Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІV Нса 30 билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
        1. Қасым хан мен Есім хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

Қасым ханның сыртқы саясаты.  Шыңғыс-хан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай  хандықтарының ыдырауына байланысты Шығыс Дешті –Қыпшақ даласы мен Орта  Азия өңірінде жарыққа шыққан ұтқымалы ұсақ хандықтардың және осы  хандықтардың тәж-тағына таласқан хандар мен султандар басқарған түрліше  феодалдық топтардың тынымысыз қырқыстарынан, соғыстарынан қалжыраған  халық бұқарасы бұл тартыстарды тиятын, аласапыранды аяқтататын біртұтас  мемлекетті арман етті. Бұл өз алдына бейбіт өмір өткізуді аңсаған қазақ  халқының көкейтесті мүдесі еді.

Қазақ хандығының құрылуы мен  нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер  өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел  ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан  қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша  тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына  көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз  етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды.  Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы  қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне  қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б.  деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық  территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында  біріктірілген» . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ  қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы  Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды  басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле  өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі  мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс  солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы  территориялық иеліктері де ұлға түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр  дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер  билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары  мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне  бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол  астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.

Қазақ  хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы  саясат пен дипломатиялық қарым- қатынас саласында белгілі табыстарға қол  жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен  және орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнатты.  Қазақ хандары әр дәуірде елдің ішкі-сыртқы жағдайында туылған  өзгерістерге үйлесіп, икемді сыртқы саясат қолданылып отырды.

Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің  бірі ұлы Князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі  Москва мемлекеті болды. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес  халық ретінде Европаға мәлім болды.

Қасым ханның ішкі саясаты:  Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя  білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси,  экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси  құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды.

Оның  тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар  мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып,  мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді  бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді қарады.  Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысы болды. Маслихат  жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан  қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы  болды.

Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым  ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның  іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір  ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс  істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.

Есім хан хандығының шекарасын кеңейте түсу саясатын мұнда да батыл жүргізіп бағады. Оған жағдай да көмектесе түседі. Себебі, бұл кезде қайтыс болған Бәки Мұхаммед ханның орнына оның інісі Уәли Мұхаммед пен Герат-Хорасанның билеушісі Дінмұхаммед баласы Иманқұлы таласып жатқан еді. Осы қақтығысты өз пайдасына асыруда Есім хан үлкен ептілік танытады. Ол әуелі Уәли Мұхаммедке көмектесемін деп уәде беріп, кейін Иманқұлы жағына аунап түседі. Соның нәтижесінде онымен бірігіп, Уәли Мұхаммедті өлтірісіп, Иманқұлымен одақ жасасады да, сол жылы Иманқұлыға қарсы шығып, Самарқантқа әскер жөнелтеді. Бұл кезде Иманқұлының Есіммен соғысарлық шамасы жоқ еді. Сондықтан онымен шартқа отырып, Ташкент пен оның төңірегінің түгелдей қазақтардың иелігі екенін ресми түрде мойындайды.Есім хан Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал. Түптеп келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау- шардың шешімдері осы кезде сараланды.Есім хан Жалпы көшпелілер мемлекетінің хандары сияқты, Есім хан да тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға. Қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты.Есім хан Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627- жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған.