- •5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы
- •1.1 Эмоция туралы жалпы түсінік және оның тілге қатысы
- •1.2 Эмоцияны бейнелейтін лексикалық бірліктердің зерттелуі
- •1.3. Эмоционалдық пен экспрессивтілік
- •2.1 Эмоция, психикалық жай-күй ұғымдарының түрлері
- •2.2 Көркем мәтіндегі түрлі («қорқыныш», «жылау», «ұялу», «қуану» )эмоциялық ұғымдарының семантикасы
- •2.3 Көркем шығармадағы эмоцияға қатысты ұғымдардың тілдік емес амалдар арқылы берілуі
- •Қорытынды
- •Қосымша
2.2 Көркем мәтіндегі түрлі («қорқыныш», «жылау», «ұялу», «қуану» )эмоциялық ұғымдарының семантикасы
Көркем әдебиет тілі өзінің айтарлықтай икемділігімен, айқынды- лығымен және динамикалығымен ерекшеленеді. Көркем әдебиет тілі кез келген жағдаятты бейнелеуде қолдануға икемді. Көркем әдебиет тілі тілдік құралдарды жаңа мағынада қолдануға мүмкіндік береді. Көркем әдебиет тілі адамзаттың өзара қарым-қатынасының сан алуан қажеттілігін өтеуге тез бейімделеді, сондықтан да адамзаттың негізгі әрі жалпы алғанда баға жетпес құралы болып қала береді. Н.Д. Арутюнова «Функции языка» атты еңбегінде: «Адамзаттың аса маңыз- ды қатынас құралы бола отырып, тіл адамдарды біріктіреді, олардың тұлғааралық және әлеуметтік өзара қарым-қатынастарын реттейді, олардың практикалық қызметін үйлестіреді, әлемнің дүниетанымдық жүйесі мен ұлттық әлем бейнесін қалыптастыруға қатысады, ақпарат- тың, оның ішінде тарих пен халықтың тарихи тәжірибесіне және индивидтің жеке тәжірибесіне қатысты ақпараттың жиналуы мен сақталуын қамтамасыз етеді, санада ұғымдарды ажыратады, жіктейді және орнықтырады, адамның санасы мен өзін-өзі жетілдіруін қалып- тастырады, көркем шығармашылық әрекеттің материалы және форма- сы қызметін атқарады», – деп жазады [108, 598]. Тілдің негізгі қызмет- тері: коммуникативтік қызмет (сөйлесу қызметі); ой қалыптастыру (ойды тиянақтау және жеткізу қызметі); экспрессивтік (сөйлеушінің ішкі жай-күйін білдіру қызметі); эстетикалық (тіл құралдары арқылы әсемдікті сезіну қызметі). Коммуникативтік қызмет тілдің адамдар арасындағы қарым- қатынас жасау құралы қызметін атқару мүмкіндігі болып табылады. Тіл хабарламаларды түзуге қажетті бірліктерден, олардың жұмсалуын ұйымдастыратын ережелерден тұрады және әңгімеге қатысушылардың санасында ұқсас үлгілердің пайда болуын қамтамасыз етеді. Тілде, сондай-ақ коммуникацияға қатысушылардың арасында байланыс орна- тып, әңгімені жандандыруға қажетті арнайы құралдар болады. Сөйлеу мәдениеті тұрғысынан коммуникативтік қызмет сөйлеу коммуни- кациясына қатысушылардың қарым-қатынастың жемісті болуын, 199 сондай-ақ сөйлеуді дұрыс түсінудің жалпы мақсатын көздейді. Әдеби тілдің нормаларын сақтамайынша, қарым-қатынастың функциональ- дық тиімділігіне жету мүмкін емес. Ой қалыптастыру қызметі тілдің ойды тиянақтау мен жеткізу құралы қызметін атқаратындығынан көрі- неді. Тілдің құрылымы ойлау категориясымен органикалық тұрғыдан байланысты болады. «Ой әлемінде