- •Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы
- •«5В020500-филология: қазақ филологиясы» мамандығына арналған мемлекеттік емтихан бағдарламасы
- •Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы
- •Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
- •Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
- •Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
- •Қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесі
- •Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
- •Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы
- •Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
- •Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
- •Қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесі
- •Глоссарий
- •Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
- •Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
- •Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
- •Қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесі
- •Жалпы тіл білімі
- •20 Ғасыр лингвистикасы.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Қосымша:
- •Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі
- •Глоссарий
- •5В020500-Филология: қазақ филологиясы» мамандығына арналған «Қазіргі қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтиханның бағдарламасы
Қосымша:
18. Бенвенист Э. Общая лингвистика. Москва, 1974.
19. Бодуэн де Куртенэ И.А. Избранные труды по общему языкознанию. Москва, 1963.
20. Бюлер К. Теория языка. Москва, 1992.
21 Гумбольдт В. Фон. Избаранные труды по языкознанию.-М.,1984
22 Гумбольдт В. Фон. Язык и философия культуры. –М.,1985
Глоссарий
Тіл білімі (лат. lingua тіл) - адамзаттың табиғи тілі туралы ғылым.
Тіл білімінің тарихнамасы –- тіл білімі ілімдерінің тарихы – ғылым мен мәдениет тарихындағы тіл туралы білімнің дамуына, оның теориялық мәнін түсінуіне, жалпы тіл туралы, тілдің шығу тегіндегі теориялар мен тұжырымдарды, ағым-дәстүрлерді, бағыттар мен мектептерді талдауға арналған зерттеулер. Тіл білімі тарихнамасы «тіл білімі тарихы» деп те аталады, ол тіл туралы ілімнің даму процесін білдіреді.
Компаративистика (лат. comparativus- салыстырмалы) – салыстырмалы тарихи тіл білімі
Структуралық лингвистика – тілді құрылымдық элементтерден тұратын таңбалық жүйе ретінде қарастыратын ілім.
Стоиктер (грек . stoa портик, үй алдындағы қалқа) – Эллинизм дәуірінде қалыптасқан, тіл туралы ілім тарихындағы аса ірі философиялық мектептердің бірі – Стоаның өкілдері. Негізін қалаған Кипрдегі Китионнан шыққан зенон (б.з.д. 336-244 ж. шамасы) деп есептеледі. Одан басқа ірі қайраткерінің бірі Хрисипп (б.з.д. 281-209 ж. шамасы) және Диоген Вавилонский (б.з.д. 240-150 ж. шамасы). Стоиктердің шығармалары үзінді, дәйексөз, кейінгі баяндаулар түрінде жеткен. Олар сөз және сөйлеу мен ойлаудың бірлігі жайындағы ілімнің біртұтас жүйесін жасаған.
Прага лингвистикалық мектебі – структуралық тіл білімінің негізгі бағыттарының бірі. Прага лингвистикалық мектебі Прагада 1926 ж. тіл үйірмесінің негізінде құрылған, 1950 жылы тарқаған.
Субстрат- екі тіл тоғысында жеңілген халық тілінің жеңген халық тілінде қалдырған ізі, әсері.
Суперстрат – жеңген халық тілінің жеңілген халық тілінде қалдырған ізі, әсері.
Адстрат – екі тілде де жарыса қатар өмір сүретін тілдік элементтер.
Ареалды лингвистика- тілдердің географиялық орнына шешуші мән берілетіндіктеріне қарап неолингвизм кейде осылай аталады.
Кoнвepгенция (лaт. convergo жaқындaу, бipігу) – eкi нe oдaн көп тiлдiк құбылыcтың жaқындaп бipiгyi. К. ұғымы глoттoгoниялық жәнe құpылымдық-диaxpoниялық eкi тұpғыдa қapaлaды. Глoттoгoниялық К. ұзaқ yaқытқa coзылғaн қaтынac нeгiзiндe бipнeшe тiлдe (тyыc нeмece тyыc eмec) opтaқ құpылымдық бeлгiлepдiң кaлыптacyын бiлдipeдi
Сөйлеу актісі – қоғамда қалыптасқан сөйлеу принциптері мен ережелеріне сай белгілі бір мақсатта жүзеге асырылатын сөйлеу әрекеті
Дискурс (фр. Discours – сөз, сөйлеу) – прагматикалық, мәдени-әлеуметтік, психологиялық т.б. экстралингвистикалық факторлармен, шындық өмір оқиғасымен байланысты нақты мәтін. Дискурс көне жазба мәтіндерде, нақты өмірмен байланыссыз мәтіндерде қолданылмайды.
Дифференциация - лат. differentio сөзінен, мағынасы – өзгелену, ажырасу;
Интеграция – лат. integratio сөзінен, мағынасы – бірігу, қосылу, жақындасу.
