Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
261 Кб
Скачать
☆
  1. Аралықтар мен телімнің паралельді пакетсіз графиктегі өткізу қабілеті

Теміржолдың өткізу қабілеті деп - қолданылудағы тұрақты техникалық, құрылғыларға, жылжымалы құрамның түрі мен қуатына және пойыздардың жүрісін ұйымдастырудың қабылданған әдісіне (график түріне) байланысты белгіленген массалы пойыздың немесе пар пойыздың, бір уақыт мезгілінде (тәулікте, сағатта) ең көп өткізілетін мөлшерін айтады. Жолдың қазіргі кездегі кабілетін - нақты өткізу қабілеті, жоспарланған әртүрлі санатты пойыздарды өткізуін - қажетті өткізу қабілеті деп бөледі.

Телімнің нақты өткізу қабілеті шектегіш аралыққа байланысты.

Шектегіш аралықтың нақты өткізу қабілеті төмендегіше аныкталады:

(3.4)

мұнда, Т – шектегіш аралықтың график периоды, мин; к – осы периодта өтізілетін жұпталған пойыз саны. Берілгенмысалда б-вшектегішаралықболыпсаналады.

График периодының мәні (3.3, б-сур.Б сызбасыбойынша)

Т = t+t»+2τс +2 =19+21+2*4+2*4 = 56 мин

Олай болса,б-в аралығының тәуліктегі өткізу қабілеті:

4 сағаттағысы пойызға тең.

Қалыпты графиктің өткізу қабілетінің есепті мөлшері жүру жылдамдықтары әртүрлі пойыздардың (жолаушылар, кұрама және басқалары) болгандығынан параллельді графикке Карағанда аз болады. Қалыпты графикте телімнен өткізілетін жүк пойызының пар саны:

(3.5)

Мұнда жолаушылар пойызының пар саны.

қысқару коэффициенті, бұл бір пар жолаушылар пойызының әсерінен графиктен неше пар жүк пойызы қысқартылатынын көрсетеді,

Сонда, графикке бір пар жолаушылар пойызы салынса төрт сағатта

пар жүк пойызы өткізіледі

Осы сияқты телімдегі басқа аралықтардың өткізу қабілеті анықталады.

Курстық жұмысты қорытындылайтын болсақ, берiлген көлем және тасымалдар ара қашықтығы бойынша нетто мен бруттоның жүк айналымы, тасымалдардың орташа күйi, жүк жүктемелiгiн, локомотивтер мен вагондар санын, оларды жөндеу және қарау бағдарламасын, стансаның тасымалдау қабілетін жоғарлату керек екендігін анықтадық.

Стансаның жұмысын жақсарту үшін ондағы барлық технологияларды айтарлықтай дәрежеде жұмыс істеу керек. Сол үшін аз шығын жұмсап, табыс көзін ұлғайтылуы қажет. Яғни ең тиімді тәсіл қарастырдық.

№ 22 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

  1. Қауiптi жүгі бар автокөлік құралын жүргізу кезiнде жүргiзушiнің атқаратын міндеттері

Автокөлiк құралымен қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушiлер мынадай талаптарға сәйкес келеді:

1) тиiстi санаттағы көлік құралын жүргізу құқығына куәлiгiнiң болуы;

2) осы санаттағы көлік құралының жүргiзушiсi ретiнде кемiнде үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлiнiң болуы;

3) белгіленген тәртіппен кәсіби жүргiзушiлер үшін жол парағына белгi қоя отырып, жалпы медициналық куәландырудан және рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуі;

4) жүргізушіге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қауіпті жүкті тасымалдауға рұқсат беру туралы куәліктің болуы.

  1. Желiлердiң өткiзгiштiк және тасымалдау қабiлетi. Темiр жол мен темiр жол көлiгiнiң өндiрiсiнiң қозғалысын басқару

Желінің (телімнің) белгілі бір техникалық жабдықталуы және қабылданған жүрісті ұйымдастыру жүйесі (график түрі) жағдайында бір тәулік ішінде осы желі (телім) арқылы өткізіл­етін белгіленген массадағы пойыздардың немесе пар пойыздар­дың ең көп саны теміржол желісінің (телімінің) өткізу қабілеті деп аталады.

Нақты өткізу қабілеті – әлде бір күрделі жұмыстар атқармай-ақ, қолда бар техникалық жабдықтар арқылы жүзеге асырылады.

Жобалық өткізу қабілеті – телімнің техникамен жарақтануын күшейту үшін белгіленген қайта құру және құрылыс жүргізу жұмыстарын жүзеге асырғанда орындалады.

Қажетті өткізу қабілеті – әрбір нақты бағытта мемлекеттің мүддесімен анықталатын резервті ескере отырып, берілген жүк және жолаушылар ағынын өткізе алатын телім болуға тиіс.

Бұдан әрi телiмнiң аралықтар арқылы өткiзу қабілетін есеп­теп шығару әдiстемесi баяндалады. Техникалық құрылғылар­дың өткiзу қабілетін басқа пәндер зерттейдi.

Телiм аралықтарының өткiзу қабілеті түрлiше болады, сондықтан телiмнiң аралықтар арқылы өткізу қабілетін анық­тау үшiн алдын ала өткiзу қабілеті өте аз аралықты табу қажет, оны шектегіш аралық деп атайды, оның өткізу қабіл­етін есептеп шығарып, осы арқылы, тұтас алғанда, телiмнiң өткiзу қабілетін анықтау керек.

Аралықтың өткiзу қабілеті графиктiң түрiне және оның элементтерiнiң мөл­ше­ріне, сондай-ақ бөлiм бекеттерiндегi жол тарамдарына байланысты. Аралық­тардың өткiзу қабілеті­нің жалпы түрі:

, (1.6.1)

мұндағы – жолдарды, түйiспе желiлердi және басқа құрылғыларды күнде­лiктi күтiп-баптауға арналған графиктегi технологиялық «толас кездің» ұзақтығы; – техникалық құрал­дардың сенiмдi жұмыс iстеуiн ескеретiн коэффи­циент; – график периоды; – гра­фик периодындағы пойыздар (пар пойыздар) саны.