспертиз». Москва: Финансы и статистика, 1997г.
