- •Тәжірибе жұмысы №2
- •2.1 Жұмысты орындауға әдістемелік нұқсаулар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.2Тәжірибе жұмысқа дайындалу үшін қажетті материалдар
- •2.2.1 Жалпақ пышақты жылжымалы пішу машиналары
- •3.2.2 Тегерікті пышақты машиналары
- •2.2.3 Тұрғылықты таспалы пышақты пішу машиналары
- •2.3 Пішу машиналарының жұмысындағы кездесетін ақаулар
- •2.4 Пішу машиналарында жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
- •2.5 Пішуді жаңа тәсілдермен орындайтын жабдықтар
Бақылау сұрақтары
Бір жылжымалы машинаның (С-529, С-530, ЭЗМ-1, ЭЗДМ-1, ОМ-1) және тұрғылықты машинаның (РЛ-2, РЛ-3, РЛ-4, РЛ-5) техникалық сипаттамасы.
Пышақтың жылдамдығы өзгерген жағдайда кесу бұрышы қалай өзгереді?
С-529 машинасының пышағының жетек механизмінің құрылысы және жұмыс орындау негізі.
С-529 машинасында пышақ қалай қайралынады?
Пішілінетін маталардың физика-механикалық қасиетіне байланысты пышақтың кесу жүзінің келбеті өзгереме?
Пышақтың қайрау бұрышының тиімді мөлшері қандай?
Пішу машиналарының жұмысы кезінде кесу жылдамдығы қалай өзгереді?
Төсемнің биіктігі өзгергенде табандықтың орынжайы қалай реттелінеді?
РЛ-3б машинасының жетек механизмінің құрылысы және жұмыс орындау негізі?
Таспаны керу құрылғысының құрылысы және жұмыс орындау негізі қандай?
Машинада неге екі таспаұстағыш қолданылған?
Тегерлерден таспаның шығып кетпеуі үшін қандай құрылым қарастырылған?
Машинада бөлшектерді пішу кезінде жұмысшының қолын кесіп алудан қалай қорғайды?
Таспаның қайрау бұрышын қалай азайтуға болады?
Машинаның жұмыс істемейтін кезінде таспалы пышақтың керілуін қалай азайтуға болады?
Пішу машиналарында жұмыс орындау кезінде қандай техникалық қауіпсіздік ережелерін орындау қажетті?
Жұмыс бойынша есеп беру:
Есеп келесілерді қамтуы қажет:
1. Пішу машиналарының техникалық сипаттамаларына салыстырмалы талдау.
2. Машиналардың механизмдерінің және құрылғыларының сұлбалары:
а) С-529 машинаның кинематикалық сұлбасы;
б) РЛ-3б машинасының пышағының жетек механизмінің кеңістіктегі кинематикалық сұлбасы;
в) Таспаны керу құрылғысының сұлбасы;
д) Пышақты қайрау құрылғысының сұлбасы;
е) Арретир құрылғысының құрылысы.
3. Пішудің жаңа тәсілдерін талдау.
Әдебиет:[1], c. 338-345
2.2Тәжірибе жұмысқа дайындалу үшін қажетті материалдар
2.2.1 Жалпақ пышақты жылжымалы пішу машиналары
Түзу, жалпақ пышақты жылжымалы пішу машиналары төсемді көлемді бөліктерге бөліп алу үшін қолданылатыны жоғарыда келтірілген болатын.
|
|
|
а -– KM KS-AUV 10 (Жапония) |
б – KX-G068 8 (Қытай) |
в – КХ-А 200 (Қытай) |
Сурет 2.1 - Жылжымалы тік, түзу (қылыш келбетті) пышақты пішу машиналарының сыртқы көріністері
Түзу тік жалпақ пышақты ЭЗМ-2 жылжымалы пішу машинасы маталар төсемін бөлшектеп кесуге арналған. Төсемнің мөлшерінің үлкендігіне сәйкес таспалы пішу машинаның жұмыс алаңына жеткізіп, орналастырудың қиындығына сәйкес, жеке жағдайларда, машинаны төсемді бөлшектеп, қарапайым, ірі бөлшектерді кесіп алу үшін қолданады.
Машинада жұмыс келесідей жүзеге асырылады. Машинаның аунақшалы платформасын үстелдегі пішілетін материалдың астына еңгізіп және оны, бормен белгіленген жоғарғы жаймадағы сызықпен немесе сызбаүлгі бойымен қолмен жылжытады.
Матаның төсемін ілгері - қайтымды тік қозғалыс жасайтын пышақпен кеседі. Пышақ ілгері - қайтымды қозғалысты айналшақты-бұлғақты механизм арқылы электрқозғалтқыштан алады.
Ені аз тіреудің 13 (сурет 2.2) арқасында, қисықтықтығының радиусы аз сызықтар бойымен және сүйірбұрышты бұйымдардың бөлшектерін ойып алуға болады.
