- •Нормативтік сілтемелер
- •Бұл диссертацияда келесі стандарттардағы сілтемелер пайдаланылды:
- •Анықтамалар
- •Шартты белгілер мен қысқартулар
- •2.2 Ішкі бақылау жүйесі және ішкіұйымдық аудиторлық стандарттар
- •Сурет 2.1. Шаруашылық операциялардың негізгі кезеңдерінің өзара байланысы
- •2.2 Суретте ібж бағалау процедураларын жүргізуде іс-әрекеттің жүйелілігі келтірілген.
- •Сурет 2.2. Аудит жүргізілетін ұйымның ібж бағалаудағы аудитордың іс-әрекетінің жүйелілігі
- •Қорытынды
2.2 Ішкі бақылау жүйесі және ішкіұйымдық аудиторлық стандарттар
Кәсіпорынның сәтті қызмет атқаруы, табыстылығын арттыру, оның активтерін сақтау және көбейту үшін басқарудың тәртіпке келтірілген механизмінің негізгі элементі-күнделікті ішкі шаруашылық бақылау қажет.
Ішкі бақылау - субъектінің директорлар кеңесімен, жетекшілігімен, басқа қызметкерлерімен орындалатын процесс және мына категориялар:
- қаржылық есеп берудің дұрыстығы;
- тиісті заңдар мен нормативтік актілерді сақтау;
- операциялардың тиімділігі мен орындылығы бойынша міндеттерге жетуге қатысты ақылды сенімділік беру мақсатында құрастырылған.
Ішкі бақылау жүйесінің (ІБЖ) мақсаты: тәртіпке салу және ұйымның ағымдағы шаруашылық істерін тиімді орындау; жетекшіліктің қаржы-шаруашылық саясатының талаптарын орындау; кәсіпорынның активтерін сақтау, құжаттардың анықтығын, толықтығының ыңғайлы деңгейін және тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету.
Ұйымның жетекшілігі ішкі бақылау жүйесінің құрастырылғанына және нақты іске асырылғанына жауап береді.
Бақылау жүйесі ақтайтындай болуы қажет, яғни оның жұмыс істеуіне кеткен шығындар кәсіпорында оның жоқтығынан болған шығындардан аз болуы керек. Егер, ішкі бақылау жүйесі тиімді жұмыс істесе, онда ол сыртқы аудитті жүргізу шығындарын азайтады.
Ішкі бақылаудың тиімді жүйесін құруда әкімшілік қамтамасыз ету керек:
- ұйымның қызметіне сәтті жетекшілік ету үшін сенімді ақпаратпен;
-құжаттар мен активтердің сақталуын – қымқыру фактілерін, бұзылуларды және мүліктерді мақсатсыз пайдалануды, ақпаратты жойып жіберуді немесе жариялауды болдырмауды (есептік регистрлердегі, компьютерлік мәліметтер базасындағы);
- шаруашылық қызметтің тиімділігін – бақылау процедуралары арқылы бір жұмысты қайталауды жою, өндірістік емес шығындарды болдырмау, ресурстардың барлық түрлерін орынды пайдалану, салық төлемдерін үйлестіру, есеп айырысу тәртібін нығайту;
-жазылған есептік принципке сәйкестігін – кәсіпорында бекітілген инструкциялар мен ережелерді, сонымен қатар нормативтік актілердің талаптарын қызметкерлердің міндетті түрде орындауын;
-бухгалтерлік есептің сенімді жүйесін қамтамасыз ету.
-аудиторлық тексерудің барысында аудитор тексеріліп жатқан субъектідегі қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесін түсініп (ұғып) алуға міндетті. Бұл кезде, ол бақылаудың болжамдалған аудиторлық процедураларының маңызын, масштабын және уақыт шығындарын анықтайтын құралдарын оқып үйренуге және бағалауға міндетті.
Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігімен сенімділігін бағалауда (бақылау ортасын және бақылаудың кейбір құралдарын) аудиторлық ұйым келесі үш шекті пайдаланады: «жоғары», «орта» немесе «төмен».
Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелерінің ерекшеліктерін оқып үйрену және бақылау міндетті түрде аудиторлық тексерудің барысында аудиторлық ұйымдармен құжатталады. Құжаттауда мынадай типтік формаларды пайдалану ұсынылады:
Арнайы құрастырылған тестік процедуралар;
Жетекшілік ететін қызметкерлер мен бухгалтерия қызметкерлерінің ой пікірін анықтау үшін типтік сұрақтардың тізімі;
Арнайы бланкілер мен тексеру қағаздары;
Блок-схемалар мен графиктер;
Ескертулер тізімі, хаттамалар мен актілер.
Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесінің маңызды кемшіліктері, сонымен қатар оларды түзету бойынша кепілдемелер аудитордың тексеру жүргізілген ұйымның жетекшілігіне беретін есебінде көрсетіледі.
Ұйымның ішкі бақылау жүйесі мынадай негізгі элементтерден (компоненттерден) тұрады:
а) бақылау ортасы;
ә) тиісті бухгалтерлік есеп жүйесі;
б) тәуекелді бағалау;
в) бақылау процедуралары;
г) мониторинг.
Әр элемент мақсатқа жету үшін құрастырылған ережені, әдісті, нұсқауды және құжатты жобалап түсіндіреді.
Бақылау ортасы – бұл ұйымның жетекшілігінің ішкі бақылауды бекітуге, қолдауға бағытталған іс жүзіндегі әрекеті, іс-шаралары және мәліметтері.
Бақылау ортасының негізгі элементтері:
а) ұйымды басқарудың негізгі принциптері және стилі (директорлар кеңесі және аудиторлық комитет);
ә) ұйымның ұйымдастыру құрылымы;
б) жауапкершілігі мен билікті бөлу;
в) жүзеге асырылатын мамандық (кадрлық) саясат және басқару тәжірибесі;
г) сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық есеп беруді дайындау тәртібі;
ғ) ішкі басқару есебін жүзеге асыру және есеп беруді дайындау тәртібі (ішкі мақсат үшін);
д) ұйымның шаруашылық қызметінің іс жүзіндегі заңдылықтардың жалпы талаптарына сәйкестігі ІБЖ барлық басқа компоненттері үшін негізі болып табылады.
Ұйымның тиімді ұйымдастыру құрылымы қызметкерлердің жауапкершілігі мен құқықтылығын бөлу. Әдетте әр түрлі тұлғалардың арасында бөлуге мынадай қызметтер жатады:
ұйымның активтеріне тікелей кіруге болады;
активтермен операцияларды жүзеге асыруға рұқсат;
шаруашылық операцияларды тікелей жүзеге асыру;
шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету.
Ішкі бақылау жүйесінің тиісті жұмыс атқаруы қызмет тапсырылған қызметкерлерге байланысты. Таңдау, жалдау, қызмет бойынша көтеру, мамандарды оқыту және дайындау қызметкердің жоғары біліктіліктілігін және шыншылдығын қамтамасыз етеді.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік қызметінің мәнін құрайтын шаруашылық операциялардың негізгі кезеңдерінің өзара байланысы 2.1- суретте келтірілген. Шаруашылық жүйе капиталды ақшалай түрде қалыптастыра отырып қызмет ете бастайды. Ақша қаражаттары жабдықтаушылар мен тапсырыс берушілерден сатып алумен байланысты қарыздарын төлеуге бағытталады (сатып алу кезеңі).
Сонан кейін өндіріс және дайын өнімді шығару кезеңі басталады. Сатып алынған активтер пайдалануға, ал қорлар өндіріске жіберіледі. Қызметкерлерге жалақы есептелінеді (өндіріс кезеңі).
Өндірілген өнім сатып алушыларға өткізіледі, өткізілген өнім үшін дебиторлық қарыз пайда болады. Өткізілген (сатылған) өнімнен түскен қаржылық нәтиже анықталады (сату, өткізу), кіріс алу және қаржылық нәтиженің қалыптасу кезеңі.
Сатып алу кезеңі
Өндіріс кезеңі
Сату (өткізу)және қаржылық нәтиженің қалыптасу кезеңі
Сатып алушылармен тапсырыс беру-шілердің қарыз-дары(1210,2110)
Ақша қаражаттары
(1010,1020,1040,
1050)
Қаржылық нәтиже
(5410)
Дайын өнім
(1320)
Жабдықтаушылар мен мердігерлердің қарыздары (3310, 4110)
Еңбек ақы бойынша қарыздар (3430, 4230)
Өнімді (жұмысты, қызметті) сату (6010)
Өндіріс процесі
(8010, 7110, 7210)
Өндіріс құралдарына салымдар, ТМБ
1300 бөлімшенің шоттары
