Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тол.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115 Кб
Скачать
☆

Қосымша

Тіл білімінде белгілі бір зерттеу бағыттарының қалыптасуына, сол бағытта жаңа ізденістердің көрінуіне, түрлі ғылыми-зерттеу жұмыс- тарының тууына тілдің ішкі заңдылықтары ғана емес, қоғамдағы, мемлекеттегі түрлі жағдайлар да әсер етеді. Бұл тілдік емес сипаттағы, яғни тілден тыс фактор болғанымен тілдік құралдардың белгілі бір стиль аясында қолданылу, жұмсалу ерекшеліктерін қалыптастыруға, функционалдық стильге тән белгілерінің айқындалуына барынша ықпал етеді. Бұл құбылыс тіл білімінде экстралингвистикалық фактор- лар деп аталады. Қазақ тіл білімінде функционалдық стильдердің қызметіне, тілдік құралдардың жұмсалу ерекшелігін қалыптастыруға әсер етуші тілден тыс құбылыстардың табиғатын ашып көрсетуге, олардың стиль түзуші қызметіне, алатын орнына қарай саралауға, белгілерін атап көрсетуге арналған еңбектер жоқтың қасы. Қазіргі қазақ тіл білімі мұндай бағыттағы зерттеулерге зәру екендігі сөзсіз. Р. Сыздықова «Сөз құдіреті» атты еңбегінде экстралингвистикалық факторлардың рөлін, олардың тілдік стильдердің дамуындағы қызметін атап көрсетеді Кейбір стилистикалық ұғымдар мен категориялар туралы жазған мақаласында М. Серғалиев: «Функционалдық стильдің толыққанды өз міндетін атқаруы үшін лингвисти- калық фактордан гөрі тілге қатыссыз фактор жетекші роль атқарады», – деп жазады. Ғалым экстралингвистикалық факторларға қарым-211 қатынас аясын, қоғамдық қызмет пен қоғамдық сана түрлерін жатқызады Қазақ тіл білімінде эмоционалды-экспрессивті құралдардың, оның ішінде метафораның және прецедентті тілдік бірліктердің газет мәтініндегі рөлі бүгінгі таңда арнайы зерттеуді қажет етеді. Газет – елдің саяси жаңалықтарын дер кезінде жариялап тұратын ең қолже- тімді ақпарат таратушы болып табылады. Газет мәтіні – мәтін қызметі- нің ерекше көрсеткіші, сондықтан да бұл бағыттағы зерттеу жұмысы- ның өзіндік ерекшеліктері де бар. Газет мәтінінің басты мақсаты, айрықша ерекшелігі – аудиторияға әлемдегі жағдайды, мәселені анық жеткізу. Соңғы жылдары Қазақстанда болып жатқан түрлі қоғамдық- саяси өзгерістер өз кезегінде тілде, оның ішінде, бұқаралық ақпарат құралдары тілінде де көрініс беруде. Эмоционалды-экспрессивті құралдардың, оның ішінде метафора- ның және прецедентті тілдік бірліктердің газет мәтініндегі рөлін қарастырудың өзектілігі қазіргі қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарындағы басым бағыттардың өзгеруімен байланысты туындап отыр. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басына қарай әдеби тілдің стильдік тармақтары ішінде басым стиль көркем әдебиет стилі емес, бірте-бірте публицистикалық стиль бола бастады. Себебі, қазіргі заман ақпараттар заманы. Бұл күнде әлемнің түкпір-түкпірінде күн сайын дерлік мемлекет басшыларының кездесулері, түрлі ресми бас қосулар, тарихи оқиғалар болып жатады. Әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлігіне айналған Қазақстан Республикасы да халықаралық қатынас- тардың күрделі мәселелерінен сырт қалып отырған жоқ. Мемлекеттің өз ішінде болып жатқан өзгерістер мен оқиғалар, көтеріліп жатқан ауқымды мәселелер де аз емес. Мұндай алмағайып кезеңде ақпарат тасқыны шексіз, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Қоғамдық сананың қай түрін болсын, әсіресе мәдени, саяси, азаматтық, құқықтық сана қалыптастыруда негізгі рөл ойнап отырған бұқаралық ақпарат құралдары. Ол – жаһанданудың қозғаушы күштерінің бірі ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастырушы негізгі құрал. Жедел ақпарат тарату, мемлекеттік ұстанымдарды насихаттау мен жүзеге асырудағы маңызды құрал ретінде БАҚ жетекші мәнге ие болып отыр. Ақпарат – ашық қоғамның генераторы. Қазіргі қоғамда газеттің пәрменділігі аса жоғары, әрі санаға ықпал ететін күш. Қазір оқырманмен байланыс орнатудағы жаңа тілдік тактика қалыпты ойлау- дан, көпсөзділіктен, құрғақ тілден бас тартқызды. Қазіргі газеттерде автордың шығармашылық ізденісі, тілдік құралдарды жаңартуға деген талпынысы, оқырман назарын аудартуда жаңа тәсілдер қолдануы, модальды-бағалау сипаттарының берілуі жаңаша көрініс тауып отыр. 212 Осының бәрі газет мәтінінің, оның ішінде саяси мәтінді лингвомето- дикалық аспектіде жаңаша зерттеуді талап етеді. Жаңаша зерттеудің қажеттілігі, метафора