Референция – сөйлеуде қолданылатын есім сөздердің болмыс объектілеріне (референттерге), денотаттарға қатысты болуы. Референция синтаксистік, логика-семантикалық, прагматикалық үш негізгі фактор арқылы анықталады.
Референт – сөйлеушінің түсінік -қабілетіне байланысты санада қабылданған объект; сөздің «ішкі мағынасы», яғни ұғымдық мазмұн ретінде шындық болмыстың санада бейнеленген элементі; референцияның объектісі.
Франс Бопп (1791-1867) Майнце қаласында туған. Гимназияда оқып жүрген кезінде-ақ санскрит, парсы, араб, көне еврей тілдерін оқып үйренген. 1821 жылы Берлин университетіндегі шығыс әдебиеті және жалпы тіл білімінің профессоры, 1829 жылы академик. Оның ең басты еңбегі – "Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы". Бұл еңбек үш томнан түрады: 1833-1852 жылдары бірінші рет, 1856-1861 жылдарда жөнделіп екінші рет, 1868-1870 жылдары үшінші рет басылды.
Дескриптивтік лингвистика – америка структурализмі
Тайпалық тілдер – туыс рулық тілдер негізінде қалыптасқан жеке тайпалар сөйлейтін тілдер, тайпалық диалектілер деген ұғыммен парапар.
Термин – ғылым мен техникада, өмірдің өзге де салаларында заттар мен құбылыстарды дәл атау үшін қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері.
Туыс диалектілер – тілдік белгілер ұқсас, шығу тегі бір-біріне жақын диалектілер.
Түбір тілдер – сөздері қосымшалар арқылы түрлене бермейтін, сөз таптарының формалық жақтан жігі ашық, айқын ажырамаған тілдер. Т.т.-ді даралаушы тілдер деп те атайды. Т.т. қатарына вьетнам, бирма, қытай, малай-полинезей, тай, тибет және Батыс Африканың кейбір тілдері жатады.
Түркітану, түркология – түркі тектес халықтардың тілін, этнографиясын, фольклорын, әдебиеті мен мәдениетін зерттеу нәтижесінде қалыптасқан шығыстану ғылымының жеке саласы.
Тілдің таңбалық теориялары – тіл құрылымын таңбалар жүйесі деп қарайтын теориялық қағидалардың жиынтығы
Тілдегі даму дегеніміз – тілдегі түрленіс пен өзгерістің жиынтығы
Өзгеру, даму – бір элементтің екінші бір элементті ығыстырып шығаруынан, соның орнын басуынан бастап, белгілі бір форманың бірте-бірте формалық, функциялық немесе семантикалық өзгеріске ұшырауына дейінгі процесс.
Түрленіс – бұрынғы мен жаңа форманың қатар өмір сүруі.
Парадигматиканың нысаны – парадигмалық қатынастардың құрылымын, топтарын, жіктелуін, қызметін зерттеп анықтау.
Парадигма – бір тектес элементтердің тобы, класы
Синтагма – тілдік элементтердің бір-біріне жалғасуы
Синтагмалық қатынас – алдыңғысы кейінгісіне тіркесе, жалғаса айтылатын элементтер байланысы
Синтагматиканың қарастыратыны – жүйелі түрде орналасқан тілдік тұлғалардың сөйлеу процесінде (немесе мәтін құрастыруда) бір-бірімен тікелей байланысқа түсіп тіркесуінен туатын синтагмалық қатынастарды талдап зерттеу.
Этнолингвистика (грек. ethnos халық, тайпа) – тілдің қызметі мен дамуының халық мәдениеті мен психологиясына қатынасын, олардың бір-біріне әсерін зерттейтін тіл біліміндегі бағыт
Глоттометрия - тілдің әлеуметтік салмағын зерттеу
Тілдер типі – тіл құрылымының неғұрлым жалпы, әрі ықшам сипаттамасы, тілдің жекелеген белгілері арқылы анықталған тілдердің негізгі түрлері туралы жинақталған түсінік.
Әдістеме дегеніміз – бақылау, есепке алу, салыстыру, эксперимент сияқты зерттеу тәсілдерінің жиынтығы.
Әдіснама зерттеп отырған нысанда танудың, фактілерді талдаудың жолын айқындайды, ал, әдістеме қажетті фактілерді қалай жинауды, қалай екшеп сұрыптауды, қалай топтап жіктеуді, зерттеуге ыңғайлы, қажетті, тиімді түрге қалай келтіруді анықтайды.
Әдіс – ғылыми зерттеу ісінде қолданылатын әртүрлі әдіс-тәсілдердің, зерттеу ережелерінің жиынтығы, әдістемелер арқылы айқындалған фактілерді ғылыми игеру жолдары, басқаша айтқанда, әр ғылымның тек өзіне ғана тән арнаулы зерттеу жолы, амалы.
