Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖТБ Жадист. УП Гос Экз 2016.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
244 Кб
Скачать
☆

Қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесі

Оқыту әдісі - білім беру әдістері оқушылардың білім мен білігін, олардың практикалық дағдысын қалыптастыру жолындағы мұғалімнің жүргізетін жұмыстарының тәсілі және оқушылар жүргізетін жұмыстың мұғалімнің басшылығымен орындалатын тәсілі.

Әдіс (метод – грек тілінен енген сөз) - оның бастапқы ұғымы «зерттеу» деген мағынаны берген. Кейін мағынасы кеңейіп «белгілі бір пәнді оқытудың әдісі» дегенді білдіреді.

Лексикалық парадигма дегеніміз - өзара мағыналық байланысы бар, бір тақырыпқа қатысты сөздердің тобы.

Семантикалық принцип сөздердің әр түрлі сөздермен мағыналық байланысына қарай лексикалық парадигма жасау қабілетімен байланысты.

Диахрониялық принцип – тіліміздегі сөз байлығының пайда болу, жасалу, қалыптасу тарихын халық өмірімен салыстыра түсіндіруге негізделген, ол басқа тілден енген сөздер, көнерген сөздер мен неологизмдер, кәсіби сөздер туралы ұғымдарды түсіндіру, ұқтыру, меңгерту барысында қолданылады. Оқытудың проблемалық түрі. Қ. Жұбановтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі. Оқу процесін бақылау әдісі. Синтаксистік ұғымдарды қалыптастыру ерекшеліктері және оны оқыту әдісі. Стилдік қатені болдырмау және түзету әдісі. Оқушылардың тілін дамытуға арналған сынақ жұмыстарының түрлері және оны жүргізудің әдісі. Қазақ тілін тереңдетіп оқытудың әдіс-тәсілдері. Көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімді жолдары. Сабақтың типтері мен түрлері. Сөзжасамды оқыту жолдары. Қазақ тілін оқытудағы оқытудың жаңа технологиялары.

Жалпы тіл білімі

АЛҒЫ СӨЗ

«Жалпы тіл білімі» пәні филолог мамандарды даярлаудағы мемлекеттік стандартқа енген міндетті компонент болып есептеледі. Мемлекеттік емтиханның оқу бағдарламасы типтік бағдарламаға (Алматы, 2012 жыл) сәйкес жазылды.

Филолог мамандардың ғылыми ой-өрісін қалыптастыруда тіл білімі тарихының ғылым ретінде пайда болуы ерекше рөл атқарады. Тіл білімінің негізін салушы ғалымдар, олардың негізгі еңбектері мен тұжырымдарын білу – әрбір филолог маманның міндеті.

Оқу бағдарламасының мақсаты - филолог-студенттердің жалпы лингвистикалық дайындығын тереңдету, тіл білімі ғылымының қалыптасу және дамуын, сонымен қатар әр түрлі лингвистикалық мектептер мен бағыттарды меңгерту. Жалпы тіл білімі пәні әлемдік тілдердің әмбебап, барлығына ортақ мәселелерін зерттеуге бағытталады, соның негізінде жалпы тілдік теорияларды қалыптастырады, ол туралы нақты білім береді. Бұл курста тіл білімінің тарихы, ғылым ретінде қалыптасуы, оған негіз болған лингвистикалық мектептер мен ілімдер, тіл теориясының негізгі мәселелері ғылыми тұрғыдан қарастырылады.

