Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Office_Word.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112 Кб
Скачать
☆

14. Гидронефроз - классификациясы, клиникалық көріністері, диагностикасы.

Гидронефроз-түбекше-несепағар сегменті аймағында несеп ағуының бұзылысы нәтижесінде дамитын тостағанша мен түбекшекнің өршімелі кеңеюі.

Клиникалық көрінісі:

Гидронефроздың негізгі клиникалық көріністері-ауырсыну синдромы,несеп анализіндегі өзгерістер мен құрсақ қуысындағы палпацияланатын ісік синдромы.Ауырсыну синдромы науқастардың 87%-ында болады.Ауырсыну сипаты әртүрлі-сыздап тұйық ауырсынудан бастап бүйректік колика ұстамасына дейін болуы мүмкін.Ауырсынудың жиілігі мен қарқындылығы пиелонефриттің немесе бүйректік капсула созылуының қосарлануыменбайланысты.Ауырсыну әдетте кіндік аймағында сезіледі,жасы үлкен балаларда бел аймағында сезіледі.

Пальпацияланатын ісік синдромы-алдыңғы құрсақ қабырғасы әлсіз дамыған балаларда кездесетін гидронефроздың жиі клиникалық көрінісі.Бұл түзілісті дәрігер құрсақ қабырғасын пальпациялау барысында кездейсоқ анықтайды.Оны кейде ата-аналардың өздері байқап,дәрігерге жүгінеді.ісі тәрізді түзіліс әдетте,айқын контурлы,консистенциясы эластикалы,пальпациялағанда жылжымалы болады.

Диагностика

Балаларда гидронефрозды диагностикалаудың негізгі әдістері:УДЗ,экскреторлы урография,МКСТ,радионуклидті зерттеу,бүйректік ангиография.

УДЗ-де бүйректің ұлғайғанын оның коллекторы жүйесінің кейеюі салдарынан ,паренхиманың жұқаруы мен тығығыздануын көруге болады.Несепағар көрінбейді.Түсті доплерлік картирлеу режимінде қанағыс әлсіз,әдетте,бүйректің тамырлы ағашының архитектоникасы өзгеріссіз.Бұл зерттеуді несепшығару жолдарының ақауын диагностикалау мақсатында жүктіліктің 7-9 аптасында жүргізуге болады.Пиелоэктазия мен гидронефроз арасында ажыратпалы диагностика қажет болса,диуретикалық жүктемемен УДЗ жүргізеді.Табақша-түбекшелі жүйенің өлшемдері анықталғаннан соң бұлшықетке 0,5мг/кг есебінде фуросемид енгізеді.Қалыпты жағдайда табақша-түбекшелі жүйенің кейеюі фурасемидті енгізгеннен кейінгі 10-15 минутта,ал өз қалпына келуі 20-30 минутта болады.Гидронефроз кезінде түбекше алғашқысынан 100%-дан астам ұлғаяды,сол өлшемді 3-5 сағат сақтауы мүмкін.УДЗ әдісін гидронефрозды операциялы емдегеннен соң,бүйрек жағдайын динамикалық бақылау үшін де қолданылады.

Зерттеудің келесі кезеңі-экскреторлы урография немесе МСКТ.Гидронефроздың рентгенологиялық суреті-табақшалардың және оның мойыншаларының кейеюі мен тиын тәрізді деформациясы,түбекшенің кеңеюі (бүйректен тыс орналасуында айқынырақ).Айта кететін жайт,бүйрек нақты көрініс алу үшін экскреторлы урографияда гидронефрозға күдігі бар науқасты кешіктірілген әр (1-6 сағат )рентгенге түсіру керек.Несепағар сирек көрінеді,әдетте кешіктірілген суреттерде ол тар,цистоидты тип бойынша контрастілінеді,бағыты қалыпты.

Радионукледті зерттеу арқылы бүйректік функциясының сақталу дәрежесін мөлшерлі түрде бағалауға және емдеу жоспарын анықтауға болады.

Жиі түрде гидронефроз бен гидрокаликоз арасында ажыратпалы диагностика жүргізу қиындық туғызады.Ол түбекшенің қалыпты өлшемі кезінде табақшаларының тұрақты кейеюімен және түбекше-несепағар сегментінің жақсы өткізгіштігімен сипатталады.Бұл сырқат-медуллярлы қосарланады.

Диагностикада кешіктірілген суреті бар экскреторлы урография және ангиографиялық зерттеу көмектеседі.Гидрокаликоз кезінде бүйректік артерияның сегментарлы құрылысы сақталған,негізгі сабаудың диаметрі қалыпты,табақша орналасқан аймақта тамырлы сурет әлсіреген және жұқарған.

Емі: Гидронефроз емі-тек операциялы.Операциялы араласулар көлемі бүйрек қызмет етуінің сақталған дәрежесіне байланысты болады.Егер бүйрек қызметі аз ғана төмендесе,онда реконструктивті-пластикалық операция жасалады-түбекше-несепағар сегментін өзгерген жерін резекциялап,пиелоуретростомия жасайды.(Андерсен-Кучер )операциясы.Бұл операцияны эндоскопиялық 2 жолмен жасауға болады:лапароскопиялық және ретроперитонеалды.Егер бүйрек қызметінің айқын төмендеуі болса,нефростомия көмегімен несептің алдын ала даривациясына жүгінеді.Әрі қарай бүйрек қызметінің жақсаруы болса,оны радионуклеидті зерттеу арқылы анықтап алып,реконструктивті операция жасалуы мүмкін.Егер бүйрек қызметінің өзгерістері қайтымсыз болса,онда нефроэктомия жасауға ойлануға болады,оны лапароскопия көмегімен жүзеге асырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]