- •Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі (хронологиясы, тұрақтары, еңбек құралдары) .
- •Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері
- •Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ұйымдарға талдау жасаңыз.
- •Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.
- •1. Мезолит адамдарының кәсібі.
- •2. Әбілғазы Бахадүр шығармасының тарихи маңызын анықтаңыз.
- •3. Қазақстандағы Уақытша үкімет органдарының атқарған қызметін кесте бойынша толтырыңыз.
- •3. 1917 Жылы құрылған партиялардың саяси қызметтерін салыстырыңыз.
- •1. Есім хан тұсындағы қазақ хандығы.
- •2. Тоқырау жылдарындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының даму ерекшеліктері мен оны басқарудағы кемшіліктер.
- •3. Қазақстандағы «Әскери коммунизм саясаты» мен «Жаңа экономикалық саясаттың» нәтижелерін салыстырыңыз.
- •1. Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік құрылымы.
- •2. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнау ерекшеліктері.
- •Қазақстандағы «Әскери коммунизм саясаты» мен «Жаңа экономикалық саясаттың» нәтижелерін салыстырыңыз.
- •1. Ноғай Ордасы (аумағы, қоғамдық құрылысы, этникалық құрамы, ыдырауы)
- •2. Хх ғ. 60-80 ж. Әлеуметтік демографиялық жағдай.
- •3. Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен келеңсіз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.
- •1. Қола дәуірінің ерекшеліктері.
- •2. Қазақ өлкесіндегі диаспоралардың қалыптасуы.
- •3. Индустрияландыру жүргізілген кезеңдегі орын алған қиындықтар мен нәтижелерін кесте бойынша толтырыңыз.
- •Моғолстан (саяси тарихы, этникалық құрамы).
- •2.Хіх ғасырда Қазақстандағы жәрмеңкелердің әлеуметтік – мәдени салада атқарған қызметтеріне талдау жасаңыз.
- •3. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметін сипаттаңыз.
- •Әмір Темірдің Алтын Ордаға жасаған жорықтары.
- •Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілер басып алған бекіністерді картадан көрсетіңіз. Кенесары Қасымұлы бастаған
- •Шығай хан тұсындағы қазақ хандығы.
- •2.Смағұл Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •Билердің қазақ қоғамындағы рөлі мен қызметі.
- •3. 1917 Жылдары құрылған саяси - демократиялық партиялардың құрылған аумақтарын карта бойынша белгілеңіз.
- •Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары.
- •2.1916 Жылғы Торғай облысындағы көтерілістің барысы, ерекшеліктері мен маңызы.
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •2.Әбілхайыр ханның Ресей патшалағымен жүрізген келіссөздерінің мәні мен сипаты.
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Абылай хан (мемлекет қайраткері, саясатшы, дипломат)
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Мөде тұсындағы Ғұн мемлекеті.
- •2.Патша үкіметінің 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс кезіндегі жазалау шараларына талдау жасаңыз.
- •1916 Ж қазан патша әкімшілігінің «Қырғыздарды көшіру туралы» шешім шықты.
- •Патша өкіметінің жазалаушы шараларының салдары.
- •3.Суреттегі оқиғаны сипаттаңыз.
- •Жауаптары:
- •Қазақстандағы этно - саяси бірлестіктердің қалыптасуы.
- •XIII – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан.
- •Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың тарихи портретін жасаңыз.
- •1920-1930 Жылдардағы Қазақстан мәдениетіне арналған кестені толтырыңыз. Жоғарыда кестеде!!
- •Жауаптары:
- •Алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен тіршілігі.
- •Алғашқы тастан жасалған еңбек құралдары
- •Хх ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз.
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға арналған кестені толтырыңыз. Жоғарыдағы кестеде!!!
- •Жауаптары:
- •«Жеті Жарғы» және оның қазақ қоғамындағы рөлі.
- •1917 Жылғы шілдедегі і жалпы қазақ сьезінің шақырылуының тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.
- •Қазақстандық Алтайдың ерте темір дәуірі: Берел қорғаны.
- •Бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық – саяси қозғалыстың дамуына талдау жасаңыз.
- •М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз.
- •Жауаптары:
- •Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы.
- •Хіх ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласындағы мұсылман мектептері мен медресселердің жағдайы.
- •1917-1918 Жылдардағы Қазақстандағы ұлттық автономиялар кестесін толтырыңыз. Жоғарыда!!!
- •Жауаптары:
- •Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.
- •Хх ғасырдың басындағы музыка өнері.
- •Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері жайлы кестесі толтырыңыз. Жоғарыда!!!
