- •Нормативтік сілтемелер
- •Бұл диссертацияда келесі стандарттардағы сілтемелер пайдаланылды:
- •Анықтамалар
- •Шартты белгілер мен қысқартулар
- •2.2 Ішкі бақылау жүйесі және ішкіұйымдық аудиторлық стандарттар
- •Сурет 2.1. Шаруашылық операциялардың негізгі кезеңдерінің өзара байланысы
- •2.2 Суретте ібж бағалау процедураларын жүргізуде іс-әрекеттің жүйелілігі келтірілген.
- •Сурет 2.2. Аудит жүргізілетін ұйымның ібж бағалаудағы аудитордың іс-әрекетінің жүйелілігі
- •Қорытынды
2.2 Суретте ібж бағалау процедураларын жүргізуде іс-әрекеттің жүйелілігі келтірілген.
Сурет 2.2. Аудит жүргізілетін ұйымның ібж бағалаудағы аудитордың іс-әрекетінің жүйелілігі
Аудиторлық ұйымдар өз қызметінде ішкі бақылау жүйесін бағалаудың көп санын қолдану туралы щещім қабылдай, бағалауды мұқият және жете толық жүргізе алады.Аудиторлық ұйымға жұмыстың басында ұйымның қызметінің ерекшелігі мен көлемі және бухгалтерлік есеп жүйесі туралы жалпы түсінік алу керек. Бастапқы танысудың қорытындысы бойынша аудиторлық ұйым өз жұмысында тексерілетін ұйымның ішкі бақылау жүйесіне жүгіне алатындығы туралы шешім қабылдауы қажет.
Егер, аудиторлық ұйым өз жұмысында ұйымның ішкі бақылау жүйесіне жүгіне алмайтындығы туралы шешім қабылдаса, онда ол аудитті аудиторлық пікір бұл жүйенің сеніміне негізделмейтіндей етіп жоспарлайды.
Аудиторлық ұйым тексерілетін ұйымның ішкі бақылау жүйесімен жалпы танысудың қорытындысы бойынша өз жұмысында ішкі бақылау жүйесіне жүгіну туралы шешім қабылдаса, онда ол ішкі бақылау жүйесінің сенімділігін бастапқы бағалауды жүзеге асыруға тиіс. Ішкі бақылау жүйесінің сенімділігін бастапқы бақылау процедуралары аудиторлық ұйымның өзімен аудиторлық қызметтің осы аталған стандартының талаптарына сәйкес құрастырылған әдістемелер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Процедураның барысында аудитор ұйымның бухгалтерлік және шаруашылық құжаттарын таңдап емес, есептік кезеңге түгел тексереді.
Тексеру кезінде көбірек көңілді қызметте ерекшеліктер мен айырмашылықтар болған кезеңдерге бөлу қажет.
Ішкі бақылаудың бүкіл жүйесінің сенімділігін және кейбір бақылау құралдарын «төменгі» сияқты бағалау бақылаудың басқа құралдарының («орта» немесе «жоғары» ) сенімділігін бағалау мүмкіндігін жоймайды.
Бастапқы бағалау процедураларының қорытындысы бойынша ішкі бақылау жүйесіне сенімі туралы шешім қабылдаған аудиторлық ұйым аудиторлық тексеру барысында осы жүйенің дұрыстығын растап бекіту процедураларын жүзеге асыруға міндетті.
Растау процедуралары аудиторлық ұйыммен өз бетінше Қазақстандағы аудиттің Халықаралық стандарттарының 500 «Аудиторлық дәлелдер» стандартына сәйкес құрастырылған әртүрлі әдістер мен тәсілдер, сонымен қатар арнайы тесттер арқылы іске асырылады.
Егер, жалпы ішкі бақылау жүйесінің сенімділігінің бағасы бастапқыдан төмен болса, онда аудиторлық ұйым аудитті жүргізу нәтижесі бойынша өз қорытындысының (есебінің) дұрыстығын жоғарылату үшін басқа аудиторлық процедураларды жүзеге асыру тәртібін тиісті түрде реттеуі керек.
Аудитормен ішкі бақылау жүйесінің сенімділігін бағалау кезеңіндегі бақылау процедуралары қателер мен бұрмалаушылықтарды анықтауға, түзетуге және болдырмауға бағытталуы керек. Стандарт бойынша бағалау процедуралары негізгі жеті бағытпен жүргізіледі: шындық; толықтық; шешім (рұқсат); дәлдік (анықтық); топтастыру; есеп; кезеңдік (кезеңге бөлу). Сондай – ақ, бұл бағыттар бойынша есеп пен ішкі бақылау жүйелерін бағалауды бақылаудың нақты объектісінің тікелей аудитінің барысында іске асыру өте маңызды.
Шаруашылық операциялардың шындығы тіркелінген операциялардың ақиқаттығын (шындығын) және құжаттардың мәліметтерімен расталғанын (бекітілгенін) білдіреді.
Толықтық – барлық нақты болған операциялар бухгалтерлік есепте көрсетілген, олардың бірде-біреуі қалдырылмаған.
Шешім (рұқсат) – барлық операциялар ұйымның есептік саясатына сәйкес есепке алынғанға дейін бекітілген (рұқсат етілген).
Топтастыру – барлық операциялар тиісті шоттарда дұрыс көрсетілген.
Кезеңге бөлу (кезеңдік) – барлық операциялар болған кезде рәсімделген (тіркелінген, құжатталған) және бухгалтерлік есепте тиісті кезеңде көрсетілген.
Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелерін тексерудің бағыттары бойынша бағалаудың барлық кезеңдері аудиторлық ұйым нұсқау етіп қолданған дәлелдерін көрсету арқылы бүкіл жүйенің сенімділігіне тиісті баға бере немесе аудиторлық процедураларды жоспарлауға әсерін тигізетін шешім қабылдай отырып құжатталады.
Қазақстандағы аудиттің Халықаралық стандарттарының 400 «Тәуекелді бағалау және ішкі бақылау» стандарты аудитордан бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелерін бағалауды және құжаттық рәсімдеуде аудиторлық тәсілді анықтау үшін талап етеді.
Ішкі бақылау жүйесінің нақтылығын анықтау үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Мысалы, аудиторлар бақылау процедураларын орындауда нақты бақылау тәсілдерін пайдаланады. Оларға түгендеу, лабораториялық (зертханалық) талдау, эксперттік бағалау, бақылаушы тексеріс және ауызша сұрау жатады.
