- •Инвагинация - этиология, патогенезі.
- •2. Анус атрезиясы вестибулді жыланкөзі - этиология, патогенезі.
- •3.Жабыспа ішек өтімсіздігі - этиология, патогенезі.
- •4. Остеомиелит, токсико-септикалық түрі - этиология, патогенезі.
- •5. Гиршпрунг ауруы, субкомпенсаторлы түрі - этиология, патогенезі.
- •6. Анус атрезиясы - этиология, патогенезі.
- •7. Өңеш атрезиясы - этиология, патогенезі.
- •8. Қисық мойын - этиология, патогенезі.
- •Инвагинация классификация, клиника, диагностика
- •Анус атрезиясы вестибулды жыланкөз. Классификация, клиника, диагноз
- •Жабыспа ішек өтімсіздігі Классификация, клиника, диагноз
- •Остеомиелит токсико септикалық түрі классификация, клиникасы, диагностикасы
- •Гиршпунг ауруы, субкомпенсаторлы түрі классификация, клиника, диагностика
- •Анус атрезиясы классификация, клиника, диагностика
- •Өңеш атрезиясы классификация, клиника, диагностика
- •Қисық мойын – классификация, клиника, диагноз
- •9.Жамбас буынның шығуы - классификациясы, клиникалық көріністері, диагностикасы.
- •10. Маймақтық - классификациясы, клиникалық көріністері, диагностикасы.
- •11. Варикоцеле - классификациясы, клиникалық көріністері, диагностикасы.
- •12.Крипторхизм - классификациясы, клиникалық көріністері, диагностикасы.
- •13. 12 Елі ішектің туа біткен өткізбеушілігі - классификациясы, клиникалық көріністері,
- •14. Гидронефроз - классификациясы, клиникалық көріністері, диагностикасы.
- •15. Кіндік жарығы - классификациясы, клиникалық көріністері, диагностикасы
Анус атрезиясы классификация, клиника, диагностика
Классификация.
1.Анальді агенезия
Ер балалар а)жыланкөзсіз
Б)жыланкөзді (ректобульбарлы)
Қыз балалар а)жыланкөзсіз
Б)жылан көзді(ректовестибулярлы)
2. Аноректальді стеноз
Клиникалық көрінісі нәресте туылғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда көрініс бере бастайды, бала мазасызданады, тоқтаусыз кекіреді. Асқазан құрамындағы қоректі кекіреді, кейін өт пен меконий. Меконий мен газ шықпағандықтан іш ісінеді, нәрестеде интоксикация, сусыздану белгілері дамиды.
А)Фистуласыз атрезия – бұл түрінде тік ішек дисталды бөлігінде соқырқаппен бітеді де, аралықпен және несеп шығарушы жолдармен қатынас жасамайды.
Клиникалық қарау. Сыртқы фистуланың бар жоқтығын аралықты визуалды қарау кезінде анықтайды. Клиникалық көрінісі меконидің сыртқы уретра тесігінен немесе катетерленген қуықтағы несептен анықталмайды. Кей жағдайда анус проекциясында гипертрофияланған терілік білік байқалады. Іштің сол жақ жартысының қарқынды пальпациясы кезінде соққылау симптом немесе аналды шұңқырдың томпаюы анықталады. Анус атрезиясының мембранозды түрінде мекони аналды мембрана арқылы байқалады.
Рентгенологиялық зерттеу. Атрезия деңгейін верификациялау үшін аналды шұңқырды белгілеп қойып, беткейлі инвертограмма жасайды.
УДЗ. УДЗ кезінде тік ішектің меконимен толған дисталды бөлігі көрінеді, бітеу шеті мен аралықтың тері арасының арақышықтығы өлшенеді. Бұл әдісті қуықтың толы кезінде жасаған тиімді, себебі тік ішектің бітеу бөлігінің суреті жақсы көрінеді.
Б)Фистулалық анус атрезиясы. Бұл ақау түрлеріне тік ішектің бітеу аяқталып, жыланкөзбен аралыққа ашылуын айтамыз.
Клиникалық қарау. Көптеген жағдайда фистула аналды шұңқырдың алдында орналасады. Қуыстан мекони шығады.Аралық фистула өте жіңішке болғандықтан обструкция тудырады.
УДЗ. УДЗ да жыланкөзді жол мен атрезияланған тік ішек сегментін көреміз. Атрезия деңгейін анықтаудың негізгі критериі тік ішектің дисталды бөлімі мен теріаралық диастаз.
Өңеш атрезиясы классификация, клиника, диагностика
Өңеш атрезиясы өңештің жоғарғы бөлігі бітеу болып, ал төменгі бөлігі көп жағдайда трахея мен қатынасатын күрделі даму ақауы. Өңеш атрезиясының түрлері атрезияның қай бөлігінде орнаалсуына қарай классифкацияланады. Ақаудың жиі кездесетін түрі – өңештің асқазанмен жалғасқан бөлігінің бітеу болуы.
Клиникасы мен диагностикасы. Өңеш атрезиясының белгілері бала туылғаннан кейін алғашқы сағаттарда анық байқалады, өңештің жоғарғы бітеу бөлігі шырышқа толып, баланың аузы мен мұрын жолдарынан көп көлемде көпіршікті бөліністер шығады. Шырышытың бір бөлігін жаңа туған нәресте аспирациялап, цианоз пайда болады. Мұрын –жұтқыншақ құрамы сорылғаннан кейін цианоз қайта пайда болады. Аз уақыт ішінде өкпеде сырлыдар пайда болып, ентігу күшейеді.
Диагнозды нақтылау үшін басы дөңестеніп келген жұқа уретралды катетермен өңештің катетеризациясы жасалады. Катетерді мұрын рақылы енгізеді. Оны 6-8 см тереңдікке өткен соң, катетер өңештің бітеу бөлігіне тіреледі немесе баланың аузынан шығады, катетер арқылы шырышты сорады. Өңештің бітеу бөлігіне енгізілген ауа мұрын–жұтқыншақтан шумен шығады. (элефанттың оң симптомы)
Атрезияның ерте диагностикасының маңыздылығын ескере отырып [аспирациялық пневмония пайда болғанға дейін(бірінші емізуге дейін)], туылғаннан кейінгі тыныс алу бұзылыс синдромдары бар барлық нәрестелерге өңешті зондтау жасалуы тиіс. Атрезия түріне байланысты клиникалық көрінісінде ерекшеліктер болуы мүмкін: дистальді трахея–өңештік жыланкөзі бар атрезияның жиі түрінде іштің үрленуі әсіресе эпигастралды бөлікте байқалады. Аспирациялық синдромның айқындылығы трахея–өңештік жыланкөздің диаметріне байланысты.
Соңғы диагноз арнайы стационарда рентгендік зерттеуден кейін қойылады. Катетерді өңешке енгізгеннен кейін кеуде қуысы мен іш қуысы мүшелерінің жалпы рентгенограммасы жасалады. Атрезия кезінде рентгеноконтрастты катетер өңештің бітеу бөлігінде анық көрінеді. Асқазанда және ішектерде ауаның болуы, трахея мен өңештің абдоминалды бөлімі арасындағы жыланкөздің бар екендігіне дәлел. Жыланкөзсіз түрлерінде ішке кіріңкі ішпен қатар, құрсақ қуысының толық қараюы анықталады. Жыланкөзі бар өңеш атрезиясында өңеш соңдары арасында диастазды бүйірлік рентгенограммада байқауға болады. Зерттеуге арналған контрастты заттардың қолдану жағымды емес, себебі олар аспирациялы пневмонияға әкелуі мүмкін.