- •Жауаптары:
- •Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жылнамалар жинағы».
- •Хіх ғасырдың бірнші жартысында қазақ даласын зерттеген ғалымдар.
- •Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы жайлы кестені толтырыңыз. Жоғарыда!!!
- •Жауаптары:
- •1. Ежелгі темір дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан және Жетісу мәдениеті.
- •Қазақ акср-інің Қазақ кср-нен айырмашылығына талдау жасаңыз.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Жауаптары:
- •Жетісудағы үйсін мәдениетінің ерекшеліктері.
- •Патшалық Ресейдің Қазақстанның оңтүстік аумағын жаулап алуының тарихи маңызы.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Жауаптары:
- •1. Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың саяси тарихы.
- •2.Жоламан Тіленшіұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістерді салыстыра отырып, талдау жасаңыз.
- •3.Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Алаш ұраны
- •Жауаптары:
- •Қазақстан аумағында Батыс Түрік қағанатының құрылуы. Батыс Түрік қағанатының қалыптасуы
- •Шаруашылық-экономикалық жағдайы
- •Қоғамдық -экономикалық қатынастары
- •Қасым хан мен Есім хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
- •3.Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз. Жақында болады!
- •Жауаптары:
- •Төле бидің қазақ қоғамындағы рөлі.
- •Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқарған көтерілістің тарихи маңызы.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан жайлы кестені толтырыңыз. Жақында болады!!!
- •Жауаптары:
- •Қ.А. Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегі.
- •Ш.Құдайбердіұлының тарихта алатын орны.
- •Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан экономикасының даму ерекшеліктері.
- •Соғыс кезіндегі өндірістік ахуал
- •Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі
- •Жауаптары:
- •Мухаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи –Рашиди» еңбегі.
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы баспа ісінің дамуы.
- •Батыс Түрік қағанаты қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері жайлы кестесі толтырыңыз. Жоғарыда!!!
23-билет
Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жылнамалар жинағы».
ХІХ ғасырдың бірнші жартысында қазақ даласын зерттеген ғалымдар.
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы жайлы кестені толтырыңыз.
Жауаптары:
Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жылнамалар жинағы».
Жылнамалар жинағы- Қадырғали Жалайырдің (1530-1605 ж.ж.) 1600-1602 жылдары жазған еңбегі. Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлұма ғалымы Қадырғали Жалайыри Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан.
Тарихы
Қадырғали Жалайыри Қазақ хандағының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. 1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде оларды орыс әскелері тұтқындап, Мәскеууге алып кетеді. Жалайыри тұтқында отырып жазған Жылнамалар жинағы атты еңбегін достықтың белгісі ретінде орыс патшасы Борис Годуновка сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінген. 1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан XV- XVII ғасырлар-осы Қадырғали Жалаиыри жазған Жылнамалар жинағы еді. Шығарма-құралымы,тілі жағынан бірегей дүние. Қ.Жалайыридың дерегі бойынша орыс патшасы Борис Годунов Ораз-Мұхаммед 1602 жылы Қасым хандығының тағына отырғызған. Ораз-Мұхаммед Керман қаласында отырып, биілік еткен. Хандықтың халқы арғын, қыпшақ, жалайыр, маңғыт т.б. ру-тайпалардан тұрған.
Бұл тарихи шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жерлері, ондағы қалалар мен қала мәдениеті, Қазақ хандығы мен қазақ хандарының өмірбаян шежілері айтылады. Хан, сұлтандар мен қарашалар, батырлар мен абыздар және басқа әлеуметтік топтар туралы жазылған. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайлары, заң ережелері жайында ғылыми құнды деректер берілген. Қадырғалидың бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ғұлама ғалым Шоқан Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Оразмұхаммед пен Қадырғали бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы М.Мағауин «Аласапыран» атты романында кең және көркем баяндаған. Сонымен қатар академик Әлкей Марғұлан 1981 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген «Күміс сандық құпиясы» атты мақаласында Қадырғалиға аса жоғары баға берген. Соңғы кездері аталған еңбекті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры М.Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр. «Жылнамалар жинағының» жалғыз көшірме данасын Қазан университеті кітапханасына татар ғалымы И.Халфин тапсырған. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырған профессор И.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: «Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз». Сөйтіп ол Қадырғали еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» деп атауды ұсынған. Тарих ғылымының докторы, профессор М.Қойгелдиев 1994 жылы жарық көрген «Қазақ тарихы» журналында «Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербордан табылған екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол «Джами ат-Таварих» - «Жылнамалар жинағы» атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадырғали еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды» дейді.
