Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тол.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115 Кб
Скачать
☆

1.2 Эмоцияны бейнелейтін лексикалық бірліктердің зерттелуі

Тілімізде лексика-грамматикалық ерекшелігі мен фонетикалық құрылымы жағынан өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын еліктеуіш сөздер автор еңбегінде жан-жақты талданады. Дәстүрлі грамматикада еліктеуіш сөздер дыбыстық еліктеуіштер және бейне- леуіш сөздер болып бөлінетіні белгілі. Біреуі табиғаттағы түрлі дыбыстарға еліктеуден, екіншісі табиғаттағы түрлі құбылыстардың бейнесіне еліктеуден туған сөздер болып табылады. Адамның қабыл- дау мүшелері тұрғысынан қарағанда дыбыстық еліктеуіштер құлақ арқылы қабылдаудың, ал бейнелеуіш сөздер көз арқылы қабылдаудың нәтижесі екендігі белгілі. Ал автордың пікірінше еліктеуіш сөздердің жасалуына тек көз бен құлақ қана емес, адамның қабылдау мүше- лерінің барлығы қатысады, сондықтан жоғарыдағыдай топтау елік- теуіш сөздерді толық қамти алмайды. Автордың уәжіне сүйенсек, жоғарыдағыдай топтау кезінде адамның көз бен құлақтан басқа сезім мүшелерінің қатысуы арқылы жасалған мүңк, аңқ, дір, шым сияқты 25 сөздер еліктеуіш шеңберінен шығып қалады. Осындай дәлелдер келтіре отырып, зерттеуші еліктеуіш сөздерге қатысты өз топтастыру нұсқасын ұсынады, бұл жерде эмоция әсерін басшылыққа алу керек деп есептейді. Автор тұжырымын келтіре кетейік: «Сондықтан қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздерде эмоцияның әсері жоғары болғандықтан ең алдымен айтылуына қарай ілездік, жай деп, содан кейін іштей мағына- сына қарай 1) дыбыс еліктеуіш (топ, ыр т.б.); 2) бейне бейнелеуіш (жыбыр, жалт т.б.); 3) иіс бейнелеуіш (мүңк, аңқ т.б.); 4) дене бейнелеуіш (дір, шым т.б.) деп төрт топқа бөлуге болады»]. Автор тұжырымының ғылыми айналымға ену-енбеуі, теориялық тұрғыдан дұрыс нәтиже ретінде қабылдану-қабылданбауы уақыттың еншісінде. Еңбекте қосымша негізді эмоционалды сөздер ретінде сөзту- дырушы, сөзтүрлендіруші жұрнақтар мен кейбір жалғаулар арқылы эмоционалды мәнге ие болатын сөздер қарастырылады. Қазақ тіл білімінде еркелету, кішірейту, сыйлау, менсінбеу т.б. мән беретін жұрнақтар адамдардың күнделікті өмірдегі түрлі қарым-қатынасы кезінде бір-біріне деген алуан түрлі көңіл-күйін, сезімін білдіру үшін қолданылады. Олар жаңа сөз жасамағанымен сөздің лексикалық мағынасын әр түрлі реңкке құбылтады. Бұл жұрнақтар орта мектеп пен жоғары оқу орындары оқулықтары мен оқу құралдарында жалпы мәлімет беру үшін қолданылады, сондай-ақ, лексикология, стилистика, тіл мәдениеті салаларындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарында зерттеу нысанына қатысты сөз болып жүр. Зерттеу жұмысында -еке, -қа,/ке, - й; -тай, -жан; -қан; -ақан; - қай т.б. да жұрнақтар өздері жалғанған сөзге сыйлау, құрметтеу, жақсы көру, еркелету, еркелеу, менсінбеу, қомсыну т.б. да эмоционалды мән үстейтін қосымшалар ретінде талданады. Сөзтудырушы жұрнақтар мәселесіне қатысты негізгі ой эмоция арқылы шыққан сөздерге жалғанып етістік тудыратын жұрнақтарға қатысты өрбиді. Автор еңбегінде еліктеуіш сөздерден жасалған эмо- ционалды етістіктер жасалу жолына қарай екі топқа бөлініп беріледі. Бірінші топтағы етістіктер еліктеуіштен етістіктің жасалуында форманттарды қажет етеді. Мысалы, сипаңда, қайқаңда, делбеңде, салпақта, сүмеңде т.