- •Нормативтік сілтемелер
- •Бұл диссертацияда келесі стандарттардағы сілтемелер пайдаланылды:
- •Анықтамалар
- •Шартты белгілер мен қысқартулар
- •2.2 Ішкі бақылау жүйесі және ішкіұйымдық аудиторлық стандарттар
- •Сурет 2.1. Шаруашылық операциялардың негізгі кезеңдерінің өзара байланысы
- •2.2 Суретте ібж бағалау процедураларын жүргізуде іс-әрекеттің жүйелілігі келтірілген.
- •Сурет 2.2. Аудит жүргізілетін ұйымның ібж бағалаудағы аудитордың іс-әрекетінің жүйелілігі
- •Қорытынды
Сурет 2.1. Шаруашылық операциялардың негізгі кезеңдерінің өзара байланысы
Шаруашылық операциялардың ақпараттарының қозғалыстарының бағыттары анықтаулы кезеңдерге кіретін шаруашылық операциялар туралы ақпарат.
Өндіріске бір рет қатысып өз құнын өнімнің өзіндік құнына түгел беретін, оның материалдық негізін құрайтын қорлардың маңызы өте зор.
Қорларға шикізат пен материалдар, сатып алынған жартылыай фабрикаттар, құрастыру бұйымдары, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, басқада материалдар, құрылыс материалдары, тауарлар, дайын өнім, аяқталмаған өндіріс жатады.
Сатып алу кезеңінің аудитінің негізгі көзі ретінде 3310, 4110 шоттардың кредиті таңдалған, ал қорлар, қысқа және ұзақ мерзімді активтер, қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар шоттарының дебеті дәлелденеді. Аудитті ұйымдастыруда жабдықтаушылар мен мердігерлерден алынған шоттар мен шот-фактуралар – аудиторлық дәлелдердің аралас көзі екендігін есте сақтау қажет. Кредиторлық қарыздың көлемі сырттан алынған аудиторлық дәлелдермен расталынады. Қысқа және ұзақ мерзімді активтері мен қорлар есебінің шоттары бойынша дебеттік айналымдарын растайтын сыртқы дәлелдерді алу қиынырақ. Егер, негізгі мәселе ретінде жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу, қысқа және ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және қорлар дайындау операциялары есебі шоттарының сатып алу кезеңін тексеру таңдалса, онда шаруашылық операциялардың кезеңін 1 кезеңге біріктіру тиімді.
Аудитор сатып алу кезеңінің аудитінің барысында келесі ақпарат көздерін пайдалана алады:
қысқа және ұзақ мерзімді активтерді, қорларды сатып алу бойынша шаруашылық операциялар рәсімделген шарттар (атап айтқанда, сатып алу-сату, жабдықтау, мердігерлік шарттары, жиынтық құрылыс, айырбастау, лизинг шарттары,) материалдық емес активтердің түсімі рәсімделетін арнайы шарттары;
орындалған жұмыстарды қабылдау-өткізу актілері;
накладнойлар, тауарлы-транспорттық накладнойлар, шот фактуралар;
бағалау наменклатурасы, сенім хат, кіріс ордері, материалдарды қабылдау актісі, ішкі алмастыру накладнойлары, материалды сыртқа жіберу накладнойлары, лимиттік-заборлық карта; материалдардың қоймадағы есебінің карточкасы, қорларды түгендеу тізімдері, материалдарды жауапты тұлғалармен келісім-шарттар, қорларды есептен шығару актілері; аванстық есеп;
есептік регистрлер (ведомость-машинаграммалар);
бас кітап және т.б.
Сатып алу кезеңінің (қорлардың) аудитінің негізгі мақсаты-олардың есебінен дұрыс жүргізілгендігін анықтау болып табылады. Қорлардың сақталу орындарындағы нақты қолда бары және қозғалысы туралы дұрыс мәліметтер алу, қорлардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды өндіріске жұмсау нормативтерін сақтау; қажет емес материалдық ресурстарды анықтау және оларды сату.
Аудитор сатып алу кезеңінің аудитінің барысында мынадай міндеттерді шешеді:
қорлардың құрамын оқып үйрену (зерттеу), оларды сақтау жағдайымен танысу;
қорларды бағалаудың дұрыстығын растау және олардың түсуі және жұмсалуы бойынша операцияларды есепте көрсету;
өндірісте шикізат пен материалдарды пайдаланудың ішкі бақылау жүйесін бағалау;
қорларға жүргізілген түгендеудің сапасын бағалау.
Аудитор кәсіпорында қорлардың нақты қолда барын және сақталуын аудиторлық тексеруді қойма шаруашылығын тексеруден және оларға түгендеу жүргізуден бастауы қажет.
Бақылау процедуралары – бұл болған шаруашылық операциялардың бәрі толық және тура тіркелінгендігіне сенімді болу үшін әкімшілікпен құрастырылған әдістер мен ережелер; істі жүргізудегі және мәліметтерді тіркеудегі барлық қателер тез арада анықталады.
Мониторинг-бұл ақпаратты жинау, байқау, талдау, бағалау және ұйымның тиімді басқару жағдайын болжамдау.
Мониторинг объектілері – жекешелендірілген ұйымдар.
Мониторинг пәніне мына сұрақтар жатады:
а) мониторинг объектілерінің қаржылық және экономикалық жағдайы;
ә) олардың негізгі қорларының жағдайы, өндіріске алдыңғы қатарлы технологияны енгізу;
б) мониторинг объектілерінің инвестициялық қызметі;
в) айналадағы ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану;
г) қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау;
ғ) құқықтық сұрақтар.
Мониторинг жүргізу тәртібі бақылау арқылы жүзеге асырылады:
базалық көрсеткіштерге-негізгі мәліметтер (статистикалық есеп беру, мониторинг қатысушыларымен ұсынылатын ақпарат пен материалдар);
ағымдағы өзгерістерді тіркейтін оперативтік көрсеткіштерге;
мониторинг жүргізілген кезең бойынша көрсеткіштерге (белгілі бір мерзімнен кейінгі бақылау).
Мониторинг объектілерімен тиімді басқару жағдайын талдау базалық мәліметтерді мониторингтің нәтижесінде алынған мәліметтермен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Аудиторлық тексерудің барысында аудитор тексерілетін ұйымның бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы мен жүргізілуіне қатысты ішкі құжаттарымен танысуы қажет.
Ішкі аудит қызметінің жұмыс істеуіне кешендік ыңғай жасау кәсіпорында ішкі бақылаудың барлық жүйесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді. Мұның өзі, сыртқы аудитті жүргізуде тәуекелді төмендетеді, яғни оған кететін шығындарды азайтады. Бірақ, ұйымның ішкі бақылау жүйесінің сенімділігін және оған сенім деңгейін бекіту үшін, сыртқы аудитор бұл жүйені зейін қойып оқып үйренуі және бағалауы қажет.
Ішкі бақылау жүйесін оқып үйрену мен бағалаудың қажеттілігінің дәлелі болып Қазақстандағы аудиттің Халықаралық стандарттарының 400 «Тәуекелді және ішкі бақылауды бағалау» стандартына сәйкес ішкі бақылау жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау үш кезеңнен тұратын көп сатылы халықаралық және ұлттық тәжірибеде қабылданған процедура табылады:
а) ішкі бақылау жүйесімен жалпы танысу;
ә) ішкі бақылау жүйесінің сенімділігін бастапқы бағалау;
б) бағалаудың дұрыстығын растау (бекіту)