ұғымды дара бірлік ретінде көрсете алатын сөз оған (ой әлеміне) өздігінен мол нәрсе қоса алады», – деп жазады жалпы тіл білімінің негізін салушы В. фон Гумбольдт. Бұл сөз ұғымды айқындап, қалыптастырады, ойлау бірліктері мен тілдің таңбалық бірліктері арасында қатынас орнатады дегенді білді- реді. Сондықтан да В. Гумбольдт «тіл ойды жетілдіруге негіз болуы тиіс. Ой, тілден алшақ кетпей, оның бір элементінен кейін екіншісін қамтып, ойдағы барлық ұғымға тілде атау табуы тиіс», – деген болатын В. Гумбольдтың пікірінше, «ойға сәйкес болуы үшін тіл, мүмкіндігінше, өзінің құрылымы арқылы ойлаудың ішкі ұйымдастырылуына сәйкес болуы тиіс» [109, 318]. Экспрессивті қызмет тілге сөйлеушіге қандай да бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, оның сөйлеушінің хабардың мазмұнына, әңгімелесушіге, қарым-қатынас жағдайына көзқарасын, яғни ішкі жай- күйін білдіруінің құралы қызметін атқаруға мүмкіндік береді. С. Мұратбековтың «Үскірік» атты әңгімесінде табиғат та кейіпкердің сол уақыттағы жан-дүниесімен үндестіре суреттеледі. Қазіргі ғылым рухани әлем үш негізгі құбылыстан: мінез-құлық актісінен; сезінген субъективті құбылыстан; санасыз психикалық құбылыстан тұрады деп дәлелдейді. Әңгімедегі психологиялық процестер Дәнештің сол сәттегі күн сәулесіне қатысты ойымен астасып жатады. Жағымды реңкте, жарқын бейнеде көрінетін күн сәулесі де Дәнеш үшін сол сәтте жексұрын болып көрінді. Дәнеш үшін күн сәулесі де Қайроштың жексұрын күлкісіндей болып көрінеді: Күн ұясына қонып барады. Ортан белінен батыпты. Сөніп бара жатқан шоқ сияқты. Күрең қошқыл. Сөніп бара жатса да шоқта жылу болушы еді, ал мынада жылу да жоқ, тек жексұрын сәулесі бар, иә, жексұрын сәуле! Бірінші рет Дәнешке күннің сәулесі жексұрын көрінді. Жексұрын емей не, ең болмаса шоқ құрлы жылуы жоқ дәт қылар. Қайроштың зымиян күлкісіндей ғана алдамшы (С. Мұратбеков). О. Бальзак: «Адам туралы айту үшін оның барша құпиясын: ойын, қайғысын, толқынысын танып-білген жөн», – деп жазған болатын С. Мұратбековтың әңгімесіндегі сыртқы дүние жеке-дара сипат иеленбеген, ол ішкі болмыспен үндесіп, жаңа бір мағынаға ие болған. 200 Мұнда жазушы сезім күйлерін жалаң бермей, ойдың бейнелілігімен астастыра берген. Жазушы қолданған көркемдік тәсіл оқырманның кейіпкердің эмоциялық жағдайына терең бойлауына күшті ықпал етіп тұр. Тіл адамның ойын ғана емес, эмоциясын да білдіреді. Экспрес- сивтік қызмет қоғамда қабылданған этикет аясында сөйлеудің эмоцио- налдылығының айқындығын қамтамасыз етеді. Эстетикалық қызмет адресаттың эстетикалық сезімін қанағаттандыруына бағытталады. Эстетикалық қызмет ең алдымен поэтикалық стильге (фольклор, көр- кем әдебиет) тән, алайда мұнымен шектелмейді. Эстетикалық қызмет тіл байлығын, сөйлеудің оралымдылығын, адамның эстетикалық талғамына сәйкес келуін көздейді. Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымында сөздің эмоционалды бояуы, экспрессивті-стилистикалық бояуы, тілдік мағынаның экспрессивті-бағалауыштық компоненті мәселелері негізінен көркем мәтінге қатысты қарастырылып жүр. Зерттеу жұмысына тілдік фактілер алынған Ш. Айтматов әдебиет әлеміне адам жанын толқытып баурайтын, ой құдіреті мен құпияларын ашудың шебері ретінде танылған жазушы. Жазушы өмір шындығын, адамның жан сырын, тазалығын өзгеше бір эмоциялық күш-қуатпен өріп, көркемдігін арттыра білген. Көркем шығармада тiлдiк құрал- дарды дұрыс, ұтымды қолдана бiлудiң үлкен мәнi бар. Жазушы үшін айтылатын ойдың мазмұнына байланысты тiлдiк құралдарды сұрыптап қолдану заңдылықтарының, сөз арқылы жеткiзiлетiн ой мен оның мазмұнының арасында тығыз байланыстылықтың мәні зор. Ішкі эмоцияны сөзбен берудің жазушы үшін табиғи қасиет екендігін Ш. Айтматовтың көркем шығармаларынан ғана емес тіпті өмірбаянынан да аңғаруға болады. Ол өзінің өмірбаянында: «...Соғыс жүріп жат- ты. Елдің жаны жаралы, көңілі қаралы. Осы кезде өмір мен үшін өзінің беймәлім беттерін аша берді, халық тұрмысының сан тарау- ларын өз көзімізбен оқуға мәжбүр болдық. Кейіннен мұның біразын шамам келгенше «Бетпе-бет», «Ана – жер ана», «Жәмилә», «Шы- нарым менің, шырайлым менің» сияқты повес-терімде көрсетуге тырысқан едім», – дейді. Ш. Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» повесі кейіпкердің ішкі әлемін, бар болмысын қоршаған ортамен астастыра суреттеген шығармалардың бірі. Шығарманың идеялық көркемдік мазмұнын аша түсетін негізгі көркемдік құрал – символикалық бейне- лер шығармада шешуші, маңызды мәнге ие болған. Шығармадағы сим- воликалық бейнелер мазмұнмен біртұтас бірлікте беріледі. Шығарма- дан үзінді: «...Суға төніп кеп, паң жарқабақтың үстіне тоқтадық. Қайран, қырғыз жерінің мәңгі-бақи жыры боп өткен Ыстықкөл. 201 Осынау теңіз ғашықтардың ән-жыры мен аңызына толы дегенге кім сенбес?! Мөлдіреп, құлпырып, шалқып жатты көк теңіз. – Қарашы, Әсел, аққуларды қара! – деп айғайлап жібердім. Аққулар Ыстықкөлде күзде ғана болады, қыстап шығады. Ал көктемде өте сирек ұшырасады. ...Кешкі көлдің үстінде бір топ аққу қалықтап жүр..» (Ш. Айтматов). Автор айдын көлдің аруы аққуды таза, пәк көңіл, қасиетті сезіммен шебер сабақтастырған. Ойлау нәтижесі тiл арқылы бейнеленедi. Сондықтан ауызша не жазбаша түрде айтылатын ойдың түсiнiктi, нақтылы болуына айрықша көңiл бөлiп, оның мазмұнын дәл бере алатын тiлдiк құралдарды сұрыптап қолдана бiлудiң маңызы зор. Көркем шығармада тiлдiк тәсiлдер көркемдiк мақсатта жұмсалады. Образды сөздер жиi қолданы- лады. Әр жазушының өзiнiң талғамына қарай тiл ерекшелiгi, қолдану тәсiлi болады. Ол ерекшелiктердiң бәрi бiр-бiрiмен ара қатынаста болып, көркем шығарманың қайталанбайтын, айрықша ерекшелігін жасайды. Көркем әдебиет – ойды және сезiмдi образ арқылы бейне- лейтiн айрықша өнер. Аталған шығармада жазушы қуаныштан жүрек- тері алып ұшқан қос ғашық сезімінің асып-тасып шалқығанын ерекше шабытпен суреттеген. Төмендегі екі мәтінге назар аударайық: 1. Әсел екеуміз кабинада отырмыз. Әсел күлді, жылады, сосын қайта күлді. Мен есейіп, күшті болған сияқтымын. 