Лингвистикалық география әдісі – картографиялық әдіс
Агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы
Ассимляция – дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуі мен бір-біріне ықпалы
Грамматика – тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім
Датив – барыс септік
Дивергенция – ажырасу деген сөз бойынша жасалған термин
Диграф – екі таңбадан тұратын әріп, диграмма
Дилогия – сөйлеу үстінде бір мезгілде сөздің әртүрлі екі мағынада қолданылуы
Дисиллаб – екі буынды сөз
Дорсал дауыссыздар – тіл үстінің алдыңғы жағының таңдайға қарай көтерілуі, тіл ұшының алыңғы тістерге тиюі арқылы жасалатын дауыссыздар: т, д, с
Изоглоссо – тілді лингвистикалық география әдісімен зерттеуде тілдік құбылыстардың таралу шегін көрсететін қатардағы сызықтар, шекаралық белгілер
Иллитерат – әріппен таңбалауға болмайтын түшкіру, пысқыру, ысқыру, күрсіну сияқты дыбыстар
Имплицитті – тілдік материал арқылы ашып көрсетілмеген, бірақ контекст арқылы білініп, сезіліп тұратын жасырын мағына
Императив – бұйрық рай
Инфинитив – флективті және агглютинативті тілдердегі етістіктің қимыл атауының формасы, тұйық рай етістік
Конвергенция – бірдейлесу сөзі бойынша жасалған термин
Конъюнктив – шартты рай
Ксенолексика – басқа тілден ауысқан сөздер мен сөз тіркесі
Лексикология – тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары туралы ілім
Лексика – тілдегі барлық сөздердің жиынтығы
Лингвистика – тіл туралы ғылым
Лингвист – тіл маманы
Локатив – жатыс септік
Морфология – тілдегі сөздің формаларын, өзгеруін, түрленуін зерттейтін ілім
Морфема – сөз формасының ең қысқа мағыналы бөлшегі
Ономасиология – заттың аталу себебін, аталуы мен белгіленуін зерттейтін ілім
Ономапоэтикалық теория – дыбысқа еліктеу теориясы
Омофон – грек тілінің біркелкі, бірдей және дыбыс деген сөздерінен жасалған термин
Омограф - грек тілінің біркелкі, бірдей және жазу деген сөздерінен жасалған термин
Оптатив – қалау рай
Пунктуация – тілдегі тыныс белгілерін зерттейтін сала
Просодия – сөйлеу легін мүшелеу принциптері мен құралдары туралы ілім
Проклитика-өзінен кейінгі атауыш сөздердің фразалық екпіні ішіне кіре айту құбылысы
Семиотика – таңбалар жүйесі
Семантика – мағына деген ұғымды білдіреді
Сема – морфеманың семантикалық жағының ең қысқа бөлігі
Семасиология – сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы
Синтаксис – сөз тіркестері, сөйлем құрылысы мен жүйесін зерттейтін сала
Синхрония – гректің бір кездегі
Супплетивизм – итілдегі грамматикалық мағына білдірудің синтетикалық тәсілі
Сингармонизм – сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі
Транскрипция –дыбыстаңба
Транслитерация – бір жазудағы әріптерді екінші бір жазудың әріптерімен, яғни бір әліпбидегі жазуды басқа бір әліпбиге ауыстыру
Транспозиция – парадигмалық қатардағы бір форманы одан өзгеше басқа бір форманың орнына қолдану кең мағынасында кез келген тілдік форманың ауысуын білдіреді
«Тіл туралы жаңа ілім» (Яфет теориясы) – 20 ғ. 20-30 жж.-нда тіл білімінің жалпы мәселелері жайында Н.Я.Марр ұсынған көзқарастар жүйесі
Узус – әдеби тілдегі норма емес, бір тілде сөйлейтін адамдардың басым көпшілігі қабылдаған сөйлеу үлгісі, сөз қолданудағы әдет, дағды. Әдеби нормалар әр дәуір талабына сай үрдіс ретінде өзгеріп отыруы мүмкін, ал узус тұрақты, халық оны үнемі қолданады.
Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ілім
Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы
Фонология – тіл дыбыстарын атқаратын қызметіне қарай зерттейтін тіл білімінің саласы
Фузия – аглютинацияға қарама-қарсы құбылыс
Эксплицитті – тілдік материал арқылы ашық айтылып, нақты түсіндірілген ақпараттың айқын мазмұны
Элатив – сапаның мейілінше артықшылығын басқа затпен салыстырмай-ақ білдіретін асырмалы шырайдың мағынасы: аса қымбатты
Энклитика - өзінің алдындағы атауыш сөз екпіні ішіне кіре айту құбылысы
Эпоним – елді мекен, қала т.б. адам есімімен аталуы
Этноним – этникалық әртүрлі құрылымдардың, ұлттар мен халықтардың, тайпалар мен тайпалық одақтардың, рулардың аттары
Этимология – жеке сөздердің шығу тегін, даму жайын зерттейтін ілім