мен прецедентті тілдік бірліктердің қабылдау мен түсіну тұрғысынан бұрын жете зерттел- мегендігімен қатар, соңғы жылдары газет беттерінде жаңа қолданыс- тардың пайда болуымен де байланысты. Қазақ тіл білімінде бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе, мерзімді баспасөздің лингвистикалық ерекшеліктеріне қатысты зерттеу жұмыстары болғанымен, газет мәтіні қызметінің түрлері, мәтінде белсенді түрде қызмет етіп, мақсатты түрде қолданылатын тілдік бірліктер, қазіргі газет мақалаларындағы эмоционалды-экспрессивті құралдар әлі де жете зерттелген жоқ. Тек қазақ тіл білімінде ғана емес, орыс тіл білімінде де көркем әдебиет стилі мен ауызекі сөйлеу стиліндегі эмоционалдық, экспрессивтілік мәселесі туралы бірқатар еңбектерде айтылғанымен, қазіргі публицис- тикалық стиль және оның эмоционалдығы мен экспрессивтілігі мәселесі арнайы, терең талдана қоймаған, тың тақырыптардың бірі. Қазақстанның жаңа кезеңдегі публицистикалық стилі және оның эмоционалдығы мен экспрессивтілігін көп аспектіде сипаттау, мето- фораланудың когнитивті аспектілері мен интермәтінділік т.б. мәселе- лерді ғылыми-зерттеу нысаны ретінде алып, ғылыми тұжырымдар жасаудың қазақ тіл білімі үшін теориялық маңызы зор екендігі даусыз. Қазіргі қазақ тіл білімінің алдында публицистикалық стилдің негізгі ерекшеліктерін жаңа ғылыми бағыттардың зерттеулер нәтижесімен толықтыру және газет мәтінінің анықтамасын нақтылау; қазіргі газет мәтінінде болып жатқан негізгі лингвостилистикалық өзгерістерді анықтау; газет мәтініндегі бағалау, эмоционалдылық, экспрессивтілік түсініктеріне анықтама беру; қазіргі газет мәтініндегі бағалау білдіру құралдарын анықтау; қазіргі саяси метафора мен прецедентті тілдік бірліктердің ерекшелігін көрсетіп, олардың публицистикалық мәтін- дегі рөлін анықтау сияқты міндеттер тұр. Метафора мен прецедентті мәтіндер қазіргі газет мәтіндері үшін экспрессия мен эмоцияны білдіретін тілдік құралдар болып табылады. Қазіргі газет мәтініндегі метафора мен прецедентті айтылулардың фондық білім бірліктері ретінде танылуы және түсінілуі оқырман тарапынан ақпаратты дұрыс қабылдаудағы қажетті шарттардың бірі. Олар газет мәтініндегі маңызды тілдік бірлік ретінде көрініс тауып отыр. Зерттеушілердің пікірінше, публицистикалық стиль мәтіндері үшін ақпараттық және әсер ету қызметтері аса маңызды болып табылады. Осы екі қызметтің өзара байланысы публицистикалық стильдің тілдік ерекшелігін береді. В.Г. Костомаровтың пікірінше, публицистикалық сөйлеуде стандарт пен эксперессияның бірігуі газет 213 публицистикасы қызметінің екіжақтылығымен байланысты: ақпарат- тық-мазмұндық және әсер ету қызметі. Ақпараттық қызметі стандарт- тылықпен байланысты болса, эмоционалдық элементтермен қаныққан әсер ету қызметі экспрессивтілікпен байланысты [118]. Публицистикалық стиль жанрларын қарастыруға арналған еңбек- терде негізінен жанрдың үш тобын бөліп көрсетеді: ақпараттық, аналитикалық және көркем-публицистикалық. Ақпараттық жанрға: репортаж, сұқпат, есеп; аналитикалық жанрға: аналитикалық сұқпат, мақала, хат-хабар, пікір, шолу; көркем-публицистикалық жанрға: очерк, фельетон, памфлет жатады. Соңғы он бес жылда газеттің жанрлық жүйесінде айтарлықтай өзгерістер болды. Эссе, комментарий, болжау сияқты жанрлардың кең таралуына жеке адамдық даралық үрдістің күшеюі әсер етті. Жалпы жанрлар жүйесінің эволюциясы байқалуда: бір жанралар бірігіп, енді біреулері өзгеріске ұшырап, ал үшіншілері өзара қатынасқа түсіп, синтезделуде. Ғасырлар тоғысындағы публицистикалық стиль эволюциясы автор мен адресат категориясын және қазіргі газет мәтіндеріндегі лингвости- листикалық өзгерістерді қарастыруды талап етіп отыр. XX-XXI ғасырлар тоғысындағы заманауи публицистикалық стильдің басты ерекшеліктері мыналар: өзінің нақты адресатын табуға деген ұмтылыс, газет мәтіндерінің диалогтілігі және автор мен оқырман арасында диалог құруды көтеруге деген құлшыныс. Қазіргі заманғы журналист қоғамдық жағдайдың өзі туғызған диалогтың жаңа мүмкіндіктерін қолдана отырып, оқырманмен тікелей байланыс орнатып, оның қабылдау мүмкіндігіне бейімделіп, диалогтық қатынас құра алады. Бұрын адресат басқарудың белсенді емес нысаны ретінде қарас- тырылатын, ал бүгінде адресат – ұсынылған ақпаратты өзі саралай алатын «тәуелсіз тұлға». Бұрын публицистикада адресат – идеялық тұрғыдан алғанда біртекті топ болса, ал