Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТБ Жадист. УП Гос Экз 2016.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
244 Кб
Скачать
☆

Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі

Негізгі әдебиеттер

Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі. Алматы, 1995

Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірмелі сөздігі. Алматы, 2005

Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. Алматы, 1995. 4-6-бб; 9-10-бб.

Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002.

Шәукенов Қ. Синтаксис. Алматы, 1996.200-204-бб.

Қосымша әдебиеттер

Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы, 1994.

Қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесі

Негізгі әдебиеттер:

Құрманова Н. «Жоғары мектепте қазақ тілін оқыту технологиясы» оқу құралы. Ақтөбе, 2002

10-11 кластарға арналған «Қазақ тілі » оқулығы. Мектеп, 2002

Оразбаева Ш,. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі (оқу құралы) Алматы, 2005. 103-109бб.

Айғыбылов А. Лексиканы оқыту методикасы және оның қазіргі міндеті. Қазақ тілі мен «әдебиетін оқыту мәселелері. «Мектеп» 1982.

Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. 2002

Құлмағанбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы. 1988.

Оразбаева Ф.Ш. Н.Х. Шадиева. Лексиканы оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырма. А.. 2003

Глоссарий

Сөз – бір нәрсенің (заттың, құбылыстың, оның сынының, санының, қимыл-қозғалысының) атауы.

Лексема – тілдің өзінің құрамының бір бірлігі ретіндегі сөз.

Лексика – 1. Белгілі бір тілде қолданылатын барлық сөздердің жиынтығы. 2. Жеке ақын-жазушы шығармаларында қолданылатын барлық сөздердің жиынтығы.

Лексикология – сөз туралы ілім.

Лексикография – сөздік жасаудың теориясы мен тәжірибесімен айналысады, олардың ғылыми ұстанымдарын жасайды.

Семасиология – заттар мен ұғымдардың, құбылыстар мен түсініктердің аталуы үшін қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын зерттейтін ғылым саласы.

Этимология – сөз төркінін зерттеп, айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір саласы.

Фразеология – 1) тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы; 2) бір тілдегі тұтас фразеологиялық қор.

Сөздік қор – тіліміздің сөздік құрамына ұйытқы болған, ең байырғы түбір сөздер.

Сөздік құрам – тілдегі барлық сөздердің жиынтығы.

Әлеуметтік лингвистика – тіл мен қоғамдық өмір деректеріндегі себептік байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы.

Қолданылу өрісі тар (шектеулі) сөздерге: діни сөздер, кәсіби сөздер және термин сөздер жатады.

Діни сөздер – дінге, діни ұғымдарға қатысты сөздер.

Кәсіби сөздер – белгілі бір шаруашылыққа (бау-бақша, мақта, темекі, аң, ара, балық т.б.), кәсіпке (зергерлік, тоқымашылық, ұсталық, етікшілік т.б.) қатысты сөздер.

Термин сөздер – ғылыми ұғымды атау үшін арнайы қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері.

Терминдердің өздеріне тән ерекшеліктері: нақтылы ғылыми ұғымның атаулары; тек ғылыми жүйеде ғана термин бола алады (яғни әр ғылым салаларының өз терминдер жүйесі болады.); тек тура мағынада ғана жұмсалына алады; бейнелілік, образдылық, стильдік реңк, ауыс мағына дегендер болмайды.

Әдеби сөздерге жалпыхалықтық сөздер мен жағымды, сыпайы (дөрекі емес) мәнді сөздер, стильдік жағынан сараланған сөздер жатады.

Басқыншы сөздер (варваризмдер) – бөтен тілдің сөздері.

Бейтарап сөздер – ешқандай стильге қатысты болмай, жалпы түрде, барлық стильдерге ортақ қолданылатын сөздер тобы.

Жалпыхалықтық сөздер – күнделікті тұрмысқа ең қажетті және көп қолданылатын, елдің бәріне бірдей түсінікті сөздер.

Жаңа сөздер – белгілі бір жаңа заттарды немесе жаңа ұғымдарды белгілеу үшін жаңадан жасалған сөздер.

Лексикалық жаңа сөздер – жаңа ұғымдардың тууымен бірге шыққан жаңа терминдер.

Семантикалық жаңа сөздер – калька тәсілімен сөзбе-сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағына.

Жергілікті сөздер – белгілі бір аймақ көлемінде тұратын жергілікті тұрғындардың ауызекі сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздері мен сөз тіркестері.

Диалектология – тіл білімінің жергілікті сөздерді зерттейтін бір саласы.

Жүрдек сөздер – тілде жиі қолданылатын сөздер.

