Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Fmi_208khtnv_mentay.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

18. Селективтілікті және бөліну критериін к анықтау жолдарын көрсетіңіз.

Хроматографиялық түтіктің жұмыс істеуін толық сипаттау үшін тандап алынған сорбенттің қоспа компонентінен сұрыптау, бөлу қабілетін, яғни сорбенттің селективтілігін білу керек, селективтілік сорбент пен сарбаттың табиғаты мен құрлысына тәуелді. Хроматаграфиялық түтіктің бөлу қабілеті оның эффективтілігімен ж/е сорбенттің селективтілігімен анықталады. Херингтонның теңдеуіне сәйкес:

p-қоспадағы таза 1,2 компаненттің қаныққан буларының қысымы.Y-адсорбцияланған күйдегі шексіз араластырылған осы компаненттердің активтік коэффиценттері.

Екі компонентті қоспаның толық бөлінуінің сандық бағасын беру үшін түтіктің (бағананың) эффективтілігі мен селективтілігін ескеретін жаңа параметр - бөліну критерийін енгізген дұрыс. Бөліну критерийінің К негізіне хроматограммада анықталатын элюциондық сипаттаманы алуға болады.

К шамасы шыңның енін өлшеу әдістеріне тәуелді. Көп жағдайда шыңның енін оның биіктігінің жартысымен өлшейді (46 -сурет). Сонда К=

46-сурет. Бөліну критерийін К анықтайтын сызба

Бұл жағдайда К>1 болғанда, толық бөліну жүреді. екенін, ал жарты биіктігінде шыңның ені =2ГS екенін ескере отырып және деп алып, бөліну критерийі К мен тәжірибенің параметрлерімен байланысын табуға болады:

К= =0,424

C - селективтілік коэффициенті деп аталады.

Сонымен, бөліну критерийі К таңдап алуды көрсететін селективтілікпен де, түтіктің эффективтілігін көрсететін N теориялық тарелкалар санымен де байланысты. Бұл кезде К шамасы түтіктің ұзындығына сәйкес өседі.

19. Хроматографияда қолданылатын сапалық әдіс. Бөлінетін заттардың мөлшері төмен болғандықтан, оларды талдау үшін ИҚ-спектроскопия және масс-спектрометрия әдістерін қолдану кең тараған. Соңғы әдістің артықшылықтары көп болғандықтан, газды хроматографпен масс-спектрометр бірге қолданылып, соңғысы детектор рөлін ойнайтын жоғарғы класты жаңа аспаптар жасалуда, осындай біріккен аспаптар хромато-масс-спектрометрия деген атауға ие болды. Бөлінген компоненттердің идентификациясы негізіне хроматограмма бойынша анықталатын ұсталу сипаттамасын алады. Ұсталу шамасына негізделген идентификация көп жағдайда дұрыс болғанымен де, толық анықтау үшін жоғарыда айтылып өткен басқа әдістерді де қолдану қажеттігін естен шығармау керек.Ұсталу сипаттамалары идентификация үшін қолданыла алады, себебі олар сорбат-сорбент жүйесінің қасиеттерімен анықталады. Идентификацияның классикалық әдісі талданатын қоспаның компоненттерінің ұсталу уақытының (ұсталу көлемі) эталонды заттардың және қоспалардың осы ұсталу сипаттарымен немесе кестедегі мәндерімен тікелей салыстырудан тұрады, соның нәтижесінде белгілі заттың болу- болмауы дәлелденеді. Бірақ ұсталудың абсолюттік шамаларын, мысалы, меншікті ұсталу көлемін Vg қолдануда сенімсіз мәндер алынуы мүмкін, себебі ұсталудың абсолюттік шамалары жекеленген шарттарда алынса да,кездейсоқ факторларға (температураның, ағын жылдамдығының өзгерулері, т.б.) тәуелді болады.

Сондықтан қайталанатын мәндерді алу үшін (6.21) және (6.22)

теңдеулерге сәйкес Vсал=VR,i’/ VR,cm’=ԏ’R,i/ԏ’R,cm тең болатын салыстырмалы ұсталу көлемін Vсал анықтау ұсынылады. Ұсталу индекстері. Заттарды идентификациялау үшін ең қолайлы болып табылатын ұсталу индекстерін Ковач енгізген. Олар талданатын заттардың хроматографиялық іс-әрекетін нормальді алкандардың гомологиялық қатарымен салыстыру арқылы анықтайды.Стандарт ретіндеқатар орналасқан екі алкан алынады, көміртегінің атом саны z болатын олардың бірі зерттелетін қосылысқа дейін элирленсе, көміртегі атомының саны z+1 болатын екіншісі зерттелетін қосылыстан кейін элюирленеді:

ԏR,z <ԏR,i<ԏR,(z+1)

Кез келген і-ші компоненттің ұсталу индексі І келесі формуламен

есептеледі:

(Барлық штрихтар келтірілген ұсталу уақытына қатысты болып табылады). Егер n =1 болғанда, стандарт ретінде көршілес алкандарды алатын болсақ, онда:

Ұсталу индекстері келтірілген ұсталу шамаларына қарағанда жүйе

қасиетінің өзгеруіне көп мөлшерде сезімтал болады. Сондықтан ұсталу индексі көмегімен хроматограмма бойынша идентификациялағанда қосылыстар дұрыс анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]