- •Тәжірибе жұмысы №2
- •2.1 Жұмысты орындауға әдістемелік нұқсаулар
- •Бақылау сұрақтары
- •2.2Тәжірибе жұмысқа дайындалу үшін қажетті материалдар
- •2.2.1 Жалпақ пышақты жылжымалы пішу машиналары
- •3.2.2 Тегерікті пышақты машиналары
- •2.2.3 Тұрғылықты таспалы пышақты пішу машиналары
- •2.3 Пішу машиналарының жұмысындағы кездесетін ақаулар
- •2.4 Пішу машиналарында жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
- •2.5 Пішуді жаңа тәсілдермен орындайтын жабдықтар
2.2.3 Тұрғылықты таспалы пышақты пішу машиналары
Тұрғылықты таспалы пішу машиналар, төсемге төселінген, түрлі маталардан бұйымдардың бөлшектерін пішуге арналған.
Сурет 2.6.-да HF-200T/1100 маркалы Hoffman фирмасының таспалы пішу машинасының сырт көрінісі (сурет 2.6. а) және кесу аймағында жұмыс құралы (сурет 2.6 б) келтірілген.
|
|
а |
б |
Сурет 2.6. Hoffman фирмасының HF-200T/1100 маркалы пішу-таспалы машинасы.
РЛ-ЗБ машиналарын, құрамында талшықтардың барлық түрлері кездесетін, мата және трикотаж бұйымдардың бөлшектерін пішу үшін қолданады. Жұмысшы қолымен төсемнің бөлігін машина үстелінің 1 (сурет 2.7 а, б) бетімен белгі сызықпен, қозғалып тұрған таспалы пышақ жүзіне 2 жылжытып, қажетті пішінді бөлшектер дестесін пішіп алады.
Машинаның негізгі тораптарына тұғыры, жетегі, керу құрылғысы, таспаұстағыштары, арретир және бағыттаушы құрылғылары, пышақтың қоршауы, пышақты майлауға арналған құрылғысы, қайрау механизмі, бағыттаушы тегерлерінің құрылғысы, үстел, шам және қырқындыларды жинауға арналған құрылғылар жатады.
Машинаның тұғыры, астыңғы жағынан кергішпен бекітілген, екі тіреулерден 35, қораптық қималы жоғарғы байланыстан 38 және қиғаш тіреуден 36 тұрады (сурет 2.7).
Машинаның жетегі электрқозғалтқыштан 28 төрт таспабағыттауыш тегерлердің біреуі арқылы жүзеге асырылады., Тегерлердің 19, 20, 24, 32 рәзіңкеленген тоғындарында таспалы пышақ 2 керілген. Конустық вариатор 27 қозғалысты таспабағыттауыш тегерге 24 береді, оған тежеуіш атанақ бекітілген. Атанақты ТКТ-100 типті электромагниттік кранды қалыпты тежеуіші 26 қамтиды. Машинаның жұмыс істеу кезінде тежеуіштің электрмагниті кернеулі болады және тежеуіш қалыптарын ашылған күйде ұстап тұрады.
Пышақтың жылдамдығы сермермен 29 өзгертіледі, ал мөлшері иілгіш біліктің 21 көмегімен таспабағыттауыш тегердің 24 жетегімен қосылған, тахометрмен 33 өлшенеді.
Тартқыш пен таспаұстағыш құрылғылар жоғарғы таспабағыттағыш тегерде орындалған, ал ол «қарлығаш құйрығы» түріндегі бағыттауыштардағы жылжымалы күймешеде 17 орнатылған. Пышақтың керілу күші бұранда, сомын 15 және өлшемделінген серіппе 16 арқылы сермермен 7 түзіледі.
Таспаұстағыш құрылғыда жоғарғы және төменгі электрмагниттік таспаұстағыштар 25, түйіспелі қосқыш 30 болады. Машинаның жұмысы кезінде пышақ 2 керілген және аунақшалы иінтірек 31 пышақтың көмегімен, микроауыстырып-қосқыштың түйіспелерін ажыратулы жағдайын қамтамасыз етеді. Таспалы пышақ үзіліп кеткен жағдайда микроауыстырып-қосқыштың түйіспелері тұйықталып, электрмагниттік таспаұстағыштарды 25 іске қосады.
