Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Серік Далмурадов машиналар мен жабдытарды физикалы тозуын анытайтын эксперттік дістер курсты жмыс.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89 Кб
Скачать
☆
  1. Жұмыстың құны, есептеудің мерзімі және тәртібі

5.1. Осы шарт бойынша жұмыстың жалпы құны ____________________

________________________________________________________теңге.

5.2.Тапсырыс беруші шартқа отырғаннан кеійн, ____________________

_________________ теңге көлемінде аванстық төлем аударады.

5.3. Егер бағалау туралы есепті тапсырыс беруші Бағалаушы ұсынған күннен, 10 күн ішінде қабылдамаса, 3.2.3.б. бекітілген аванстық төлем сомасы жүргізілген жұмыстар ақысы ретінде есептеледі.

  1. Екі жақтың жауапкершіліктері

    1. Бағалаушы ҚР заңына сәйкес жауапты.

    2. Осы шарттың 3.2.3.б. талаптарын орындамаған жағдайда Бағалаушы әрбір өткен күнге келісілген бағадан 0,5 % есебінде айыпқұл төлейді.

  1. Шарттың қызмет ету мерзімі, оны өзгерту шарттары және бас тарту

    1. Шартты өзгерту екі жақтың келісімімен жүргізіледі.

    2. Шартты бұзу Бағалаушының инициативасы боыйнша болуы мүмкін, егер автокөлік құралын объективті бағалауға кедергі жасайтын себептер туындап, ол бағалау жұмыстарына қатыса алмаса.

  1. Екі жақтың заңды және төлем реквизиттері

    1. Тапсырыс беруші.

    2. Бағалаушы.

ҚОСЫМШАЛАР:

Бағалаушы___________ Тапсырыс беруші ___________

.

    1. Автокөлік құралын бағалау туралы есеп

  1. Бағалау жүргізу үшін негіз: 10 желтоқсан 2011ж. Тапсырыс берушімен – Астана бойынша Көлікті бақылау басқармасының автокөлік құралын бағалау туралы шарт.

  2. Бағалауды жүргізу мақсаттары мен міндеттері: сату мақсатында автокөлік құралының физикалық тозуын анықтап, нарықтық құнын бағалау.

  3. Бағалау объектісі – автокөлік құралы. Типі – жеңіл автомобиль.

Маркасы, моделі - Mercedes-Benz 300 SE 2.8

Категориясы (АВСД, тіркеме) – В Тіркеу сан-реті - Z 089 МТМ

Идентификациялық сан-реті (VIN): В ТО 3002503

Қозғалтқыш: моделі – 104 № 123

Шасси (рама) № - Шанақ (коляска) № - 000100

Түсі: сұр Шығарылған жылы: 1997

Көлік құралының төл-құжаты: сериясы 77 АА № 1234567

Ерекше белгілері: автомобиль Германиядан Қазақстан Республикасына кіргізіліп, МАИ-де тіркелді және 2000ж. қараша айында Хасенов Бауыржанға

4.Автокөлік құралының меншік иесі: Хасенов Бауыржан

Меншік иесінің мекен-жайы: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 111/21.

5. Бағалау жүргізу мерзімі: 10 – желтоқсан 2011ж.

6. Бағалау орны: Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті.

7. Автокөлік құралының баланстық құны: 600 мың теңге.

8. Бағалауды жүргізу барысында келесі құжаттар қолданылады:

8.1. Көлік құралын бағалау стандарттары.

8.2. Әдістемелік және нормативті – техникалық құжаттар: Көлік құралының қалдық құнын техникалық жағдайын ескере отрырып, бағалау әдістемесі.

8.3. Ақпаратпен қамтамасыз ету: Super Schwacke (Eurotax) анықтағышы, «Калькуляция» анықтағышы.

9. Эксплуатация басынан жүрісті есептеу:

Эксплуатациялау басынан бағалау мерзімінде автокөлік құралдарының нақты жүрісі Lн спидометр бойынша анықталады. Ал егер спидометрлік бұзылған немесе оның нақты жағдайы нормативті құжаттар талабына сәйкес келмесе, эксплуатациялау басынан нақты жүрісі есептік жолмен анықталады.