б. Екінші топтағы етістіктер форманттарды қажет етпей түбірге тікелей жалғану арқылы жасалады. Мысалы, қайқай, сөлпи, шұнти, мөли т.б. Зерттеуші өз еңбегінде эмоционалды бірліктердің фоносеманти- калық сипатына басты назар аударады, дыбыс символизмінің теория- лық қағидаларын басшылыққа ала отырып төмендегідей қорытындыға келеді: «-эмоционалдық сөздер дыбыстық деңгейде дыбыс символи-26 калық жүйеде көрініс беретіні анықталды. Десек те, олардың ішінде негізінен мимеоинтракинесемизмдер мен экстракинесемизмдер арқылы ғана көрініс табады; - сондай-ақ, бұл құбылыстың қалған қалдықтарын семантикалық жолмен жасалған толық мағыналы эмоционалды сөздердің бойынан да байқауға болады. Біз қазіргі тілде дыбыс пен форманың (мағынаның) байланысы толықтай сақталған деуден аулақпыз. Бұл құбылыс арқылы тілдің пайда болуында дыбыс пен формаға байланысты, уәждік сипатқа ие болған деп шамалаймыз. Бірақ қазіргі тілде олар еліктеуіш сөздерде 60-70 пайызға дейін сақталса, толық мағыналы сөздерде 50 пайызға да жетпейді. Кейбір сөздерде тек шарттылыққа құрылған, уәжсіз сипатқа ие» . Адам эмоциясының тілдегі көрінісін беретін құралдардың ішінде фразеологизмдердің алатын орны ерекше. К.С. Сарышованың зерттеу жұмысында жеке тұрып адамның эмоциясын сипаттайтын, эмоцияны бейнелейтін фразеологизмдер зерттеу нысаны ретінде алынып, өз алдына жеке семантикалық топ ретінде қарастырылады. Эмоционал- дылық мәселесі фразеологизмдерге қатысты бұған дейінгі жазылған зерттеу жұмыстарында әр түрлі деңгейде айтылып жүргенімен бөлек топтастырылып, жеке зерттелмеген болатын. Бұл зерттеу жұмысында эмоцияны бейнелейтін фразеологизмдер қазақ тіл білімінде алғаш рет кандидаттық диссертация деңгейінде, соңғы жылдары қалыптасқан лингвистика ғылымындағы жаңа қолданыстар негізінде ғылыми тұрғыда талданады. Автор зерттеу жұмысында өзіне дейінгі жазылған еңбектердегі ғалымдардың пікірлері мен тілдік фактілерге ден қоя отырып, фразео- логизмдердегі эмоциялық мағына үш түрлі негізге сүйенеді деп түйіндейді. Бұлардың біріншісі жөнінде зерттеуші қазақ тілі фразео- логизмдерінің құрамындағы аза бойы қаза болу, алпыс екі тамыры босау, екі көзі шарасынан шығу, көңілі су сепкендей басылу, қу жаны қуырдақ болу, қанын ішіне тарту, сабасынан шығу, тірідей жерге кіру, ішін иттей кеміру сияқты эмоцияның бейнеленуі фразеоло- гиялық тіркестің жалпы мағынасынан көрінетін тілдік бірліктерді топтастыра отырып: «1. Эмоциялық бояу, фразеологизм анықтамасына сай, фразеологиялық тіркес құрамындағы жеке сөздердің мағынасын ескермей, мағыналық тұтастықтан байқалады», – деп жазады [23, 56]. Екінші негізге қатысты эмоцияны бейнелеу қасиеті фразеологизм- дердің құрамындағы жеке компоненттен анық көрініп тұратын көз жасын көл қылу, аза (азалы) болу, алқымына (тамағына) ашу тығылу, араз болу, ашуға міну (булығу, тығылу), әйелі ұл тапқандай қуану, басына қайғы түсу, боз інгендей боздау (зарлау, еңіреу), бор боп (бордай) егілу, ботадай боздау, еңірегенде етегі толу, зарлап қалу 27 сияқты тіркестерді топтастырады. Аталған