- •Динамикалық масс-спектрометрдің масс-анализаторы
- •Магнитті масс-анализаторлары масс-спектрометрдің блок сызбасы. Масс-спектрдің негізгі теңдеуін жаз.
- •3.Статикалық масс-анализатордың схемасын қарастырыныз
- •6.Валенттік электрондардың түрлері.Ук-спектроскопиядағы энергия диапазондары, мо аоск әдісін қарастырыңыз.
- •13. Жарықтың абсорбциясы. Бугер-Ламберг-Бер заңы, Уолиш шартты
- •18. Селективтілікті және бөліну критериін к анықтау жолдарын көрсетіңіз.
- •20. Хроматографияда қолданылатын сандық әдіс
- •21.Масс-спектрометрдің жұмыс істеу принципі. Негізгі сипаттамалары
- •29.Жылу өткізгіштік бойынша детектор катарометр
- •37 Хроматографиялық шынның параметрі
- •40.Қос тоғыстаушы статикалық масс-спектрометр.
20. Хроматографияда қолданылатын сандық әдіс
Заттарды сандық талдау. Газды хроматографияда сандық талдау дифференциалдық детектор арқылы алынған хроматограммалар бойынша жүргізіледі.
талаптарға қол жеткізу қажет: а)шыңдар саны талданатын қоспаның компоненттерінің санына тең болу қажет; б) үлгі толық булану керек, яғни барлық компоненттер түтіктен(бағанадан) өтуі керек; в) компоненттердің бірде-бірі сорбентпен кері реакцияға түспеуі керек; г) барлық компоненттер детектормен тіркелуі қажет; д) мүмкіндігінше барлық шыңдар толық бөлінуі қажет, ал шыңдардың формасы симметриялы болу керек.Сандық өлшеулер негізінде шыңдардың биіктігі h не ауданы П жатады..Симметриялы шыңдар үшін П ауданды есептеудің үш графикалық әдісі қолданылады: 1) μ0 негізі бойынша шыңның енін оның һ жарты биіктігіне көбейту, сонда П1=1/2һ μ0; 2) шыңның һ биіктігін жарты биіктігіндегі еніне көбейту, сонда П2=һ μ0.5 3) үздік сызықпен құрылған һ' биіктіктің жартысын шыңның табаны бойынша еніне μ0 көбейту, сонда П3=1/2һ' μ0 . Осы қателіктер маңызды емес, себебі есепте салыстырмалы шамалар қолданылады.Барлық компоненттердің шыңдарының ауданын біле отырып,хроматографияда қолданылатын келесі әдістерді қолдануға болады:
аудандарды нормалау, калибровкалық коэффициенттермен нормалау, ішкі стандарттау, абсолюттік калибровка әдістері.
Аудандарды нормалау әдісі. Әдіс бойынша шыңның Пі ауданы үлгінің барлық компоненттерінің шыңдарының аудандарының қосындысына бөлінеді. Сонда сі концентрация (% мас.) келесі теңдеуге тең болады:
ci=(Пi/ƩПі)*100
Бұл кезде енгізілетін үлгінің мөлшері маңызды емес, тек қана барлық компоненттер тіркелсе болғаны. Бірақ (6.33) - формуласы бойынша есептеу үшін детектор қоспаның барлық компоненттеріне бірдей сезімтал болуыкерек, ал мұндай жағдай қасиеттрі ұқсас заттарда да сирек кездеседі.
Калибрлеу коэффициентімен нормалау әдісі. Бұл әдіс алғашқы әдіспен ұқсас, бірақ компоненттердің детектордағы сезімталдығын ескеру
үшін детектордың жұмыс істеу принципіне, талданатын заттардың және газ -тасымалдаушының табиғатына және салыстырмалы концентрациясына сәйкес келетін калибрлеу коэффициенттері енгізіледі. Қайталанатын нәтиже беретін салыстырмалы калибрлеу коэффициенттерін енгізген қолайлы. Бұл үшін үнемі қатысатын және басқаларынан көбірек шығатын компоненттің
бірін стандарт деп қабылдайды, ал оның КП,ст калибрлеу коэффициентін 1 деп қабылдайды.Калибрлеу үшін талданатын заттар мен стандартты заттардың
қоспалары дайындалады, хроматографиялық бөлінеді және
К П,і=cіПст/Ʃ сстПі формулаға сәйкес К П,і калибрлеу коэффициенттері есептеледі, мұндағы с і және с ст - талданатын зат пен стандарттың концентрациялары; П і және П ст - талданатын зат пен стандарттың шыңдарының аудандары. Осылай анықталған калибрлеу коэффициенттерін қоспаның пайыздық құрамын есептеу үшін қолданылады:
сі=КП,іПі/Ʃ КП,іПі
Калибрлеу әдісіне байланысты түзету коэффициенттері массалық,көлемдік және мольдық бөлікке қатысты болады. Олардың арасындағы өзара
есеп қарапайым болады. Әдебиетте әртүрлі детекторларда әртүрлі заттар үшін калибрлеу коэффициентінің мәндері келтірілген, бірақ оларды қолданғанда тәжірибе шарттарымен дұрыс сәйкестендірмесе, қателіктерге
алып келуі мүмкін.