Аудитор алдыңғы аудиттің материалдарын оқып үйренген соң кейінгі аудитор, аудитті бітіреді.
Түгендеу – үйымның мүлкі мен қаржылық міндеттемелері туралы дәл ақпарат алуды мүмкін ететін тәсіл.
Бұл тәсіл арқылы аудитор ішкі бақылау жүйесінің сенімділігін тексеру үшін бақылау объектісінің нақтылығын оларды визуалды түрде қарау (байқау) өлшеу, тарту және қайта есептеу жолымен бекітеді.
Зертханалық талдау бақылау объектілерінің қажетті сапасын лабораториялық жағдайда тиісті (физикалық, химиялық немесе биологиялық) талдау жолымен анықтау. Мысалы, лабораториялық (зертханалық) талдаумен астықтың ылғалдылығы, сүттің майлылығы, дайындалған және пайдаланылатын жемнің (азықтың) сапасы тексеріледі. Сонымен қатар, бұл тәсіл құжаттардың түп-нұсқасын дәлелдеу мақсатында соттық- бухгалтерлік экспертиза (сараптау) жүргізген кезде қолданылады.
Эксперттік бағалау қандайда бір сұрақ бойынша мамандық қорытынды алу. Мысалы, кәсіби деңгейін және орындалған жұмыстың бағалылығын анықтау үшін оларды жоғары білікті аудиторлармен (мамандармен) нақты сараптау (экспертиза) қолданылады. Сараптауға кейбір тұлғалармен немесе ұйымдармен орындалған (құрастырылған, жасалған) жобалар, схемалар, бизнес-жоспарлар, бұйымдар, құрылыс, жөндеу және басқа жұмыстар, сонымен қатар бухгалтерлік құжаттар, келісім-шарттар, тәртіп белгілеу немесе ішкі белгілі бір ережелерге бағындыру құжаттары жатады.
Кейбір шаруашылық операциялардың есебінің ережелерін сақтауын тексеру бухгалтериямен орындалатын есептік жұмыстарды бақылауды білдіреді. Ақпарат дұрыс деп саналады, тек егер ол операцияларды тікелей зерттеу сәтінде алынса.
Ауызша сұрау бұл объектілер туралы мағлұматтары бар тиісті тұлғаларды сұрау жолымен бақылау объектілерін нақты тексеру. Ауызша сұрау аудиторлық тексерулерде ұйымның қызметкерлерін, жетекшілігін және тәуелсіз (үшінші) жақты «сұрақ-жауап-нәтиже» принципі бойынша ауызша тестілеу жолымен пайдаланылады. Ереже бойынша, бұл процедура аудиттің бастапқы кезеңдерінде аудитор, аудиторлық ұйым, тексерілетін субъектімен танысады және тексеруді жалғастырады. Ауызша сұрауды жүргізу үшін алдын ала әр түрлі проблемалар бойынша сұрақтар дайындалады.
Есеп айырысуды салыстыру (растау) – үшінші жақтан жазбаша түрде ақша қаражаттары есебінің шоттарындағы қалдықтардың есеп айырысу шоттарындағы, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың шындығы туралы ақпарат алу үшін қолданылатын тәсіл. Растауды сұрауларды құжат ретінде ұйымның жетекшілігінің атынан үшінші жақтың атына дайындайды. Онда анықтаулы ақпаратты тікелей аудиторға ұсынуға талаптар көрсетіледі. Қажет кезінде сұрау үшінші жаққа тікелей аудитордың өз атынан жіберіледі.
Арифметикалық есеп айырысуды тексеру – құжаттардың мәліметтерін және есептік жазулардың арифметикалық дәлдігін тәуелсіз таңдап қайта есептеу (санау).
Құжаттарды салыстыру құжаттарда көрсетілген шаруашылық операциялардың дұрыстығы бір немесе әртүрлі, бірақ өзара байланысты шаруашылық операцияларға жататын әртүрлі құжаттардың мәліметтерін салыстыру жолымен тексеріледі.
Жазбаша сұрау тексерілген сұрақ бойынша тиісті ұйымдардан және тұлғалардан жазбаша түрде қажетті мағлұматтар алу. Жазбаша тұжырымдар бланкіде толтырылуы және ұйымның жетекшісінің қолымен куәландырылуы қажет.
Экономикалық талдау - аудиторлық қызметте кеңінен қолданылатын әдістердің бірі. Экономикалық талдаудың тәсілдері арқылы аудиторлар ұйымның қаржы жағдайын және төлем қабілеттілігін, қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру резервтерін және даму бағыттарын, оның қаржы ресурстары мен қаржылық қарым-қатынастарын басқару тактикасы мен стратегиясын анықтайды.
Аудитормен алынған ақпаратты талдау мен бағалау әртүрлі аналитикалық процедураларды: бақылап отыру; бақылап қарап шығу; альтернативтік балансты дайындау.
Бақылап отыру – бұл процедураның барысында аудитор кейбір бастапқы құжаттарды, олардың мәліметтерінің аналитикалық және синтетикалық есептің регистрлерінде көрсетілуін тексереді, шоттардың соңғы корресспонденцияларын табады және тиісті шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есепте дұрыс немесе дұрыс емес көрсетілгеніне көзін жеткізеді.
Бақылап қарап шығу тексеру жүргізілетін ұйымның (клиенттің) құжаттарында көрсетілген типтік емес операцияларды оқып білу. Бақылап қарап шығу аудиторлық практикада мысалы, шығындар шоттарының кредиттік жазуларын бақылап қарап шығу және оларды бастапқы құжаттардың мәліметтерімен дәлелдеу (растау). Бақылап қарап шығудың мақсаты - типтік емес бірдеме табу.
Альтернативтік балансты дайындау дайын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) есепте дұрыс және толық көрсетілгені туралы өнімнің бір данасына норма бойынша жұмсалынған шикізат пен материалдардың және нақты шыққан өнімнің (жұмыстың, қызметтің) балансын толтыру арқылы дәлелдер алу үшін пайдаланылады. Бұл аудиторлық ұйымға шикізат пен материалдардың нормативтік шығындардан және нақты шыққан өнімнен (жұмыстан, қызметтен) ауытқуларын анықтауға, сонымен қатар қаржы нәтижесінің есептелуінің дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндік түғызады.
Аудиторлық тексеру барысында аудиторлық куәлар мен дәлелдер алу үшін процедураларды тесттер арқылы жузеге асырған ыңғайлы. Бұл тесттер алдын ала құрастырылады және стандарттық түрде бекітіледі.
Эксперттік жүйелер ішкі бақылау жүйесін оқып білуде, бақылау жүйесі туралы нақты мәліметтер жинауда ықпал жасайды, тәуекелді бағалауға, оның мәліметтерін анықтауға көмектеседі, олар арқылы экономикалық талдау жүзеге асырылады.
Эксперттік жүйенің негізгі компоненттері ақпараттық негіз (база) және пайдаланушыға кепілдеме беру механизмі. Ақпараттық негіз қойылған мақсатқа жетудегі проблемаларды шешудегі және пайдаланушыларға көмек көрсетудегі пайдаланылатын ережелер мен ақпараттан тұрады.
Келесі компоненті пайдаланушыларға кеңес беретін компьютерлік программа.
Соңғы жылдары аудиторлық қызметте микрокомпьютерлер – мысалы, сын балансты дайындау, электрондық кестелерде қаржылық есептің бөлімдері бойынша есептік жазуларды топтастыру, салыстырмалы кестелерді бірнеше жылға және қаржылық есептің жобаларын толтыру үшін кеңінен қолданылады.
2.3 Аудитті ұйымдастыру, маңыздылықты және аудиторлық тәуекелді бағалау
Аудиттегі маңыздылық дегеніміз - қаржылық есеп берудің кейбір баптарын, көрсеткіштерін бұрмалаушылықтың мүмкін деңгейі немесе жарық көрген қаржылық есепте көрсетілетін және маңызды емес деп қарастырылатын пайдаланушыларды жаңылыстырмайтын барынша мүмкін қателіктер. Маңыздылықты бағалау аудитордың тәжірибесіне, мамандық дәрежесіне байланысты және олардың өздерімен әрбір аудит жүргізілетін ұйым үшін, оның қызметінің көлемі және ерекшелігімен бірге анықталады. Қаржылық есеп берудің кейбір көрсеткіштері жеткілікті дәл болмауы мүмкін. Бірақ, бұл арқылы есеп беру дұрыс емес деп шешім қабылдауға болмайды. Дәл еместіктер есептеу кезінде қате жіберуден (мысалы, амортизацияның сомасын есептеуде) немесе олар бағалаушы болғандықтан болуы мүмкін (мысалы, негізгі құралдардың амортизация мерзімін, үмітсіз дебиторлық қарыздарды анықтауда). Аудитормен анықталған мұндай дәл еместіктер есеп беруде реттелінуі қажет. Оның үстіне субъектілер әрқашан түзетулерді бір дегенде енгізбейді. Көбінесе аудиторлар бухгалтерлік есеп беруге дәл еместіктерді жібереді: а) олар майда және қаржылық есепті пайдаланушылардың шешіміне әсер етпейді, яғни маңызды емес; ә) майда қателерді анықтауға және түзетуге кететін шығындар өте жоғары; б) оған кететін уақыт бухгалтерлік есеп берудің жарық көруін кешіктіреді. Сонымен, аудитор есеп көрсеткіштері абсолютті дәл болмайтындығын жібереді, бірақ сонымен бірге бухгалтерлік есеп беру дұрыс екендігін дәлелдейді. Көбінесе көрсеткіштердің 5 %-ке дейінгі ауытқуы маңызсыз, ал 10 % жоғары – маңызды болып саналады. Аудитор маңыздылықты бағалау кезінде оның екі жағын (сапалық және сандық) қарастыруға міндетті. Сапа тұрғысынан аудитор өзінің кәсіби пікірін пайдалануы керек. Сандық тұрғысынан аудитор қатенің маңыздылық денгейін бағалауы қажет. Сандық бұрмалаушылықтарға есептік саясатты дұрыс емес немесе жеткіліксіз сипаттау, пайдаланушыны жаңылыстыратын, түбінде экономикалық шығындарға айып түрінде әкеп соқтыратын заңдылық бұзушылықтарды ашпау жатады. Маңыздылық денгейі дегеніміз есеп беру қателерінің сол шектік мәні, содан бастап бұл есеп беруді пайдаланушы кәсіби маман үлкен болжау дәрежесімен ол арқылы дұрыс қорытынды жасамайды және дұрыс экономикалық шешім қабылдамайды. Бұл көрсеткішті есептеуде аудиторлық ұйымдар маңыздылық денгейін анықтаудың Халықаралық стандартына «Аудиттегі маңыздылық» сүйену керек. Стандартқа сәйкес маңыздылық деңгейі былай анықталады: жылдық есептің нәтижесі бойынша ұйымда кестеде көрсетілген қаржылық көрсеткіштер анықталады. Бақылау тәуекелі – бұл бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесімен уақтылы анықталмаған және ескертілмеген тәуекел. Байқамау (таппау) тәуекелі – бұл субъектінің ішкі бақылау жүйесімен жіберілген қателердің, аудитормен анықталмау тәуекелі (яғни, ішкі бақылау жүйесімен жіберілген қателер, аудитормен анықталмайды). Аудиторлық тәуекел аудитордың есеп беруді тексерудегі өзіндік іс-әрекетімен байланысты. Аудиторлық тәуекелді бағалаудың негізгі екі әдісі бар: интуитивтік және есептік. Интуитивтік әдісте аудиторлар өз меншікті тәжірибесі мен клиенттің қызметің білуі негізінде, жалпы есеп беру немесе операциялардың кейбір топтары арқылы тәуекелді бағалайды және бұл бағаны аудитті жоспарлауда пайдаланады. Сонымен бірге, тәуекелді интуитивтік бағалау әкімшілікті, субъектінің мамандарын және бухгалтерлік қызметкерлерін ауызша сұраудың (тесттеу) мәліметтері бойынша жүргізіледі. Бірақ, аудиторлық тәуекелді интуитивтік бағалауды кішігірім ұйымдарға қатысты пайдалануға болады, сондықтан бұл әдіс әлемдік аудиторлық практикада кеңінен қолданылмайды. Көбінесе, Ресей аудиторларымен қолданылады. Мысалы: тексеруді жоспарлау кезеңінде аудитормен қабылданған ішкі тәуекел шамасы 80%, бақылау тәуекелі – 50%, ал байқамау (таппау) тәуекелі шамасы статистикаға сәйкес 10%-ке тең. Сонда аудиттегі тәуекелдің мәні 4%(0,8х0,5х0,1). Халықаралық практикада аудиторлық тәуекелдің ең қолайлы мәні 5% мөлшерінде ұсынылған. Алдын ала жұмыстың келесі кезеңі-операциялардың әр типіне қатысты ішкі шаруашылық бақылау