- •Нормативтік сілтемелер
- •Бұл диссертацияда келесі стандарттардағы сілтемелер пайдаланылды:
- •Анықтамалар
- •Шартты белгілер мен қысқартулар
- •2.2 Ішкі бақылау жүйесі және ішкіұйымдық аудиторлық стандарттар
- •Сурет 2.1. Шаруашылық операциялардың негізгі кезеңдерінің өзара байланысы
- •2.2 Суретте ібж бағалау процедураларын жүргізуде іс-әрекеттің жүйелілігі келтірілген.
- •Сурет 2.2. Аудит жүргізілетін ұйымның ібж бағалаудағы аудитордың іс-әрекетінің жүйелілігі
- •Қорытынды
Қорытынды
Диссертациялық жұмыста аудиторлық ұйымның нарықта субъект ретінде танылу үшін, оның шаруашылығын реттейтін белгілі бір жүйе немесе қызметін айқындайтын белгілі бір құжат болу керек, яғни нақты бір аудиторлық ұйымды сипаттайтын ішкіұйымдық стандарттардың болуы туралы айтылған. Сонымен қатар ішкіұйымдық стандарттарды өңдеудің негізгі бағыттары қарастырылды. Аудиторлық қызметтің тиімділігін және аудиттің сапасын арттыру үшін аудиторлық ұйымдарда салық аудитін жүргізу барысында экономикалық талдауды қолдануға арналған ішкі фирмалық стандарттар жасалуы қажеттігі айқындалған. Аудиторлық ұйым дайындайтын салық аудитінде қолданылатын экономикалық талдаудың әдістемесі мен міндетті аудиттің негізгі кезеңдері аталған. Бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелерінің ерекшеліктерін оқып үйрену және бақылау міндетті түрде аудиторлық тексерудің барысында аудиторлық ұйымдармен құжатталатынын және құжаттаудың типтік формалары ұсынылды. Сонымен қатар, ұйымның ішкі бақылау жүйесінің негізгі элементтері көрсетілген. Аудиторлық іріктеу аудитормен аудиторлық дәлел жинау үшін аудитттің масштабын анықтау және аудиторлық процедураларды жоспарлау мақсатында жүргізілетіні және тестілеу үшін баптарды іріктеудің тәсілдері ұсынылған. Жұмыс құжаттарының реквизиттерінің мысалы келтірілген, аудитордың жұмыс құжаттарын модельдеу этаптарының әзірленуі және жұмыс құжаттарының модельдеу этаптарының әзірленуінің нәтижесінде алты жұмыс құжаттары құрастырылды: «Ішкі аудит жұмысын бағалау бағдарламасы», «Ішкі аудит қызметінің жұмысын бағалау парағы», «Ішкі аудит қызмет маманының объективтілігі мен тәуелсіздігін бағалау парағы», «Ішкі аудит қызмет мамамынының жұмыс дағдылығы мен білімін бағалау парағы», « Ішкі аудит функцияларын зерттеу парағы», «Экономикалық субъекті басқару үшін маңыздылығы бар ішкі аудит қызметінің қорытындылары мен ескертулерін бағалау парағы».
Жалпы зерттеудің барысында еліміздегі аудиторлық қызметтің сапасын арттыру мақсатында бізбен үш ішкіұйымдық стандарттар және аудитордың алты жұмыс құжаттары құрастырған. Атап айтқанда: «Салық салудың жалпы әдісі», «Ішкі бақылау жүйесі», «Аудиторлық іріктеу» және аудитордың алты жұмыс құжаты. Жоғарыда аталған жаңалықтар «ЕРКО» ЖШС-іне енгізіліп, алдағы уақытта ұйымның ішкі жүйесін реттеуге, шаруашылығының сапасын арттыруға негізгі құрал ретінде танылуына еш күмән келтірмейді. Яғни бізбен құрастырылған стандарттар мен аудитордың жұмыс құраттары тек теориялық тұрғыда ғана емес тәжірибелік тұрғыда да сынға алынғанын байқауға болады. Ол, менің ойымша, жаңалығымыздың ұйымдарға қажет екенін айқындайтын фактор ретінде түсінемін. Ұсынылған бір шама ашылулар немесе олардың енгілілуі нәтижесінде ұйымдардың шаруашылығын жургізу тиімділігін, жалпы алғанда отандық аудитіміздің сапасын арттырады деп сенеміз.
