- •131.Аса қауіпті инфекциялар тобы (холера): клиникалық көріністерін көрсетіңіз.
- •132.А және е вирусты гепатиттерінің клиникалық көріністерін көрсетіңіз. А вирусты гепатиті
- •Е вирусты гепатиті
- •133. Іш сүзегі,сүзек тәрізді а және в ауруларының клиникалық көріністерін көрсетіңіз.
- •134.В, с және д вирусты гепатиттерінің клиникалық көрінісін көрсетіңіз.
- •I. Ағым циклдігіне байланысты:
- •С вирусты гепатиті
- •135.Жедел Респираторлы Вирусты Инфекциялардың клиникалық көріністерін көрсетіңіз респираторлы-синцитиальды вирусты инфекция
- •Аденовирусты инфекция
- •Риновирусты инфекция
- •231.Сальмонеллездің және дизентерияның клиникалық көріністері. Сальмонеллез
- •Дизентерия (шигеллез)
- •232.Тағамдық токсикоинекциялардың клиникалық көріністерін жазыныз. Тағамдық токсикоинфекциялар (тти)
- •233.Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (ұшық) клиникалық көріністерін атаңыз герпестік инфекция
- •234.Аитв инфекция / житСтің клиникалық көрінісі. Аив/житс- инфекциясы
- •Ересектер мен балалардағы
- •Ддұ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының воз)) эксперттері ұсынған
- •235.Ботулизмнің клиникалық көріністерін жазыныз. Ботулизм
- •331.Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (эпид.Паротит) клиникалық көріністерін атаңыз
- •А. Манифесттік түрлері:
- •332. Қантышқақтың (дизентерия) клиникалық көріністерін атаңыз Дизентерия (шигеллез)
- •333.Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (дифтерия) клиникалық көріністерін атаңыз күл ауруы (дифтерия, diphtheria)
- •334. Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (мононуклеоз) клиникалық көріністерін атаңыз
- •335. Аса қауіпті инфекциялар тобы (оба): клиникалық көріністерін жазыныз.
- •Обаның жіктелуі (а.М. Дмитровский бойынша, 1995)
- •1.Біріншілік-ошақтық түрлері
- •2. Жайылмалы түрлері
- •3. Екіншілік-ошақтық түрлері
233.Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (ұшық) клиникалық көріністерін атаңыз герпестік инфекция
Анықтамасы. Герпестік инфекция – («герпес» грек тілінен аударғанда – жорғалаушы, жайылмалы) вирустармен қоздырылатын, жиі терінің, шырышты қабаттардың және ішкі ағзалардың зақымдалуымен сипатталатын ауру.
Клиникалық көріністері.
Бұл аурулардың кең тараған түрі – қарапайым герпес. Қарапайым герпестің элементтері жиі ауыз айналасында, еріннің шетінде, құлақ маңында байқалады. Алғашында бөртпелердің орнында қызу және шаншу сезімі, кейін қызару және ісіну пайда болады. Кейін тері немесе шырышты қабаттарда везикулалар пайда болады.
Тері және шырышты қабаттардағы бір-біріне жақын орналасқан ұсақ 0,1-0,3 см көпіршікті элементтер қызарып, ісінген фонда орналасады және ауыру сезімімен сипатталады. Қызару 1-2 аптаға дейін сақталады, жоғары қызба, жалпы әлсіздік байқалады. Аймақтық лимфа түйіндері үлкейеді. Көпіршік ішіндегі сұйықтық көбінесе серозды, ал екіншілік инфекция қосылғанда іріңді болады. 3-5 күннен кейін ісінулер, қызарулар азая бастайды. Көпіршік ішіндегі серозды-іріңді сұйықтық жарылып қабыршаққа айналады. 7-9 күннен кейін осы ошақты аймақтар ізсіз жоғалып кетеді.
ВПГ-1 жиі герпестік гингивостоматит түрінде білінеді;
ВПГ-2 – генитальды герпес, жаңа туған балалар герпесі және герпесті менингоэнцефалит түрлерінде білінеді;
Желшешек – тері және шырышты қабаттарда папулезді-везикулезді бөртпелерімен сипатталады;
Белдемелі герпес – жүйке талшықтарының бойымен тері зақымдалады. Белдемелі герпестің бөртпелері жиі бетте, мойында, омыртқа аралық жүйкелер бойымен шығады.
Белдемелі герпестің бірнеше түрлері бар: буллезді, қатар орналасқан көпіршіктер, геморрагиялық көпіршіктер – гангренозды өзгерістер немесе жазылғанда тыртықтар байқалады.