Машинаның жұмыс істемейтін кезінде таспаның керілісін 160-200 Н шамаға төмендетуге мүмкіндік беретін арретир құрылғысы, пышақтың төзімділігін елеулі жоғарлатуға мүмкіндік береді. Бұранданың 18 өсінде орналасқан, тұтқа 6 төлке арқылы шүйделі жұдырықшамен 11 байланысқан. Төменгі шүйделі жұдырықша 10 кронштейнде 8 жылжымайтындай етіп бекітілген. Бұрандамен 18 жылжымайтындай байланысқан тығырықтың 14 бүйір бетінде ойық бар, бұл ойыққа серіппеленген орнықтырғыштың 12 тісі 13 түсуі мүмкін.
Арретирдің қосылуына сәйкес келетін, тұтқаның 6 жайғасымында жоғарғы жұдырықшаның 11 кертпесі орнықтырғыштың 12 алдында орналасады және оның тісінің 13 тығырықтың 14 ойығына кіруін кедергі жасамайды, ал микроауыстырып-қосқыштың 9 сұққышы жұдырықшаның бүйір бетінің цилиндрлі бөлігіне электрқозғалтқышты басқару тізбегін ажырата отырып тіреледі. Арретир қосылған сондықтан орнықтырғыштың тісі 13 пышақтың сермермен 7 керілуінің өзгеруіне мүмкіндік бермейді.
Сурет 2.7 - РЛ-5 машинасының кинематикалық сұлбасы
Арретирдің өшірілуіне сәйкес келетін, тұтқаның 6 жайғасымында пышақ керілген, микроауыстырып-қосқыш 9 электрқозғалтқышты басқару тізбегін қосады, орнықтырғыштың тісі 13 пышақтың керілуін өзгертуге кедергі жасамайды, машина жұмысқа дайын.
Бағыттаушы құрылғылар жұмысы барысында пышақтың кесу аумағындағы тұрақты жайғасымын қамтамасыз етеді. Пышақтың жұмыстық тармағында үстелдің 1 үстінде төрткілдеште 5, жоғарғы бағыттағыш орналасқан. Бағыттағыш екі тақтайшалардан тұрады. Олар реттелінетін тілімшелерден және шүйделі аунақшыдан 4 тұрады. Пышақтың үстел арқылы өту орнында орнатылған, жазық бағыттауыш тұрқыдан және екі реттелінетін алмастырылатын, қатты ВК-6 қорытпасымен бекемделінген болат тілімшелерден тұрады. Шүйделі аунақшы 34 байланыста 38 орнатылған.
Пышақтың қоршауы 37 екі бөліктерден: жоғарғы және төменгі металл қораптық науалардан құралған.
Таспабағыттауыш тегерлер алдыңғы жағынан тегеріктермен қоршалған. Пышақтың жұмыс бөлігі кесу аумағының үстінен жылжымалы қоршаумен жабылған. Қоршау жоғарғы бағыттауыштың тақтайшасында бекітілген, жылжымалы қоршаумен жабылған. Төрткілдештің 5 төменгі ұшында сақтандырғыш қапсырма 3 және мөлдір ограникалық шыныдан жасалынған қалқан бар. Олар жұмысшының қолдын кесуден сақтайды.
Кронштейнде 8 кішкентай шанша орнатылған, одан тығыздамалар арқылы майлағыш: полисилоксанды сұйықтық – силиконды май беріледі.
Пышақты қайрау оның қозғалысы кезінде, оның алдыңғы жиегіне бұрышпен (реттеу мүмкіндігімен) орнатылған, екі қажақты шарықтармен 22 орындалады. Қайрау механизмін басқару алдыңғы тіреуде орналасқан, басқашпен 23 тартқыш арқылы орындалады.
Таспалы машиналардың пышақтарын қалыңдығы 0,35-0,5 мм және ені 10-25 мм салқында жұқартылған термоөңделген серіппелі таспадан (болат У8Л, 60С2А, 70С2ХА) әзірлеу ұсынылады.
Машина және электржабдық техникалық пайдаланудың және қауіпсіздік техникасының ережелеріне сәйкес жерқосқыштандырылуы қажет. Машинада жұмыс істеу үшін тек қана үйретілген адамдар жіберілу керек, барлық жөндеу жұмыстары электржеліден ажыратылған машинада жасалу керек.