жүйесінің тиімсіздік тәуекелін бағалау. Ол үшін бастапқыда бағаланады: ұйымның жетекшілігінің ішкі шаруашылық бақылаудың адекватты жүйесін қолдаудың қажеттілігіне қатынасы; ішкі шаруашылық бақылау жүйесінің құрылымы және ішкі аудиторлардың кәсіби деңгейі, олардың дербестігі және тәуелсіздігі; бұл жүйе қаншалықты жақсы және тиімді жұмыс істейді. Егер, аудитор бақылау тәуекелін бағаламауды шешсе немесе оның шын мәні, бастапқы бағадан жоғары болса, онда ол жоспардағы бақылау процедураларын көбейтеді. Сонан кейін, аудитор байқамау тәуекелін қалған үш тәуекелді есептеу жолымен анықтайды. Байқамау (таппау) тәуекелі аудиторлық дәлелдердің көп санын алу үшін тестілеу көлемінің жоспарын анықтайды. Сондықтан аудитор ішкі шаруашылық бақылау жүйесі мен аудиторлық тексерудің мақсатының арасындағы байланысты анықтауы қажет. Аудитор өзіне үлкен тәуекелді алған кезде, аз дәлел талап етіледі. Олай болса, аудиторлық тәуекелді төмендетуге ұмтылу керек, сонда ғана аудиторлық қорытынды (есеп) жасау үшін максимум дәлел алуға болады. Сонымен, аудитті жүргізудің қолайлы жоспарын құру үшін аудиторлық тәуекелді есептеуде бақылаудың тек жалпы аспектілерін ғана емес, сонымен бірге алдын ала әсер ететін факторлардың жинағын бағалау қажет. Тек жүйелі тәсіл және барлық факторларды кешенді бағалау аудиторлық тәуекелді есептеуде аудиттің ыңғайлы жоспарын құруға мүмкіндік туғызады. Сондықтан аудиторлық тәуекелді бағалауда Қазақстандағы аудиттің Халықаралық стандарттарының 400 «Тәуекелді бағалау және ішкі бақылау» стандартына сүйену қажет. Аудиторлық іріктеу - бұл шоттар сальдосын немесе шоттар айналымын құрайтын операцияларға барлық тексерілетін жиынтық туралы пікір айтуға мүмкіндік беретін аудиторлық дәлелдер жинау үшін аудиторлық процедураларды қолдану. Іріктеуге тексерілетін жиынтық объектінің тек бөлігі ғана жатады. Іріктеудің қалыптасу және оның нәтижесін бағалау тәртібі Қазақстандағы аудиттің Халықаралық стандарттарының 530 «Аудиторлық іріктеу және таңдамалы тестілеудің басқа процедуралары» стандартымен реттелінеді. Аудитор жиынтық элементтерін іріктеуді барынша тиімді және үнемді түрде жүргізеді. Аудитор (аудиторлық ұйым) іріктеу кезінде бүкіл оқып үйренілетін жиынтықты әрқайсысының элементттері ұқсас сипаттамадағы топ-топқа бөледі. Жиынтықты бөлу белгілері кез келген элемент үшін оның қай топқа жататындығын анық көрсете алатындай болуы керек. Бұл процедура стратификация деп аталады. Ол мәліметтердің бытыраңқылығын азайтады, мұның өзі аудиторлық ұйымның жұмысын жеңілдетеді. Аудиторлық іріктеу аудитормен аудиторлық дәлел жинау үшін аудитттің масштабын анықтау және аудиторлық процедураларды жоспарлау мақсатында жүргізіледі. Тестілеу үшін баптарды іріктеудің келесі тәсілдері қолданылады: а) барлық баптарды іріктеу (100%-тік тексеру); ә) нақты баптарды іріктеу; б) аудиторлық іріктеу. Қандай-да бір тәсілді пайдалану жағдайға байланысты, кейбір де біреуін немесе жоғарыда аталғандардың үйлестігі орынды болуы мүмкін. Тәсілді таңдау аудиторлық тәуекелмен және аудиттің тиімділігімен негізделеді. Барлық баптарды іріктеу маңызы бойынша процедураларға қатысты кеңінен қолданылады. Мысалы, 100%-тік тексеру жиынтық жоғары құнмен баптардың аз санын құрағанда орынды. Сонымен қатар, бұл тәсіл компьютерлік ақпараттық жүйеде қайталанып орындалатын есеп айырысуларда немесе процестерде орынды. Нақты баптарды іріктеу клиенттің бизнесін білу, аудиторлық тәуекелді алдын ала бағалау және тестіленген жиынтыққа тән белгілері сияқты факторлармен негізделеді. Әдетте нақты іріктелген баптарға жатады:
Жоғары құнды немесе негізгі баптар жоғары құнды немесе басқа тән күмәнді әдеттегідей емес, анықтаулы тәуекелге бейімді белгілер. Анықтаулы сомадан артық барлық баптар аудитормен шоттар сальдосының жалпы сомасының немесе операциялар класының көп бөлігінің түп нұсқадан дұрыс екенін тексеру үшін іріктеледі. Ақпарат алу үшін баптар аудитормен клиенттің бизнесін білу операциялардың сипатын, бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесі бойынша ақпарат алу үшін тексеріледі. Процедураларды тестілеуге мүмкіндік туғызатын баптар аудитормен процедураларды орындау немесе орындамауды, яғни аудиттің масштабын анықтау үшін іріктеледі. Іріктеуге түскен элементтерді (құжаттар, операциялар, сальдо және басқалар) оқып білуде барлық қателер тіркелінеді, себебі іріктеудің нәтижесі бүкіл жиынтыққа таралады. Іріктеуді пайдалануда қатенің мөлшері ақшалай өлшем бірлігіне негізделген қатенің абсолюттік мөлшері жиынтық элементінің шамасы мен қатенің қатынасына қарағанда қажетті емес. Құжаттарды талдау барысында дұрыс толтырылмаған, жоқ құжаттардың үлес салмағы анықталады. Іріктеуге енгізілген операциялар бойынша құжаттардың жоқтығы маңызды тәртіп бұзушылық болып қарастырылады. Тексеру тәртібін қарастыруда аудитор тексеру мақсатын және сол мақсатқа жететін аудиторлық процедураларды анықтау керек. Сонан соң, ол мүмкін қателерді, жиналатын дәлелдерді бағалауы және осының негізінде оқып үйренілетін мәліметтердің жиынтығын анықтайды. Іріктеп (таңдап) тексерудің екі түрі бар:
Сәйкестігін іріктеп тексерудің міндеті ішкі бақылау нормалары қаншалықты тексеру кезеңінде бұзылғанын анықтау. Тексеру оның негізгі бағыттары бойынша жүргізіледі. Мұндай тексеруді сапалы немесе атрибутивтік іріктеу дейміз. Атрибутивтік іріктеудегі қадамдар:
Маңызы бойынша іріктеп тексерудің міндеті кейбір операциялардың айналымдар мен шоттар сальдосының нақты сомаларының есебінің дұрыстығын бағалаудан тұрады. Мұндай тексеру сандық тексеру деп аталады. Мысалы ретінде айналымдар мен шоттар мен сальдосын, бастапқы құжаттардағы жазуларды; үшінші жақтан алынған дәлелдер; қабылданған және төленген материалдық құндылықтар бойынша өткізілген өнімнің, қосымша құн салығын есептеудің дұрыстығын, бұл салықтың сомасын бюджетке жатқызуын және тағы басқаларды тексеруді айтуға болады. Іріктеуге түскен қателерді талдауда, аудитор ең алдымен қателердің өзгешелігін анықтайды. Аудитор қатенің сапалылығын бағалайды, оның маңызын және себебін, сонымен қатар олардың аудиттің басқа бөлімдеріне әсерін анықтайды. Табылған қателерді талдай отырып, аудитор мынадай шешімге келуі мумкін, олар жалпы сипаттағы операциялардың типімен, өндірістік бөлімшелермен байланысты солар үшін қателер табылған. Аудитор іріктеу бойынша алынған нәтижені барлық жиынтыққа таратуға міндетті. Аудитор тексерілетін жиынтықтағы қате рұқсат етілген шамасынан артпайтынына көзін жеткізуі керек. Бұл үшін аудитор жиынтықтың қатесін тарату арқылы алынған рұқсат етілген қатемен салыстырады. Егер, бірінші қате рұқсат етілген қатеден жоғары болса, аудитор іріктеу тәуекелін қайта бағалайды. Аудитор міндетті түрде жұмыс құжаттарында аудиторлық іріктеуді жүргізудің барлық сатыларын және оның нәтижесінің талдауын көрсетуі қажет. Негізгі аудитор аудиторлық тексеруді жүргізу кезінде тұрақты бақылауға және ассистенттермен орындалатын жұмыстарды бағыттап отыруға тиіс. Негізгі аудитор аудиттің орындалуына толық жауап береді. Жұмыс берілген ассистиенттер жауапкершілігі және процедуралардың мақсаты туралы тиісті түрде инструктаждан өту керек. Сыртқы бақылау – мемлекеттік органдар жағынан жүзеге асырылады және іс жүзіндегі нормативтік құжаттармен қарастырылады. Аудиторлық тексерулерді бақылау: а) кейбір аудиторлық тексерулерді бақылауға; ә) сапасын жалпы бақылауға бағытталған. Кейбір аудиторлық тексерулерді бақылауға мыналар жатады:
Аудиттің сапасын жалпы бақылау мынадай элементтерге негізделеді:
Аудит жоғары сапалы болу үшін келесі іс-шаралар қажет: а) аудиторларды оқыту және қайта дайындау; ә) аудиторлық стандарттарды құрастыру және жетілдіру;
б)
|
3. Аудиттің Халықаралық стандарттарына сәйкес аудиттің әдістемесі мен ұйымдастырылуын жетілдіру |
3.1 Қазақстан республикасында аудиторлық қызметті нормативтік - құқықтық реттеу |
Қазақстанда аудит кәсіпкерлік қызметтің жаңа түрі ретінде ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында пайда болды. Содан бері ол жаңа құбылыс түрінде біздің елде әлі де қалыптасу сатысында болса да жылдам дами бастады. Қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстандағы аудиторлық қызметтің дамуына талдау жасау елдің экономикалық дамуы процесінде аудиттің маңызды атқаратыны туралы шешімге келу мүмкіндігін береді. Клиенттердің қызметі көлемінің өсуі және күрделенуімен бірге есеп және есеп беру жүйесіне қатысты талаптар да жоғары бола бастады. Қаржылық есеп беру өзіндік бизнес тіліне және ұйымның қаржылық және мүліктік жағдайы туралы негізгі ақпарат көзіне айналып отыр. Аудиторлық ұйымдар білікті эксперттер ретінде танылды, олардың ұйымның есеп беруінің сенімділігі және қаржы жағдайы туралы пікірі басқару шешімін қабылдау, бизнесте серіктес таңдау, қаржыны инвестициялау бағытын, несиені ұсынудың мақсаттылығын және т.б. анықтау кезінде шешуші болып табылады. Аудиторлардың көрсететін қызметінің кеңеюі арқасында олар шаруашылық қызмет үдерісінде пайда болатын күрделі де әрқилы мәселелерді шешуде бухгалтерлік – қаржылық қызмет мамандарының көмекшілері болып отыр. Аудиторлық фирмалармен орындалатын жұмыстардың жалпы көлемінде ең үлкен үлесін кеңес беру қызметі алады, соның ішінде салық сұрақтары бойынша кеңес берудің салмақты үлесі бар. Ілеспелі қызметтің кеңеюінің жұмыскерлердің жүктемелерін теңестіру үшін маңызды мәні бар, себебі аудиторлық тексеруді жүргізу жылдық қаржылық есеп беруді ұсыну мерзімімен байланысты. Аудиторлық қызмет туралы заңнамалар Қазақстан Республикасының конституциясына негізделеді. Аудиторлық ұйымдарды құру бойынша ұйымдастыру шралары Азаматтық Кодекске сәйкес жүргізіледі. Аудитордың заңды міндеттері және жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік және Қылмыстық Кодекстерімен анықталады. Аудиторлардың іс-қимылдарының этикалық норма аудиторлар Этикасы Кодексімен реттелінеді. Аудиторлық қызмет нарығының кеңеюіне қарай халықаралық аудиторлық фирмаларға жетекші ұлттық аудиторлық фирмалар салмақты бәсекелес бола бастады («Ержанов және К. «Қазақстанаудит», «ҚазақКонсалтинг», «Қазақстан Центраудит» және басқалары). «Қазақстан аудит» АҚ аудиторлық –кеңес беру фирмалары халықаралық ұйымына кірді (BDO Binder). Бухгалтерлік есепті нормативті реттеу жүйесі ұзақ уақыт бойы қаржылық есеп берудің негізгі пайдаланушысы-салық органдарының мүддесіне бағынды. Кәсіпорынныяң қаржылық және мүліктік жағдайы туралы сенімді ақпаратқа қызығатын сыртық пайдаланушыларға бағытталған есеп беруді қалыптастыру үдерісі енді басталды. Қазақстанда аудиторлық қызметті нормативтік реттеу жүйесі жасалынды. «ҚР аудиторлық қызмет туралы» бірінші заңы 1993 жылы 18 қазанда қабылданды. Бес жыл өткен соң, 1998 жылы 20 қарашада «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР екінші заңы қабылданды, және оған 18.12.2000ж., 15.01.01ж., 02.03.01ж., 26.12.02ж., 16.05.03ж., 11.06.03ж., 05.05.06ж. өзгертулер мен қосымшалар енгізілді. Бұл заң ҚР аудиторлық қызметті реттейтін бірінші деңгейлі құжаттарға жатады. Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру үдерісіндегі мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасындағы қатынастарды реттейді. Екінші деңгейлі құжаттарға Қазақстан Республикасындағы аудиттің Халықаралық стандарттары (АХС) жатады. ҚР аудиторлар Палатасының 2000 жылдың наурыз айында өткізілген бесінші Республикалық конференциясында ҚР аудитті халықаралық стандарттарға көшіру және оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды. Үшінші деңгей – аудит тәжірибелері негізінде аудиторлық ұйымдармен жасалынған аудиторлық қызметтің фирмаішілік стандарттар. Бұл деңгейдегі құжаттар одан жоғарғы деңгейдегі құжаттарды нақтылайды. Мұндай құжаттардың мазмұны мен қалпы аудиторлық қызмет нарығының қалыптасуы және кеңеюіне қарай жетілдіріледі. Қазақстанда аудиторлық қызметті нормативтік реттеу үдерісінде келесі мемлекеттік органдар және ұйымдар тікелей қатысады:
ҚР Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдістемелік Департаменті ҚР Үкіметімен анықталған негізгі өкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Департамент аудиторлар және аудиторлық ұйымдардың қызметіне аудиторлық қызметті лицензиялау арқылы бақылау жүргізеді. Департаменттің ең негізгі қызметіне мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің негізгі қызметі банктік және сақтандыру қызметтерін жүргізуге лицензиялар беру болып табылады. Қазақстан Республикасының аудиторлар Палатасы өз өкілеттігі аясында аудиторлар және аудиторлық ұйымдар қызметтерін реттеуді жүзеге асыратын коммерциялық емес кәсіби ұйым. Адиторлар Палатасы аудиторлар, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіреді және мүшелік жарналар есебінен, сонымен қатар Қазақстан Республикасы заңдылықтарымен тыйым салынбаған басқа да көздерден қаржыландырылады. Республикада аймақтық және Республикалық аудиторлар Палатасы жұмыс жүргізеді. Аймақтық аудиторлар Палатасының негізгі қызметіне мыналар жатады:
Республикалық аудиторлар Палатасы аймақтық Палаталардың барлық аталған қызметтер орындайды, сонымен қатар қосымша мына қызметтермен айналысады:
Аудиторларды аттестациялау бойынша біліктілік комиссиясы мекеме (коммерциялық емес ұйым) ұйымдастыру – құқықтық түрде аудиторлар Палатасының Республикалық конференциясында құрылады. Біліктілік комиссиясының негізгі қызметтері мыналар болып табылады:
Қазіргі уақытта біздің елімізде ұйымдардағы қаржы-экономикалық қызмет жұмыстарының сапасы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды жоғарылату беталысы байқалады. Аудиттің халықаралық стандарттарына өтумен байланысты аудиторлық қызметті дамытудың жаңа кезеңі қарқын алып келеді. Аудиторлық қызмет нарығын дамытудың бірден - бір маңызды беталысы оларды кеңес беру үдерісімен үлестіру болып табылады. Аудиторлар аудиторлық есепке анықталған қателер және сәйкессіздіктермен бірге қолданыстағы есеп саясатының, пайдаланудағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру әдістерінің және бағдарламалық өнімдерінің қолданылу тиімділігі туралы қорытынды, сонымен бірге олардың өзгеруі және жетілдірілуі бойынша ұсыныстар енгізе бастады. Осыған орай аудиторлық есептің талдамалы бөлімінде кеңес беру элементтері пайда болды. Аудиторлар есепке аудиттелетін ұйымның қаржы жағдайына баға беруді енгізе бастады. Қаржы жағдайын бағалаудың толықтығы үшін аудиторлар ұйым қызметінің қаржылық нәтижесіне жан - жақты талдау жүргізу, әрбір бұйымды сату көлемінің, пайданың, рентабельділіктің өзгеруінің қарқынын есептеу, төлем қабілеттілігіне және несие қабілеттілігіне, қаржылық тұрақтылығына баға беруі қажет. Осыған сәйкес, аудитордың назары бухгалтерлік есепті ұйымдастыру сұрақтарына ғана тоқталып қоймай, олар қаржылық және басқару талдауын жүргізеді. Аудиттің халықаралық стандарттары клиент қызметі тұрғысындағы білімі және түсінігі аудиторға ол туралы ақпараттарды игерумен қатар, елдегі жалпы экономикалық жағдай, клиенттің қызмет саласы, оның бәсекелестері және клиенттері туралы ақпараттарды да игеру мүмкіндігі бар екенін айқындайды. Үшінші тұлғадан алынған ақпарат ішкі ақпаратқа қарағанда анағұрлым сенімді болады. 810-АХС Аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес қосымша аудиторлық қызмет ретінде болашақ қаржылық ақпаратты және есептің қалыптасуын тексеру болып табылады. Болашақ қаржылық ақпарат ретінде болашақта болуы мүмкін жағдайларға қатысты әрекеттерге негізделген ақпарат түсініледі. Аудиторлардың міндеті осы аталған әрекеттердің ұтымдылығы және негізділігіне баға беру болып табылады. Қорыта айтқанда, аудиторлық қызметтің дамуының негізгі беталысы аудиторлардың аудиттелетін ұйымның қаржы - шаруашылық қызметіне тереңірек үңілуімен және ұйымның шаруашылық қызметінің әртүрлі обьектілері бойынша аудиттің кеңес берушілік бағытының кеңеюімен байланысты. 3.2 Аудиттің халықаралық стандарттарын ұйымдастырудың және құрастырудың теориялық және әдістемелік негіздері
