- •131.Аса қауіпті инфекциялар тобы (холера): клиникалық көріністерін көрсетіңіз.
- •132.А және е вирусты гепатиттерінің клиникалық көріністерін көрсетіңіз. А вирусты гепатиті
- •Е вирусты гепатиті
- •133. Іш сүзегі,сүзек тәрізді а және в ауруларының клиникалық көріністерін көрсетіңіз.
- •134.В, с және д вирусты гепатиттерінің клиникалық көрінісін көрсетіңіз.
- •I. Ағым циклдігіне байланысты:
- •С вирусты гепатиті
- •135.Жедел Респираторлы Вирусты Инфекциялардың клиникалық көріністерін көрсетіңіз респираторлы-синцитиальды вирусты инфекция
- •Аденовирусты инфекция
- •Риновирусты инфекция
- •231.Сальмонеллездің және дизентерияның клиникалық көріністері. Сальмонеллез
- •Дизентерия (шигеллез)
- •232.Тағамдық токсикоинекциялардың клиникалық көріністерін жазыныз. Тағамдық токсикоинфекциялар (тти)
- •233.Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (ұшық) клиникалық көріністерін атаңыз герпестік инфекция
- •234.Аитв инфекция / житСтің клиникалық көрінісі. Аив/житс- инфекциясы
- •Ересектер мен балалардағы
- •Ддұ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының воз)) эксперттері ұсынған
- •235.Ботулизмнің клиникалық көріністерін жазыныз. Ботулизм
- •331.Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (эпид.Паротит) клиникалық көріністерін атаңыз
- •А. Манифесттік түрлері:
- •332. Қантышқақтың (дизентерия) клиникалық көріністерін атаңыз Дизентерия (шигеллез)
- •333.Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (дифтерия) клиникалық көріністерін атаңыз күл ауруы (дифтерия, diphtheria)
- •334. Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (мононуклеоз) клиникалық көріністерін атаңыз
- •335. Аса қауіпті инфекциялар тобы (оба): клиникалық көріністерін жазыныз.
- •Обаның жіктелуі (а.М. Дмитровский бойынша, 1995)
- •1.Біріншілік-ошақтық түрлері
- •2. Жайылмалы түрлері
- •3. Екіншілік-ошақтық түрлері
Ересектер мен балалардағы
ВИЧ-инфекция сатыларының клиникалық жіктелуі,
Ддұ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының воз)) эксперттері ұсынған
I. Клиникалық сатысы
1. Симптомсыз ағымы;
2. Персистирленген жайылмалы лимфаденопатия және/немесе функционалдық мүмкіндіктің 1 деңгейі: симптомсыз ағым, күнделікті белсенділіктің қалыпты деңгейі.
II. Клиникалық сатысы
3. Дене салмағының бастапқы деңгейден 10%-ке дейін жоғалту;
4. Тері мен шырышты қабаттардың жеңіл зақымдалуы (себорейлі дерматит, қышыма дерматоздар, тырнақтың саңырауқұлақтармен зақымдалуы, рецидивті афтозды стоматит, ангулярлы хейлит);
5. Соңғы 5 жыл ішінде белдемелік герпес;
6. Жоғары тыныс жолдарының рецидивті инфекциялары (бактериалды синусит) және/немесе функционалді мүмкіндіктің 2 деңгейі: клиникалық көріністері, күнделікті активтіліктің қалыпты деңгейі.
III. Клиникалық сатыcы
7. Дене салмағының бастапқы деңгейден 10%- ке бөлігін жоғалту;
8. 1 айдан астам уақытқа созылған этиологиясы белгісіз диарея;
9. 1 айдан астам уақытқа созылған этиологиясы белгісіз қызба (тұрақты немесе рецидивті);
10. Ауыз қуысының кандидозы;
11. Ауыз қуысының түпті лейкоплакиясы;
12. Соңғы жыл ішіндегі өкпе туберкулезі;
13. Ауыр бактериалді инфекциялар (пневмония, іріңді миозит) және/немесе функционалді мүмкіндіктің 3 деңгейі: соңғы ай ішінде пациент төсекте күндізгі уақытының 50%-тен төмен бөлігін өткізген.
