- •Тәжірибе жұмысы №2
- •2.1 Жұмысты орындауға әдістемелік нұқсаулар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.2Тәжірибе жұмысқа дайындалу үшін қажетті материалдар
- •2.2.1 Жалпақ пышақты жылжымалы пішу машиналары
- •3.2.2 Тегерікті пышақты машиналары
- •2.2.3 Тұрғылықты таспалы пышақты пішу машиналары
- •2.3 Пішу машиналарының жұмысындағы кездесетін ақаулар
- •2.4 Пішу машиналарында жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
- •2.5 Пішуді жаңа тәсілдермен орындайтын жабдықтар
2.3 Пішу машиналарының жұмысындағы кездесетін ақаулар
1. Пішу кезінде пышақ шетке "ығысады". Себебі: пышақ симметриялы емес қайралған, пышақтың керілуі жетімсіз, таспабағыттағыштың жоғарғы және төменгі тілімшелердің арасындағы саңлау үлкен.
2. Төсемнің қисық бөліктерді пішу кезінде пышақ " ығысып" кетеді. Себебі: пышақ дұрыс керілмеген, таспабағыттағыштармен пышақ арасындағы саңлау үлкен.
3. Мөлшері бойынша төменгі жайма жоғарғыларға қарағанда айырмасы болады немесе төмем қисық кесіледі. Себептері: пышақ үстелдің бетіне тік (перпендикуляр) емес, пышақтың жүзі симметриялы емес қайралған.
4. Машинаны іске қосқанда магниттік таспаұстағыштар да қосылады. Себептері: түйіспелі ажыратқыш таспалы пышаққа қарай жоғары көтерілген, пышақ бостау керілген.
5. Таспалы пышақтың жиі үзілуі. Себептері: таспаның біріктіріп дәнекерлеуінің сапасыздығы, таспалы пышақтың қатты қерілінуі, тіреу аунақшаларының жұмыстық беттеріндегі кертіктердің сапасыздығы немесе аунақшалардың айналуының қиындығы немесе мүлдем айналмауы.
6. Егер машинаның жұмысы кезінде күрт тарсыл естілсе, бұл таспаның жапсара дәнекерлеу орнының едәуір қалың екенін білдіреді.
2.4 Пішу машиналарында жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Электрлі токты жылжымалы пішу машиналарына токты беретін сымның жақсы оқшаулауы сапалы болу керек. Жалаңаш жерлері бар болған кезде сымды пайдалануға болмайды. Токжеткізуші сымдардың біреуінің үзіліп кеткен жағдайында пішу үстелінің үстінде орналасқан, токты автоматты ажыратқыш болуы қажет.
Жұмыстың қауіпсіз жағдайларын жасау үшін кем дегенде айына бір рет машиналардың электрқозғалтқышының орауыштарының оқшаулауының кедергісі өлшенуі қажет. Машинаның тұрқы жерге тұйықталынуы қажет.
Төсемнің биіктігі өзгергенде қысқыш табандықтың орынжайы да өзгереді, ол жұмысшының саусақтарын пышақпен жарақаттанудан сақтандырады.
Тоқыма материалдарды пішуге арналған тұрғылықты машиналарда жергілікті ауа сорғыш желдету жүйесі болу керек, себебі машинаның жұмыс істеу барысында жұмыс үстелінің астында көп мөлшерде шаң-тозаң жиналады, олар кез-келген кезде тұтанып кетуі мүмкін. Сондықтан ажарлау шарықтары қаптамамен жақсы жабылуы қажет, қаптаманың ішінде ұшқынды сөндіретін, асбесттен жасалған аралық қабат бекітеді.
Машина үстелінің астындағы кесу аумағын, қайрау механизмін, жоғарғы және төменгі қоршауларды, жоғарғы керу тегердің бағыттаушыларын, ауысымда бір реттен кем емес, тоқыма және абразивті шаңнан тазалап тұру қажет.
Машинада жұмысшының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тежеуіш құрылғысы мен электрмагниттік таспаұстағыштар орнатылған.
Таспаұстағыштар таспалы пышақтың үзілуі кезінде машинадан шығып кетуіне болдырмайды, ал микроажыратқыштар және тежеуіш құрылғысы электрқозғалтқыштың сөндірілуін және тегершіктердің тежелуін қамтамасыз етеді.
Магниттік таспаұстағыштардың іске қосылғанынан кейін автоматты сөндіргіштің (РЛ-5 машинасы) «Тоқта» түймешесін басу арқылы машинаны токсыздандыру керек.
Жұмысшының қолдарды жарақаттанудан сақтандыру үшін пышақтың алдында қапсырмалар орнатылған. Жұмыс кезінде сақтандырғыш қапсырмалар төсемнің немесе сызбаүлгінің бетінің маңында орналасуы қажет. Мата төсенішінің биіктігінің өзгергенінде сақтандырғыш қапсырмалардың жайғасымын да өзгереді.
Пышақтың тозу мөлшері шектен шыққанда, енінің мөлшері 5-6 мм-ге жеткен жағдайда машинада жұмыс істеуге болмайды.
Жылдам қозғалатын таспалы пышақ жұмысшыға қауіпты, сондықтан машинаның барлық айналатын бөліктері мен пышақ қоршаулармен қорғалуы қажет. Механизмдерді реттеу және таспалы пышақты алмастыру үшін қайырмалы қалқаншалар қарастырылған.