Көнерген сөздер – зат жоғалмағанымен, оның аты ғана өзгеріп, жаңа ат алуына байланысты әлгі заттың қолданыстан шығып қалған көне атауы.

Тарихи сөздер – заманның өзгеруімен қоса сол заманға тән заттар мен олардың атауларының бірге жоғалуы.

Кірме сөздер – өзге тілдерден ауысып келген сөздер.

Сырдақ сөздер – тілде сирек қолданылатын сөздер.

Төл сөздер – қазақ тілінің өзіне ғана тән сөздері.

Қарапайым сөздер – сөйлеу тілінде сөздің мазмұнын тұрпайыландыра, айналдыра түсу мақсатымен қолданылатын тілдік құралдар.

Сезімдік сөздер – адамның сезіміне байланысты сөздер.

Пейілдік сөздер – адамның сезіміне емес, ойына, санасына, пейіліне қатысты сөздер.

Түбір сөздер – ешбір қосымшасыз, тек бір ғана түбірден тұратын сөздер.

Туынды сөздер – түбірге жұрнақтар жалғану арқылы жасалған сөздер.

Біріккен сөздер – екі я одан да көп түбірден бірігіп, бір ғана ұғымды білдіретін сөздер.

Кіріккен сөздер – біріккеннен кейін өз тұлғаларын сақтамай, кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшыраған сөздер.

Қос сөздер – әр түрлі екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған сөздер.

Қысқарған сөздер – бірнеше сөздің тіркесінен құралған күрлелі атаулар мен мекеме, ұйым атауларының қысқартылып қолданылуынан пайда болған сөздер.

Күрделі сөздер – екі я одан да көп сөздердің тіркесінен жасалып, бір-ақ ұғымды, бір-ақ мағынаны білдіретін сөздер.

Негізгі сөздер – жеке қолданылатын, жеке тұрып, сөйлем мүшесі бола алатын сөздер.

Көмекші сөздер – жеке қолданылмайтын, жеке тұрғанда ешқандай мағынасы жоқ, тек негізгі сөздермен тіркесіп қана жұмсалатын сөздер.

Нақты сөздер – жеке заттың атауы.

Жалпы сөздер – бірнеше затқа ортақ атау.

Түрпеттес сөздер – мағыналары бірдей, бірақ тұлғалық құрылымы жағынан азды-көпті өзгешеліктері бар бір тілдегі жарыспалы түрпеттер.

Фонетикалық түрпет – дыбыстық құрылымы әр түрлі бір сөз.

Айтылымдық түрпет – бір сөздің әр түрлі айтылуы..

Жазылымдық түрпет – бір сөздің әр түрлі жазылуы.

Морфологиялық түрпет – түбірінде айырмашылықтары жоқ, тек қосымшалары әр түрлі болып келетін бір сөз.

Грамматикалық түрпет – бір түбірден әр түрлі тәсілдер арқылы жасалған жарыспалы сыңарлар.

Лексикалық түрпет – лексикалық мағынасы бірдей, бірақ тұлғалары мүлде бөлек-бөлек сөздер.

Қосақтар – қолданылу аясы жағынан да, стильдік бояуы жағынан да ешқандай айырмашылықтары жоқ лексикалық түрпеттер.

Мәндес сөздер – ұғымы (мағынасы) бір-біріне өте жақын, бірақ тұлғасы жағынан басқа-басқа сөздер.

Мағыналық мәндес сөздер – әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар мәндестер.

Стильдік мәндес сөздер – мағыналық жағынан тең бола тұра, бір-бірінен стильдік бояуы жағынан ерекшеленетін мәндестер.

Мәндес сөздердің қатары – өзара мәндес, мағыналас сөздердің тобы.

Тірек сөз – мәндес сөздерді мағына жағынан ұйыстыруға ұйытқы болып тұратын басты сөз.

Қарсы мәндес сөздер – түбірлері бөлек-бөлек, мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

Айтылымдас сөздер – айтылуы бірдей, бірақ жазылуы мен мағынасы әр басқа сөздер.

Жазылымдас сөздер – жазылуы бірдей, бірақ айтылуы мен мағынасы әр басқа сөздер.

Тұлғалас сөздер – айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағыналары әр басқа сөздер.

Сыпайы сөздер – тура, ашық айтуға қолайсыз немесе ұят саналатын дөрекі, тұрпайы, әдепсіз сөздерді басқа, сыпайы сөзбен ауыстырып қолдану арқылы жасалған сөздер.

Тұрпайы сөздер – әдепті сөзді әдепсіз сөзбен ауыстырып айту арқылы жасалатын сөздер.

Тергеу сөздер – атын тура атауға тыйым салынған сөздерді басқа сөзбен ауыстырып қолдану арқылы жасалған сөздер.