2. «Кабина ішінде көлге үңіліп үнсіз отырмыз. ...Әсел жалт қарады да, кеудеме басын салды. Аймалап құшақтайды. Күледі де жылайды, тағы күледі. ...Бұрынғыдан күшейіп, есейіп кеткен тәріз- дімін. Өзімде осынша жылылық, мейір барын, жақын адамың боп, оны қызғыштай қорып, құрақ ұшу дегеннің бір керемет екенін біл- ген де емес ем» (Ш.Айтматов «Шынарым менің, шырайлым менің»). Екі мәтін де бір ойды жеткізіп тұрғанымен екеуінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Егер біз бірінші мәтіннен белгілі бір жағдай туралы ақпарат, мәлімет алсақ, екінші мәтіннен сөзбен салын- ған суретті көреміз. Тілде адам эмоциясы түрлі тілдік құралдар, түрлі тәсілдер арқылы беріледі. Шығармадан үзінді: «– Ә-әй, асқар таулар! Ұлым бар менің, ұлым бар!. Тау сілкініп кеткендей боп көрінді. О да маған үн қосады, шатқалдарды шарлап көпке дейін басылмады жаңғырық» (Ш. Айтматов «Шынарым менің, шырайлым менің»). «Ұлым бар менің, ұлым бар!» деген бірнеше сөз арқылы автор қуаныштың керемет бейнесін жасап тұр. Әке болу бақытына ие болған жас жігіттің алып ұшқан көңілін асқақ үн, тебіре- ніс арқылы көркем суреттеген. 202 Көркем шығармаларда адамның эмоциясын білдірудің негізгі тәсілі – эмоционалды-экспрессивті лексиканы қолдану. Алайда эмоцияны беру, суреттеу, кейіпкердің эмоциялық жағдайын оқырманға да сезіндіру, дәл сол сәтті, сол жағдайды суреттеген мәтіннің қуат- тылығы жазушының ой зерделілігі мен тіл байлығына, шеберлігіне байланысты. Талғамсыз қолданылған сөздерден оқырман жанының терең тебіреніс алуы, лайықты әсер алуы мүмкін емес. Кейіпкердің көңіл-күйін, ішкі толғанысын беруде, шебер салынған суреттегі бояулардың тілі мен әсері сияқты, көркем шығармадағы сөздер де қажетті мағыналық бояуды бере алатындай болуы тиіс. Ш. Айтматов- тың эмоциялық суретті беруі: «...Бірақ өмір өз дегенін істеді. Бұлай болар деп ойлаппын ба?.. Есік ашық, қаңырап тұр. Иесіз үй азынап, жағылмаған қара пеш- тен бір ызғар келеді. Саматтың кереуетіне жетіп барсам, о да бос. – Әсел! – деп үрейлене сыбырлаймын. Қаңырап тұрған үй де «Әсел» деп күбірлегендей болады. Жан ұшырып сыртқа шықтым. – Әсел! – деп, бүкіл ауланы басыма көтере айқайлаймын. Ешкім үн қатпады» (Ш. Айтматов «Шынарым менің, шырайлым менің»). Мәтінде эмоция көп – жан айқайы, өкініш, айрылу, қорқу. Осы эмоцияның бәрі мәтінде: ашық есік, иесіз үй, жағылмаған қара пеш, Саматтың бос кереуеті, үнсіздік сияқты жекелеген детальдар арқылы беріліп тұр. Ш. Айтматов әр детальды көркем бейнелей отырып, нағыз шебер суретші ретінде бәрін біртұтас полотноға айнал- дыра алған. Жігіттің жан айқайы, оның бүкіл эмоциясы мәтін соңын- дағы: «Әсел! – деп айқайлауы арқылы сыртқа шығады, оқырманға жетеді. Тілдік құралдарды шебер ойната отырып, жазушы жігіттің орны толмас өкінішке ұрынғанын дөп басып, анық көрсетеді. Баяндалуы мен эмоциялық бояуына, жігіт