Жұқпалы мононуклеоз – қызба, лимфаденит, гепато-, спленомегалия, тонзиллитпен сипатталады;
Цитомегаловирусты инфекция – тасымалдаушылық тан және қатерлі ісік түрлеріне дейін білінеді.
Герпестік аурулардың клиникалық белгілері және рецидивтері көбінесе ағзаның реактивтілігі төмендеген жағдайда және де клеткалық сонымен қатар гуморальды иммунитет төмендеген жағдайда пайда болады. Сондықтан қарапайым герпестің пайда болуының өзін әртүрлі факторлармен байланыстырады. Мысалы, жарақат, салқын тигізу, грипп, пневмония, стресс, т.б. аурулардың әсерінен пайда болуы мүмкін.
234.Аитв инфекция / житСтің клиникалық көрінісі. Аив/житс- инфекциясы
Адамның иммунитет тапшылық вирустық инфекциясы - адам организмінің иммундық жүйесін зақымдайтын вирустың енуі нәтижесінде дамитын ауру. ЖИТС - жүре пайда болған иммунитет тапшылық синдромы.
Иммундық жүйенің тапшылығы салдарынан организм әртүрлі инфекциялар мен ісіктерге қарсы тұра алмай, түрлі асқынуларға ұшырап, өлімге алып келуі мүмкiн.
Клиникалық көрінісі. Адамның иммунитет тапшылығын шақыратын вирус ағзаға енгеннен бастап антиденелердің түзілгенге дейінгі кезеңді инкубациялық кезең деп атайды. АИВ-инфекция кезінде бұл кезеңнің ұзақтығы орташа есеппен 3-8 аптаға созылады. Содан кейін залалданған адамдардың үштен бір бөлігінде жедел кезең, яғни АИВ-инфекцияның жедел фазасы дамиды. Бұл кезеңде науқастың дене қызуы көтеріледі, тамағы ауырады, лимфа бездері үлкейеді, теріде бөртпелер пайда болады. Осындай жағдай 2-4 аптадан кейін ем қолданбай-ақ өз бетінше кетеді. Содан кейін АИВ- инфекцияның екінші кезенінiң жасырын варианты басталады. Осы вариантта арнайы лабораторлық зерттеу арқылы науқас организмінен вирусты бөліп аламыз. Вирустасымалдаушы өзінің науқас екенін білмеуі мүмкін; сондықтан сау адамға жұғу қаупі жоғарылайды. Екінші кезеңінде персистирленген жайылмалы лимфаденопатия вариантынында барлық лимфа түйіндерінің (мойын, қолтықасты, шынтақ және тағы басқалар) ұлғаюы байқалады. Бұл кезеңде науқастардың жалпы жағдайы өзгермейдi, дене температурасы қалыпты болады.
Екінші, және үшінші кезең - «ЖИТС-пен байланысты кешен» кезеңі. Науқастың себепсіз дене қызуы көтеріледі, дене салмағы күрт төмендейді, іші өтеді, әлсіздік байқалады, жұмысқа қабілеті төмендейді, ұйқысы бұзылады.
Аурудың төртіші сатысы - ЖИТС, АИВ - инфекцияның соңғы сатысы. Салдарлық инфекциялар мен қатерлі ісіктердің дамуымен сипатталады. Аурудың соңғы сатыларында науқастардың әрбір екіншісінде бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар шақыратын салдарлық инфекциялар дамиды. Ауыз қуысының немесе өңештің кілегей қабаттарының кандидозды, пневмоцисталы немесе герпестік пневмония, ащы ішек пен тоқ ішектің криптоспоридиямен және цитомегаловируспен зақымдалуы, мүшелер мен жүйелердің туберкулезі жиі кездесетіні анық. Әрбір екінші науқаста орталық және шеткі жүйке жүйелерінің зақымдалуына байланысты нервтік және психикалық ауытқулар байқалады. Мұндай өзгерістерге әкелетін тек қана адамның иммунитет тапшылығын шақыратын вирус қана емес, оның «одақтастары» - криптококтар, токсоплазмалар, герпес вирустары және тағы басқаларының да үлесі бар.
Науқастардың әрбір үшіншісінде қатерлі ісіктер дамиды. Саркомалар - дәнекер тканнің қатерлі ісігі, глиомалар - жүйке жүйесінің қатерлі ісігі, лимфомалар - лимфа жүйесінің қатерлі ісігі, меланомалар - пигмент клеткаларының қатерлі ісіктерінің даму мүмкіндігі жоғары деңгейде. Осы атап өткендердің ішінде жиі кездесетіні Капоши саркомасы. Балтыр мен табанның екі аяқта бірдей тері мен беткей орналасқан тамырларының зақымдалуымен сипатталады.