Сипаттама сөздер – затты өз атымен атамай, оның ерекше бір қасиетін сипаттау, айқындау арқылы сол затты бейнелі, мәнерлі түрде басқаша атау.

Жұптас сөздер – тілімізде өзара жұптасып ұдайы қатар қолданудың нәтижесінде әбден тұрақтанып кеткен, бір мағына білдіретін мәндес сөздердің тіркесімі.

Көшірме сөздер – өзге тілдердегі туынды сөздер мен күрделі сөздердің, сөз тіркестерінің құрылым-құрылысын, мағыналық жақтарын сақтай отырып, оларды қазақ тіліндегі сәйкес бірліктер арқылы дәлме-дәл аударып беру.

Толық көшірме – аударылуға тиісті тілдік бірліктердегі сыңарлардың түгел, әрі толық аударылуы.

Жартылай көшірме – аударылуға тиісті тілдік бірлік сыңарларының жартылай, яғни бір ғана бөлігінің дәл, ал екінші бөлігінің шала аударылуы.

Көшірмелеу – басқа тілдің сөзжасам үлгісін пайдалану арқылы соған ұқсас жаңа сөз немесе жаңа тіркес жасау тәсілі.

Елтаным сөздер – бөтен халықтардың өзіндік ерекшеліктерін, ұлттық сипаттарын көрсету үшін саналы түрде, әдейі қолданылған, сол елдерге ғана тән сөздер.

Бірқолданым сөздер – жеке адамдар жасаған, бірақ жалпыхалықтық қолданысқа түспеген сөз; төлиелік сөз.

Сөздену – белгілі бір тілдік бірліктердің дербес мағынада жұмсала келіп, жеке атауыш сөзге айналуы.

Сөз төркіні – тіл білімінің сөздер мен сөздік тұлғалардың шығу тегін, төркінін, даму тарихын зерттейтін саласы.

Сөздікжасам – сөздік жасаудың теориясы мен ұстанымдары, сөздік жасау ісі мен тәжірибесі.

Теориялық сөздікжасам – сөздіктердің типтерін, жасалу ұстанымдарын, құрылымын анықтайды; әр түрлі сөздіктердің мақсаттары мен міндеттерін көрсетеді.

Тәжірибелік сөздікжасам, негізінен, сөздіктер жасаумен, сөздерді тілдік тұрғыдан сипаттаумен және оларды нормаға түсірумен шұғылданады.

Сөздік – белгілі бір тілдегі сөздердің немесе сөздер тобының жиынтығын көрсететін анықтамалық құрал.

Фразеология – тіл білімінің тұрақты тіркестерді зерттейтін саласы.

Фразеологизм – тілдегі тұрақты тіркестер.

Фразеологизм – тіркес құрамындағы сөздер әуел бастағы негізгі, тура мағыналарынан айырылып, бәрі жиналып бір ғана ұғымды білдіретін тілдік бірліктер.

Фразеологиялық тұтастық – фразеологизмнің құрамындағы сөздердің бір-бірімен тұтасып, жымдасып кеткен мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер.

Идиома – өзінің мағынасы жағынан бүтінді құрайтын элементтердің мағыналарымен сәйкеспейтін тілдік единицалардың тіркесі.

Фразеологиялық бірлік – фразеологизмнің құрамындағы сөздердің мағыналарының тасалануы сәл бәсеңдеу.

Фразеологиялық тізбек – еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолдану, яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуға жақындап, күңгірт тарта бастауы.

Фразеологиялық мағына – әр уақыт тек келтірінді, ауыс, бейнелі, экспрессивтік мағынада қолданылатын түйдектік мағына.

Фразеологиялық түрпеттер – мағына бірлігінде ешқандай өзгешелігі жоқ, құрылым-құрылысы жағынан ұқсас келген тұрақты тіркестер.

Мәндес фразеологизмдер – мән-мағынасы жағынан үйлесе келіп, бірінің орнына бірі балама болып қолданылатын тұрақты тіркестер.

Қарсы мәндес фразеологизмдер – мән-мағынасы жағынан бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын тұрақты тіркестер.

Тұлғалас фразеологизмдер – айтылуы бірдей, бірақ мағыналары мен шығу тегі бөлек-бөлек тұрақты тіркестер.

Көп мағыналы фразеологизмдер – тұрақты тіркестердің екі я одан да көп мағына беруі.

Мақал – өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысында шарт немесе жалпы байымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы.

Мәтел – халық арасында көп тараған, қорытындысы болмайтын, тұжырымы тиянақталмаған, қарама-қарсы шендестіруі жоқ, ықшам да кестелі халық сөзі.