Оқу бағдарламасының міндеттері:

  • негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, ғылыми идеяларға сын көзбен қарап, дәлелдей алу және концепциялар мен теорияларды талдау;

  • лингвистикалық талдаулардың әдістерімен танысып, оларды практика жүзінде қолдануға шыңдалу;

  • лингвистикалық ойлау қабілетін қалыптастыратын жалпы методологиялық сипаттағы күрделі мәселелерді түсінуге, яғни тілдің мәні, тілдің және тіл бөлшектерінің семиологиялық табиғаты, тілдің дамуы мен тілдің коммуникативтік қызметі, тіл-ойлау,-ақиқат, тіл және қоғам, тіл және басқа коммуникативтік құралдар және т.б. мәселелер;

  • тіл білімі тарихының даму және қалыптасу сатыларын, бағыттары мен концепцияларын түсіну;

  • қазіргі тіл білімінің «портретін» қалыптастыратын негізгі лингвистикалық пәндермен – әлеуметтік тіл білімі, психолингвистика, когнитивтік лингвистика және т.б. танысу.

Жалпы тіл білімі пәні

Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелетіні. Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны - адамдардың дыбыстық тілі. Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын, фунциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-санамен, мәдениетпен қарым-қатынасн түгел алып, жан-жақты зерттейтіні. Жалпы тіл білімі дыбыс тілі атаулының барлығына тән ортақ мәселелерді, ортақ заңдылықтарды сөз ететін. Зерттейтін нысаны – жалпы тіл атаулының барлығына немесе басым көпшілгіне бірдей қолдануға болатын жалпы тілдік теория екені. Курсты қамтылуға тиісті негізгі мәселелер:

1. Тілдің өзіндік табиғаты мен мәні, сөйлеумен, қоғаммен байланысы, атқаратын қызметі.

2 Тілдің құрылым, құрылымдық элементтерінің бір-бірімен байланысы, арақатынасы.

3 Тілдің таңбалық, жүйелік сипаттары.

4 Тіл деңгейлері. Грамматикалық категорялар.

5 Тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, тілдік құбылыстарға түрткі болатын ішкі, сыртқы жағдайлар, тілдер дамуында болатын дифференциялық (даралану), интеграциялық (жақындасу) процестер, жалпыхалықтық тіл, диалект, сөйлеу тілі мен әдеби тіл, тілдік одақ т.б.

6 Тілдердің типологиялық, генеалогиялық топтары, жіктелісі

7 Тіл білімінің зерттеу әдістері

8 Тіл білімінің негізгі салалары, басқа ғылымдармен қатынасы, өзіндік орны

9 Тіл білімінің тарихы, ондағы басты кезеңдер

10 Тіл білімі тарихындағы негізгі бағыттар мен мектептер екендігі

Зерттеу сипатына қарай қазіргі заман тіл білімі қолданбалы, салыстырмалы-тарихи, типологиялық, структуралық, ареалдық, математикалық т.б. тіл білімі болып бөлінетіні. Жалпы тіл білімінің әлемдік ғылымда теориялық саласы ретінде танылуы – 19 ғасырдың басында, салыстырмалы-тарихи әдістің тіл білімінің зерттеу әдісіне айналуы нәтижесінде қалыптасқаны. Ол әлемдік тілдердің универсалды, барлығына ортақ мәселелерін зерттеп, соның негізінде жалпы тілдік теорияны қалыптастырғаны. Сондықтан жалпы тіл білімі бүкіл тіл ғылымының бағыт-бағдар сілтейтін жетекші, бағдарлағыш ғылым деп есептелетіні. Тіл білімі қоғамдық ғылымдармен де, табиғаттану ғылымдарының алуан түрлі салаларымен де, философия ғылымымен де байланысты екені. Тіл - өзінің пайда болуы, дамуы жағынан адамзат қоғамымен тікелей байланысты қоғамдық құбылыс, ол – қоғамда аса маңызды қарым-қатынас құралы қызметін атқарады. Сонымен бірге тіл, оны зерттейтін тіл білімі қоғамдық санамен, ойлаумен тығыз байланысты. Сол себепті тіл білмі адамды, адамзат қоғамын зерттейтін қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдарға жататыны. Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс-тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт-бағдарына қарай жіктеушілік бар екені. Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы-тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралық, психологиялық, этнографиялық, эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы тіл білімі т.б. жататыны.