тіркестердегі эмоционал- дық фразеологизм құрамындағы көз жасы, ашу, араз, қуану, қайғы, зарлау, боздау, еңіреу, егілу сөздерінің тірек мағынаға ие болуынан байқалады. Бұл жөнінде: «2. Эмоционалдық фразеологиялық тіркес құрамына еніп тұрған жекелеген лексикалық бірліктердің семанти- касынан-ақ көрініп тұрады», – деп түйіндейді. Үшінші негізге қатысты: «3. ФТ мағынасына эмоциялық бояу үстеуге фразеологизм құрамына, тілдің эволюциялық жолмен дамып, өрбіген, соның негізі- нде туындаған, символдық мәнге ие сөздердің енуі де себепші болады. Бұл жерде нақтылай кететін фактор, сөздің жаңа мағынаға ие болуы емес, оның белгілі бір ситуацияда немесе контексте жаңа қолданысқа түсуі. Әдетте нақты денотаттың қолданылу үрдісі әр халықта әр түрлі. Мәселен, қазақ халқы адам болмысындағы қатты қиналысты жан, қан, жүрек сияқты символ сөздер арқылы береді», – деп жазады. Бұл жердегі автор пікірі қазақ тіліндегі жанын жегідей жеу, жаны көзіне көріну, жан алқымға келу; жүрегі қарс айрылу, жүрегі аузына тығылу, жүрегі өрт (от) боп жану; қан жұту, қанына қараю сияқты тіркестермен дәлелденеді. Эмоционалдылық мәселесіне қатысты орыс және қазақ тіл білімін- дегі жинақталған теория кез келген эмоцияның астарында бағалауыш- тық сипат жататындығын дәлелдеп отыр. Сондықтан эмоционалды- лықтың лингвистикалық категориясы тілдің бағалауыштық, қарқын- дылық, бейнелілік, экспрессивтілік сияқты категорияларымен байла- нысты қарастырылады. Автор эмоцияны бейнелейтін фразеологизм- дердің семантикалық ерекшеліктерін синонимдік қатардағы фразеоло- гизм қарқындылығының басқышты (градациялы) болып келуімен, мағынаның қосымша реңкімен, стильдік ерекшелігімен байланыстыра қарастырады. Автордың пікірінше эмоциялық толғанысты бейнелейтін фразеологизмдердің қарқындылық деңгейі эмоциялық күйдің құбыл- малы болуын бейнелейтін фразеологизмдерге қарағанда жоғары. Стилистика тілдік құралдардың мәнерлегіштік мүмкіндіктерін, қолданылу заңдылықтарын қарастырады. Стилистикада тілдің барлық деңгейіндегі құралдар жұмсалады. Көп жанрлы көркем әдебиет туын- дыларындағы, публицистикалық материалдардағы, әр сала бойынша жазылып жатқан ғылыми еңбектердегі, ресми құжаттардағы, ауызекі сөйлеу тіліндегі тілдік құралдардың қолданылу ерекшеліктерін зерттеудің маңызы зор. С.Б. Қоянбекованың докторлық диссертация- сында экспрессивтіліктің тілдік құралдар арқылы берілу мәселесі сөз болады. Аталған зерттеулерден қазақ тіл білімінде эмоционалдылық мәселесін лексикалық және стилистикалық деңгейде зерттеу дәстүрге 28 айналғандығын байқауға болады. Қазақ тіл білімінде жазылған еңбек- терде эмоционалдылық пен экспрессивтілік негізінен бірге қарас- тырылып келген болса, жоғарыда аталған арнайы зерттеу жұмыстары- нан 2006 жылдан бергі кезеңде эмоционалдылық пен экспрессив- тіліктің бөлек-бөлек зерттеу нысаны ретінде алынуы, ара жігінің айқындала бастағандығының көрінісі болса керек. Қазақ тіл біліміндегі эмоционалдылық мәселесі семантиканың, стилистиканың негізінде айтылғаны болмаса, морфологиялық және синтаксистік деңгейде арнайы зерттеу нысанына айналмаған. Эмоционалдылық мәселесін жүйелі түрде қарастыру қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]