Аудиттің стандарттары мен нормалары аудит жүргізілетін субъектілермен аудитордың жұмысын және біліктілігін қарап тексеруде жетекшілік, нысана (бағыт) ретінде қолданылады. Мұндай кәсіби стандарттарды (ережелерді) құрастырумен халықаралық деңгейде 1977 жылы құрылған Халықаралық бухгалтерлер федерациясының (ХБФ) кеңесімен негізі қаланған Халықаралық аудиторлық практика (тәжірибе) бойынша Комитет (ХАПК) шұғылданады. Аудиторлық қызметтің халықаралық стандарттары 4 бөлімнен тұрады:
Аудитті жүргізудің халықаралық стандарттары кәсіби деңгейі жалпы әлемдік деңгейден төмен елдерде мамандықты дамытуға мүмкіндік береді. Әр елде халықаралық стандарттарды әр түрлі қолданады. Ол бұл стандарттардың практикада (іс жүзінде) қолдану мүмкіндігіне байланысты бірнеше топқа бөлінетіндігінде: -стандарттардың бірінші тобы–бұл өте тез, түгел және толық қабылданатын стандарттар; -екінші тобы–бұл мақұлданатың және жалғаулы өзгертулермен қабылданатын стандарттар; -үшінші тобы–бұл еңгізу үшін анықтауды және тиісті экономикалық, саяси, басқа да шарттарды қажет ететін стандарттар; -төртінші тобы–бұл осы елде пайдаланылуы дамудың тарихи тенденцияларына және ұлттық психологиясына байланысты стандарттар. Осыған байланысты бірқатар елдерде аудиттің халықаралық стандарттарын қалыптастыруда, қолдануда абайлап байқаулықты көрсетеді. Қазіргі уақытта Қазақстандағы аудиторлық және аудиторлық – кеңестік ұйымдардың негізгі іс-әрекеттерінің бірі болып саналатын – салық аудиті. Салық аудиті қызметтерін іс жүзінде Қазақстанның нарықтағы аудит субъектілерінің бәрі,яғни шетелдік консалтингтік компаниялар, Қазақстанның ірі және орта аудиторлық–кеңестік фирмалар,кіші Қазақстандық аудиторлық фирмалар мен жеке аудиторлар жүргізеді. Қазақстандық аудиторлық фирмалар мен жеке аудиторлар жүргізеді. Бұл қызметтің нарықтағы қажеттілігі төмендегі факторлардың әсерінен туындайды:
Салық аудиті барысында көрсетілетін қызметтердің тізімі «Салық аудиті және басқа да жалғаспалы қызметтер» аудиторлық іс-әрекеттердің әдістемелерінің қосымшаларында көрсетілген. Бұл іс жүзінде аудиторлық ұйымдардың салық аудитін жүргізудегі жасаған әдістемелері мен ішкі ұйымдық стандарттарын нақтылаудың қажеттілігін көрсетеді. Салық аудитін іс жүзінде жүргізудің тәжірибесі мен жоғарыда аталған әдістемеде ұсынылған салық аудитінің негізгі кезеңдерін талдау,салық аудитінің қойған мақсаттарының орындалуын қамтамасыз етуде экономикалық талдаудың әдістерін кең көлемде қолданудың маңызды екенін көрсетеді. Салық аудитінде экономикалық талдау әдістемелерінің көмегімен аудитор аудиттелетін тұлғаның салық төлемдеріне қатысты динамикасын (яғни, тұрақтылық, өсу шегі,құлдырау),ұйымның салықтық төлемдерінің құрылымын, сонымен қатар бірдей,әрі ұқсас ұйымдар арасындағы аудиттелетін тұлғаның алатын орнын анықтай алады. Сонымен қатар экономикалық талдау аудиторға салық міндеттемелеренің көлеміне әсер ететін факторларды,салық салудың оптимизациялық және минимизациялық өсу шегін,салық шығындарын қысқарту және т.б. анықтауға мүмкіндік береді. Салық аудитіндегі экономикалық талдау аудиторлық дәлелдің әдісі мен құралы ретінде аналитикалық процедураға негізделген. Түрлі белгілер бойынша аудиторлық дәлелдерді алу үшін,аудитор аудиторлық процедуралардың жүгізілуін нақты және дұрыс жоспарлауы керек (қосымша 7). Біздің ойымызша,аудиторлық қызметтің тиімділігін және аудиттің сапасын арттыру үшін аудиторлық ұйымдарда салық аудитін жүргізу барысында экономикалық талдауды қолдануға арналған ішкі фирмалық стандарттар жасалуы қажет. Бұндай стандарттардың жасалуы аудиторлық ұйымдардың мына мәселелерін шешуіне мүмкіншілік береді:
Сонымен,жоғарыда аталған мәселелер салық аудитінде экономикалық талдауды қолданудың ішкі фирмалық стандарттарының маңыздылығын көрсетеді. Экономикалық талдауды қолданудың ішкі фирмалық стандарттары қазіргі ұлттық стандарттарға сәйкес болуы қажет. Ішкі фирмалық стандарттар аудитті жүргізудің барлық кезеңдерін қамтуы қажет. Аудиторлық ұйым дайындайтын салық аудитінде қолданылатын экономикалық талдаудың әдістемесі міндетті аудиттің мына төмендегідей барлық негізгі кезеңдерін қамтуы қажет деп есептеймін. Олар:
Әдістемеге сәйкес салық аудиті жоспарлау кезінде жалпы талдау мен салық салу жүйнсінің элементтерін қарастырып,қамтуы қажет,сонымен қоса салық көрсеткіштері мен салықтық тәуекелге әсер ететін негізгі факторларды да. |
3.3 Ұйымның қаржылық есеп беруінің аудиті |
|
Аудиторлық құжаттаманы істелінген жұмыстың дәлелі ретінде тануға болады және оны конфликтік сұрақтарды шешу үшін қолдануға болады, бірақ ең бастысы – ол аудиттік процесті реттеуге, оны арнайы аудиторлық ұйым үшін құрастырылған жүйе немесе схема бойынша жүргізуге көмектеседі. Аудиторлық құжаттардағы мәліметтер сол клиент ұйыммен ары қарай жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар жағдайлары ұқсас басқа бір ұйымға қолдануға болады, үшінші жақтан қарағанда тіптім жас мамандарды оқыту үшін қолдануға да болады.
