Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
++Копия проф стандарт республиканский каз Айман Толеуовна.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
506 Кб
Скачать
☆

117.Пациентті және медициналық инструменттерді буынға пункция жасауға дайындау.

Мақсаты: Диагностикалық және емдік: сүйықтықты жою, буынның қуысын тазарту, буындарға емдік дәрілер енгізу.

Көрсеткіштері: Буын аурулары, буын ішілік жарақаттар, гемартроз.

Қарсы көрсеткіштері: терінің тесетін орнында іріңді қабыну.

Жабдықтау: залалсыздандырылған пункцияға арналған ине 7-10см ,10-20мл шприц, пинцет,мәрлі тампондар, асептикалық байлам, дәкелер, қолғап, лоток, 5% спиртті йод ерітіндісі, тері антисептигі, 0,5%новокаин ерітіндісі, пробиркалар, ҚАК.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Процедура бөлмесінде пункцияны арнайы дәрігер асептика ережесін қатаң сақтай отырып жасайды.

2. Пациентке түсіндіріп, келісімін алыңыз.

3. Қолыңызды гигиеналық түрде өңдеп, тері антисептигін жағып, қолғап киіңіз.

4. Пациентті орындыққа жайлы отырғызып немесе ыңғайлы жағдайда тұрғызыңыз.

5. Дәрігерге тесетін орынды өңдеу үшін, инфильтрациялық анестезия жүргізуге арналған 5%спиртті йод ерітіндісін және антисептигін, 0,5%новокаин ерітіндісі бар шприцті беріңіз.

6. Дәрігер сол қолымен буынның тесетін орнын қысып, сүйықтықты шығарады.

7. Инені буынға енгізіп сүйықтықты сорып алады.

8. Сүйықтықтың бірінші бөлігін лабароториялық тексеріске пробирканың жан-жағына тигізбей құйыңыз.

9. Пункциядан кейін буынға дәрілік затты және стероидтты гормондарды енгізеді.

10.Пункция жасалған орынға 5%спиртті йод ерітіндісімен өңдеп, асептикалық байлам салыңыз.

11.Қолданылған шприцті, дәкелерді, қолғаптарды, мәрлі тампондарды ҚАК-ға тастаңыз, пункциялық инені дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.

12.Қолғапты шешіп ҚАК-ға салып, қолыңызды жуып кептіріңіз.

Клизмалар.

118. Тазарту клизмасын жасаудың медбикелік технологиясы

Мақсаты: ішек қозғалысын күшейту және нәжісті жұмсарту арқылы тоқ ішектің төменгі жағын нәжістен және газдан босату.

Көрсеткіштері: іштің қатуы, пациенттерді рентген зерттеу алдында, пациенттерді эндоскопиялық тексеріс алдында, дәреті тұрып қалғанда, дәрі және қорректік клизмалардын алдында, отаға дайындауда және босанудын алдында.

Қарсы көрсеткіштері: ас қорыту, ішек органдарынан қан кеткенде, тоқ ішектің, тік ішектің өткір қабыну және жаралық процесстерінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, тік ішектің геморройында.

Жабдықтау: залалсыздандырылған лоток, түтікше, дәкелер, пинцеттер, Эсмарх кружкасы, үштаған, клеенка, жөргек, бөлме температурадағы 1,5л су, кез келген дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, судно, су термометрі, вазелин, шпатель, қолданылған заттарды салуға арналған контейнерлер (класс А және Б).

Арнайы киім: латекстық қолғап, медициналық халат, клеенкалы фартук, ауыстыратын аяқ киім.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап, жекелеп жағдай жасаңыз.

  2. Процедураның мақсатын, барысын түсіндіріңіз.

  3. Халат, клеенкалы алжапқышты киіп, қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғаптарды киіңіз.

  4. Эсмарх кружкасына 1,5-2 л суды құйыңыз.

  5. Эсмарх кружкасын үштағанға іліңіз.

  6. Түтікшеге вазелин майын жағыңыз.

  7. Бұранданы ашып, желді шығарыңыз.

  8. Пациентті сол жақ қырына жатқызып, тізесін бүгіп ішіне қарай тартқызыңыз.

  9. Пациенттің жамбасының астына клеенка, үстіне дәкі салыңыз.

  10. Сол қолыңыздың бірінші, екінші саусағымен жамбас арасын аша отырып, оң қолыңызбен ақырындап сағат тілімен айналдыра отырып түтікшені тік ішекке енгізіңіз, алдымен кіндікке қарай 3-4см. тереңдікте, қалған 8 -10см. омыртқаның жотасына жайлап бағыттап жіберіңіз.

  11. Бұранданы ашып, тік ішекке суды жіберіңіз. Судың тез кетпеуін қадағалаңыз, егер су тез кетсе ол ауырсыну сезімін тудырады. Пациент ішімен демалуы қажет.

  12. Эсмарх кружкасындағы су деңгейін қадағалаңыз.

  13. Бұранданы жауып, жайлап түтікшені алып, лотоққа салыңыз.

  14. Пациент 5-10 мин. арқасымен жатып, содан кейін дәретханаға жіберіңіз.

  15. Түтікшені, қолғапты, алжапқышты дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.

  16. Халат, қолғап, алжапқышты айырбастаңыз.

  17. Пациенттің жыныс мүшелерін жууға көмектесіңіз.

Ескерту: жіберетін су температурасы, су термометрі көрсеткішіне сәйкестену керек.

  • атониялық дәрет тұрып қалғанда Т-120-200С

  • спастикалық дәрет тұрып қалғанда Т-370-400-420С

  • дәрет тұрып қалғанда Т-200-250 С.

Тазарту клизмасы дұрыс деп есептелінеді, егер жіберген сумен сумен қоса көп мөлшерде нәжіспен газдар шықса. Егер клизма нәтижесіз болса, оны дәрігер тексергеннен кейін қайталайды.