Сақтандырғыш қапсырма (табандық) төсенішке дейін түсірілуі қажет.
Пышақтың ені 6 мм-ден кем болған жағдайда машинада жұмыс істеуге тыйым салынады. Қалыппен мен таспаұстағыш тегердің арасындағы саңлау 2-3 мм болуы керек.
Машинада жұмыс аяқталған соң және жұмыстағы ұзақ үзілістер кезінде арретир құрылғыны қосу керек.
Ауысымда кем дегенде бір реттен машинаны тоқыма және қажақтық шаң –тозаңнан тазалау қажет.
РЛ-4 және РЛ-6 машиналары, кесуге жоғары кедергіленетін, мысалыға плаштық, рәзіңкелік, брезенттік, асбесттік және т.б. маталардан бөлшектерді кесіп алуға мүмкіндік береді. Бұйымдардың ұсақ бөлшектерін кесіп алу үшін, сонымен қатар бұйымның жеке бөлшектерінің өлшемдерін дәлдеу кезінде материалдардың артығын қию үшін РЛ-5 машиналары қолданылады.
РЛ-4 және РЛ-6 машиналарының құрылмаларының ерекшелігі, кесу аумағынан (төсеніштің үстінен және астынан) және пышақты қайрау аумағынан шаңды сорып алатын, аспирациялық құрылғының болуы.
РЛ-6 машинасында үстел бойымен төсенішті жылжытуды жеңілдету үшін ауа жастығын тұрғызуға арналған құрылғы болады. Ол электрқозғалтқыштан айналатын желдеткіштен ауа ауажеткізгіштермен үстелдің қақпағының төменгі жағына бекітілген, табандыққа жеткізіледі. Үстелдің қақпағында шүмектер арқылы табандықтан шығатын ауа төсемнің үстел бетімен үйкелісін азайтып, оператордың жұмысы жеңілдетеді және еңбек өнімділігін жоғарылатады.
Таспалы пішу машиналардың техникалық сипаттамасы кестеде 2.1 келтірілген.
Кесте 2.1 - Таспалы пішу машиналардың техникалық сипаттамасы
Элемент сипаттамалары |
РЛ-2 |
РЛ-3А |
РЛ-3Б |
РЛ-4 |
РЛ-5 |
РЛ-6 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Ауысымдағы өнімділік, м |
2000 |
2500 |
2200 |
2500 |
2100 |
3200 |
Пішу үстелінің өлшемдері, мм |
|
|
|
|
|
|
- ұзындығы |
1500 |
2240 |
2240 |
2240 |
1410 |
2240 |
- ені |
2000 |
1500 |
1500 |
1500 |
1000 |
1500 |
Машинаның жұмыс шығымы, мм |
1000 |
1250 |
1250 |
1000 |
1000 |
1500 |
Таспабағыттауыш тегерлерінің диаметрі, мм |
500 |
300 |
300 |
500 |
300 |
500 |
Таспалы пышақтың өлшемдері, мм |
|
|
|
|
|
|
- ұзындығы (ең үлкен) |
5200 |
5295 |
5295 |
5780 |
3800 |
5780 |
- ені |
20 |
15 |
15 |
25 |
15 |
25 |
- қалыңдығы |
0,5 |
0,5 |
0,45 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
Пішілетін төсемнің максималды биіктігі, мм |
130 |
250 |
250 |
250 |
120 |
250 |
Машина жетегінің электрқозғалтқышы |
|
|
|
|
|
|
- түрі |
АО-32-4 |
АО-2-21-4 |
АО-2-21-4 |
АОЛ-21-11-1 |
АОЛ-2-21-4 |
4А |
- қуаты, кВт |
1 |
1,1 |
1,1 |
0,8 |
1,1 |
2,2 |
- біліктің айналу жиілігі, с-1 |
23,4 |
23,4 |
23,4 |
50 |
23,4 |
23,5 |
Кесте 2.1. жалғасы
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
- сыртаумағы, мм |
|
|
|
|
|
|
- ұзындығы |
2800 |
2700 |
2700 |
2800 |
1700 |
2850 |
- ені |
1700 |
1500 |
1500 |
1500 |
1000 |
1500 |
- биіктігі |
1890 |
1755 |
1755 |
1950 |
1560 |
2100 |
Массасы, кг |
600 |
420 |
445 |
600 |
180 |
660 |
