- •131.Аса қауіпті инфекциялар тобы (холера): клиникалық көріністерін көрсетіңіз.
- •132.А және е вирусты гепатиттерінің клиникалық көріністерін көрсетіңіз. А вирусты гепатиті
- •Е вирусты гепатиті
- •133. Іш сүзегі,сүзек тәрізді а және в ауруларының клиникалық көріністерін көрсетіңіз.
- •134.В, с және д вирусты гепатиттерінің клиникалық көрінісін көрсетіңіз.
- •I. Ағым циклдігіне байланысты:
- •С вирусты гепатиті
- •135.Жедел Респираторлы Вирусты Инфекциялардың клиникалық көріністерін көрсетіңіз респираторлы-синцитиальды вирусты инфекция
- •Аденовирусты инфекция
- •Риновирусты инфекция
- •231.Сальмонеллездің және дизентерияның клиникалық көріністері. Сальмонеллез
- •Дизентерия (шигеллез)
- •232.Тағамдық токсикоинекциялардың клиникалық көріністерін жазыныз. Тағамдық токсикоинфекциялар (тти)
- •233.Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (ұшық) клиникалық көріністерін атаңыз герпестік инфекция
- •234.Аитв инфекция / житСтің клиникалық көрінісі. Аив/житс- инфекциясы
- •Ересектер мен балалардағы
- •Ддұ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының воз)) эксперттері ұсынған
- •235.Ботулизмнің клиникалық көріністерін жазыныз. Ботулизм
- •331.Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (эпид.Паротит) клиникалық көріністерін атаңыз
- •А. Манифесттік түрлері:
- •332. Қантышқақтың (дизентерия) клиникалық көріністерін атаңыз Дизентерия (шигеллез)
- •333.Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (дифтерия) клиникалық көріністерін атаңыз күл ауруы (дифтерия, diphtheria)
- •334. Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (мононуклеоз) клиникалық көріністерін атаңыз
- •335. Аса қауіпті инфекциялар тобы (оба): клиникалық көріністерін жазыныз.
- •Обаның жіктелуі (а.М. Дмитровский бойынша, 1995)
- •1.Біріншілік-ошақтық түрлері
- •2. Жайылмалы түрлері
- •3. Екіншілік-ошақтық түрлері
Дизентерия (шигеллез)
Анықтамасы. Бактериальді дизентерия (синонимі-шигеллез) - шигеллалармен шақырылатын, фекальді-оральді жұқтыру механизммен, интоксикация белгілерімен және тоқ ішектің дистальді бөлігінің зақымдалуымен, іште толғақ тәрізді ауру сезімінің пайда болуымен, шырыш және қан аралас жиі іш өтуімен, тенезмалармен сипатталатын ішек инфекцияларының аурулар тобына жататын антропонозды ауру.
Клиникалық ағымына байланысты дизентерияны жедел және созылмалы деп бөледі. Жедел дизентерия бірнеше күннен 3 айға дейін созылады, 3 айдан ұзаққа созылатын дизентерия созылмалы деп есептелінеді. Ауру жиі жедел түрде өтеді. Клиникалық вариантары: колиттік, гастроэнтероколиттік, гастроэнтериттік. Типтік түріне колиттік вариант, атиптік түріне гастроэнтероколиттік, гастроэнтериттік варианттар жатады. Барлық варианттар кезінде міндетті түрде интоксикация синдромы қалыптасады. Ағымы бойынша жедел дизентерия жеңіл, орташа ауыр, ауыр дәрежеде болуы мүмкін. Созылмалы дизентерияның ағымы үздіксіз және рецидивті болуы мүмкін.
Дизентерияның жедел түрі циклді процесс. Аурудың ағымында 4 кезеңді бөлу керек: жасырын, бастапқы, өршу және реконвалесценция (немесе аурудың нәтижелері). Аурудың жасырын кезеңі 1-7 күн (көбінесе 2-3 күн).
