Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІV Нса 30 билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
  1. Бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық – саяси қозғалыстың дамуына талдау жасаңыз.

XX ғасыр басындағы саяси ахуал. Қазақстанда марксизмнің тарауы Орталық Россиядан көп кейін басталды. Оған өлкеде әлеуметтік-экономикалық қатынастың әліздігі және жұмысшы табының аздығы себеп болды. Қазақ өлкесінде Атбасарда, Көкшетау, Павлодарда алғашқы марксизм идеясын таратушы Петербург қаласындағы Благоевтар тобынан келген В.Г. Харитонов, Қарқаралы мен Семейде социал-демократ И.С. Домашевич, Верныйда А.С. Кочаровская т.б.болды.

Петропавл қаласында 1902 жылдың аяғында ұйымдастырылған тұнғыш маркстік үйірме негізінен жер аударылғандардан құрылды. 1903 жылы осындай үйірме Петропавл темір жолында, 1902 жылы Орынбор қаласында құрылды. 1903 жылы 1 мамырда Орал қаласындағы саяси үйірме мүшелері ереуіл ұйымдастырды.

Бірінші орыс революциясы кезінде (1905-1907 жж.) патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Отарлық ұлт аудандарының «ұйқыдан оянуына» негіз болған оқиға – 1905 жылғы «Қанды жексенбі» (9 қантардағы Петербургтегі оқиға).

1905 жылы ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда, Петербургтегі қарусыз жұмысшыларды атқылауға наразылық білдерген алғашқы қарсылықтар болып өтті. 1905 жылы 1 мамырда Верныйда, Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын ереуілдер өткізілді. Қарқаралыдағы қарсылық жиынына М. Дулатұлы белсене қатысты.

Қазақ еңбекшілердің саяси қөзқарасының өсуіне Бүкілроссиялық қазан саяси ереуілі ерекше әсер етті. Бұл ереуілдің әсерімен Қазақстан қалаларында – Шалқарда, Қостанайда, Верныйда, Оралда т.б. жерлерде ұйымдасқан ереуілдер мен бой көрсетулер социал-демократия ұйымдардың басқарумен «Патша билігі жойысың?», «Бостандық жасасын» деген ұрандармен өтті. Осы жылдары Перовскіде, Қостанайда, Оралда, Успен кенішінде стачкалық комитетттер құрылды.

17 қазандағы 1905 жылғы патша манифесінің («Мемлекеттік тәртіпті дурыстау туралы») халықты алдау екенін «Алаш» қозғалысы өкілдері әшкерелеп, сынады. 1905 жылы 18-19 қазанда Орынборда өткен демонстрация « Демократиялық республика жасасын», «Самодержавие жойылсын» деген саяси ұрандармен өтті.

Интернационалдың бой көрсетудің ең бастысы - 1905 жылғы 11 желтоқсанда 12 күнге созылған, Успен кенішіндегі 360 жұмысшы қатысқан ереуіл болды.

Ереуілге шығу себептері:

Жалақының аздығы.

Ағылшын капиталистері Мессен, Гиббердің қатыгездіктері.

Жұмыс істеу жағдайының ауырлығы.

Ереуіл барысында орыс жұмыскері П.Топорнин мен қазақ жұмысшысы Ә.Байшағыров басқарған «Орыс – қырғыз одағы» құрылды. Олар кеншінің (рудник) бастығы Н.Велльге өздерінің талаптарын қойды:

-Азық – түлік бағысын төмендету.

-Жалақыны 15, 25% - ға көтеру.

-Үш сыныптық орыс – қазақ училищесін ашу.

-Жұмысшылардың тұрғын жайларын жақсарту.

-Фельдшер Е.Костенконы, қызметкер И.Ивченконы жұмыстан шығару.

  1. М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз.

