Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mikrobiologia_2017_1.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
352 Кб
Скачать
☆

17.Тырысқақ кезінде зерттелетін материалдарды жеткізу тәртібі лабораториялық диагностикасы

Микробиологиялықдиагноз қою. Зерттелінетін материал: құсық, нәжіс, тағамдар, су, өт, секцияль материал. Тасымалдау ортасы ретінде 1% пептонды су, рН 8,2-8,4 қолданады. Алғашқы болжам ретінде бактериоскопиялық әдісті қолдануға болады. Негізінде бактериологиялық әдіс қолданылады, о қоздырғышты идентификациялауға(У.сһо1егае 01 немесе 0139 анықтайды), антибиотиктерге сезімталдығь анықтау, түрішілік идентификацияны жүргізу, биовар және серологиялық варианттарын анықтауға мүмкіншілік береді. Тырысқақ кезінде экспресс-диагноз қою иммундыфлюоресценция, иммундыферментгі талдау, полимеразды тізбекті реакциялар, вибриондарды иммобилизациялау реакциясы көмегімен жүргізіледі.

1 кезең. Материалдың 0,5-1 мл мөлшерін 50 - 100 мл 1% пептонды суға, сілтілі агарға және бір элективті-дифференциальды орталарға (СЭДХ, ТСВS) себеді. Себілген пептонды суды 37°С температурада 6-8 сағат, сілтілі агарды 14-16 сағат, СЭДХ 18-20 сағат инкубациялайды.

Тырысқақ ауруына күмәнданған жағдайда науқастың нативті материалымен экспресс және жедел әдістерін қолданылады: антиденелерді флюоресценттеу әдісі, полимеразды тіркеу әдісі, вибриондарды иммобилизациялау реакциясы, жанама гемагглютинациялық реакциясы.

2 кезең - 6 - 8 сағаттан кейін. Жинаушы орта - сілтілі агарға себеді және 5-8 мл екінші жинаушы ортаға себеді.

3 кезең - 12 - 14 сағаттан кейін. Екінші жинаушы ортадан сілтілі агарға себеді. Сілтілі агардағы күмәнді колонияларды зерттейді.

4 кезең - 18 - 24 сағаттан кейін. Тығыз ортадағы тырысқаққа күмәнді колонияларды зерттеп, 1-ші және 2-ші жинаушы орталарға қайта себеді.

Күмәнді колонияларды слайд-агглютинация реакция көмегімен тексереді (1:100 сұйытылған тырысқаққа 01 сары суымен). Оң нәтижелі болса арнайы Инаба және Огава сары суымен (1:50) слайд- агглютинация реакциясын қояды, жағынды дайындап тырысқаққа қарсы флюоресцентті иммундыглобулиндермен оңдейді және Грам әдісімен бояйды. Теріс нәтижеде 0139 және 01 тырысқақ сары суымен слайд-агглютинация реакциясын қояды.

Қалған күмәнді колонияларды (тырысқақтық ОІ және 0139 сары сумен аглютинацияланған және агглютинацияланбаған) таза дақыл алу, оларды идентификациялау және антибиотиктерге сезімталдығын анықгау үшін екі көмірсулы ортаға (лактоза-сахарозалы, глюкоза-сахарозалы, Клиглер) және сілтіл агарға платиналы ілмекпен секторлық әдіспен себеді.

5 кезең - 24 - 36 сағат. Идентификациялау үшін дақылдарды таңдау.

Поликөмірсулы орталарда вибриондарғатән өсуі мен өзгерістері бар дақылдарды алу: екі көмірсулы ортада (лактоза-сахарозалы, глюкоза-сахарозалы және Клиглер) қышқыл ортаға тән түсі өзгерген газ түзілмеген, күкіртті сутек бар, Клиглер ортасында анықталған. Маннозасахарозалы ортада екі көмірсудың ыдрауынан Рессель ортасының бағаналы жағы боялады, қиғаш болігі күкірт сутегі түзіл-генін көрсетеді Сілтілі агарда өскен дақылдарды индолфенилоксидазаға тексереді. 6.кезең 36-48сағаттан кейін. Идентификация нәтижелерін қорытындылайды және альшған тырысқақ вибрионының серотобы мен биоварианты туралы ақырғы нәтижесін береді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]