Тіл білімнің теориялық мәселелері

1.Тіл теориясының мән-мағынасы, негізгі проблемалары, күрделі салалары, ол салалардың басқа ғылымдармен байланысы.

2.Тілдің анықтамасы, бұл мәселедегі ала-қлалық. Тілге дұрыс анықтама берудің теориялық мәні. Тілдің коммуникативтік, экспрессивтік функциялары, бұле кеуінің арақатынса, коммуникативтік функцияның мәнділігі. Тілдің структуралық, семиотикткалық сипаттарына қарай, қоғамның, мәдениеттің дамуына тигізетін әсеріне, алатын орнына қарай беріліп жүрген анықтамалар. Тілдің табиғаты мен мәні.

3.Тіл табиғаты денег оның қандай құбылыстар қатырна жататыны, мәні дегенге оның қоғамда атқаратын қызметі ерекшелігі жаттаны. Бұл мәселерді шешуде болып келе жатқан пікір қайшылықтары. Тіл білімі тарихында болған әр түрлі мектептердің, бағыт-бағдарлардың дүниеге келуіне ғалымдардың тілдің табиғаты мен мәнін қалай түсінетіндіктерінің себеп болғандығы және қазірде де солай болып келе жатқаны. Кеңес тіл мамандары басшылыққа алған қағидалар. Тіл мен сөйлеу. Бұл екеуі арасындағы бірлік және өзгешеліктер. Сөйлеуде болатыны индивидуалдық сипаттар. Сөйлеудің психологиялық жақтары, пайда болу жолдары. Тіл тіршілігі, оның дамуы, өз мүмкіндіктерін жан-жақты көрсете алуы сөйлеуге байланысты екені, сөйлеу тілдің жаны болып есептелетіні. Сөйлеу әрекеті мәселесін шешуде тіл білімі мен психология ғылымдарының өзара байланыста екені.

4.Тіл мен сөйлеу арасындағы қарым-қатынастарды айқындауда Ф.де Соссюр заманына бері қарай болып келе жатқан пікір таластары.

5.Тіл мен ой-сана арасындағы қарым-қатынас. Бұл проблеманың заман тарихы барлығы. Бұл екеуі арасындағы қарым-қатынасты айқындаудағы түрлі көзқарастар: екеуін тепе-теңдік бірлікте қарау, бұлардың арасында ешқандай бірлік жоқ, екеуі екі түрлі ғылым объектілері деушілер.

6. Тілдің жүйелік, структуралық сипаттары. Бұл екі термин жөніндегі көзқарастар. Тілдің структуралық элементтерін зерттеу мен структурализм. Бұл екеуі арасындағы өзгешеліктер. Тілдің структуралық салалары, олардың әрқайсының өзіндік сипаттары, арақатынастары, жүйенің анықтылығы, оның мәні. Жүйе элементтері арасында жүйесіздіктің де болатыны.

7. Тілдің таңбалық сипаты. Жалпы семиотика мен тілдік семиотика. Таңба, оның түрлері: графикалық, акустикалық, заттық, ақша таңбалары мен нұсқау. Бұлардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері. Тілдік таңбалар, олардың түрлері мен функциялық ерекшеліктері. Семиотиканыы сипаттаудағы философтардың арасындағы қайшылықтар.

8. Тіл және қоғам. Социологиялық тіл білімі, оның объектісі. Дыбыс тілінің пайда болуы, бұған байланысты көзқарастар. Тіл және этникалық бірлік. Дүние жүзіндегі тілдердің сандық шамасы мен жіктелу түрлері. Тілдердің бір-біріне қосылу және бір-бірінен бөліну, жекелену процестері, бұлардың қоғаммен, қоғамдық формациялармен байланысы, соңғыларының тілге тигізетін әсері мен ықпалы. Билингвизм, оны туғызатын себептер, әлемдік тілдің болу қажеттігі, бұл жөніндегі пікірлер, әрекеттер. Тілдің функциялық, аймақтық, әлеуметтік типтері, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері. Әдеби тіл. Тілдік дәстүр (узус) және әдеби тіл нормасы.

