- •1 Машина, көлік құралдары және құрылғыларын бағалаудың теориялық негізі
- •Бағалау мақсатында автокөлік құралдарын анықтау және жіктеу
- •– Кесте. Автомобильдің, оның базалық және негізгі детальдарының негізгі агрегаттарының тізімі
- •1.2 Автокөлік құралдары құнының түрлері, бағалау мақсаттары және қағидалары. Бағалау үрдісі
- •1.3 Машина, көлік құралдары және құрылғыларын бағалаудың құқықтық, ақпараттық қамтамасыз етілуі және методологиялық негіздері
- •Машина, көлік құралдары мен құрылғылардың физикалық тозуын анықтау тәсілдемелері
- •Көлік құралдарының индекстелген тозуын анықтау
- •Шығындық тәсілдің машина және құрал – жабдықтарды бағалауда қолданылатын әдістері
- •Mercedes-Benz 300 se 2.8 автокөлігін физикалық тозуын ескере отырып, тәуелсіз бағалау
- •Автокөліктің физикалық тозуын анықтау
- •Шарт сипаты
- •Тапсырыс берушінің құқығы мен міндеттері
- •Бағалаушының құқықтары мен міндеттері
- •Қосымша талаптар
- •Жұмыстың құны, есептеудің мерзімі және тәртібі
- •Қорытынды
– Кесте. Автомобильдің, оның базалық және негізгі детальдарының негізгі агрегаттарының тізімі
Р/с |
Агрегаттары |
Базалық бөлшектер |
Негізгі бөлшектер |
1. |
Жинақталған тіркеу картері бар қозғалтқыш. |
Цилиндрлер блогы |
Цилиндрлер бастиегі, буынды білік, маховик, қайта бөлетін вал, тіркеу картері
|
2. |
Беріліс қарабы |
Беріліс қарабы картеры |
Картердің жоғарғы қақпағы, беріліс қарабының ұзартқышы, бірінші, екінші және аралық білік |
3. |
Гидромиханикалық беріліс |
Механикалық редуктордың картері |
Қос фрикционның корпусы, бірінші, екінші және аралық біліктер, турбиндық және сорғыш дөңгелектер. |
4. |
Кардандық беріліс |
Кардандық біліктің құбыры (құбырлары). |
Фланец-вилка, сырғанау вилкасы |
5. |
Артқы белдік (задний мост) |
Артқы белдік картері |
Жарты ось қаптамасы, редуктор картеры, мойынтірек стаканы, дифференциал чашкалары, дөңгелік күпшегі, тежеуіш барабаны немесе диск, дөңгелек редукторының жетектегіші |
6. |
Алдыңғы ось (передняя ось) |
Алдыңғы ось арқалығы немесе тәуелсіз аспаның көлденең жақтауы |
Бұрылыс цапфа, дөңгелік күпшегі, шкворень, тежеуіш барабан немесе диск. |
7. |
Рульдік басқару (управление) |
Рульдік механизм картері, гидрокүшейткіш золотнигінің картері |
Ілмек білігі, червяк, рейкапіспек, шарикті гайканың бұрамасы, гидрокүшейткіш сорғышы корпусының қақпағы |
8. |
Жук автомобильінің кабинасы және жеңіл автомобильдің жанағы |
Кабина немесе жанақ каркасы |
Есік, қанат, радиатора облицовкасы, капот, багажник қақпағы |
9. |
Автобус жанағы |
Қаңқа негізі |
Еден қаптамасы, шпангаут |
10. |
Жук автомобилінің платформасы |
Платформа негізі (Основание платформы) |
Көлденең жақтаулар, арқалықтар |
11. |
Рама |
Лонжерондар |
Көлденең жақтаулар, кронштейндар, серіппегіш |
12. |
Автомобиль платформасының көтергіші құрылғысы |
Гидравликалық көтергіштің корпусы, қуаттылықты таңдау қорабының картеры |
Қуаттылықты таңдау қорабы сорғышының корпусы |
1.2 Автокөлік құралдары құнының түрлері, бағалау мақсаттары және қағидалары. Бағалау үрдісі
ҚР «Бағалау қызметі туралы» Заңына сәйкес бағалау мақсаты үшін құнның негізгі түрі нарықтық құн болып табылады. Автокөлік құралдарын бағалауда, бағалау қызметі туралы заң талаптарына жауап беретін құнның негізгі түрлерінің аты мен анықтамалары төменде көрсетілген:
Автокөлік құралының нарықтық құны – автокөлік құралының бәсеке жағдайында ашық нарықта өткізілуі мүмкін ықтимал баға, мұнда мәміле жақтары ойланып, шешім қабылдайды, барлық қажетті ақпарат ашық болады, ал мәміле бағасының көлеміне қандай да кенеттен болатын жағдайлар әсер етпейді.
