Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
++Копия проф стандарт республиканский каз Айман Толеуовна.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
506 Кб
Скачать
☆

Дәрілерді парентералдық жолмен енгізу

100. Бір рет қолданылатын шприцты жинау

Жабдықтау: мақта түйіршіктері, бір рет қолданатын резеңке қолғап, бір рет қолданылатын шприц, тері антисептигі, дезинфекциялық ертіндіге салынған пинцет.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолды гигиеналық деңгейінде жуыңыз, қолыңызды антисептикпен өндеп қолғапты киіңіз.

2. Шприцты орауынан алып, тұтастығын, шыққан мерзімін анықтаңыз.

3. Шприцты орауымен сол жақ қолыңызға поршенін жоғары қаратып алыңыз.

4. Поршень жағынан ашыңыз.

5. Шприцты ораудан алғаннан кейін инесін жалғаңыз.

6. Поршенді өзіңізге қарай тартып иненің қалпақшасын шешпей ауаны жіберіңіз.

8. Жиналған шприцты ораудың ішіне салыңыз.

101.Дәріні ампуладан сорып алудың медбикелік технологиясы

Мақсаты: Дәріні парентеральды жолмен енгізу

Көрсеткіші: Дәрігердің нұсқауын орындау

Жабдықтау: бір рет қолданылатын шприц, мақта түйіршіктері, резеңке қолғап, дәрісі бар ампула, дезинфекциялық ертіндіге салынған пинцет, егеуіш, қолданылған заттарға арналған контейнерлер (ҚАК).

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәріні дәрігердің нұсқау қағазымен сәйкестендіру.

  2. Дәріні назар аударып оқу, дозасын, сақтау мерзімін қарау.

  3. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, антисептикпен өңдеу, қолғапты кию.

  4. Шприцты ораудан (стандарт бойынша) жинау.

  5. Бүкіл дәрі кең жағында болу үшін ампуланы сол жақ қолға алып, сілкілеу.

  6. Спиртке малынған мақта түйіршігімен ампуланың жіңішке жағын жоғарыдан төмен қарай сүрту.

  7. Егеуішпен ампуланың жіңішке жағын кесу.

  8. Мақта түйіршігімен сүртіп, ампуланың жіңішке жағын алып тастау.

  9. Ампуланы сол жақ қолдың 2-ші 3-ші саусақ арасына ұстау.

  10. Жиналған шприцты алып, 2-саусақпен- шприцтың канюлясын 1,3,4-саусақпен цилиндрды, 5-саусақпен поршенді ұстау.

  11. Инені ампулаға ұзындығы 0,5мм жан-жағына тигізбей кіргізу.

  12. Ертіндіні біртіндеп алып, ампуланы жоғары көтеру.

  13. Инені алып тастап, басқа инъекциялық инені салу.

  14. Абайлап иненің қалпақшасын аса тығыздамай жауып, ауасын шығару.

  15. Шприцты ораудың ішіне қайтадан салу.

Егер палатада жатқан пациентке апаратын болсаңыз, залалсыздандырылған лотокқа: залалсыздандырылған мақта түйіршіктерін, спирт, дәрісі бар шприцті салып, залалсыздандырылған дәкемен жауып апарасыз.

102.Дәріні флаконнан сорып алудың медбикелік технологиясы

Мақсаты: дәріні парентералды жолмен енгізу

Көрсеткіші: дәрігердің нұсқауын орындау

Жабдықтау: залалсыздандырылған: дәрісі бар флакон, бір рет қолданылатын шприц, мақта түйіршіктері, резенке қолғап, дәрісі бар флакон, лоток, тері антисетигі, дезинфекциялық ертіндіге салынған пинцет, дәрігердің нұсқау қағазы, процедура бөлімшесінде істейтін медбикенің тіркеу журналы, қолданылған заттарға арналған контейнерлер (ҚАК).

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәріні алып, дәрігердің нұсқау қағазымен сәйкестендіру.

  2. Дәріні назар аударып оқып, дозасымен мерзімін тексеру.

  3. Қолды гигиеналық деңгейде жуу, антисептикпен өңдеу, қолғапты кию.

  4. Шприцті стандарт бойынша жинау.

  5. Дезинфекциялық ерітіндіге салынған пинцетпен мақта түйіршігін

алып, темір қорғаныш қабатын сүрту, пинцет арқылы алып тастау.

  1. 2-ші мақта түйіршігімен флаконның резеңке аймағын сүрту.

  2. Стандарт бойынша шприцті жинап алу.

  3. Стандарт бойынша дәріні ампуладан сорып алу.

  4. Флаконды сол жақ қолдың 2-3ші саусағының ортасымен ұстап, оң жақ қолдағы шприцпен флаконды 1см-ге дейін тесу.

  5. Флаконды төңкеріп, араластырып, керекті мөлшерде сорып алу.

  6. Шприцті инеден суырып алу. Басқа инені кіргізіп, қалпақшасын

жауып ауасын шығару.

Қолғапты шешіп, қалдықтарға арналған контейнер (ҚАК) -ға салу,

қолды жуып құрғату.