9. Тілдің даму заңдылықтары. Бұл мәселеге байланысты айтылып жүрген пікірлер. Тіл дамуының өзіндік заңдылықтары. Тілдік өзгеріске әсер ететін ішкі және сыртқы себептер. Тілдің функциялық және структуралық салаларының дамуының біркелкі болмайтыны, оның себептері лексиканың, фонетиканың, грамматиканың дамуындағы өзгешеліктерге байланысты екені. Тілдің қай саласында болса да тұрақты тұлғалар мен тұрақсыз, өзгерімпаз тұлғалардың болатыны.

10. Тіл деңгейлері. Олардың қалыптасуындағы негізгі шарттар, тіл деңгейлерінің түрлері жайындағы пікірлер.

11. Грамматикалық категория. Ол жайындағы пікірлер, қалыптасу шарттары, грамматикалық категорияның қалыптасуында формаға қарағанда грамматикалық мағынаның шешуші қызмет атқаратыны туралы пікірлер.

Тіл білімі тарихы. Ежелгі заман тіл білімі.

Тіл білімі тарихының объектісі. Тіл білімі тарихын дәуірге бөлу проблемасы. Ежелгі заман тіл білімі. Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттар. Филологияның тууына түрткі болған себептер. Ежелгі заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер. Ежелгі қытай тіл білмі. Мұнда қалыптасқан атау теориясы мен иероглифтік грамматика. Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшеліктері. Ежелгі үнді тіл білмі. Оны туғызған себептер. Яски мен Панини еңбектері. Панини жазған санскрит грамматикасының мәні. Үндістан тіл білімінің тіл білімі тарихындағы орны, маңызы. Ол жөнінде пікірлер. Үнді тіл білімінің кемшіліктері мен әлсіз жақтары. Байырғы тіл білімі. Мұны туғызған себептер. Грек тіл білімінің қалыптасуындағы философтардың рөлі. Грек тіл білімінің негізгі объектілері: атау теориясы, тілдің шығуы, грамматикалық өнер. Бұл салаларға баланысты айтылған негізгі тұжырымдар, олардың әлді, әлсіз жақтары. Александрия тіл мектебі, оның көрнекті өкілдері. Бұл мектеп грек тіл мектебі, оның көрнекті өкілдері. Бұл мектеп грек тіл білімінің кейінгі дәуірлерде тіл білімі дамуына тигізген әсері мен ықпал еткенін білдіретіні.

Орта ғасыр тіл білімі.

Бұл дәуірдің ерекшеліктеріне қысқаша шолу. Әлемдік діндердің, канондық тілдердің пайда болуы, бұлардың тіл біліміне тигізген әсері. Схолостикалық бағыттың ықпалдары. Реалистік, номиналистік бағыттар. Орта ғасыр лингвистикасына тән негізгі сипаттар. Орта ғасырдағы Рим тіл білімі. Рим тіл білімінің грек тіл білімімен бірлігі мен оған қосқан үлесі. Латын тілінің канондық тілге айналуы, оның грамматикасының бүкіл Европа халықтары тілдерінің грамматикасына үлгі болуы. Ора ғасырдың соңғы кездеріндегі грамматикалық туындылар. Орта ғасырлық араб тіл білімі. Арабтардың ежелгі заман тіл білімін пайдаланып, тіл білімін дамытуы. Арабтардың тіл зерттеуіндегі өзіндік бағыттары, тың жүйелері. Араб ғалымдарының шет тілдерін зерттеу тәжірибелері, тіл білімі тарихында бірінші болып әр түрлі тілдік фактілерді бір-біріне салыстыра зерттеу әдістерін қолданғаны. Олардың түркі, маңғол, парсы, араб тілдерінің салыстырма сөздіктерін, грамматикалық очерктерін жазғаны. Бұған түркі тайпаларынан шыққан ғалымдардың қатынасқаны. Ислам дінінің тарауына байланысты араб тілінің канондық сипатқа ие болғаны.

