Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
261 Кб
Скачать
☆
  1. Графиктің көрсеткештері және оның орындалуын талдау

Жасалған график бойынша оның көрсеткіштері есептеп шығарылады , олар сандық және сапалық көрсеткіштерге бөлінеді.

Сандық көрсеткіштерге мыналар жатады:жолаушылар және жүк пойыздарының жүріс көлемі, жолаушылар және жүк жүрісі бойынша пойыз-километрлер мен локомотив сағаттар , пойыздарды түйіспе қосындарға беру.

Сапалық көрсеткіштерге мыналар жатады:жолаушылар және жүк пойыздарының техникалық және телімдік жүріс жылдамдықтары, локомотивтің орташа тәуліктік жүрісі және жолаушылар пойыздарының орташа айналымы, жолаушылар және жүк(жеделдетілген, маршруттық, өтпелі)пойыздарының маршруттық жылдамдықтары және транзиттік жүк пойыздарының телімдік және сұрыптау стансаларында орташа тоқтап тұру уақыты. Сапалық көрсеткіштерге әрбір телімге жеке анықталып, графиктің бланкісіне түсіріледі.

Атқарылған жүрістер графигі бойынша жедел талдау жаса­лады. Талдау нәтижесінде графиктің бүкіл сандық және сапалық көрсеткіштерінің орындалу дәрежесін анықтайды, оның бұзылу себептерін көрсетеді және оларды жою шара­ларын белгілейді.

  1. Коносаменттер: ескертпелер және дәлелдік күш

1. Егер коносаментте жүктің жалпы сипатына, негізгі маркаларына, орындар мен заттар санына, салмағы немесе санына қатысты деректер болса, тасымалдаушы немесе оның атынан коносамент беретін тұлға олардың шын мәнінде қабылданғанға, ал "борттық" коносамент берген жағдайда - тиелген жүкке сәйкес келмейтіндігін білсе немесе күдіктенуге жеткілікті негізі болса, не осындай деректерді тексеруге оның орынды мүмкіндігі болмаса, тасымалдаушы немесе осындай басқа тұлға осы дәлсіздіктерді, күдіктену негіздерін немесе тексеруге орынды мүмкіндіктердің болмауын көрсететін ескертпені коносаментке енгізуі тиіс.

2. Егер тасымалдаушы немесе оның атынан коносаментті беретін басқа тұлға коносаментте жүктің сыртқы жай-күйін көрсетпесе, ол коносаментте жүктің сыртқы жай-күйін жақсы деп көрсетті деп есептеледі.

3. Оларға қатысты және осы баптың 1-тармағына сәйкес рұқсат етілген ескертпе енгізілген шамадағы деректерден басқа: а) коносамент prima facie тәсілдің, ал "борттық" коносамент берілген жағдайда - жүкті тасымалдаушы коносаментте сипатталғандай тиегенінің дәлелдемесі болып табылады; және b) егер коносамент онда көрсетілген жүк сипаттамасына сүйене отырып адал әрекет еткен үшінші тарапқа, жүк алушыны қоса алғанда, берілсе тасымалдаушының керіні дәлелдеуіне жол берілмейді.

4. 15-баптың 1-тармағының k) тармақшасында көзделгендей жалдау ақысына нұсқау немесе жалдау ақысын жүк алушы төлеуі тиіс екендігіне нұсқау енгізілмеген, немесе тиеу портында туындаған жүк алушы төлеуге жататын демерредж көрсетілмеген коносамент жүк алушының ешқандай да жалдау ақысын немесе демерреджді төлеуі тиіс емес екендігінің дәлелдемесі болып табылады. Дегенмен, егер коносамент онда көрсетілген кез келген осындай нұсқаудың болмауына сүйене отырып адал әрекет еткен үшінші тарапқа, жүк алушыны қоса алғанда, берілсе тасымалдаушының керіні дәлелдеуіне жол берілмейді.

  1. Болжаудың негізгі кезендері.

Жүйелік әдістің принциптеріне сай кез келген жүйе алдымен сыртқы ортамен, кейін өзінің құрылымының ішінде қарым қатынас жасауында зерттелінуі тиіс. Бұл принцип, яғни жүйені құраудың кезеңдері бойынша жылжудың бірізділік принципі логистикалық ақпараттық жүйелерді жобалау жағдайында орындалуы тиіс.

Жүйелік әдістің позицияларынан логистиканың үрдістерінде үш деңгейді көрсетеді, бесінші сурет.

Бірінші деңгей – материалды ағыны бар логистикалық операция орындалатын жұмыс орны, яғни материалды ағынның қосалқысы, элементі, жүк бірлігі жылжып, түсіріліп, қаптамаланады. Екінші деңгей, жұмыс орындары қаланатын, жүктерді көліктендірудің үрдістері жүретін жер бөлігі, цех, қойма болып табылады.

Үшінші деңгей – оқиғалрдың тізбегін қамтитын жалпы көліктендіру мен орын ауыстырудың жүйесі, оның басы ретінде жеткізушінің шикізат жүгін тиеп болу уақытын қарастыруға болады. Бұл тізбек дайын өнімдердің ақырғы тұтынуға түсуі жағдайында аяқталады.