Эксплуатациялау басынан шетел өндірісінің жеңіл автомобильдерінің жүрісін есептеу 2-қосымша кестесінің мәліметтеріне сүйеніп, жүзеге асырылады.

m n

Lн ═∑Li шет + ∑ Li ҚР (20)

i=1 i=m+1

Автомобиль алғашқы 3 жылында Германияда эксплуатацияланған, кейінгі 3 жыл – Қазақстан Республикасында. Super Schwacke (Eurotax) анықтағышына сәйкес Mercedes-Benz 300 SE 2.8 автомобилі 5.4. категориясына жатады. Көлік құралының қалдық құнын техникалық жағдайын ескере отрырып, бағалау әдістемесі төмендегідей:

Lн ═(25.35+22.5+21.01) + (14+14+13) = 109.9 мың км.

Эксплуатация басынан нақты жүрісі (есептік жолмен анықталды):

109,9 мың км.

10. Автокөлік құралының қалдық құнын есептеу.

10.1. Жұмысқа қабілетті, қайта жинақталған (разукомплектованный), агрегаттарын ауыстыру және қайта жабдықтау жүргізілмеген, сонымен қатар ақаулығы мен эксплуатациялық дефектілері жоқ автокөлік құралының қалдық құнын Сқалд есептеу.

Сқалд есептеу нарықтық әдіспен жүргізіледі. Газеттер, журналдар мен ұсталған шетел жеңіл автомобильдерінің құны туралы ақпарат бар басқа да басылымдар мәліметтері бойынша 6 жыл жасы мен эксплуатация басынан жүрісі орта есеппен 110 мың км. Mercedes-Benz 300 SE 2.8 модельді жеңіл автомобильдің Астана қаласының көлік құралы нарығындағы бағалары:

1 – 17 мың долл. 5 – 16,5 мың долл.

2 – 16,5 мың долл. 6 – 18 мың долл.

3 – 20 мың долл. 7 – 18,2 мың долл.

4 – 17 мың долл. 8 – 17,5 мың долл.

Сқалд = (С1+С2+С3+...+Сz)/Z (21)

Есептік мәні Сқалд = 17 587,5 долл.

2011 жылдың 10 желтоқсан күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бекітілген, АҚШ долларының бағамы: 1долл. – 147,9 теңге.

Есептік мәні Сқалд = 2 606 467 теңге.

10.2. Бағалау мерзімінде автокөлік құралының табиғи тозуын Ин есептеу.

Автокөлік құралының эксплуатациялау басынан жасы мен жүрісін ескеріп, табиғи тозуды төмендегі формуламен есептейді:

Ин = 100 (1-е-) (22)

мұндағы:  - эксплуатациялау басынан автокөлік құралының жасы мен

нақты жүрісіне тәуелді функция.

Көлік құралдарының түрлеріне байланысты  функциясының түрі 2.1-кестесіне сәйкес анықталады.

Европалық өндірісінің жеңіл автомобиль үшін  мәнән есептеу методикасы:

 = 0,05 Тн+0,0025 Lн = 0,05 * 6 + 0,0025 * 109,9 = 0,30 + 0,275 = 0,575.

 = 0,575. болса, табиғи тозу Ит = 43,7 % (3-қосымша).

10.3. Базалық жинақталған агрегаттардың (тораптардың, жүйелердің, жабдықтың) ұқсас агрегаттардың ауыстырылуын ескерейтін қалдық құнның құраушысын есептеу.

10.3.1. Бағалау мерзімінде ұқсас тораптар мен элементтерді ауыстыру кезінде орнатылған шиналар, аккумуляторлар мен глушительдің табиғи тозуын бағалауды есептеу. Шиналардың зақымдар мен дефектілер жоқ болса, шиналардың табиғи тозуы келесі формуламен есептеледі:

Нж - Нн

Иш = ---------------- * 100 % + ΔИш.эу (23)

Нж - Нмүм

Жол жүру қауіпсіздігінің ережелеріне сәйкес шина протекторы суреттің минималды мүмкін биіктігі мынаған тең: жеңіл автомобильдер -1,6мм; жүк автомобильдері-1мм; автобустар-2мм; мотоциклдер және мопедтер-0,8мм.

Ишэу = 7 * Тш – 9, егер Тш ≤ 5 жыл (24)

мұндағы: Тш – шинаның эксплуатациялау мерзімі, жылдар.

Автомобильге орнатылған шиналардың табиғи тозу:

12 - 8

И1 = ------------ * 100 % + (7 * 3 – 9) = 47,1 %.