бүгінде бұл түсінік әр түрлі көзқарастағы, әр түрлі ақпараттық талап қоятын адамдар тобын білді- реді. Посткеңестік кезеңде адресанттың да жаңа түрі қалыптасты: бюрократиялық емес, жаңа шығармашылық тұлға. Егер ертеректе журналистің сөздік қоры стандартқа айналған белгілі формулалар- мен шектелсе, бүгінде публицист – «өз атынан пікір білдіретін, дамудың, демократияның идеалдарын қорғайтын, өзін еркін эмоциялық сөйлеу арқылы көрсете алатын тұлға» ретінде көрініп отыр [1, 50]. Қазіргі публицистикадағы белсенді процесс газет тіліне «ино- стилді» элементтердің қосылуымен де түсіндіріледі. Ауызекі сөйлеудегі қарапайым сөздерден бастап, әдеби емес тілдік құралдарға дейін «экспансия» процесі өте үлкен, ауқымды масштаб пен интенсивтілікке ие болды. Публицистикалық сөйлеудің стилдік нормасы өзгерді, ол 214 еркіндікке, ашықтыққа, сөзшеңдікке бет бұрды. Г. Смағұлова «Бұқара- лық ақпарат құралдары тілінің ұлт менталитетіне әсері» атты мақаласында «Жас Алаш» газеті бетіндегі сөз қолданыстарын талдай келе: «20.04.1999 ж. санының бірінші бетінде (баяғыда ол тұста бас мақала тұратын парадокс деген осы-ау) «Бізде өз еркімен отставкаға кету деген жоқ-ау, сірә. Міндетті түрде біреу кет деуі керек, кет дегенше кетпейді. Креслоға көтені клейленіп қалғандай», – деген сөйлемдерді оқығанда, алдымен оқушы ретінде айызың қанып бір күліп аласың. Ащы шындықты тауып айтқанына мәз боласың. Біраз- дан соң тура жол көрсететін газет беті өстіп баттитып жаза берсе, ертең басқа жұрт, әсіресе жасөспірім оңды-солды айта берсе не болады?», – деген сауал қояды [119, 374]. Қазіргі мерзімді басылым беттерінде барлық тілдік деңгейлердің сөйлеу құралдары публицис- тиканың лингвостилистикалық бейнесін өзгерте отырып, әртүрлі жанр- ларда қолданылуда. Әдеби тілдің сөздері мен айтылымдары әдеби емес айтылымдармен қатар қойылып, қарым-қатынастың барлық сфера- сында қарапайым және жаргон сөздер сияқты шектеулі лексикалық бірліктер де қолданылып, кітап тіліне тән конструкциялар сөйлеу тіліне тән құрылымдармен араласып берілуде. Қазіргі тілдік дамудың тағы бір ерекшелігі – өзге тілдік элемент- тердің қолданылуы. Мысалы, консенсус, менеджер, маркетинг, рейтинг, имидж, саммит және т.б. Қазақ тіліне өзге тілдік сөздердің (негізінен ағылшын тілінен) жаппай енуі бүгінгі қоғамның ашықты- ғымен, жариялылығымен және ықпалдастықпен байланысты болып отыр. БАҚ арасындағы аудитория үшін күрес пен өзара бәсекелестік жағымсыз тілдік процестерді де туғызды. Қазіргі мерзімді баспасөз беттерінен сөйлеудің дөрекіленуін, қарым-қатынастың этикалық нормаларының және жалпы адами адамгершілік нормаларының бұзылуын байқауға болады. Г. Смағұлова жоғарыда аталған мақала- сында қазақ болмысының үнемі бейпіл, былапыт сөздерді тура айтудан сақтанып, сөйлеу мәдениетіне қатты мән берілгендігін айта келіп, қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарындағы кейбір сөз қолда- ныстарына тоқталады. Өз мақаласында: «Жас Алаш» газеті – қазақ басылымдарының ішінде өз оқушыларын ұлт мүддесі тұрғысынан топтастыра білген мықты басылымдардың бірі. Жастарға арналған болса да бұл газетті үлкен-кіші, жас-кәрісі, түрлі мамандық иелері іздеп жүріп оқитын басылымға айналды. Бұған өз басымыз өте қуанамыз, себебі аға газет аузына ала алмайтын, не айтуға болмай- тын небір «саясат» сырларын жасалаштықтар бірінші бетке-ақ басып, батыл қимылдап жатады. Газет төрінен орын алатын оқушыларға 215 бұрыннан таныс дәстүрлі саяси мәселелерді, шолу, бас мақалалардың өзін не суретке айналдырып, не бір-екі ауыз сөзбен-ақ оқушысын елең еткізетін жетістіктерге жетті. Алайда жасалаштықтар кейде әділдікті тура айтып, әрі принциптікке бару керек деп жағымсыз дисфемистік мағынадағы қазақ сөздерін тым еркін қолданатын тұстары бар. Мысалы, Жас Алаштың 06.02.1999 жылғы санында М. Ақдәулетұлының «Көтеннің буффонадасы» (қазақ монологы) деген мақаласындағы Котэн (кейіпкер атын өңдеуі) бұл өзі адамдарды еріксіз бақытты етемін дейтін жағымды кейіпкер, соған қарамастан қазақша аталуы анандай, сірә, мұнда редакция авторлық құқықты қалдырғанға ұқсайды», – деп жазады Қазіргі газет мәтініндегі бағалауды көрсету құралдары ретінде негізінен «бағалау», «экспрессивтілік», «эмоционалдылық» түсініктері аталады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Жұмабаев М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. .

2. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989.

3. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. – Астана: Елорда, 2001.

4. Оразов М. Етістік. – Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім акаде-миясының Республикалық баспа кабинеті, 2001.

5. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. – Алматы: Абылай хан атындағы ҚазМХҚ және АТУ-дің баспасы, 2004 ж.

6. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. – Астана: Елорда, 2000.

7. Қазақ тілі. Энциклопедия. – Алматы: Қазақстан даму институты, 1998.

8. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 1993.

9. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.

10. Цыбина Л.В. Лексико-грамматические средства выражения эмоции // Лингвистические и экстралингвистические проблемы коммуникации: теоретические прикладные аспекты: Межвуз. Сб. Науч.тр. / МГУ им. Н.П. Огарева; редкол.: Ю.К. Воробьев (отв.ред.) и др. – Саранск: Красный Октябрь, 2004.

11. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат,

12. Нюсупова Ж.А. О выразительных средствах казахского и русского языков // Филологияның өзекті мәселелрі. – Алматы: Ғылым, 1997

13. Кенесбаев С., Жанұзаков Т. Русско-казахский словарь лингвистических терминов. – Алматы: Наука, 1966.

14. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі. – Алматы: Мектеп, 1971.

15. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы: Мектеп,

16. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы: Мектеп, 1976. –

17. Қараев М.Ә. Қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1993.

18. Нурмуханов Х.М. Эмоционально-экспрессивная лексика драматургических произведении М. Ауэзова: Автореф. дис. канд. филол. наук. – Алма-Ата, 1969.

