Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Автоматика негіздері..docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Ашық әрекеттесу жүйелерінің (аәж) деңгейі және мақсаты. Өндірісті автоматтандырудың хаттамасы.

Қазіргі кезде коммуникация үрдістерінде байланыстардың қуатты құралдары қолданылады және қолданушылардың арасында көптеген стандарттар сәйкес келмегендіктен өзара келіспеушіліктер туады. Стандарттау бойынша бүкіл әлемдік ұйым (International Organization for Standardization — ISO) ашық жүйелердің әрекеттесуінің (АЖӘ) эталондық үлгісін өңдеді. АЖӘ эталондық үлгісі, коммуникационды үрдістің әртүрлі құраушыларын ұқсастыру және жіктеу үшін құрылымды ұсынады. АЖӘ базалы сұлбалармен сәйкес өңделген қосымша жүздеген стандарттары бар. АЖӘ жүйенің үйлесімділігіне жету үшін қолданылатын қажетті хаттамалардың немесе беріліс жылдамдығын, кернеу деңгейін анықтамайды. Керісінше, АЖӘ хаттамалардың, жылдамдықтары және кернеу деңгейлерінің, сонымен қатар басқа да көптеген параметрлердің келісілгендігін мәлімдейді. АЖӘ үлгісінің тәжірибелік мақсаты ауыспалылықты және үйлесілімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Өндірісті автоматтандыру хаттамасы автоматты басқару жүйесінің және басқа да құрылғылардың өзара алмасымдылығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ететін (Manufacturing Automation Protocol – МАР) АЖӘ үлгілеріне негізделген. АЖӘ ережелеріне сәйкес бір рангілі объектілер ғана бір - бірімен хабарласа алады. АЖӘ үлгілерінде келесі деңгейлер анықталған:

  • Станция немесе түйіндер деп аталатын, объектінің интерфейсіне сәйкес келетін электрлі немесе оптикалық сигнал берудің физикалық ортасын білдіретін деңгей - физикалық деңгей деп аталады. Физикалық деңгей екі түйін арасындағы жалғыз материалдық байланыс болып табылады және телефон, телеграф, радио, электронды байланыс, сонымен қатар электрлі және оптикалы өткізгіштер түрінде жүзеге асуы мүмкін.

  • Кадрларды қалыптастыру және беруді қамтамасыз ететін деңгей - арналы (каналды) деңгей деп аталады.

  • Қорек көзінен белгіленген түйінге хабарламаны беруді бақылайтын және маршрутын орнататын деңгей - желілі деңгей деп аталады.

  • Қорек көзінен қабылдағышқа хабарламаның жеткізілуін басқаратын деңгей - транспорттық деңгей деп аталады. Осы деңгей қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің арасындағы интерфейстен тұрады. Транспорттық деңгей қоректен қабылдағышқа мәліметтерді жіберудің дұрыстығына және қолданбалы бағдарламалардың жеткізілуіне жауапты болып келеді.

  • Объектілер арасындағы байланысты басқаруға (байланыс сеансы), синхрондауға, қолдауға жауапты деңгей - сеансты деңгей деп аталады. Осы деңгейде желіге тіркелу орындалады.

  • Кодтау және қабылдаушыға түсінікті форматқа кодты түрлендіруді қамтамасыз ететін деңгей - мәліметтерді көрсету деңгейі деп аталады .

  • Файлдарды беру, деректер базасындағы операциялар және алыстан басқару сияқты қолданбалы есептер шешілетін ең жоғарғы деңгейді көрсететін деңгей - қолданбалы деңгей деп аталады

Өндiрiстi автоматтандырудың хаттамасы МАР осы хаттаманы қолдана отырып, әр түрлi құрылымдарға (әр түрлi жасап шығарушылар) бір-бірімен мәлiметтерді алмасуға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар, АЖӘ сияқты МАР сұлбасы 7деңгейге бөлінеді. Әрбiр деңгей ISO хаттамасымен суреттеледi. MAP өндiрiстің нақты уақыт тәртiбiнде қолдану үшiн әдейi жасалынған. Автоматтандыру жүйелерінде үш функционалдық деңгейлерді белгілеуге болады: ортақ (стратегиялық) басқару, өндiрiстiк жолдармен басқару, бөлiмшемен (орташа деңгей) басқару және жергiлiктi (9.2 - сурет) басқару. МАР орташа деңгейдегi басқарумен жұмыс істейді. Басқарудың жергiлiктi деңгейінде микропроцессорлық құрылыммен және атқарғыш механизм басқарылуы датчиктiң аралықтарында ақпарттарды беру және алмастыру арқылы iске асады. Бұл деңгейде жергiлiктi басқарудың Fieldbus шинасы қолданылады. Атап өту керек, жергiлiктi басқарудың Fieldbus шинасы стандарттардың түрiне алі кірмеген, дегенмен болашақта мұндай хаттама күтiлуде.

9.2-сурет. Басқарудың иерархиялық құрылымы