Шектеулі нарықтағы автокөлік құралының құны – автокөлік құралының ашық нарықта сатылуы мумкін емес немесе қосымша шығынды талап ететін құны. Ол конструктивті немесе экалогиялық қауіпсіздік, арнайы функционалды бағыттағы және т.б. критерийлер бойынша қабылданған заңдарға сәйкес автокөлік құралдарын эксплутатциялау шектелген немесе мүмкін болмайтын кезде бағалау процесінде қолданылады.
Автокөлік құралының белгілі бір жағдайда және оны қолдану мақсатына байланысты құны – автокөлік құралының белгілі бір жағдайға және оны қолдану мақсатына байланысты анықталатын құны. Жаппай эксплуатацияланатын автокөлік құралдарынан елеулі айырмашылығы бар, пайдалану шарттары мен мақсаттары ерекше автокөлік құралдарын бағалауға арналған. Негізінен раритеттік автокөлік құралдарын бағалауға қолданады.
Автокөлік құралының бағалау құны – есептік (анықталатын) көрсеткіш. Автокөлік құралын бағалауда әр түрлі кезеңдердегі құнның түрлері анықталады:
автокөлік құралын өндіріске дайындап, игеру – жобалық (потенциалды, инвестициялық) құн;
автокөлік құралын эксплуатациялау – бастапқы (толық бірінші) құны, бастапқы баланстық құны, қалпына келтіру құны, баланстық құны, қайта өңдеу
құны, ауыстыру құны, қалдық құны, нарықтық құны, кедендік құны, сақтандыру құны, жөндеу бойынша құны (қалпына келтіру бойынша), жойылу құны;
эксплуатациядан шығып қалу – утилизациялық құн.
Жобалық (потенциалды, инвестициялық) құн – автокөлік құралдарының болжамды нарықтық құны, ол бизнес-жоспарды игеру, инвестициялық және өндірістік жобаны қабылдауда, автокөлік құралын шығару бойынша жаңа өндірістік қуаттылықты ойлап табудың технико-экономикалық құжаттарында көрсетіледі.
Бастапқы (толық бірінші) құн – автокөлік құралдарын кәсіпорынға қабылдау құны, яғни ол автокөлік құралының сатып алу мерзіміндегі нақты шығындардың жиынтығымен анықталады[7].
Бастапқы баланстық құн – кәсіпорын балансына тіркегендегі автокөлік құралының бастапқы құны, ол есептік бухгалтерлік құжаттарда көрсетіледі.Эксплуатациядағы автокөлік құралының негізгі қорды келесі қайта бағалау мерзімі немесе оны қайта жабдықтауды ресми тіркеу мерзімі келгенге дейін, бастапқы құны ескеріледі.
Қалпына келтіру құны – алдын ала сатып алынған автокөлік құралының қазіргі жағдайда бағалар мен тарифтердің өзгеруін ескергендегі, қайта өндіру құны немесе ауыстыру құны. Негізгі қорды қайта бағалағанда, толық қалпына келтіру құны анықталады, яғни алдын ала өндірілген автокөлік құралының қайта бағалау уақытына бағалар деңгейін (тозуды қоспағанда) ескергендегі бастапқы құны. Жалпы жағдайда негізгі қордың толық қалпына келтіру құны шығындардың толық құнын анықтайды, бұл шығындарды оны иемденетін ұым өтейді, оған автокөлікті ұқсас жаңа, нарықтық бағалары және тарифтері бойынша объектіге ауыстырудың мүмкін шығындары, тасымалдау, объектіні орнату (монтажы), шетел объектілері үшін кедендік төлемдер және т.б. кіреді.