12 – 1,6

Қосалқы дөңгелек шинасының табиғи тозуы:

12 - 12

И2 = ------------ * 100 % + (7 * 3 – 9) = 12 %.

12 – 1,6

Аккумуляторлық батареяның табиғи тозуы төмендегі формуламен анықталады:

Так

И3 = ------------ * 100 % , (25)

Так.н

мұндағы: Так – бағалау мерзімінде аккумуляторлық батареяның нақты

эксплуатациялау мерзімі, жылдар;

Так.н – ауыстыруға (жарамсыз деп табуға) дейінгі аккумуляторлық

батареяның нормативті қыззмет көрсету мерзімі, жылдар.

Аккумуляторлық батареяның табиғи тозуы:

2

И3 = ----- * 100 % = 50 %.

4

Бағалау мерзімінде техникалық жағдайын ескеріп, көлік құралының қалдық құнын бағалау әдістемесі бойынша глушительдің табиғи тозуын есептеу. 2.1.-кестеге сәйкес европалық өндірісінің жеңіл автомобиль үшін  мәнән есептеу:

 = 0,05 * 3 + 0,0025 * 41 = 0,15 + 0,103 = 0,253.

 = 0,575. болса, глушительдің табиғи тозуы И4 = 22,4 % (3-қосымша).

10.3.2. Жаңа түрінде құн мағынасы мен базалық жинақталған, орнатылған ұқсас тораптардың (элементтер) табиғи тозуы 2.2.-кестеде келтірілген:

3 – кесте Автокөлік құрылғыларының тозуы

№

Ұқсас тораптардың орнына орнатылған базалық жинақтаудың тораптары (элементтері)

Жаңа түріндегі құны Ci, мың теңге

Табиғи тозу Иi, %

1

Автомобильге орнатылған шиналар

67,2 (16,8*4)

47,1

2

Қосалқы дөңгелектегі шина

16,8

12

3

Аккумулятор

5,28

50

4

Глушитель (негізгі және қосымша)

51,84

22,4

Базалық жинақталған агрегаттардың (тораптардың, жүйелердің, жабдықтың) ұқсас агрегаттармен ауыстырылуын ескеретін қалдық құнның құраушысының есептік мәні:

43,7 – 47,1 43,7 – 12 43,7 – 22,4

67,2 * ---------------- + 16,8 * -------------- + 51,84 * ---------------- =

100 100 100

= -2,285 + 5,326 + 11,042 = 14,083 мың теңге.

10.4. Автокөлік құралының жинақталуын ескеретін (қайта жабдықтаудағы ауыстыруды қоспағанда) құраушысын есептеу 2.3.-кестеде сәйкес жүргізіледі.

Автокөлік құралының жинақталуын ескеретін (қайта жабдықтаудағы ауыстыруды қоспағанда) құраушысын есептеу.

2,88 * (1- 43,7/100) + 0,96 + 9,6 * (1-43,7/100) + 0,96 + 67,2 * (1-43,7/100) +

+ 8,64 = 55,420 мың теңге.

    1. Бағалау мерзімінде автокөлік құралының моральдық тозуын есептеу.

Жалпы жағдайда автокөлік құралдарының моральдық тозуы келесі формуламен есептеледі:

p

Им = ∑ Имр, (26)

j=1

Автокөлік құралдарын бағалау мерзімінде, оны өндіруді тоқтатуын ескеретін, бірінші фактор төмендегі формуламен есептеледі:

Им1 = 2Ттоқ, егер Ттоқ ≤ 10 жыл (27)

Автокөлік құралдарының өндірісінің тоқтатылғаны туралы мәлімет 5-қосымшада берілген.

Автокөлік құралдарының қосалқы бөлшектерінің өндірісінің тоқтатылғанын ескеретін, моральдық тозу факторының мәні Им2 20%-ға тең.

Автокөлік құралының бұрын жол-көліктік оқиғаға түсуін (бағалау мерзіміне дейін) ескеретін, моральдық тозу факторының мәні Им3 5%-ға тең.

Автокөлік құралының меншік иелерінің санын ескеретін, моральдық тозу факторының мәні (егер 4-адамнан кем болса) 0%-ға, басқа жағдайда 20%-ға тең.