Қайта өркендеу дәуірі тіл білімі.

Бұл дәуірдің өзіндіксипатына қысқаша шолу. Жаңа жерлердің, бұрын белгісіз халықтар мен тілдердің ашылуы, соның негізінде тіл білімінің жаңа сипатта дамуы. Бұл дәуірдегі тіл білмінің негізгі проблемалары: а) ұлттық тілді қалыптастырп дамыту; ә) жаңадан ашылған тілдерді үйреніп зерттеу; б) ежелгі заман тіл біліміндегі ой-пікірді, филологияны дамыту. Ұлттық сезімнің оянуына байланысты ұлттық тіл мен ұлттық мәдениетті, әдебиетті дамытуға күш жұмсау. Салыстырмалы сөздіктердің, грамматикалық еңбектерідің көбеюі. Тілдік зерттеулердің бұрын болмаған жаңа түрлерінің көріне бастауы, логикалық бағыттың күшеюі, логикалық (рационалдық) грамматикалардың жарық көруі. Пор-Рояль грамматикасы, оның өз заманындағы мәні, әсері. Тіл білміндегі универсализм бағытының кейінгі дәуірлердегі дамуы.

ХІХ ғасыр тіл білімі.

Онда 17-18 ғ. тіл біліміндегі ой-пікірдің әрі қарай тереңдеп дамығаны. әр түрлі тілдердің фактілерін бір-біріне салыстыра зерттеу бағытының біртіндеп көріне бастауы, соның нәтижесінде тілдердің өзара туыстас, төркіндес болатындығы туралы пікірлердің тууы. Мұндай пікірлердің кейінгі дәуірде дүниеге келген салыстырмалы-тарихи тіл біліміне негіз болғаны. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Оның объектісі, көздейтін мақсаты. Тілдер туыстығына негіз болатын тілдік материалдар. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі дамуының үш кезеңі. Бірінші кезеңнің, яғни салыстырмалы-тарихи әдістің, қалыптасу кезеңнің өзіндік

сипаты. Оны қалыптастыруда Ф.Бопп, Р.Раск, Я.Гримм, А.Востаков, В.Гумбольдтың алатын орны. В.Гумбольдтің тіл философиясы, Тілдер семьясы, праязык (ата тіл) теориялары. Бұл әдістің қалыптасу кезеңіндегі жетістіктер мен кемшіліктер. Марксизм классиктерінің салыстырмалы-тарихи біліміне, оның кейбір көрнекті өкілдеріне берген бағалары. Компаративистика дамуының екінші кезеңі. Бұлдәуірдің өзіндік ерекшелігі, алдыңғы дәуірден өзгешелігі, көрнекті өкілдері: К.Бругман, Б.Дельбрюк, А.Мейе т.б. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің үшінші кезеңі, яғни қазіргі замандағы жай-күйі. Бұл дәуір компаративистиканың ең жетілген, кемшіліктерінің едәуір арылған кезең екендігі.

ХІХ ғасыр тілі білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдары.

Олардың дүниеге келтірген себептері. а) Натуралистік –биологиялық бағыт. Бұл бағыттың өзіндік концепциялары. Көрнекті өкілдері. Зерттеген негізгі проблемалары, қателіктері. ә) Логика-грамматикалық бағыт. Көрнекті өкілдері. Көтерген негізгі проблемалары. Әлсіз жақтары. б) Психологиялық бағыт. Даралық (индивидуалдық) және әлеуметтік психологизм. Бұлардың негізгі концепциялары. Психологиялық тіл білімінің қазіргі заман тіл біліміндегі орны. в) Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм). Қалыптасқан мерзімі, көрнекті өкілдері, негізгі концепциялары, тіл білмі дамуына қосқан қомақты үлесі, әлсіз жақтары, қате тұжырымдары. Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептері. Бұлардың көрнекті қайраткерлері. Ұстанған негізгі бағыттары. Зерттеген проблемалары.