эмоциясының деңгейіне қарай мәтінді үшке бөліп қарастыруға болады: басы, орталық нүктесі, соңы. Мәтіндегі эмоцияның алғашқы көрінісін жазушы оқырманға: «Бұлай болар деп ойлаппын ба?..» деген сұраулы сөйлем арқылы жеткізеді. Бұл – мәтінде берілген, суреттелген эмоциялық күйдің басы. Ары қарай суреттелетін эмоциялық күй мәтіндегі: «ашық есік, иесіз үй, жағылмаған қара пеш» детальдары арқылы беріліп, кейіп- кердің ішкі жағдайымен үндесе түседі. Мәтіндегі эмоцияның орталық нүктесі вербалды және бейвербалды құралдардың тоғысуы арқылы беріледі. Бұл бөлік мәтіндегі «Самат- тың кереуетіне жетіп барсам», «– Әсел! – деп үрейлене сыбыр- лаймын» тілдік бірліктері арқылы беріледі. Саматтың кереуетіне 203 барғанша кейіпкердің кеудесінде болған үміт, бос кереуетті көрген кезде үзіледі. Эмоция шарықтау шегіне жетеді. Мәтіннің соңғы бөлігі тағы да вербалды және бейвербалды құрал- дардың тоғысуы арқылы беріледі. Автор кейіпкердің қимыл-қозға- лысын суреттей отырып, оның ішкі жан-дүниесіндегі шиыршық атқан эмоцияны білдіреді. Ол шығармада: «Жан ұшырып сыртқа шық- тым» тілдік бірліктері арқылы көрініс табады. Мәтін соңы кейіпкер эмоциясының сыртқа шығуымен ерекшеленеді: « – Әсел! – деп, бүкіл ауланы басыма көтере айқайлаймын. Ешкім үн қатпады». Бұл – жігіттің «су түбіне кетіп бара жатқан адамдай» болған жан айқайы. Мәтінді үш бөлікке бөлу арқылы эмоцияның динамикасын, оның вербалды, бейвербалды құралдар арқылы берілуіне талдау жасауға болады. Оқиға барысында оқырман өмірден түңілген жігітпен бірге азапқа түсе отырып, қатты қиналады, бірге езіледі, жан жарасын емдер күшті бірге іздейді. Шығармада: «...Кейде түн баласына көз ілмей шығам. Саматтың нәзік аяқтары бұралып, жымиып тұрған кейпі көз алдымнан кетпей-ақ қойды. Оның жұп-жұмсақ, сәби иісін өмір бойы ұмытар емеспін» (Ш. Айтматов «Шынарым менің, шырайлым менің»), – деп берілетін жігіт сөзі оқырман жанын қинай түседі. Шығарманың көркемдік жүйесінің бөлінбес бір бөлшегі пейзаж- дық көріністер. Шығарманың басында суреттелген көл мен аққу екінші рет тағы да суреттеледі: «Көлге қарай айқайлап шыға беріп, ойда-жоқта селк ете түстім – аққуларды қара! Көктемгі Ыстықкөлдегі аққуларды өмірімде осымен екінші рет көріп тұрмын. Аппақ құстар, көп-көгілдір Ыстықкөлім, таусыл- майтын жырым менің» (Ш. Айтматов «Шынарым менің, шырайлым менің»). Махаббаттың символы аққуды жазушы екінші рет сурет- тегенде кейіпкердің өз аққуын үркітіп алғанын, аққуының жанын жаралап алғанын жеткізеді. Кейіпкермен бірге оқырманның да жүрегін өкініш билейді. Ш. Айтматовтың 1980 жылы жарыққа шыққан «Ғасырдан да ұзақ күн» романы өмір мен өлімді, қасиет пен қасиетсіздікті, жер-анаға адамдардың қарым-қатынасын, қазіргі әскери полигондағы Найман- Ана бейітінің тарихын айтатын – психологиялық роман. Ш. Айтматов шығармашылығының ерекшелігі кейіпкердің ішкі жан-дүниесін, психологиялық күйін беруде стилистикалық құралдарды қолдану шеберлігі. Жазушы сөзінің күші оның өн бойындағы мән мен мағына реңкіне де байланысты. Ш. Айтматов шеберлігі сөзді құбылысты атаумен бірге ерекше бір әсер барын аңғарта, адамның көңіл-күйіне өзгеріс әкелетіндей етіп қолдана білуі. Шығармадан үзінді: «...