Техникалық жағдайын ескере отырып, көлік құралының қалдық құнын есептеу Әдістемесінің мәліметтері бойынша Mercedes-Benz 300 SE 2.8 жеңіл автомобилін өндіру 2000 жылы тоқтатылды. Бағалау мерзімінде автомобильді өндірістен алып тастаудан 10 жыл өтпеген болса, бағалау мерзімінде автомобильді өндірістен алып тастауын ескеретін, моральдық тозудың бірінші факторын келесі формуламен есептейді:

Им1 = 2 * Ттоқ = 2 * 4 = 8 %.

Көлік құралының автобөлшектерін өндіруді тоқтатуды ескеретін моральдық тозу факторы Им2 = 0 %, өйткені “Калькуляция” анықтағышының мәліметтеріне сәйкес Mercedes-Benz 300 SE 2.8 жеңіл автомобилінің автобөлшектерін өндіру тоқтатылмаған. Аталған автобөлшектерді Алматының автобөлшектер нарығында немесе Мәскеу қаласына тапсырыс беру арқылы сатып алуға болады. Бұрын автокөлік құралының жол-көліктік оқиғаларға түсуін ескеретін моральдық тозу факторы (тапсырыс берушінің өтінішінде көрсетіледі), Им3 = 5 %. Меншік иесінің санын ескеретін моральдық тозу факторы Им4 = 0 %, өйткені бағаланып жатқан автомобильдің меншік иелерінің саны 1.

Бағалау мерзімінде автокөлік құралының моральдық тозуын есептеу.

Им = 13 %.

    1. Бағалау мерзімінде қосымша жабдықты орнату арқылы, бірақ базалық жинақтаудың агрегаттарын ауыстырусыз автокөлік құралын қайта жабдықтауды ескеретін құраушыны есептеу 2.4.-кестеде сәйкес жүргізіледі:

Бағалау мерзімінде қосымша жабдықты орнату арқылы, бірақ базалық жинақтаудың агрегаттарын ауыстырусыз автокөлік құралын қайта жабдықтауды ескеретін құраушыны есептеу:

86,4 * (1-30/100) + 46,08 * (1-30/100) = 60,48 + 32,26 = 92,736 мың теңге.

    1. Бағалау мерзімінде істен шығу, ақаулылық пен эксплуатацияляқ дефектілерін жою Сэд құнын есептеу.

  1. – кесте. Жөндеу жұмыстарының уақыты мен бағасы

№

Жөндеу бойынша жұмыстар

Атауы

Еңбек сиымдылығы, нормо-сағ

Бір нормо-сағаттың құны, теңге

Жұмыстар құны, теңге

 

Капоттың бояуы

2,б

4800

12480

2

Есік бекітпелерін дәлдеу

0,3

4800

1440

3

Тежуіш шлангілерді ауыстыру

1,5

4800

7200

4

Фараларды ауыстыру

0,7

4800

3360

Жөндеу бойынша жұмыстардың құны 24480 теңгеге тең.

Қосалқы бөлшектерінің құны 5-кестеге сәйкес есептеледі.

  1. – кесте. Қосалқы бөлшектер

№

Қосалқы бөлшектер

Атауы

Саны, бірлік

Бірлік құны, теңге

Құны, теңге

1

Фара

1

18240

18240

2

Тежеуіш шлангілер

4

1920

7680

Қосалқы бөлшектерінің құны 25920 теңге.

  1. – кесте. Материалдар құны

№

Материалдар

Атауы

Құны, теңге

1

Тежеуіш сұйықтығы

1248

2

Бояу материалдары

19200

Материалдардың құны 20448 теңге.

Автокөлік құралының істен шығуы, ақаулылық пен эксплуатациялық дефектілерінің жою құны 50400 теңге.

Автокөлік құралының істен шығуы, ақаулылық пен эксплуатациялық дефектілерінің жою құнын есептеу нәтижелері автокөлік құралы, автокөлік құралдарына қосалқы бөлшектерінің, жөндеу материалдарының тауар нарығы ақпараттарынан алынған, сонымен қатар Алматының қосалқы бөлшектер нарығында немесе Мәскеу қаласына тапсырыс беру арқылы сатып алулар.

    1. Утилизациялық құны анықталмаған, өйткені бағалау мерзімінде автокөлік құралының табиғи тозуы 80 %-дан әлдеқайда төмен.

    1. Бағалау мерзімінде нарықтық құны:

С=(Сқалд+Сауыс-Сқ.жин)*(1-Им/100)+Сқ.жабд-Сэд (1.1)

С = (2 606 467 + 14083 – 55 420) * (1 – 13/100) + 92 736 – 50 400 =

=2 274 000 теңге.