19. Нургожина Ш.И. Эмоционально-экспрессивная лексика казахского разговорного языка: Дис. канд. филол. наук. - Алма-Ата, 1989.

20. Ибадильдина З.Х. Эмотивная лексика казахского и русского языков: Дис. канд. филол. наук. – Алматы, 1997. – 223 с.

21. Мұсабекова А. А. Қазіргі қазақ публицистикасында экспрессия мен эмоцияны білдірудің тілдік құралдары: Филол. ғыл. канд. дис. – Астана, 2004.

22. Жонкешов Б.С. Эмоционалды бірліктердің тілдік табиғаты (семантика,

сөзжасам, фоносемантика): Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 2006.

23. Сарышова К.С. Қазақ тіліндегі эмоцияны бейнелейтін фразеологизмдер: Филол.ғыл. канд. дисс. – Алматы, 2006.

24. Леонтъев А.И. Потребности, мотивы, эмоции // Психология эмоций Тексты. –М., 1984.

25. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. – Алматы: Білім, 1996.

26. Харченко В.К. Разграничение оценочности, образности, экспрессии и эмоциональности. М.: РЯШ, 1976,

27. Мокиенко В.М. Славянская фразеология. – М., 1989.

28. Черемисина М.И. Экспрессивный фонд и пути его изучения // Актуальные проблемы лексикологии и словообразования. Новосибирск, 197929. Анохин П.К. Эмоции // Психология эмоций: Тексты. – М., 198430. Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі алғыс пен қарғыс мағынасындағы тұрақты сөз тіркестері. – Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. – Алматы, 1960, 2-шығуы,

31. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. – Алматы: Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2002.

32. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии: В 2 т. – М., 1989.

33. Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы: Мектеп, 1982.

34. Вилюнас В.К. Основные проблемы психологической теории эмоции // Психология эмоций.

35. Кириченко Н.В. Экспрессивные средства звучащего рекламного текста: Дис. канд. филол. наук. – Воронеж, 2007..

36. Кьеркегор С. Страх и трепет. – М., 1993,

37. Достоевский Ф.М. Избранные произведения в трех томах. – М., 2004. Т.

38. Мажинбеков С.А. Жан мен тән үйлесімділігі: мәдени-философиялық талдау: Филос. ғыл. канд. дис. – Алматы, 2007.

39. Олпорт Г. Становление личности. – М., 2002.

40. Кеттелл Р. Психостатистические личности. – М., 2003.

41. Құдайбердіұлы Ш. Үш анық//Әсем: Альманах. –Алматы: Жазушы, 1991.

42. Жутикова Н.В. Учителью о практике психологической помощи. – М., 1988.

43. Әбдікерова Г.О. Тұлға әлеуметтануы.–Алматы:Қазақ университеті, 2009..

44. Джемс У. Личность // Психология личности. Тексты. – М., 1982.

45. Пинигин В.Г. Эмоциональность и ее возрастно-половые особенности: Дис. канд. психол. наук. – Санкт-Петербург, 2002.

46. Ясперс К. Общая психопатология. – М., 1997

47. Галкина-Федорук Е.И. Об экспрессивности и эмоциональности в языке [Текст]. – В кн.: Сборник статей по языкознанию. – М., 1958.

48. Писарев Д.С. Функционирование восклицательных предложений в современном французском языке и их прагматический аспект [Текст] // Прагматические аспекты функционирования языка. – Барнаул: Изд-во АГУ, 1983. 49. Лукьянова Н.А. О семантике и типах экспрессивных лексических единиц. // Актуальные проблемы лексикологии и словообразования. Новосибирск, 1979, вып.VIII.– С. 89-95.

50. Словарь лингвистических терминов. – М., 1966.

51. Апресян А.Р. Экспрессия в художественном тексте // Извести АН. Серия

литературы и языка. 1992.

52. Звегинцев В.А. Семасиология. – М., 1957.

53. Трипольская Т.А. Экспрессивность лексики и фразеологии. – Новосибирск: изд. 54. Стернин И.А. Проблемы анализа структуры значения слова. Воронеж, 1979

55. Варина Г.В. Статус денотата в сфере употребления слова. // Сборник научных трудов. Вып.124 МГПИИЯ им. М.Тореза. –М., 1977

56. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 1998. –57. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым,

58. Сатенова С. Қос тағанды фразеологиялық тіркестердің авторлық қолданысына қарай өзгеруі // Тіл тарихы және сөз табиғаты. – Алматы: Ғылым, 1997.

59. Айтбаев Ө. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2007.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]