Ізде-204 генім ақыры табылды-ау деп, Найман-Ана ә дегенде қуанғаннан Ақ інгенді сауырлап, өріске қарай салып ұрып келе жатты да, кенет қазір мәңгүрт ұлымен көрісетіні есіне түсіп, есі шығып, тұла бойы қалшылдап, үрей-үркек болды да қалды. Тағы бірде қуаныш бойын қайта билеп, не болғанын білмей, жүрегі түскір алып ұшты» (Ш. Айтматов). Көркем мәтінде кейіпкер сөзі жалаң түрде емес, қарым-қатынас- тың өту жағдайы, орны, кейіпкердің дене қалыптары мен қимыл- қозғалыстары т.б. да компоненттердің қоса суреттелуі арқылы беріле- ді. Кейіпкер эмоциясы берілген кезде көркем шығармада аталған элементтер де маңызды рөл ойнайды. Оларды бейнелеу, кейіпкер эмоциясымен үндестіру арқылы біртұтас сурет жасалады. Шығармадан үзінді: «Таяп келіп, Найман-Ана өз ұлын танығанда, түйе үстінен қалай аунап түскенін өзі де білмей қалды. Ақ інгеннен құлап түскендей болып еді, оны елер шама жоқ! – О, ұлым, менің құлыным! Мен сені іздеп шарқ ұрдым! – Ол киіздей тұтасқан баялышты кеше-меше ұмтылды. – Мен сенің анаңмын! Жүрегі түскір су-у-у ете қалды. Аяғымен жер тепкілеп, аузы- басы кемсеңдеп, өзін-өзі тежей алмай, ал кеп бір аңырасын, бозда- сын сорлы ана. Буын-буыны дірілдеп, құлап түспеске, томардай қақайып, тебіренбей тұрған ұлының иығынан қос қолдап құшақ- тап алған. Төбесінен ұдайы төніп тұрған қара қайғы зілмәуір салмақпен енді келіп үстіне құлағанда, амалсыздан аңырап, азалы бір, үрейлі бір үнге басқан. Жылап тұрып, жас жуған ақ шашының арасынан, бетіндегі шаң-тозаңды көзден аққан жас лайланып, соны сүртпек болып, діріл қаққан саусақтарының арасынан әлі де үміткер көңіл өз ұлының таныс дидарына қадалды. Мені таныр ма екен деген ынтызар үмітпен ұлының жанарына жалбарына көз тігеді. Өз анасын тану деген сонша қиын емес қой, Құдай-ау!.» (Ш. Айтматов). Жүрегі түскір су-у-у ете қалды – бұл эмоцияның тікелей адам ағзасына әсерін көрсетеді. Автор кейіпкердің ішкі жан-дүниесіндегі өзгерісін аталған фразеологизм арқылы ұтымды жеткізіп тұр. Бұл автордың кейіпкер эмоциясын жеткізуінің бір ғана тәсілі, бір ғана көрінісі. Найман-Ана эмоциясы ары қарай: «Аяғымен жер тепкілеп, аузы-басы кемсеңдеп, өзін-өзі тежей алмай, ал кеп бір аңырасын, боздасын сорлы ана», – деп суреттеледі. Ш. Айтматов – эмоцияны білдіру, бейнелеу, сипаттау мақсатында тілдік құралдарды ұтымды пайдаланып, кейіпкер бейнесін аша түсуде, оның ішкі жан-дүниесін оқырманға сол күйінше жеткізуде үлкен 205 шеберлік көрсете білген жазушы. Шығармаларда эмоцияны сипат- тайтын жекелеген тілдік бірліктерден бастап, мәтінге дейінгі аралықтың ерекше әсерлі болуы жазушы қолданған тілдік құралдарда қарқындылық, бағалауыштық, бейнелілік, экспрессивтілік сияқты қасиеттердің қатар жүруімен байланысты