ЭЗМ-2 машинасының техникалық сипаттамалары
Өнімділігі (8 сағатта кесілетін сызықтың ұзындығы), м Төсемнің қалыңдығы, мм Төсемдегі маталардың қабатының саны Машинаның үстел үстінде жылжу жылдамдығы, м/с Электрқозғалтқыш: - қуаты, кВт - біліктің айналу жиілігі, с-1 Сыртауқымы, мм Массасы, кг |
- 1150-1400; -150-ге дейін;
- 20-80;
- 0,05-0,12;
- 0,475; - 50; 250×500×270; 15 |
Сурет 2.2 - ЭЗМ-2 электрлі пішу машинасының құрылыстық -
кинематикалық сұлбасы
Машина келесі тораптар мен механизмдерден тұрады: платформалы тіреуден, пышақтың жетегінен, электрқозғалтқыштан, электрқозғалтқышты сөндіргішінен, электржелісіне қосуға арналған сүнгімелі (штепсельді) қосқыштан тұрады.
Машинаның негізгі жұмыс құралының қалыңдығы 0,6 мм, ені 20 мм және ұзындығы 183 мм болат, пышақ 1 болады. Пышақтың жүзі екіжақты қайралынып, 15-20°-қа өткірленген.
Пышақ қызумен өңделген, көміртекті У8 немесе У7 аспаптық болаттан жасалады. Пышақ тұрқының бағыттаушысының бойымен жоғары және төмен ілгері-қайтымды қозғалыс жасайды.
Пышақ 1 қозғалысты қосиінді-бұлғақты механизмнен алады. Электрқозғалтқыштың білігінің алдыңғы ұшында саусақпен 4 қосиін 5 бекітілген, саусаққа 4 бұлғақтың 3 жоғарғы басы кигізілген. Бұлғақтың төменгі басы, машинаның тұрқының бағыттауыштарында жылжитын, сырғақпен 2 жылжымалы, топсалы түрде қосылған. Осы сырғаққа, машинаның тіреуінің 13 бағыттаушы кілтесінде орналасқан, пышақ 1 бекітілген. Тіреудің биіктігі 179 мм, ені 23 мм, қалыңдығы 8 мм. Пышақтың жүзі тіреуден 8-10 мм шығып тұруы қажет, сондықтан пышақпен тіреудің жалпы ені шамамен 30 мм-ге тең.
Тіреу машинаның платформасында 14 бекітілген, оның сыртқы бөлігінде электрқозғалтқыш 10 бекітіледі.
Машинаның үстел бетімен жылжуын жеңілдету үшін платформаның төменгі жағында, машинаның дірілін елеулі төмендететін, тілімшелі серіппелердің 19 ұштарына біріктірілген, аунақшалар 20 бар. Платформаның алдыңғы бөлігіне маңдайша 15 топсалы жалғанған, маңдайша серіппенің 18 күшімен пішу үстелінің бетіне қысылады, бұл жағдай платформа төсемінің төменгі қабатының астына жеңіл енуіне мүмкіндік береді.
Пышақтың жүзінің алдында, матаның төсемнің қабатының пышақпен бірге жоғары және төмен жылжуына бөгет жасайтын, сонымен қатар жұмысшының қолын жарақтардан сақтандыратын, сырықпен 17 табандық 16 орналасқан. Табандық матаның жоғарғы қабатын шамалы қысуы қажет.
Машинаның электрқозғалтқышын, тұтқада 11 орналасқан, иінтірекшемен 12 қосады. Электрқозғалтқышты қоректендіру сұнғымалы 9 иілмелі сымының 6 көмегімен жүзеге асырылады. Ток төбеде орнатылған үшфазалы желімен 8 беріледі. Сымдарда токқабылдағыш күймеше 7 орналастырылған, ол аунақшалармен сымдар бойымен жеңіл жылжиды.
CS-529 машинасының кинематикалық сұлбасы 2.3 - суретте көрсетілген.
Машинаны пайдалану кезінде пышақтың түрлі бағыттағы шайқалыстарына болдырмауға тырысады, себебі бұл жағдай бөлшектердің уақыттан бұрын тозуына, пішудің сапасын нашарлануына және шудың ұлғайуына алып келеді. Шайқалыстар электрқозғалтқыш білігінің мойынтіректерінің, тұрқының бағыттауыштарының және машинаның тіреуінің тозуынан пайда болады.
Сурет 2.3- CS-529 пішу машинасының кинематикалық сұлбасы
Түзу пышақты машиналар материалды кесудің жақсы сапасын және жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл пышақтың жүзінің өткірлігіне едәуір тәуелді болады. Пышақтың жүзінің шамалы мұқалтылған кезде, оны түзету және қайрау керек болады. Жүздің мұқалтылуы синтетикалық материалдарды, қалың және қатты маталарды, сіңіргіленген маталарды пішу кезінде жылдамырақ болады. Түзу жүзді пышақты жұмсақ материалдарды кесу үшін, тісті жүзді пышақтарды – ауыр маталар үшін, толқын тәріздес жүзді пышақтар– синтетикалық маталар үшін қолданады.
Пышақты құрғақ ажарлағыш қайрақпен машинадан шешусіз қолмен қайрайды. Кезеңді қайрау арнайы тетіктерде ажарлағыш шарықпен жүзеге асырылады, ол үшін пышақты машинадан шешеді.
Пішу машиналарын жүйелі түрде майлайды және тазалайды. Шарикті мойынтіректерді майлау үшін қою майларды – солидолды, тавотты қолданады. Бағыттаушы тіреулерді, сонымен қатар басқа қалған қосылыстарды орындарын тігін машиналарына арналған майымен майлайды.