IV. Клиникалық сатысы
14. АИВ-кахексия, ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының анықтамасына сәйкес
15. Пневмоцисталы пневмония
16. Церебралді токсоплазмоз
17. 1 айдан астам уақыт бойы диареямен өтетін криптоспоридиоз
18. Өкпеден тыс криптококкоз
19. Бауыр, көкбауыр және лимфа түйіндерінен басқа кез-келген мүшенің зақымдалуымен өтетін цитомегаловирусты инфекция
20. Жәй герпес вирусымен шақырылған, ішкі ағзалардың зақымдалуымен және тері мен шырышты қабаттардың созылмалы (1 айдан астам) зақымдалуымен өтетін инфекциялар
21. Үдемелі мультифокалді лейкоэнцефалопатия
22. Кез-келген диссеминирленген эндемиялық микоз (гистоплазмоз, кокцидиоз)
23. Өңештің, трахеяның, бронхтардың және өкпенің кандидозы
24. Атипті микобактериялармен шақырылған диссеминирленген инфекция
25. Салмонеллезді септицемия (Salmonella tyрhi –ден басқа)
26. Өкпеден тыс туберкулез
27. Лимфома
28. Капоши саркомасы
29. ВИЧ-энцефалопатия, ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының анықтамасына сәйкес, және/немесе функционалдық мүмкіндіктің 4 деңгейі: 1 ай бойы науқас күндізгі уақытының 50%-тен көп бөлігін төсекте өткізген
Ауруларды бақылайтын орталық /СДС, 1993/ Т-хелпер деңгейіне сәйкес жіктеу ұсынды. Ол 3 сатыдан тұрады:
I сатысы CD4 > 500/мкл – иммунитет тапшылығы жоқ
II сатысы СD4=200- 499/мкл– иммунитет тапшылығы беткей
III сатысы CD4< 200/мкл– иммунитет тапшылығы терең
235.Ботулизмнің клиникалық көріністерін жазыныз. Ботулизм
Анықтамасы. Ботулизм (аллантиазис, ихтиизм) – ботулотоксиннің әсерінен дамитын, сопақша ми және жұлынның зақымдануымен сипаталатын жедел токсико-инфекциялық ауру.
Клиникалық көріністері. Ботулизмнің жасырын кезеңі 2-12 сағаттан 7 күнге дейін созылады, жиі 18-24 сағат. Ботулизм жедел басталады. Алғашқы кезеңде ауру 3 клиникалық вариантта дамиды: паралитикалық, гастроинтестинальды және жалпы интоксикациялық.
Интоксикация симптомдары: бас ауыруы, бас айналу, бұлшықеттердің әлсіздігі, тез шаршағыштық, ұйқысыздық.
Гастроинтстинальды синдромның көріністері: жүрек айнуы, қайталама құсу, іш өту, ауамен кекіру, іштің кебуі, эпигастральды аймақтың ауру сезімі. Дене температурасы қалыпты немесе субфебрильді болады.
Паралитикалық синдром офтальмоплегиялық белгілерден басталады. Көрудің нашарлауы, көздің алдында тордың пайда болуы, диплопия. Науқастарда аккомадация парезі пайда болады. Көру қызметі бұзылуына шағым жасаған науқастарды қарап тексергенде көз алмасының қозғалысының шектелгені, карашықтың үлкейгені (мидриаз), қарашық реакциясының жарыққа болмауы, анизокория, птоз, страбизм, горизонтальды нистагм байқалады. Корнеальді және коньюктивальді рефлекстер тежеледі. Ауыр жағдайда толық сыртқы және ішкі офтальмоплегия, көз алмасының козғалмауы және қарашық реакциясының болмауы байқалады. Көрудің бұзылысы бірнеше күн сақталуы мүмкін.
Жұтынудың бұзылысы дамиды. Жеңіл жағдайларда тамағында бір нәрсе тұрғандай сезім болады және қатты, құрғақ тағамдарды жегенде жұтынудың қиындауы байқалады. Ауру әрі қарай өршігенде жұмсақ және сұйық тағамдарды жұту қиындайды. Ботулизмнің ауыр түрлерінде жұтынудың толығымен болмауы байқалады. Кеңірдекасты мен жұмсақ таңдайдың парезі арқасында жұтылған сұйықтық трахеяға түсіп, жарты бөлігі мұрын арқылы төгіле бастайды.
Саливацияның бұзылыстарына тән: ауыздың шырышты қабатының құрғақтығы және гиперемиясы, жұмсақ таңдайдың қозғалғыштығының шектелуі, жұтыну рефлексінің төмендеуі сияқты өзгерістер болады. Дауыс қарлыққан және түсініксіз болып шығады. Афония, диартрия пайда болады.
Тыныс алу бұзылыстары байқалған кезде ботулизм ауыр жағдайда өтеді. Ауа жетіспеушілік, кеуденің қысылуы және ауру сезімі пайда болады. Тыныс беткейлік болады. Дауыс мұрындық қалып алады. Сирек бет бұлшықеттерінің парезі байқалады.
Жиі миастения кездеседі. Ауыр жағдайларда тыныс бұлшықеттерінің парезі дамиды. Ботулизм кезінде тыныс алудың бұзылуы мен тоқтап қалуы өлімнің себебі болып табылады. Жедел тыныс жетіспеушілігі кезінде тахипное және басқа да патологиялық тыныстар пайда болады. Гипостатикалық пневмония қосылады.
Ботулизм кезінде жүрек қан тамыр - жүйесі жағынан да функциональды бұзылыстар кездеседі. Жүректің шекарасы кеңейеді, тондардың тұйықталуы байқалады, өкпе артериясында II тон акценті пайда болады. Екінші аптада науқастарда миокардит пайда болуы мүмкін.
Реконвалесценция кезеңі баяу жүреді: 1-1,5 ай. Неврологиялық симптомдар кері шегінеді. Бірінші, тыныс алу және жұтыну қалыпқа келеді. Сосын офтальмоплегиялық синдромның регрессі басталады. Астения ұзаққа созылады.
Шеткі қанда лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ-ң жоғарлауы болады. Зәрде салыстырмалы тығыздығы төмендейді, бірлі жарым лейкоциттер, эритроциттер, сирек гиалинді және дәнді цилиндрлер пайда болады.