Бағаланып жатқан автокөлік құралының нарықтық құны 2 274 000 (екі миллион екі жүз жетпіс төрт мың) теңге.

Бағалау бойынша эксперт Далмурадов Серік Мұхтарұлы

13 ақпан 2017 жыл.

10.12.2011ж. бағалау

туралы есепке

1 – қосымша

«Астана облысы бойынша Көлікті бақылау басқармасы»

Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 131 үй, т. 24-05-51

АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТЕКСЕРУ АКТІ

Тексеру мерзімі: 10 – желтоқсан 2011ж. Тексеру уақыты: 10:30

Тексеру орны: Қазақ Агротехникалық университеті », мекен-жайы- Астана қаласы, Әлия Молдагулова көшесі .

Автокөлік құралының параметрлері: Типі – жеңіл автомобиль.

Маркасы, моделі - Mercedes-Benz 300 SE 2.8

Категориясы (АВСД, тіркеме) – В Тіркеу сан-реті - Z 089 МТМ

Идентификациялық сан-реті (VIN): В ТО 3002503

Қозғалтқыш: моделі – 104 № 123

Шасси (рама) № - Шанақ (коляска) № - 000100

Түсі: сұр Шығарылған жылы: 1997

Көлік құралының төл-құжаты: сериясы 77 АА № 1234567

Автокөлік құралының меншік иесі: Хасенов Бауыржан

Тапсырыс берушінің өтінішінде автомобиль 2002 жылы жол-көліктік оқиғаға түскені туралы мәліметтер берілген.

ТЕКСЕРУ КЕЗІНДЕ БЕКІТІЛДІ:

    1. Қозғалтқыш пен жанақтың идентификациялық нөмірлері, тіркеу белгісі, түсі тіркеу құжаттарындағы мәліметтерге сәйкес.

    2. Спидометр көрсетуі: 56 мың км. Тапсырыс берушінің өтініші бойынша спидометр бұрын жөнделген және оның көрсетуі нақты жүрісіне сәйкес келмейді.

    3. Базалық жинақтаудың агрегаттары ауыстырылған.

    1. Автомобильге орнатылған шиналар (4 бірлік): типоөлшемі –

225/60 R16; өндіру мерзімі – 1999 ж.; протектор суретінің биіктігі – 12 мм. Эксплуатациялық дефектілері мен зақымы жоқ.

    1. Қосалқы дөңгелегінің шинасы: типоөлшемі - 225/60 R16; өндіру мерзімі – 1999 ж.; протектор суретінің биіктігі – 12 мм. Эксплуатациялық дефектілері мен зақымы жоқ.

    2. Аккумулятор: маркасы – VARTA 562 21/19, өндіру мерзімі (ауыстыру) – қаңтар 2001 ж.

    3. Глушитель, ауыстыру мерзімі – 2000 ж.

  1. Базалық жинақтаудың келесі агрегаттары (элементтері) жоқ: фирмалық эмблема, әйнектазартқыш щеткасы, артқы бампер.

  2. Базалық агрегаттарды ауыстырып, қайта жабдықтау жүргізілмеген.

  3. Қосымша орнатылған жабдық (орнату мерзімі көрсетілген): автотелефон (антенна мен орнату жабдығын қосқанда) – 2000 ж.; жүксалғыштағы мини-тоңазытқыш – 2000 ж.

  4. Эксплуатациялық дефектілер:

Капотындағы бояу өшкен (өшкен бояу ауданы – орта есеппен 100 см.кв.) – капотты толық бояу керек;

сол жақтағы алдыңғы есіктің бекітпелерін дәлдеу керек;

оң жақтағы алдыңғы фара әйнегі сынған – фараны ауыстыру керек.

  1. Техникалық күйанықтау (диагностирование) құралдарын қолданып, техникалық жағдайын тексеру нәтижелері: тежеуіш шлангыларды ауыстыру керек.

  2. Автокөлік құралының, агрегаттардың, жүйелер мен аспатардың жұмыс қабілеттілігін тексеру нәтижелері: жұмысқа қабілетті жағдайда.

Бағалау бойынша эксперт қорытындысы

Автомобиль жұмысқа қабілетті жағдайда, жол жүру қауіпсіздігі мен эксплуатациялық дефектілермен байланысты ақаулылықты жою керек.