Жедел дизентерияның колиттік варианты: Ауру әдетте кенеттен басталады. Науқаста іштің төменгі жағындағы ауру сезімі, дефекация актісіне сәйес келетін сигма тәрізді ішек аймағында, кейіннен тік ішек аймағында тартып тұратын ауру сезімді тенезмалар пайды болады. Нәжісте патологиялық қосындылар (шырыш, қан) болады. Дәреттің жиілігі аурудың ауырлық дәрежесіне байланыты, бірақ көбінесе өте жиі аз мөлшерлі болады. Аурудың жеңіл ағымы жеңіл интоксикациямен және әлсіз колиттік синдромымен сипатталады. Дәреттің жиілігі тәулігіне 3-5 реттен 10 ретке дейін, нәжістің сипаты шырыш қоспасы кейде қан араласқан болады. Дене кызуы субфебрильді. Ректороманоскопия жүргізгенде катаральды, сирек катаральды-эрозивті проктосигмоидит анықталады.
Дизентерияның орташа ауырлықтағы колиттік түрінде анағұрлым айқын симптомдар байқалады. Бас ауруы, дене қызуы көбінесе -38-390С көтерілуі болады, ол осы деңгейде 2-3 күн сақталып тұруы мүмкін. Іштің төменгі жағында, сол жақ мықын аймағында орналасатын толғақ тәрізді ауру сезімі пайда болады. Ауру сезімімен қатар үлкен дәретке жиі шақырулар пайда болады. Үлкен дәрет алғашында нәжісті, шырыш пен қан араласқан, кейіннен ауру өршіген кезде үлкен дәрет нәжістік сипатын жоғалтып, «ректальді түкірік» түрінде болуы мүмкін. Нәжіске қан қосылу әлсіз болады - қан нүктесі түрінде. Үлкен дәреттің жиілігі тәулігіне 10-15 тен 25 ретке дейін өсуі мүмкін. Көптеген науқстар ұзақ уақыт бойы толғақ тәрізді іштің ауру сезіміне шағымданады. Кейде ауру сезімі жайылмалы сипатта болады, атипиялық локализация да кездеседі: эпигастральді, умбиликальді аймақтар. Кейде метеоризм байқалады. Пальпация кезінде тығыздалған ауру сезімді сигма тәрізді ішек анықталады. Оның ауру сезімі тығыздалуынан сирек байқалады. Тоқ ішектің қортуы, сіңіруі және моторлы функциялары бұзылады, кейбір ферменттердің активтілігі (лактаза, мальтаза) төмендейді. Дизентерияның бұл түрімен ауырған адамдарда, нәтижесі жақсы болған жағдайда ішектің функциональді және морфологиялық толық қалпына келуі 2-3 айға созылады.
Ауыр ағымды колиттік варианттағы жедел дизентерия айқын интоксикациямен және колиттік синдромымен сипатталатын типтік клиникалық түрде өтеді. Ауру кенеттен басталады. Негізгі шағымдары болып күшті толғақ тәрізді іштегі ауру сезімі жиі сұйық үлкен дәрет, әлсіздік, дене қызуының жоғарлауы, кейде жүрек айнуы болады. Үлкен дәреті өте жиі болады. Ол нәжіссіз, сұйық шырышты-қанды, кейде ірің қоспасы кездеседі. Жүрек-қан тамыр жағынан тахикардия, ентігу, гипотония, (коллаптоидты саңға дейін) анықталады. Ректороманоскопияда шырышты қабаттың деструктивті өзгерістері эрозиялар және ойық жаралар түрінде көрінеді. Ішектің фукнциональды және морфологиялық қалпына келуі 3-4 айдан көп болуы мүмкін.
