- •Тәжірибе жұмысы №2
- •2.1 Жұмысты орындауға әдістемелік нұқсаулар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.2Тәжірибе жұмысқа дайындалу үшін қажетті материалдар
- •2.2.1 Жалпақ пышақты жылжымалы пішу машиналары
- •3.2.2 Тегерікті пышақты машиналары
- •2.2.3 Тұрғылықты таспалы пышақты пішу машиналары
- •2.3 Пішу машиналарының жұмысындағы кездесетін ақаулар
- •2.4 Пішу машиналарында жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
- •2.5 Пішуді жаңа тәсілдермен орындайтын жабдықтар
2.5 Пішуді жаңа тәсілдермен орындайтын жабдықтар
Жаңа тәсілдермен кесу жабдықтарының жұмыс құралы ретінда лазер сәулесі, микроплазманың ағымы, сұйық (су) ағымы қолданылады. Шет елдерде лазерлі пішу құрылғыларын шығаратын фирмалардың саны көп. Мысалыға Lectra – systems Laser Techigue (Франция), Mitsubishi Elektrik, Mitsushhita Inc. (Жапония), Hughes (США), Viable Sistems (АҚШ), Epilog Laser (АҚШ), Euro Laser (Алмания), Laser Life (Тайвань).
Лазерлік пішу автоматты құрылымдарын аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету сызбаүлгілер және орналастырулар автоматты жобалау жүйесімен (АЖЖ) тікелей байланысқан. Заманави пішу құрылғыларында дербес компьютермен байланыстыратын интерфейсі болады және CAD жүйесінің берілгендердің түрлі форматын қабылдайды. Лазер сәулесімен материалды пішуде ол жылу энергиясын сіңдіріп, оның әсерімен жылумен күйретіледі. Материалдар төсемін пішуге көміртекті газдық лазерді қолдау тиімді. Сәуленену шоқтанып, материалда нүктесінің диаметрі 0,6 мм аспайтындай болып фокустанады. Механикалық кесу жүйесіне қарағанда лазерлік жанастырылмай пішудің келесідей арықшылықтары бар:
ықшамды дизайн және қондырғының мөлшері жинақты;
материалдардың әртүрін пішу мүмкіндігі;
материалдардың әртүрлеріне қуаты мен жылдамдығы жоғарғы дәлдікпен икемдеу мүмкін;
өңделініп болғаннан кейін қосымша өңдеуді қажет етпейді;
пішінді бөлшектердің жиегі тегіс болады, сонымен қатар, төсемнің жоғарғы қабаты жылжып кетпейді;
күрделі қисықсызықты және радиусы аз кесу сызықтары бойымен пішу мұқият және тез орындалады;
матариалдардың өзара жылжып кетуі болмайды:
жылу әсер алаңы өте аз, сондықтан мата құрылымы өзгеріссіз сақталынады;
механикалық пішу машиналарына қарағанда, шуыл деңгейі көп есе аз.
Соңғы кездерде материалдарды микроплазмалық ағынмен пішетін өндірістік қондырғылар пайда болды. Микроплазмалық ағынмен пішу үдерісінде материалдың пішілетін аймағы қыздырылады, осының салдарынан және празматроннан 0,07 - 0,25 МПа қысыммен, шығатын ағынның механикалық әсерінен материал бүлдірілінеді. Бұл кезде, жылулық әсермен қатар ағынның қысымының әсері де жоғары. Микроплазмалық ағынның әсер ету уақыты 0.01 с. аз болады. Мұндай технологияның лазерлік пішуден арықшылығы бар, олар: қолдану қауіпсіздігі, қондырғы құрылысының қарапайымдылығы, осымен қатар техникалық қызметі де аз қажет етеді. Плазмамен пішу қондырғысының құны лазерлік қондырғыға қарағанда 4-5 есе арзан, осыған байланысты осы бағытты дамыту жұмыстары экономикалық тиімді. Сонымен қатар, плазмалық қондырғының қолдану кезіндегі шығыны да аз.
Текстиль материалдары үшін плазмалық пішу қондырғысын шығарумен келесі шет елдің фирмалары айналысады: Magnetronics Lrd (Ағылшын), Investronika (Испания) және басқалар.
Durkopp (Алмания) фирмасының «Hydro Cutter», Flow-System фирмасының (Канада) Bata қондырғылары кескіш құрал ретінде сұйық ағынын қолданады. Материалдады пішуге арналған сұйық ағыны су мен ұзын малекулярлық тізбекті полимердің қоспасы болады. Сұйықтың құрамы ағымның тығыздығын қамтамасыз ететіндей етіп таңдайды. Қондырғының негізгі және артықша ерекшелігі, қолдану кезінде жылу энергиясының болмауы және оның қауіпсіздігі.
Бірақ, қондырғы техникалық тұрғыдан қарағанда күрделі, өйткені сұйыққа өте үлкен мөлшердегі (4000 бар) қысым беру қажетті.
Пішу шүмектен үлкен жылдамдықпен 700-900 м/с шығатын, диаметрінің 0,075-0,3 мм шамасы су ағынымен орындалынады. Кесу ені өте аз (0.08-0,3 мм), жылдамдығы 76-24 м/мин болатыдай етіп, материалдың бірнеше қабатын пішуді су ағынының көмегімен орындауға болады. Су ағынын былғарыны, теріні, матаны, жасанды және синтетикалық материалдарды пішуде қолдану мүмкін. Бірақ, техникалық күрделілігіне байланысты, мүндай жүйелер бәсекеге төзімді болмай отыр, негізінен тәжірибелік үлгі деңгейінде болып отыр.