Жұмыс құжаттамасын дайындаудың тәртібі, оның мазмұны, сақталуы және безендірілуі 230«Құжаттама» атты аудиттің халықаралық стандартында қамтылған.
Аудитордың жұмыс құжаттамасына мыналар жатады:
-ұйымның құқықтық-ұйымдастыру формасы мен ұйымдастыру құрылымы бойынша ақпарат;
-ұйымның негізгі құжаттарының көшірмесі және де оның басқа тексеруге қажетті заңи құжаттар (келісім-шарт, контракт, протокол);
-ұйымның бухгалтерлік есебі мен ішкі бақылау жүйесінің сипаттамасы;
-аудитті өткізудің бағдарламасы мен жоспары;
-қолданған аудиторлық процедуралардың және олардың нәтижелерінің сипаттамасы;
-үйымның түсініктемесі мен өтініші;
-аудитордың ұйымның басшылығына өткізілген аудиттің қорытындылары бойынша жазбаша ақпараттың екінші данасы;
Жоғарыда аталған тізім мысал ретінде келтірілген. Бұған тағыда аудиторлық тексеру кіммен өткізілгенін; басқа аудиторлық фирмалармен хат алмасулары, көрсетілген қызмет бойынша; пайда болған мәселерге байланысты тексерілген ұыммен алдын ала жүргізілген келіссөздер; ұйымнан алынған растау құжаттары; ұйымның бухгалтерлік және басқа да қаржылық құжаттаманың көшірмесі (соның келісімімен) сияқты ақпараттарды енгізуге болады.
Тексеріліп жатқан ұйым да, салық комитеті мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері аудиторлық ұйымның жұмыс құжаттарын немесе құжаттардың көшірмесін талап ете алмайды, тек Қазақстан Республикасының заңына сәйкес болмаса.
Аудиторлық ұйымның жұмыс құжаттарындағы ақпаратты жария етуге болмайды.
Жұмыс құжаттарында қаржылық есеп берулердің мазмұны толықтай ашылу қажет. Шаруашылықта кездесетін бухкалтерлік принциптер және қарастырылған қарапайым емес сұрақтарға түсініктеме болу керек.
Жұмыс құжаттамасы өз уақытысында дайын болу керек, оның дайындалуы аудиторлық есеп беру уақытысында толықтай бітуі керек. Оны әртүрлі құрылғыларда ондағы ақпараттың белгілі бір кезеңге немесе архивте бекітілген сақталу мерзіміге дейін сақталуын қамтамасыз етедіндей құрастырылуы керек.
Аудиторлық ұйыммен танылған немесе қабылданған әрбір құжаттың жеке номері болу керек.
Жұмыс құжаттарындағы барлық шартты белгілердің мәні ашылу керек.құжаттарда ақпараттың пайда болу тетіктеріне сілтеме жасалуы керек.
Аудиторлық ұйымның жұмыс құжаттары әрбір клиент бойынша жүргізіледі. Тексеру кезінде пайда болған барлық құжаттама бір файлға жинақталады. Егер де сол клиентті келесі рет тексерген жағдайда кейбір құжаттар тұрақты болып табылады және олар белгілі кезеңге ғана жаңарып тұруы мүмкін.
Құжаттар аудиторлық ұйымның архивінде кем дегенде 5 жыл кесте сақталу керек.
Кесте 3.1
Аудитордың жұмыс құжаттарын модельдеу кезеңдерінің әзірленуі
Модельдеудің кезеңдері |
Мазмұны |
1.Мақсаттың қойылуы 1.1.Үрдістің сипаттамасы
1.2.Үрдістің нәтижесі 1.3.Объекттің талдауы |
Стандартизацияға ықпал ету объекті – жұмыс құжаты, мағынасына байланысты мінездемесін өзгерту керектігі. Құжаттың мінездемесіне жатқызамыз: құжаттың сандық көлемін, олардың міндетті реквизиттері және оны толтыруға кететін минималды уақыт. Өзіне тән қасиеттері бар объектті құрастыру
Стандартизациялық объекттің аудиторлық қызметке байланыстылығы |
2.Модельдің әзірленуі |
Объекттің маңыздылығын бойынша орналастыру, жежілік график түрінде үсыну. |
3.Модельдің апробациясы |
Құжатты дайындауға кеткен уақыт сипатындағы көрсеткіштер мөлшерін алу, олар автоматикалық өңдеу арқылы келесі кірістіру параметрлерін (құжаттардың сандық көлемі, жұмыс құжаттарының класификациялық негізінде анықталған міндетті реквизиттердің терілуі) қосады. |
4.Нәтижелердің талдауы |
Нәтижелердің қойылған мақсатқа сәйкестігі |
Жұмыс құжаттарының модельдеу кезеңдерінің әзірленуінің нәтижесінде жоғарыда қойылған талаптарға сәйкес алты құжат құрастырылды: «Ішкі аудит жұмысын бағалау бағдарламасы», «Ішкі аудит қызметінің жұмысын бағалау парағы», «Ішкі аудит қызмет маманының объективтілігі мен тәуелсіздігін бағалау парағы», «Ішкі аудит қызмет мамамынының жұмыс дағдылығы мен білімін бағалау парағы», « Ішкі аудит функцияларын зерттеу парағы», «Экономикалық субъекті басқару үшін маңыздылығы бар ішкі аудит қызметінің қорытындылары мен ескертулерін бағалау парағы» (қосымша 1,2,3,4,5,6).