Баланстық құн – бухгалтерлік есепте көрсетілген автокөлік құралының құны, ол не бастапқы баланстық құнға, не автокөлік құралының қалпына келтіру құнына тең.
Қайта өңдеу құны – автокөлік құралының бүгінгі күнгі сатылып жатқан немесе өндіріліп жатқан нақты көшірмесінің құны.
Ауыстыру құны – ұқсас функционалды және конструктивті сипаттамалары бар, бағаланып жатқан автокөлік құралы аналогының құны.
Қалдық құн – бастапқы баланстық құннан немесе толық қалпына келтіру құнынан қалдық құнын анықтау мерзіміндегі жинақталған тозу сомасын алып тастағанға тең.
Жойылу құны – автокөлік құралының ұқсас автокөлік құралдары тұрақты қызмет көрсету уақыты аяқталғандағы, аталған автокөлікті пайдаланудан шығарып тастау қажет болғандағы құны.
Утилизациялық құн – автокөлік құралының оның агрегаттарының, тораптарының, бөлшектер жүйесі мен эксплуатациялық материалдарының, оған олардың утилизациялау шығындары қосылады, нарықтық құнына тең құн.
Кедендік құн – автокөлік құралдарын шығарған мемлекеттегі нарықтық құны, оған кіргізілген кедендік территорияға дейін әкелу шығындары (тасымалдау құны, тиеу шығындары, түсіру, қайта тиеу, сақтандыру сомасы), сонымен қатар сатып алушының комиссиондық және брокерлік сыйақыларға кеткен шығындар кіреді, оған тек автокөлік құралын сатып алуға байланысты комиссиондық сыйақыларкірмейді. Автокөлік құралдарының кедендік құнын бағалау кедендік төлемдер мен айыпқұлдарды, сонымен қатар көлемі автокөлік құралдарының кедендік құнына байланысты болатын басқа да төлемдерді есептеу үшін жүргізіледі[18].
Сақтандыру құны – автокөлік құралының сақтандыру шартына отыру уақытындағы нарықтық құны. Шарттың осы түрінің негізгі талабы болып табылады.
Автокөлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу құны – автокөлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу құны, оған еңбек және материалдық шығындар, құжаттық шығындар, салықтар және басқа да міндетті төлемдер, сонымен қатар табыс.
Автокөлік құралының конструктивті элементтерінің (қосалқы бөлшектерінің) құны – автокөлік құралының конструктивті элементтерінің (қосалқы бөлшектерінің) бәсеке жағдайында ашық нарықта сатып алынуы мүмкін ең ықтимал бағасы, мұндай жағдайда мәміле жақтары ақылмен, барлық қажетті ақпаратты ала отырып қызмет істейді, және мәмілесіне бағасына қандай да кенеттен болатын жағдайлар әсер етпейді.
Автокөлік құралын жөндеуге арналған материалдарының құны – автокөлік құралын жөндеуге арналған материалдардың бір өлшем бірлігінің ең ықтимал бағасы, яғни ол бәсеке жағдайында ашық нарықта сатып алынуы мүмкін, ал мәміле жақтары ақылмен, барлық қажетті ақпаратты ала отырып қызмет істейді және мәміле бағасына қандай да кенеттен болатын жағдайлар әсер етпейді.
Автокөлік құралдарын жөндеу бойынша қызмет көрсетулердің құны –
Автокөлік құралдарын жөндеу бойынша қызмет көрсетулердің еңбек сиымдылығының бір өлшем бірлігінің ең ықтимал бағасы, яғни ол бәсеке жағдайында ашық нарыққа осы бағамен шығарылуы мүмкін, ал мәміле жақтары ақылмен, барлық қажетті ақпаратты ала отырып қызмет істейді және мәміле бағасына қандай да кенеттен болатын жағдайлар әсер етпейді[8].
