Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Автоматика негіздері..docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Ақпарат өлшемі---------?

  1. Телемеханикадағы коммуникация үрдісінің моделі.

Телемеханика жүйесіндегі коммуникация үрдісінің жалпы үлгісі 9.1 суретте көрсетілген.

9.1- сурет. Телемеханикалық жүйенің сұлбасы

Коммуникациялық жүйе (ПП-ХҚ) хабарлағыш (передатчик), қабылдағыш және байланыс арнасынан құралған. Қабылдағыш пен хабарлағышқа ортақ болып келетін тасымалдауышпен немесе байланыс арнасы бойынша символдардың тізбегінен тұратын хабарламаны хабарлағыш қабылдағышқа береді. Хабарлама қандай да бір сыртқы объектіге (басқару пункті немесе БО) қатысты. Берілетін ақпараттың жалпы саны, хабарламаны құрайтын символдардың қосындысы ретінде беріледі. Хабарламаны жіберу үшін қандай болмасын бір код қолданылады, осыған байланысты хабарлағыш арнаның кейбір физикалық қасиеттерін өзгертеді, ал қабылдағыш байланыс арнасынан табылған арнадан хабарламаны қабылдап оның өзгерісін қалпына келтіреді. Коммуникация үрдісінің арнасына шулар, бұрмалаушы хабарламалар әсер етеді және арнадағы өзгерістерді тануға және хабарламаны дұрыс түсінуге арналған қабылдағыштың жұмысын қиындатады. Телемеханика жүйесі басқарудың бір пунктінен бірнеше объектілерін басқаруға мүмкіндік береді. Басқару объектісінен көрсетілген кері хабарламалар датчиктерден және басқарудың кері байланысын қамтамасыз ететін басқа да құрылғылардан келіп түседі. берудің негізгі мәселесі берілген уақыт ішінде қажетті хабарламаны аз шуда алу, бұрмалаусыз жеткізу және шудың әсерінен әлсіреген ақпаратты қабылдап туралау болып келеді . Автоматты басқару жүйелерінде А құрылғысы Б құрылғысына ақпаратты жәй ғана береді немесе А құрылғысы Б құрылғысына қандай да болсын әрекетті жасауға мәжбүрлейді.

  1. Коммуникация жүйесінің есептік сипаттамасы.

Коммуникацияны сынау үшін бірнеше есептік сипаттамалар қолданылады, оған өткізу қабілеті және өткізу жолы жатады. Өткізу қабілетінің өлшем бірлігі - бит/с, ол бірлік уақытында байланыс арнасында беретін ақпараттың санын анықтайды. Байланыстың физикалық (электрлі, оптикалық, радиоканалды) каналының өткiзу қабiлетi өткiзу жолағы, сигналдың қуаты және шудың деңгейiне тәуелдi болады. Өткiзу жолағының өлшем бірлігі (гц) герцпен беріледі және жиiлiктің ауқымы ретінде анықталады, ол үшін байланыс каналындағы сигналдардың қуаты 50% - ға құлағанға дейiн жібере алатын қабiлетi бар болса болды. Сигналдың N деңгейіндегі W өткiзу жолағының енiне байланысты Vmax электр каналындағы деректердi максимал беру жылдамдығы Г.Найквисттің (9.3) формуласы бойынша анықталады.

Vmax =2Wlog2N (9.3)

Екiлiк мәлiметтердiң беру кезінде Vmax = 2W. Байланысқа әр түрлi (шулар) бөгеттер терiс ықпал етедi. Шуларды есепке алғандағы каналдағы байланыстың максималды өткізу қабiлеттiлiгi К.Шеннонның (9.3.1) формуласы бойынша анықталады.

Vmax =W log2(1+ S/R) (9.3.1)

(S ) сигнал қуатының орташа деңгейіне (R ) шудың қуатына қатынасын логарифмдiк бiрлiгі (дб) децибел болатын S/R қатынасын бiлдiреді. Сигналдардың беру жылдамдығы iс жүзiнде әлдеқайда аз болуы мүмкiн.