Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Office_Word.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112 Кб
Скачать
☆

3.Жабыспа ішек өтімсіздігі - этиология, патогенезі.

Жедел жабысқақ ішек түйілуі балалар жасында құрсаққуысы хирургиясында айтарлықтай жиі кездеседі, ауыр өтетін сырқат және жедел операциялық емді талап етеді. Осы патологияның кездесу жиілігі басқа түйілулердің арасында 30-40% құрайды.

Клиникалық тәжірибеде жедел жабысқақ ішек түйілуін екі түрге бөледі: ерте және кеш.

Ерте – операциядан кейін 3-4 апта өткен соң пайда болады. Ал кеш – айлар немесе жылдар өткен соң пайда болады. Осылай болудың себебіклиникалық көрінісі және дәрігердің ем тағайындау тактикасы әр түрлі болуына баланысты.

Этиологиясы және патогенезі. Жедел жабысқақ ішек түйілуінің айтарлықтай факторы құрсақ қуысына антибиотикке тұрақты микрофлора түсуі. Құрсақ қуысында ұзаққа созылған қабыну процесі күшейген жабысқақ түзілуге әкеледі. Жабысқақ ішек түйілуінің барлықтүрінде көбінесе жедел ауруларда болады және құрсақ қуысы мүшелерінің жарақатында кездеседі, ал жоспарлы лапаротомияда сирек кездеседі.

Жабысқақ түзілуінің басты себебі – кең лапаротомия кезінде париеталды шажырқайдың бүтіндігінің үлкен көлемді бұзылуыжәне ішектің операция ішілік жарақаты. Жабысқақ ауруы бар балаларда жиі жағдайда операциядан кейінгі терідегі тыртық дөрекі және оның гипертрофиясы болады. Операциядан кейінгі кезеңде осы топтағы балаларға коллагеннің синтезін тежейтін және оның жойылуын күшейтетін ем тағайындаған жөн.

4. Остеомиелит, токсико-септикалық түрі - этиология, патогенезі.

Остеомиелит – сүйек миыеың басқа сүйек анатомиялық құрылымдарын қоса қамтитын іріңді некроздалған зақымдалуы. Бұл балалық шақта кең тараған және ауыр өтетін патологияның бірі.

Гематогенді остеомиелитті шартты түрде ірің тудыратын микроағзалар қоздырады, бірақ негізгі қоздырғышы стафилококк немесе стафилококктың энтеробактериямен ассоциациясы.

Балалрда остеомиелиттің дамуында сүйек тіндерінің анатомиялық құрылымдарының және қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктері басты орынға ие. 2жасқа дейінгі балаларда қан айналымының эпифизарлы жүйесі басым болады, метафизарлы жүйе 2 жастан кейін түзіледі. Эпифизарлы және метафизарлы екі жүйе жеке дара, бірақ арасында анастомоздар бар. Эпифизарлы өсу зонасынан кейін ғана жалпы қан тамырлық тор түзеді.2-3 жастан кіші балаларға метаэпифизарлы зонаның зақымдалуы тән, жас өткен сайын метафиздің қан айналым жүйесі дамуынабайланысты, жиі диафиз зақымдалады.

Патогенез. Қабынулық процестің ерекшелігі сүйек қатты қабырғаларымен жан-жақты жабылған, сондықтан ол біртіндеп веналардыжәне артериялардың қысылуына алып келеді. Сүйектің қан айналымының осылай бұзылысына сүйек милық өзекте гипертензияның салдарынан болатын ауырсыну жанама дәлел болады. Остеомиелит кезінде сүйек ішілік қысым 300-500 мм сын.бағ. көтеріледі.

Жүрек-қан тамыр жүйесін тексергенде, орталық және шеткері қан айналымы зақымдалады, АҚҚ төмендейді, жүрек жетіспеушілігі және миокардиттің дамуы тезделеді. Теріде ұсақ нүктелі қан құйылулар дамиды. Тілі құрғақ, сарғыш түсті жабындымен жабылған. Іші жиі кепкен, жоғары бөлімі ауырсынады.бауыры ұлғайған. Аурудың жергілікті көрінісінің, ал соның ішінде сүйектің ілкі зақымдалуының соңы ауыр токсикоздық жалпы симптомдармен көрінеді. Бірнеше уақыттан кейін жалпы жағдайы жақсара бастағаннан кейін жергілікті ошақты анықтауға болады. Бұл кезде зақымдалған аумақтың әлсіз ісінуін, маңындағы буындардың ауырсынған контрактурасын, жергілікті қызуының көтерілуін, кейде тері асты венаның суретінің айқындалуын көреміз. Бұл анықталған өзгерістер зақымдалған ошақтың диагностикалық пункциясы үшін арналған. Сүйек миының өзегіндегі іріңнің остеоперфорациясы үнемі болмасада, жедел гематогенді остеомиелитте қайтадан сүйекішілік қысымның жоғарылауына алып келеді. Көп мөлшерде инфузиялық терапия жүргізіп, кең спектрлі антибиотиктерді, иммунды дәрілік заттар тағайындап, жергілікті ошаққа операция жасағанына да қарамай жедел остеомиелиттің бұл түрі жиі өлімге алып келеді.

Сепсисті-пиемиялық түрі. Жедел гематогенді остеомиелиттің сепсисті-пиемиялық түрі септикалық түрдің жалпы белгілерімен жүреді. Бұл топтың науқастарында сүйектің зақымдалуын ерте анықтауға болады. Аурудың басталуы сондай-ақ, жедел өтеді: дене қызуы 39-40 оС дейін көтерілуі, интоксикация белгілері үдеуі, өмірге қажетті ағзалар мен мүшелер жүйесінің функциясы бұзылады. Есінің адасуы, сандырақ, эйфория болуы мүмкін. Аурудың бірінші күні аяқ қолдардың ауырсынуы болады. Сүйек ішілік гипертензия дамуы ауырсыну синдромының даму қарқындылығын тұғызады. Жиі септикалық асқыну ретінде әр түрлі ағзаларға метастазды іріңді ошақ түзеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]