- •1 Машина, көлік құралдары және құрылғыларын бағалаудың теориялық негізі
- •Бағалау мақсатында автокөлік құралдарын анықтау және жіктеу
- •– Кесте. Автомобильдің, оның базалық және негізгі детальдарының негізгі агрегаттарының тізімі
- •1.2 Автокөлік құралдары құнының түрлері, бағалау мақсаттары және қағидалары. Бағалау үрдісі
- •1.3 Машина, көлік құралдары және құрылғыларын бағалаудың құқықтық, ақпараттық қамтамасыз етілуі және методологиялық негіздері
- •Машина, көлік құралдары мен құрылғылардың физикалық тозуын анықтау тәсілдемелері
- •Көлік құралдарының индекстелген тозуын анықтау
- •Шығындық тәсілдің машина және құрал – жабдықтарды бағалауда қолданылатын әдістері
- •Mercedes-Benz 300 se 2.8 автокөлігін физикалық тозуын ескере отырып, тәуелсіз бағалау
- •Автокөліктің физикалық тозуын анықтау
- •Шарт сипаты
- •Тапсырыс берушінің құқығы мен міндеттері
- •Бағалаушының құқықтары мен міндеттері
- •Қосымша талаптар
- •Жұмыстың құны, есептеудің мерзімі және тәртібі
- •Қорытынды
Бағалаушының құқықтары мен міндеттері
Бағалаушы төмендегі мәселелер бойынша құқылы:
Өз бетінше бағалау стандарты мен әдістеме негізінде автокөлік құралына қатысты құнын бағалаудың әдістерін қолдануға.
Тапсырыс берушіден автокөлік құралын міндетті бағалау жұмыстарын жүргізгенде, бағалауға қажетті құжатпен толық көлемде қамтамасыз етуін талап етуге.
Тапсырыс берушіден автокөлік құралын бағалауды жүзеге асыруға қажетті түсіндірме және қосымша ақпаратты алуға.
Автокөлік құралын бағалау жұмыстарына шарт негізінде басқа да бағалаушыларды немесе бағалау бойынша эксперттерді шақыруға.
Бағалаушының міндеттері:
Автокөлік құралына қатысты құнын бағалауды Қазақстан Республикасының заңының, бағалау стандарттарының талаптарына сәйкес, нормативті және әдістемелік құжаттар негізінде жүргізу.
Көлік құралын бағалау туралы есеп дайындау. Есепті дайындау кезінде бағалау нәтижелерін тәуелсіз, объективті және дәлелденетін болуын қамтамасыз ету.
Бағалау туралы есепте төмендегі ақпаратты беру:
Бағалау бойынша жұмыстарды жүргізуге берілген лицензия.
Қызмет істеп тұрған заңға сәйкес бағалау саласында маманданған білімін дәлелдейтін эксперттің құжаты.
Маманданған бағалаушылардың қоғамдық ұйымның немесе бағалаушылардың коммерциялық емес ұйымының мүшесі екендігін дәлелдейтін құжат.
Тапсырыс берушіге есептің шарт бойынша аванстық төлемді аударғаннан кейін, (көшірмесі) бір экземплярын 15 календарлық күннен кешіктірмей беру.
Тапсырыс берушіден алған құжаттардың сақталуын және бағалау бойынша жұмыс жүргізу барысында үшінші жақтың сақталуын қамтамасыз ету.
Бағалау туралы есептің көшірмесін 3 жыл сақтау.
Тапсырыс берушіге Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңының талаптары туралы ақпаратты ұсыну.
Тапсырыс берушіден автокөлік құралын бағалау жұмыстарын жүргізуде алынған конфиденциалды ақпаратты таратпау, егер өзге ҚР заңында көрсетілмесе.
Тапсырыс берушіге автокөлік құралын объективті бағалауға кедергі жасайтын себептер туындаса, бағалау жұмыстарына қатыса алмайтынын алдын ала хабарлау.
Қосымша талаптар
Көлік құралдарын қарау орны_______________________________
Автокөлік құралын бағалау бойынша жұмыстарды жүргізу барысында техникалық жағдаын инструментальды тексеру немесе (және) жүріп тұрған автокөлік құралынан (жол жүру жағдайында) функционалдық сипаттамаларын тексеруде, автокөлік құралының бұзылуына жауапкершілікті, осы автокөлікті жүргізуді жүзеге асыратын тұлға алады.
Тапсырыс беруші табылған кемшіліктерді ақысыз жоюға құқылы. Егер белгіленген мерзім ішінде кемшіліктер жойылмаса, немесе оларды көрсетілген мерзімде жою мүмкін емес болса. Тапсырыс беруші шарттан бас тартуды немесе бағалау жүргізу үшін ақыны төмендетуді талап ете алады.
Тапсырыс беруші көлік құралын бағалау боыйнша қызметті тұтынушы ретінде өзінің құқықтары бұзылған жағдайда, ол төмендегі ұйымдарға жолығуға алады:
лицензиялық органға;
тәуелсіз бағалаушылар ұймына;
сотқа.
Егер Тапсырыс беруші автокөлік құралын бағалау нәтижесімен келіспеген болса, онда ол Бағалаушыға жазбаша түрде хабарлап, бағалау туралы есепті қайтарып беруі қажет.
Бағалаушының автокөлік құралын бағалаудың нәтижелері туралы алдын ала немесе қандай да басқа мәліметтің заңми күші жоқ немесе Тапсырыс берушіге оған ресми түрде сүенуге құқық бермейді.
Тапсырыс берушіге көлік құралын бағалау бойынша есепті ұсыну және қорғауға қатысты сотта, нотариуста, мемлекеттік билік органдары мен басқармаларда, сонымен қатар басқа да ұйымдарда қызмет көрсетуді осы аталған шартқа қосымша келісім негізінде Бағалаушымен жүзеге асырылады.
Осы шарт бойынша таластар ҚР заңына сәйкес шешіледі.