Қоғамдық өмірдегі іс-әрекеттері тұрғысынан Міржақыптың табиғаты Махатму Гандидің тұлғалық болмысына жақын дейді көптеген зерттеушілер. Өзінің бүкіл саналы ғұмырында Міржақып «ізгілік философиясын» насихаттап өткен. М.Дулатұлының қабілет-қарымының жан-жақтылығы адамды таң қалдырады. Ол – журналист, жазушы, публицист, тарихшы, лингвист, түріктанушы, филиолог, географ, педагог, ақын, композитор, мемлекет қайраткері, ойшыл... Ол – қазақ халқының Әнұранының авторы. Карелияда айдауда жүрген жылдары дәрігер мамандығын игерген. Сөйтіп, Міржақып халықтың рухани жан жарасын ғана емес, тән жарасын да емдеп жазуға тырысқан. Ол математика пәні бойынша оқулық жазып шыққан. Қазақша айтқанда, нағыз жетпіс жеті қырлы, бір сырлы асып туған ер. 1935 жылы Соловецк лагерінде тұтқында жүріп қаза тапты. Бүгінде Шығыстан шыққан кемеңгердің тұлғалық болмысы Қазақстанның аумағынан асып, әлемдік маңызға иә болып отыр. Токио университетінің ғалымы Уямо Томихиконың Міржақыпты зерттеуін оның бір дәлелі ретінде айта кетуге болады. Жапондық ғалымның ғылыми диссертациясының тақырыбы – «ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының дүниетанымы: Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» кітабы». Жапондық ғалым аталмыш тақырыпты зерттеу барысында негізінен екі түрлі тезисті жетекшілікке алыпты. Біріншіден, Орта Азия мен Қазақстан бұрынғы патшалық Ресей мен кейінгі Кеңестер Одағының шеткі өлкесі ғана емес, бұл тұс үш «әлемді» – Орталық Еуразия, мұсылмандық және ресейлік кеңестік құрылысты тоғыстырып отырған аймақ деп атаған. Ал, енді, осы «үш әлем» үздіксіз өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірімен және басқа әлеммен ықпалдасып, ұдайы өзгеріске түсіп отыратындықтан, ол міндетті түрде зерттелуі тиіс. Екіншіден, Орта Азия мен Қазақстан көпшілік шетелдік ғалымдар ойлағандай мономазмұнды субстанса емес. Керсінше, мұнда көптеген ұлттар мен ұлыстар тұрады, әртүрлі саяси күштер мен әлеуметтік топтар өмір сүреді. Бұл өлкенің маңыздылығы да, күрделілігі де нақ осында жатыр. Осы негізгі екі қағида бойынша, Уямо Томихико М. Дулатұлының «Оян, қазақ», «Бақытсыз Жамал», т.б шығармаларын түбегейлі зерттеуге кіріседі. Оның таңдап алған тәсіл ғалымға ХХ ғасыр басында қазақ интеллигенциясының дүниетанымы, саяси көзқарасы және қоғамдық ой-сана қандай болғанын анықтауға мүмкіндік береді. Енді ғалымның зерттеу тұжырымдарынан бірер мысалдар кетсек, артық болмас. «Дулатов өзінің мұсылмандық түсінігі бойынша жадидизм идеясына жақын. Ол панисламдық, пантүркілік көзқарастан ада». «Дулатов патшалық отарлықты қатал сынады, бірақ орыс халқымен жаулық қатынаста болған жоқ. Ол қазақтардың Ресей арқылы әлемдік өркениетке қол жеткізе алатынына сенімді болды». «Дулатов туған халқының тағдыры мен болашағын ғылым мен техниканың жетістіктерімен байланыстырды. Ұлт интеллигенциясының қалың бұқараны білім мен ғылымға жетелей алатын маңызын ескере отырып, оларды осы бағыттарда тыңбай еңбектенуге үндеді. Ол жастарға ерекше үміт артты, жастарға уақытты босқа кетірмеуге шақырды». « Дулатов, біріншіден, өзін қазақпын деді, содан кейін ғана барып, екіншіден – мұсылманмын, үшіншіден, Ресей азаматымын деп таныды. Қазақ қоғамының жаңғыруын ол ең алдымен еуропалық өркениеттен, сосын мұсылмандықтан іздеді»... Токио университетінің ғалымы Уямо Томихиконың Алаш арысы туралы айтқан ғылыми тұжырымдарының бір парасы осындай. Ол Міржақып Дулатұлыны осылай деп танып білген екен.

21-билет

  1. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы.

  2. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласындағы мұсылман мектептері мен медресселердің жағдайы.

  3. 1917-1918 жылдардағы Қазақстандағы ұлттық автономиялар кестесін толтырыңыз.

Құрылған уақыты

Басшылары

Саяси бағыттары

Алаш автономиясы

1917 ж. 5-13 желтоқсанда

Әлихан Бөкейханов.