Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
++Копия проф стандарт республиканский каз Айман Толеуовна.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
506 Кб
Скачать
☆

Қауіпсіздік орта (пациентті төсекте дұрыс орналастыру, көшіру, тасымалдау)

32. Функционалды кереует

Төсек жайлылығы емдеу-қорғау тәртібінде өте маңызды элементі болып саналады. Пациентті төсекте дұрыс жайғастыру көңіл күйіне жайлы әсер етеді, ал кейбір ауруларда мүгедектікке әкелетін қайтымсыз өзгерістердің болмауының алдын алады. Егер адам жартылай немесе толық қозғалыссызда болса, ол өзіне ыңғайлы жағдай жасай алмайды , кейбірде пациентті 2 сағат сайын аударып отыру керек. Осындай жағдайда функционалды кереуетті қолданады. Функционалды кереуетте үш қозғалмалы секциялары болғандықтан пациентке ыңғайлы жағдай жасауға болады. Кереутін басымен аяқ жағында көтеру үшін тұтқалары бар. Кереуттің аяқтарында пациентті тасымалдау үшін дөнгелектері бар, тұтқаның тежеуіші және кереуеттің бүйір тұтқалары қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді.

Кейбір кереуеттерде арнайы құрылғылары бар: кереуеттің жанындағы үстел, тамшылауға арналған ұштаған, жекелік дәрет ыдысын және зәр жинағышты сақтайтын қуыс.

Функционалды кереуеттің қолдануын ауыр халдегі пациенттке ыңғайлы жағдай жасау үшін медбике жүргізеді.

33. Фаулер жағдайы бойынша пациентті жайғастыру (медбике орындайды)

Мақсаты: пациентке төсекте жайлы жағдай жасау.

Көрсеткіші: Пациенттің амалсыз енжарлы жағдайында функционалды немесе қарапайым кереуетте (сонымен қатар, гемиплегияда, параплегияда, тетраплегияда) орындалады, тесілудің алдын алуы, жеке басының тазалығын орындау, пациенті тамақтандыру, тыныс, жүрек қан тамыр ауруларында. Жабдықтау: жастықтар, көрпешіктен жасалған жастықшалар, аяғына арналған тіреуіш, функционалды кереует. Іс - әрекет алгоритмі:

  1. Пациентке алдағы процедураны түсіндіріп, келісімін алыңыз.

  2. Қоршаған ортаны және пациент жағдайын бағалаңыз.

  3. Жастықты дайындап, көрпешіктерден жасалынған жастықшаларды, аяққа арналған тіреуіштерді дайындаңыз.

  4. Медбике өзі тұрған жағындағы кереуеттің тұтқаларын түсіреді.

  5. Пациенттің төсек ортасында арқасымен жатқанына көз жеткізіңіз

  6. Кереуеттің басын 45-600 көтеріңіз немесе үш жастық салыңыз.

  7. Жастықта немесе бүктелген көрпешікті пациенттің аяғының астына

салыңыз.

  1. Басына кішкене жастықша салыңыз.

  2. Білегінің және қолының, басының астына жастықша салыңыз (егер

пациент өздігімен қолын қозғалта алмаса). Білегі және қолының қоспасы

көтеріңкі және алақаны төмен қарап жатқызыңыз.

  1. Пациенттің белінің астына жастықша салыңыз.

  2. Өкшесіне жастықша салыңыз.

  3. Табанын 900 ұстап тұруы үшін тіреуіш жасаңыз.

  4. Пациенттің ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз; кереуеттің тұтқаларын

көтеріңіз.

  1. Қолды жуыңыз.

34. Симс жағдайында пациентті жайғастыру Екі медбикемен орындалады

Мақсаты: Пациентке жайлы жағдай жасау. Алдағы процедураға пациентті дайындау.

Көрсеткіштері: еңжарлы және ыңғайлы жағдай, тесілудің алдын алуы

Жабдықтау: 3 жастық, аяғына арналған тіреуіш (құмы бар қапшық), функционалды кереует. Іс- әрекет алгоритмі: Алдағы процедураға пациентті дайындау.

  1. Алдағы процедураны түсіндіріп, келісімін алыңыз.

  2. Қоршаған ортаның жағдайына және пациентің жағдайына баға беріңіз.

  3. Кереуеттің тежегішін бекітіңіз.

  4. Қосалқы жастықтарды дайындаңыз. Аяқты тіреуге арналған жастықшаларды, ½ резеңке допты дайындаңыз.

  5. Медбике өзі тұрған жақтағы кереуеттің тұтқаларын түсіреді.

  6. Төсектің бас жағын көлденең жағдайға келтіріңіз (немесе жастықтарды алып тастау).

  7. Пациентті арқасымен жатқызыңыз.

  8. Пациентті төсектің шетіне жатқызыңыз.

  9. Пациенттің төсекте қырымен және жартылай иек-бетімен жату жағдайларын ауыстырып отырыңыз.

  10. Пациенттің басына жастық қойыңыз.

  11. Пациенттің қырымен жатқызғанда үстіндегі қолынның астына жастықша қойыңыз. Екінші қолын жайманың үстіне қойыңыз. Қолының білезіктерін ½ резеңке доптың үстіне қойыңыз.

  12. Үстіңгі бүгілген аяғының астына жастықша салыңыз.

  13. Табанының астына тіреуіш қойыңыз.

  14. Пациенттің ыңғайлы жатуына көз жеткізіңіз. Жаймаларын түзеп, кереуеттің тұтқаларын көтеріңіз.

  15. Қолды жуыңыз.