Жедел дизентерияның гастроэнтероколиттік варианты: негізгі ерекшелігі аурудың кенеттен басталуы және инкубациялық кезеңнің қысқа (6-8 сағ және одан аз) болуы. Алғашқы кезеңде гастроэнтерит көріністері және жалпы интоксикация симптомдары басым болады. Кейін энтероколиттің айқын синдромдары көрінеді. Ағым ауырлығына байланысті бұл ауру да колиттік вариант тәрізді жеңіл, орташа, ауыр болып бөлінеді. Ауыр ағымды ауруларда іште диффузды ауру сезімі, көп қайталанатын құсу, профузды іш өту, сусыздану байқалады (2-3 дәреже). Жедел дизентерияның гастроэнтериттік варианты гастроэнтероколиттік варианттың бастапқы кезеңіне жақын. Айырмашылығы кеш мерзімдерде энтероколиттік басымдылығы байқалмайды, ректороманоскопияда тоқ ішектің өзгерістері аз көрінеді. Ауру барысында гастроэнтериттің клиникалық симптомдары және сусыздану белгілері басты болып табылады. Тағамдық токсикоинфекцияға өте ұқсас болады. Әлсіз түрі аз ғана клиникалық көріністермен өтеді. Оларға науқас көбінесе мән бермейді. Симптомдары тек мұқият тексергенде ғана анықталуы мүмкін. Диагноз қою үшін бактериологиялық зерттеулер жүргізу керек. Ректоманоскопияда көбінесе шырышты қабатта катаральды қабыну өзгерістері анықталады. Дизентерияның барлық аталған варианттарында клиникалық сауығу 2-3 аптадан кейін басталады. Функционалды-морфологиялық асқазан-ішек жолының қалпына келуі 1-3 айдан жоғары. Сондықтан алғашқы 2-3 айда диета бұзылған жағдайда, алкоголь қолданғанда, дұрыс емес емдеу тактика барысында рецидивтер дамуы мүмкін. Клиникалық көріністері 2-3 аптадан көп сақталса дизентерияның созылыңкы түрі деп есептейді.
Дизентерияның клиникалық ерекшеліктері қоздырғыштарының түріне байланысты. Зонне шигеллезі субклиникалық әлсіз ағымды, гастроэнтериттік вариант ретінде өтеді.. Флекснер шигеллалары қоздырған дизентерия анағұрлым ауыр өтеді, айқын интоксикациямен, ішек аймағында ауру синдромымен, гемоколитпен, шырышты қабықтың деструктивті өзгерістермен сипатталады. Григорьева-Шига шигеллаларымен шақырылған дизентерия көп жағдайда ауыр өтеді. Ауру жедел басталады, дене қызуы көтеріліп, интоксикация айқын болады, іште толғақ тәрізді ауру сезімі болады.
Созылмалы дизентерия. Қазіргі ауқытта 0,5-1% жағдайда кездеседі. Созылмалы дизентерия рецидив беруші немесе ағымы үздіксіз болуы мүмкін. Жедел дизентериямен ауырғаннан кейін 2-5 айдан соң рецидив болуы мүмкін. Ауруда жиіленген ботқа тәрізді үлкен дәрет пайда болады, шырыш және қан аралас. Ішек дисфункциясы тұрақты сипатта болады. Ремиссия ұзақ уақыт бойы болмайды. Созылмалы дизентерия ерекшелігі: инфекциялық токсикоз әлсіз болады, дене қызуы жоғарламайды, жүрек-қан тамыр жүйесінің жетіспеушілігі болмайды. Салыстырмалы диагностиканы ең алдымен созылмалы энтероколитпен, туберкулезді этиологиялы энтероколитпен, арнайы емес ойық жаралы колитпен жүргізіледі.
Түрі |
Клиникалық Варианты |
Ағым ауырлығына байланысты |
Ағым ерекшелігі |
Этиологиясы бойынша |
Жедел дизентерия |
Колиттік |
жеңіл орташа ауыр ауыр |
Көмескі созылыңқы |
Зонне, Бойд, Флекснер, Григорьев- Шига, Лардж-Сакс, Штуцер- Шмитц шигеллалары |
гастроэнтеро- колиттік |
жеңіл орташа ауыр ауыр сусызданудың I, ІІ, ІІІ-ІV дәрежелері |
|
||
|
гастроэнтериттік |
жеңіл орташа ауыр ауыр сусызданудың I, ІІ, ІІІ-ІV дәрежелері |
|
|
созылмалы дизентерия |
|
|
рецидивті үздіксіз |
|
Бактерия тасымалдаушылық |
|
|
субклиникалық реконвалесценттік |
